Ескертпелі санитарлық қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, реферат

Описание

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (МСЭҚ) органдарының басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау мен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, санитарлық заңдылықтардың орындалуын қадағалайды, халық денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін қолайсыз факторларды ескертіп, анықтап және оларды жою бойынша шараларды қолданады.

Содержание

1.Кіріспе.................................................................................................................. 5
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау...................................................................... 6
3.Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерінде сараптамадан өткізілетін негізгі құжаттар……………………………………………………. 11
4.Елді-мекендердің болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау...............................................................…..................................... 14
5.Құрылысқа жер телімін бөліп берудегі ескертпелі санитарлық қадағалау.............................................................................................................. 16
6. Жобалау мен құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың орындалу тәртібі.................................................................................................. 20
7.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жобалануы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 22
8.Желдету және жылыту.................................................................................... 27
9.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта салынуы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау........................... 28
10.Құрылысы аяқталған және қайта салынған нысандарды пайдалануға беру кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 31
11.Глоссарий....................................................................................................... 38
12.Тесттік сұрақтар............................................................................................ 42
13.Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 50

Работа состоит из  1 файл

Пособие по ПСН.docx

— 187.96 Кб (Скачать документ)
  1. Атқарушы билік органдардың қаулысы немесе жарғысы.
  2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  қызметімен келісілген қала құрылысының қорытындысы;
  3. Жер телімін жалға берілуінің келісім шарты;
  4. Тапсырыс берушінің аты мен мекеменің аты;
  5. Құрылысты қаржыландырушылар;
  6. Салынып жатқан мекемеге қысқаша түсініктеме.

Қазіргі кезде  құрылыстың бас жоспарының 2 түрін  өндіруде:

  • Дайындық кезеңнің жоспары.
  • Негізгі жұмыстар жоспары.

Дайындық кезеңіндегі бас жоспар келесі жұмыстардың жиынтығынан тұрады:

  • Территорияны тазалау
  • Құрылысты сүдіртіп тастау
  • Қоршау орнату
  • Уақытша коммуникациялар өкізу

Дайындық кезеңіндегі бас жоспарды келістіру кезінде жер телімін беру жөніндегі қорытындыны қолдану керек.Техникалық-экономикалық негіздеудің (эскизді жоба) қорытындысы оң болған жағдайда ғана бас жоспардың негізгі құрылыс жұмыстарына келісім беріледі.

         Негізгі кезеңнің бас жоспары:

  • Тоған қазу
  • Мекеменің құрылысы бойынша жұмыс жүргізу (инженерлік құрылғы мекемесінің монтажы)
  • Әрлеу жұмыстарын жүргізу

         Әрбір аталған кезеңде дербес есептер шығарылады.

Тоған қазу кезеңінде негізгі 2  сұраққа көңіл бөлу қажет:

Технико-экономикалық негіздеумен келісілген ғимараттың құрылыс алаңына сәйкестілігі және таңдалған топырақтағы қоқыс пен қоқыстарды жинаған жерлердің  бар жоқтығын анықтау. Бұдан басқа, жобада көрсетілген құрылыс алаңында қосымша инженерлік дайындық жұмыстарын жүргізуге көңіл бөлу керек (радиологиялық,токсикологиялық және т.б. керек болғанда, залалсыздандыру, қатерсіздендіру және дезактивациялау сияқты шаралар).

Ғимаратты монтаждау сатысында техникалық-экономикалық негіздеумен келісілген ғимараттың құрылыс параметрлеріне сәйкес болуына көңіл бөледі. Көбінесе құрылыс кезінде бөлмелердің жобалауы өзгереді,ал  кейде ғимараттың сыртқы аумағы ұлғаяды.

Әрлеу жұмыстары сатысында әрлеу заттарының тізіміне, қолданылу аймағына,сертификаттардың барына (гигиеналық қорытындылар) мән беру керек,.

Бас жоспардың  қаралу уақыты -10 жұмыс күніне дейін, қорытындыны №303/у форма бойынша жасайды.Бас жоспардың сызбасында қорытындының нөмірі мен күні туралы белгі қойылады.

Берілген  бөлім бойынша ақпараттарды жинау жалпы және жеке сипатта болуы керек. Жалпы сипаттағы ақпаратқа елді-мекеннің климатогеографиялық және геологиялық ерекшеліктері, тұрғындардың құрамы , өндіріс орындарының желілері, оқу ғимараттары, емдеу мекемелері, қонақ үйлер, вокзалдар, мәдениет, демалу орталықтары, тұрғын кварталдарының орналасуы, транспорттық магистральдар кіреді.

Жеке  сипаттағы ақпараттар өндірістік, жалпы немесе тұрғын мақсаттағы ғимараттарды орналастырудың арнайылылығын көрсету керек. жазылады.

