Ескертпелі санитарлық қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, реферат

Описание

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (МСЭҚ) органдарының басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау мен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, санитарлық заңдылықтардың орындалуын қадағалайды, халық денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін қолайсыз факторларды ескертіп, анықтап және оларды жою бойынша шараларды қолданады.

Содержание

1.Кіріспе.................................................................................................................. 5
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау...................................................................... 6
3.Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерінде сараптамадан өткізілетін негізгі құжаттар……………………………………………………. 11
4.Елді-мекендердің болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау...............................................................…..................................... 14
5.Құрылысқа жер телімін бөліп берудегі ескертпелі санитарлық қадағалау.............................................................................................................. 16
6. Жобалау мен құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың орындалу тәртібі.................................................................................................. 20
7.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жобалануы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 22
8.Желдету және жылыту.................................................................................... 27
9.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта салынуы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау........................... 28
10.Құрылысы аяқталған және қайта салынған нысандарды пайдалануға беру кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 31
11.Глоссарий....................................................................................................... 38
12.Тесттік сұрақтар............................................................................................ 42
13.Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 50

Работа состоит из  1 файл

Пособие по ПСН.docx

— 187.96 Кб (Скачать документ)

Акт және қорытынды бойынша МСЭҚ өкілдері, нысанды пайдалануға қабылдаушы мемлекеттік комиссия санитарлық көзқарас бойынша оның пайдалануға жіберуіне ешқандай қарама –қайшылықтар жоқ туралы шешім шығарады.

Бұл шешімдер кәсіпорын әкімшілігіне беріледі және осы нысанды пайдалануға жіберуге түрткі болады.

Осылайша, ескерпелі санитарлық қадағалау - медициналық алдын алудың негізгі элементті болып табылады. Негізгі міндеттерінің бірі санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сай орындау:

1) жобалау,  құрылыс және қайта құру кезінде;

2) қайта тұрғызылған,  салынған, салалығы өзгертілген нысандарды пайдалануға беруде;

3) жаңа технологиялық  үрдістерге, химиялық қоспаларға техникалық шарттарды өңдеуде;

4) тұрмыстық  химия тауарлары, полимерлік заттар  және үй құрылғылары, зерзаттар,  жеке бас гигиена, сантехникалық жабдықтарды, жиһаздарды өндіруде.

         Жобалық құжаттар тек санитарлық нормаға сәйкес екендігін көрсететін қорытынды болған жағдайда ғана бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру  актiсi - нысанның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат.

Еңбектің қауіпсіз жағдайлары — қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ немесе бұл әсерлердің деңгейі бекітілген нормалардан аспайтын еңбек жағдайлары.

Зиянды өндірістік фактор — белгілі бір жағдайларда, әсер ету нәтижесінде қызметкерде кәсіптік, уақытша еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, соматикалық және жұқпалы аурулар жиілігінің артуына, денсаулықтың бұзылуына әкеп соқтыратын еңбек үрдісі мен орта факторлары.

Адамға зиянды әсер - адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн тiршiлiк ету ортасының әсерi.

Зиянды еңбек жағдайлары – жұмысшылардың ағзасына және  оның ұрпақтарына кері әсер ететін, зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары.

Жағдайларды гигиеналық бағалау критерийлері – өндірістік орта мен еңбек үрдісі өлшемдерінің қолданудағы гигиеналық нормативтерден  ауытқу деңгейін бағалайтын көрсеткіштер.

Гигиеналық білім – денсаулықты сақтау, нығайту және сауықтырумен байланысты түсініктер, ой-пікірлер, теориялар жиынтығы; гигиеналық мәдениеттің ажырамайтын бөлігі, денсаулыққа қатысты бағалы бағдарлардың негізі.

Гигиеналық дағдылар –гигиеналық білімдер көп рет орындалғанда дағдыға айналады; ептілікпен қайталау нәтижесінде бекітіледі; игерудің жоғарылығымен, автоматизациямен және ес тексерісі жоқ сезімімен сипатталады.

Гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi;

Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамаларды бұзушылықты алдын алу, анықтау, жолын кесу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қызметі.

Санитарлық қорғау аймағының шекарасы - санитарлық қорғау аймағының аумағын (әрi қарай СҚА) немесе әсер етушi факторлар маңынан тыс жерде белгiленген гигиеналық нормативтерден аспайтын, кеңiстiктiң жоспарлы проекциясын шектейтiн жолақ. 

