Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, реферат
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (МСЭҚ) органдарының басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау мен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, санитарлық заңдылықтардың орындалуын қадағалайды, халық денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін қолайсыз факторларды ескертіп, анықтап және оларды жою бойынша шараларды қолданады.
1.Кіріспе.................................................................................................................. 5
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау...................................................................... 6
3.Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерінде сараптамадан өткізілетін негізгі құжаттар……………………………………………………. 11
4.Елді-мекендердің болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау...............................................................…..................................... 14
5.Құрылысқа жер телімін бөліп берудегі ескертпелі санитарлық қадағалау.............................................................................................................. 16
6. Жобалау мен құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың орындалу тәртібі.................................................................................................. 20
7.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жобалануы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 22
8.Желдету және жылыту.................................................................................... 27
9.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта салынуы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау........................... 28
10.Құрылысы аяқталған және қайта салынған нысандарды пайдалануға беру кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 31
11.Глоссарий....................................................................................................... 38
12.Тесттік сұрақтар............................................................................................ 42
13.Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 50
Салынып жатқан нысандарда құрылыс-монтаждау жұмысына паспорт-журнал арналады,онда құрылыстың барлық жүру барысы, барлық тәртіп бұзылған жағдайлар мен оны дұрыстаған жұмыстар тіркеледі. Авторлық, техникалық, санитарлық және басқа өкілдер паспорт-журналға құрылыс бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын жазуына болады және оның орындалуын қадағалайды.
Себебі бар барлық кемшіліктер мен өзгертулер аталуы керек. Сонымен қатар, жіберілген кемшіліктердің қандай санитарлық маңызы бар екені және қоршаған орта мен жұмысшыларға әсер ететін қолайсыз жағдайларды жою бойынша қандай шаралар керек екенін: жұмысшылар жағдайын (құрылыс жұмыстарының механизациясы, ауыз сумен қамтамасыз ету, санитарлық-тұрмыстық қамсыздандыру) белгілеу керек.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары жобадан ауытқыған кезде МСЭҚ маманы берілген үлгіде санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылуы туралы хаттама толтырылады; құрылысты басқарушыға жазба түрінде бұзылыстарды жою талаптары беріледі де, мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының міндеттері мен құқықтарына сәйкес басқа да керекті, құрылысты тоқтатуға дейін баратын әкімшілік шаралар қолданылады.
10.ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАЙТА САЛЫНҒАН НЫСАНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ КЕЗІНДЕГІ ЕСКЕРТПЕЛІ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
Бюджеттік қаржыландырылған нысандарды қабылдау мен пайдалануға енгізу қабылдау коммисиясымен бірге, бір уақытта жүзеге асырылады. Ол нысанды пайдалануға жіберместен 30 күн бұрын құрылады. Комиссия құрамына аумақтық Мемлекеттік санитарлық қадағалау органының өкілі кіреді. Комиссия шешімі акт түрінде бекітіледі. Жергілікті билік органдарында нысанды пайдалануға жіберу акттың бекітілген уақытынан бастап мерзімі 5 жұмыс күні ішінде тіркелінеді. Ал бюджеттен тыс қаржыландырылған нысандарды қабылдау мен пайдалануға енгізу бір уақытта өтпейді. Тапсырыс беруші келісім шарт бойынша бас мердігерден нысанды қосымша бақылау мүшесінен тыс қабылдай алады. Бірақ өндірісті пайдалануға жіберуді тіркеу территориалды Мемлекеттік санитарлық бақылау органдарының қорытындысын алғаннан кейін, жергілікті билеу органдарымен іске асырылады.
Аяқталған құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау кезіндегі қадағалау жүргізудің тәртібі. Аяқталған құрылыс нысандарын пайдалануға енгізу мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мүшелерінің санитарлық нормаларға сәйкес қорытындысы бойынша ғана қабылданады. Құрылысы аяқталған нысандарды қабылдаудың реттік тәртібі «Аяқталған нысандардың уақытша қабылдау туралы жағдайы» сәулет және құрылыс сұрақтары бойынша ҚР комитетімен анықталады. Бюджеттік қаражатталған нысандарды пайдалануға қабылдауды бастапқыда айтылғандай жүргізіледі. Ал құрылысты қаржыландырудың өзге түрінде қабылдау комиссиясын құру жайында шешімді құрылыстағы тапсырыс беруші шешеді.