 

5. ҚҰРЫЛЫСҚА ЖЕР ТЕЛІМІН БӨЛІП БЕРУДЕГІ ЕСКЕРТПЕЛІ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

 

Құрылысқа жерді таңдау мен бөлу кезеңінде санитарлық нормалармен ережелерді жүзеге асыра қолдану ерекше маңызды болып табылады. Тапсырыс беруші (инвестор) құрылысқа жерді бөлу кезінде тұрғындардың өмір сүруіне экологиялық қауіпсіз болуын көздейтін инженерлік- экологиялық ізденістерден, өнім сапасы мен қауіпсіздігі және қанағаттанарлық (үйлесімді) еңбек жағдайы туралы мәліметтерден тұратын алдын ала жоба алды құжаттарын дайындап алып, кейін жергілікті әкімшілікке керекті  құжаттар қосып, ниеттері жайында өтініш (декларация) жөнелтеді. Жергілікті әкімшілік құжаттарды Мемлекеттік қадағалау органдарына қарауға жібереді. Тапсырыс беруші жергілікті әкімшілікке тиісті құжаттарымен бірге ниеттері жайында өтініш (декларация) өткізеді де, қорытынды алғаннан кейін жер учаскесін алу туралы шешім қабылдайды.

Жер телімін бөлу бойынша материалдарды қарау кезінде жоспарланатын мекемеде  гигиеналық талаптарды қанағаттандыратын өнім шығару мүмкіндігіне гигиеналық баға беру мен болашақ өнеркәсіптің  коммуникациялармен  қамтамассыз етуді қарастыру қажет.

Ғимаратты орналастыру сұрағын шешкен кезде нақты аймақтың санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайын ескеру қажет.

Белгілі бір қуатты жаңадан салынатын, қайта құрылатын немесе мамандануын ауыстыратын мекемелер  адамдардың өмір сүру, демалу емделу,еңбек жағдайларын  аздыртпау керек.

Жер телімін құрылысқа беру міндетті түрде жергілікті мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен келісімімен жүргізіледі. Жерді таңдау коммисиясының құрамына міндетті түрде келесі адамдар кіреді:

  • МСЭҚ маманы
  • Аудандық әкімшіліктің өкілі
  • Тапсырыс беруші
  • Жобалық-іздеуші және басқада ұйымдардың өкілі.

Құрылысқа алынған жер телімінің беру сұрағын шешу  үшін, жобаға тапсырыс беріші МСЭҚД-нің ұйымы талабына сәйкес келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • Кез-келген жобалау сатысындағы мекеменің жобасы немесе жобалық тапсырма;
  • Жел раушаны салынған екі километрден кем емес радиустағы жағдайлық жоспар;
  • Жер асты суларының деңгейі туралы мәліметтер;
  • Топырақтың жағдайы туралы мәліметтер;
  • Сумен қамтамассыз ету көздері туралы мәліметтер;
  • Ағынды сулардың құрамы,мөлшері және ағызылуы туралы мәліметтер;
  • Атмосфералық ауаға тасталатын зиянды заттардың мөлшері, құрамы және шығарылу жағдайлары туралы мәліметтер;
  • Құрылысты салатын аудандағы атмосфераның фондық ластану жағдайы туралы ақпарат;
  • Табиғи қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар;
  • Ғимаратты барлық коммуникациямен қосу жайлы сәйкесінше келетін ведомствалармен келісімі.

Жоғарыда  аталған құжаттар жер телімін беру коммисиясына қатысар алдында 15 күн бұрын санитарлық дәрігерге берілуі керек. Аталған құжаттардың алдын-ала берілуі,  құрылысқа алынған жер телімін беру актісі болашақтағы шешімдер мен кәсіпорынды, ғимарат пен қондырғыларды қамтамассыз ету көздеріне, инженерлік желілер мен коммуникацияларға қосу, және де қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы шаралардың шарттары бойынша құжат екенін растайды.

Осылайша  жерді таңдау мен беру ескерпелі  санитарлық қадағалаудың жауапты сатысы болып саналады.МСЭҚ маманы барлық сұрақтарды қарай отырып дұрыс шешім  қабылданатындығын, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай келетінін шешуі  керек. Олар ҚР үкіметінің соңғы қаулыларында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР кодексінде және « жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарында көрсетілген.

Жер учаскесін  беру туралы құжаттарды қарастыру аталған мәліметтердің толыққандылығын тексеруден басталады. Құжаттардың дұрыстығына көзі жеткен  маман өндірістің қуаттылығы, жалпы жердің сипаттамасы туралы және т.б мәліметтер болатын жобамен немесе жобалық тапсырмамен танысады.

МСЭҚ  маманының алдына қойылатын басты мақсат- жобамен немесе жобалық тапсырмамен танысу барысында, бұл нысан қоршаған ортаны ластау көзі болар-болмауын және қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай шаралар жоспарланатынын анықтау.