Ластану зонасы - атмосфераның жер бетi қабаты шектік концентрациялардан асатын зиянды заттармен ластануы мүмкiн болатын ластану көзi маңындағы аумақ.

Оңтайлы жүктеме –белгілі бір денсаулық дәрежесіне,дамуына және жұмыспен қанағаттануына мүмкіндік беретін еңбек жүктемелерінің диапазоны.

Рұқсат етілген жүктеме – барлық еңбек өтілінде денсаулықты бұзбайтын жүктеменің шектік өлшемі.

Еңбек жүктемесі – интенсивтілігі мен ұзақтығынына бір уақытта баға беруден тұратын еңбектің сандық сипаттамасы.

Еңбек қарбаластығы – жұмысшыларда қарбаластықты шақыратын еңбектің қасиеті. 

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  нысандары – іс-әрекеттері, қолданылуы мен пайдалануға берiлуi адам денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн ұжымдар, жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнiмдер және өзге де объектiлер.

Рециркуляция - температураны және қоспадағы компоненттердiң концентрациясын реттеу мақсатымен газдар, сұйық және қатты заттар ағымының технологиялық үрдіске көп рет, толығымен немесе жекелей қайтып келуi;

Зорлану – ұзақ немесе қайтымсыз зиянды өзгерістерге әкелетін шектен тыс қарбаластық.

 
Қауiптiлiгi ықтимал химиялық және биологиялық  заттар - белгiлi бiр жағдайларда және белгiлi бiр мөлшерде адамның денсаулығына немесе келешек ұрпақтарына зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн, қолданылуы мен пайдаланылуы санитарлық ережелермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн заттар.

Өндірістік  нысан – тіршілік ортасы мен адам денсаулығына әсер етуші көзі болатын, үрдістерді, құрылғыларды, технологияларды қолданумен іске асатын, өнім шығаруымен, жұмыстар атқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық әрекетті нысан.

Өндірістік  қызмет –шикізаттың әртүрлі үлгілерін өндіру мен өңдеуден, құрылыстан, түрлі қызметтерді көрсетуден тұратын, ресурстарды дайын өнімге айналдыруға қажетті еңбек құралдарын қолданумен жүретін  жұмысшылардың іс-әрекеттер жиынтығы.

Санитарлық  паспорт - мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын нысандардың, көлiк құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретiн құжат;

 Санитарлық-эпидемиологиялық  нормалау - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы ережелер мен нормативтердi әзiрлеу, жүйелеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi;

 Санитарлық-эпидемиологиялық  ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде тiршiлiк ету ортасы факторларының адам үшiн қауiпсiздiк және (немесе) зиянсыздық белгiлерiн) белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

Санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттiк аурулардың пайда болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

 

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттардың, тiршiлiк ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтердiң, өнiмдердiң, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн (сәйкес еместiгiн) куәландыратын құжат;

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерi кешенi, сондай-ақ өнiмдер жобаларының, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық және өзге қызмет объектiлерiнiң санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатында жобаларды сараптау;

 Әлеуметтiк-гигиеналық  мониторинг - халық денсаулығының жай-күйi мен қоршаған орта нысандарын бақылаудың, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтаудың, оларды бағалау мен болжаудың мемлекеттiк жүйесi;

Еңбек жағдайы – жұмысшылардың денсаулығына және еңбек қабілеттілігіне әсер ететін, еңбек үрдісі және өндірістік орта факторларының жиынтығы.

Денсаулықты аздыртатн қауіп факторлары – жоғары деңгейде денсаулықты төмендететін, ауруларды туғызатын және дамытатын қоршаған ортаның ластануымен, табиғи-климаттық жағдайларымен байланысты  тәртіптік, әлеуметтік, генетикалық, биологиялық факторлар.