Құрылыс аяқталған соң, қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру уақытында, тапсырыс беруші хат түрінде (немесе телефонограммамен) МСЭҚ органдарын хабардар етеді. Эксплуатациялық қабылдауға, бекітілген жобаға сәйкес бөлек ғимараттар,құрылыстар және жеке пускілік кешендерді беруге талап етіледі.
Нормативті құжаттарға сәйкес тапсырыс беруші пускілік кешен бойынша жұмыстық қабылдау комиссиясын құрады, ол жайында МСЭҚ және басқа да қатысы бар мекемелерге 5 күн бұрын хабарлама береді.
Берілген жұмыс тәртібі бойынша қабылдау комиссиясының мүшесі болып МСЭҚ-ң органының маманы немесе жетекшісі (орынбасары) бола алады, арнайы рұқсат етілген қол таңбасымен бекітіледі.
Қабылдау комиссиясына енген мамандар орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сәйкестігін тексереді, еңбек жағдайын қорғау, жобалық-сметалық құжаттар, санитарлық нормалар мен ережелер бойынша қоршаған ортаны қорғау, тапсырыс беруші тұлғаның қабылдау-өткізу құжаттарын қарастырады.
Қажет болған жағдайда МСЭҚ мүшелері қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде гигиеналық профильдегі ғылыми зерттеу институтынан және жобалық, технологиялық институттардан кеңес ала алады. Жұмысшы комиссиясының нәтижесі бойынша аяқталған объектінің дайын болуы жайында акт толтырылады (жұмысшы комиссиясының актісі), оған МСЭҚ органының өкілі ешқандай кемшіліктер жоқ және жұмысқа жарамды деп қол қояды. Егер қандай да бір санитарлық және гигиеналық маңызы бар кемшіліктер немесе қателер пайда болса, олар жайында жұмыс комиссиясының акт қосымшасында ескерілуі керек. Бұл жағдайда актке қол қойылмайды.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы аяқталған құрылыс нысанын тек барлық кемшіліктері және қателіктері түзелген жағдайда ғана пайдалануға алады. Өндірістік мақсаттағы нысандарды пайдалануға алу жайында қабылдау комиссиясын бекітілген мерзімге дейін 3 ай бұрын бекітеді.
Қажет болған жағдайда МСЭҚ мүшелері жеке гигиеналық көрсеткіштер бойынша қосымша зерттеу жүргізеді . Қорытынды шығару мерзімі 7-жұмыс күніне дейін, қосымша зерттеу жүргізген жағдайда 14-күнге дейін.
Қорытынды дайындар алдында тапсырыс берушінің нысанның пайдалануға дайын екенін, жобаға сәйкес келуін, нормалар мен ережелерге сәйкес келуін растайтын құжаттарды,пайдалануға сәйкес шарттардың орындалу мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету құжаттарын және де келесілерді тексереді:
Аяқталған құрылыс нысандарды пайдалануға жіберу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне мынадай шарттар бойынша қол қойылады: егер еңбек жағдайы қауіпсіз болса, санитарлық нормалар мен ережелер сақталса, табиғатты сақтандыру шаралары жүргізілсе.
Егер қабылданып жатқан нысанда, еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық шарттарын нашарлататын бітпеген ақаулар болса, санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер сақталмаса, табиғатты сақтандыру шаралары жүргізілмесе ж т.б,онда бас мемлекеттік санитарлық дәрігер (оның орынбасары) мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қоймайды. Бұл кезде жедел түрде тапсырыс берушіге, мердігерге, жоғарыда тұрған Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарына қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылмағаны жөнінде хабардар етеді.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер (немесе орынбасары) мердігер қабылдау кезінде ескерілген санитарлық-гигиеналық кемшіліктер түзелгені туралы хабарлаған соң ғана қайталама мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына мүше болып қатысады.
Шет ел лицензиясы бойынша немесе комплексті импортты құрал –жабдықтар базасы бойынша, құрылыс жүргізу, нысандарды эксплуатацияға қабылдау, шет ел фирмаларының өкілдері қатысуымен жасалған жөндеуге алынған жабдықтарды тексеру ҚНжЕ бойынша жүргізіледі. Нысандарды мемлекеттік санитарлық қадағалау комиссиясы бойынша қабылдау, тапсырыс берушілердің өкілдері мен шет ел фирма -тасымалдаушыларының келісім шартында айтылған жұмыс міндеттерін орындауы жөнінде хаттамаға қол қойғаннан соң ғана жүзеге асады.
Кәсіорын дирекциясының бекітуі бойынша аса үлкен емес нысандарды пайдалануға қабылдау МСЭҚ органдарының маңызды жұмысы болып саналады. Жоспарлануы, технологиясы өзгерген бөлмелерге толық кешенді гигиеналық зерттеу жүргізеді. Себебі, тек осы көрсеткіш қана жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек шарттарын көрсете алады.
Нысанды салу немесе қайта құрылысынан кейін, СанЕжН бойынша және ҚР нысандарды пайдалануға қабылдау кезіндегі ережелері бойынша жаңа салынған нысандарға санитарлық қадағалау жүргізеді.
Өндіріс орнында қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етілмесе бірде-бір мекеме пайдалануға қабылдануға алынбайтынын ескерген жөн.
Жаңа және қайта құру нысандары ауа мен судың ластануынан қорғайтын қажетті құралдармен қамтамасыз етілмесе, кері әсерін тигізетін факторлары болса, еңбектің қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық жағдайларды нашарлататын ақаулар болса, Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдары, оларды пайдалануға тыйым салады.
Берілген жобалық жоспардан немесе пускілік кешен құрамының ауытқуы бар өндірістік нысандарды пайдалануға қабылдау жіберілмейді. Эксплуатацияға құралдар мен механизмдердің жұмысы тексерілмеген нысандар қабылданбайды.
Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдары тексеріс бойынша жұмыстық және мемлекеттік комиссияға қатысады.
Тапсырыс беруші- ұйымдастырушы мекеменің бұйрығы бойынша құралған жұмыс комиссиясының құрамына кіретіндер:
Қабылдау комиссиясы бас мердігердің нысан пайдалануға қабыдануына дайын екенін көрсететін хаттық хабарламасын алған соң 5-күндік мерзімде құрылады. Тапсырыс беруші бас мердігермен ақылдаса отырып жұмыстың тәртібі мен уақытын анықтайды.
Мемлекеттік комиссия құрамына жоғарыда аталған жұмыс комиссиясына қатысатын мекемелердің бірінші басшылары қатысады. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы нысанды пайдалануға беру мерзіміне дейін 5-ай бұрын ұйымдастырылады.
Жоғарыда аталған комиссияның (жұмыстық және мемлекеттік) жұмыстарындағы басты бағыт болып сәйкесінше қажетті құжаттарды қарастыру болып табылады.
Бас мердігер жұмыс комиссиясына келесі құжаттарды көрсетеді:
Атап көрсетілген жұмыс сызбаларының кешені, құрылыс –монтаж жұмыстарын орындау кезінде пайдалынылған конструкциялар мен бөлшектер, техникалық паспорттар немесе материалдың сапасын көрсететін басқа да құжаттар, сертификаттар орындаушы құжат болып табылады.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясына жоғарыда аталған құжаттармен сәйкес мыналарды жіберу тиіс:
Қабылдау комиссиясының құрамына кіретін Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының мүшелері желдету құрылғыларының, жасанды жарықтандырудың, шу мен вибрация тудыратын, шаң бөлетін, жылу туындататын өндірістік жабдықтардың және т.б зерттеу материалдарына және актілерге үлкен көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, ағынды сулар мен өндірістік ауа құрамын зерттеу нәтижесін көрсететін құжаттарға мән беру тиіс.
Егер тазартатын құрылғылардың және басқа да жабдықтардың тиімділігі туралы мәліметтер болмаса, онда бұл талаптарды қанағаттандыратын қосымша құралдармен өлшеу және талдаулар жасауды талап ету керек.
Өндіріс орындарының немесе жеке объектілердің электрожүйесімен және жылумен қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударған жөн, бұл тек өндірістік мақсатта ғана емес, сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық жабдықтау үшін (желдету, жылу, ыстық сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру жүйесі) қажет. Сонымен қатар, тазартқыш құрылғылардың және жабдықтардың фактілік тиімділігін жобаға сәйкес екенін тексеру қажет.
Маңызды орынды жұмысшылардың құрамы мен санына байланысты санитарлық-бытовой бөлмелер мен жабдықтардың нормаға сәйкес келуін реттеу.
Нысанның санитарлық салауаттылығын қамтамасыз ететін кешенді жұмыстар аяқталғаннан кейін, МСЭҚ мамандары акт құрастырады және нысанды пайдалануға енгізу мүмкіндігіне қорытынды береді.