Негізгі жоспар нұсқасы – инженерлік жабдықты салу, жас көшеттер, барлық магистральдар желілері, сақталған және жобаланған аумақтар көрінетін құжат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тесттік тапсырмалар

  1. Халықтың денсаулық жағдайын зерттеу әдістері:

        А) статистикалық

        В) әлеуметтік

        С) сараптық

        Д) бюджеттік

        Е) математикалық модельдеу

 

  1. Халықтың денсаулық деңгейін сипаттайтын негізгі сандық критерий:

        А) бала  өлімінің деңгейі

        В) орташа  өмір ұзақтығы

        С) салауатты өмірдің күтілетін ұзақтығы

        Д) халықтың  еңбек потенциалы

        Е) туу деңгейі

 

  1. Халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар:

         А) әлеуметтік

         В) мұрагерлік

         С) медициналық

         Д) антропогендік

         Е) табиғи-климаттық

 

  1. Салауатты өмір салты қаралады:

   А) медициналық категория

        В) философиялық  категория

        С) жеке  мәселе

        Д) ғылыми

        Е) экологиялық

 

  1. Елді мекендердегі атмосфералық ауаны ластаушылардың жетекшілері:

   А) кремнийдің қос тотығы

        В) көміртек  қышқылы

        С) көміртек  диоксиді

        Д) фенолдар

        Е) формальдегид

 

  1. Елді мекендердегі атмосфералық ауаны санитарлық қорғауға жатады:

А) денсаулық  жағдайын зерттеу

В) тұрғын үйлер  арасындағы қашықтықтарды артыру

С) халықтың орташа құрамы

Д) ауа ластануын  бақылау

Е) тұрғын аумақты арттыру

 

  1. Атмосфералық ауаның мониторингі - бұл:

А) атмосфералық ауаның жағдайын қадағалау жүйесі

В) табиғат  құбылыстарын қадағалау жүйесі

С) атмосфералық ауаның жағдайын болжау және бағалау

Д) ластану  деңгейі

Е) шығарындыларды себу

 

  1. Ластанудың таралу аймағын анықтау үшін қолданылады:

А) математикалық  әдіс

В)табиғи қадағалау

С) суреттемелік әдіс

Д) салыстырмалы талдау

Е) есептік әдіс

 

  1. Фотохимиялық реакция нәтижесінде құралған токсикалық агент:

А) азот тотығы

В) озон, формальдегид

С) күкірт тотығы

Д) бенз(а)пирен

Е) көмір  қышқылы

 

  1. Санитарлы қорғау аймағы өнеркәсіп ауданының аумағын бөледі:

А) тұрғын құрылыстардан

В) көліктік аумағынан

С) әкімшілік аумағынан

Д) аулалық аумағынан

Е) спорттық аумағынан

 

  1. Ауыз су сапасының химиялық талдау әдістемесі келесі талаптарға сай орындалады:

А) МЕСТ

В) санитарлық ереже

С) санитарлық норма және ереже

Д) Оста

Е) есептік құжат

 

  1. Сумен қамтамасыздандыру көздерімен жабдықтауда санитарлық қорғау аймағының жобасына кіреді:

А) суды зарарсыздандыру

В) картографикалық  материал және мәтіндік бөлім

С) органолептикалық құрам

Д) географиялық мәліметтер

Е) судың  микробтық құрамы

 

  1. Ұңғыманы пайдалануға қабылдау сатысында келесі құжаттар қажет:

А) ұңғыма паспорты, су сынамаларының  зертханалық зерттеуі

В) химиялық құрамы

С) вирусты ластануы

Д) МЕСТ

Е) заңнамалық 

 

  1. Сумен жабдықтау тәжірибесінде қолдануға рұқсат етілген материалдар:

А) тек табиғи жаратылысты

В) қауіптіліктің тек 3-4 класс жататындар

С) гигиеналық қорытындысы барлар

Д) полимерлер

Е) өсімдік  жаратылысты

 

  1. Санитарлық химиялық көрсеткіштер бойынша топырақтың санитарлық жағдайына баға беруде келесі критериялар қолданылады:

А) ластанған  топырақ компоненттерінің  фактілі  құрамы,оның ШРЕК-пен қарым-қатынасы

В) санитарлық саны (Хлебников бойынша)

С) аммонийлік, нитраттық азот, хлоридтер

Д) коли-индекс

Е) нәжістік стрептоккоктар

 

  1. Есту анализаторының ауру сезгіш табалдырығы:

А)10 дБ

В)140дБ

С)200дБ

Д)100дБ

Е)90дБ

 

  1. Адам ағзасына қандай шулар зиян:

А)тоналды

В) кеңжолақты

С)жоғары жиілікті

Д)импульсті

Е)орта жиілікті

 

  1. Шумен күресудегі ең қолайлы шара:

Информация о работе Ескертпелі санитарлық қадағалау