Жер телімін бөлу кезінде жеке өндіріс салаларына арналған санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге және басқа да ресми бекітілген құжаттарға жүгіну керек. Берілген  өндіріске сай санитарлық талаптарды айқындап алып, тапсырыс берушінің ұсынғаны бойынша, жер телімі мен бедері жайлы жалпы сипаттамалық мәліметтердің санитарлық норма мен ережеге сай келуін анықтау қажет. Байыпты айырмашылықтар бар болған жағдайда, теріс қорытынды беріледі немесе жер телімін сауықтандыру бойынша шаралар ұйымдастырылады.

Жер телімі бойынша жалпы мәліметтерді қараған соң жеке материалдарға баға береді. Тұрғылықты жер мен  кәсіпорындардың  даму перспективасымен жағдайлық жоспарды қарай отырып,тұрғылықты аймақ пен жеке өнеркәсіп арасындағы  санитарлық қорғау аймақтарын құру мүмкіндігіне  қарастыру кезінде және перспективалы түрде мән беру керек. Өндіріс орындары мен тұрғын және қоғамдық ғимараттар арасындағы санитарлық қорғау аймағына маңызды көңіл бөлу керек. Бұны шешу   «Санитарлық-қорғау аймағы және кәсіпорындардың ,ғимарат пен т.б нысандардың классификациясы» СанЕжН талаптарына негізделеді. Санитарлық қорғау аймағының көркейтілуіне мән беру керек.

Егерде  кәсіпорын атмосфера ластануының көзі болса ауаға тасталатын қатерлі заттардың таралуын шамамен есептеп, сол жерге сәйкес бөлек румбалары бойынша жел раушанын есепке алып санитарлық-қорғау аймағының шекараларына негіздеу жүргізіледі.

Бұл жағдайда дәрігер-гигиенист климаттық жағдайларды, жер бедерін, зиянды заттардың атмосфералық ауада таралу шарттарын, құрлыстағы фондық концентрацияларын сипаттайтын бастапқы мәліметтердің дұрыс таңдалуына тексеріс жасайды.

Атмосфералық  ауаны қорғау бойынша санитарлық ережелерде ірі қалаларда атмосфералық ауаны ластау көзі болып саналатын; қанағаттанарлықсыз микроклиматтық жағдайлармен сипатталатын тұрғылықты жерлерде кәсіпорынды орналастыру үшін белгілі шектеулер бары көрсетілген.

Дәрігер-гигиенист жағдайлық жоспарға баға берген соң, нысанның сумен қамтамасыз ету көздеріне және жылытуға көңіл бөледі. Жобалық тапсырмада қалалық су құбырына және ЖЭО, немесе  құрылыстағы жергілікті су құбырына және жергілікті қазандықтарға қосылу қарастырылады. Бірінші жағдайда МСЭҚ маманын қосылғаннан кейінгі суды қолдану мен жылумен қамтудың қала тұрғындарына әсері туралы негізгі сұрақ қызықтырады. Керек жағдайда қалалық су құбыры мен су жинау және тазалау қондырғыларының қуаттылығын даму перспективасын есепке ала отырып, жобаланатын нысанда суды тұтынуды қамтамасыз ететіндей қылып салуды, сонымен бірге ЖЭО кеңейту мен үлкейтуді  ұсыну керек. Жергілікті су құбырын салу су көздерінің санитарлық қорғауын қиындатады және өндірістің ауыз-шаруашылық сумен қамтамасыз ету сапасына  санитарлық қадағалау жүргізуін күрделендіреді.

Берілген  құрылыс үшін жер асты суларының тұру деңгейі жылу тасымалдау қондырғаларының тереңдігінен төмен болу керек. Егер жоғары болса, оларды төмендету  үшін арнайы жұмыстар жүргізіледі.

Ағынды  сулардың құрамы мен мөлшері,оларды тазалау әдістері мен ағызу шарттары туралы мәліметтер су қоймаларын санитарлық қорғау мамандарымен бірге қарастырылады. Бұл кезде ағынды суларды тазалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау мен негіздеуге және кейін ашық су қоймалары немесе суару алаңдарына құйылу тәртібіне ерекше көңіл бөледі.

Жер телімін бөлу туралы құжаттарды қараған соң, ұсынылған мәліметтердің учаскінің тексеріс кезіндегі жағдайына сәйкестілігін тексеріп, акт толтырылады. Жер телімін бөлу бойынша барлық мәліметтердің  санитарлық сараптамасынан кейін, бекітілген есеп формасына сәйкес құрылысқа жер телімін таңдау мен бөлу бойынша қорытынды толтыруға кіріседі. Әрбір сұраққа толық жауап жазылуы керек. Қорытындыны жазуға керекті мәліметтерді жер телімін бөлу бойынша құжаттардан, сонымен қатар тиісті санитарлық нормалар мен ережелерден алады.

Алынған мәліметтер негізінде белгіленген нұсқа бойынша қорытынды жасалады. Қорытынды келесідей болуы мүмкін (сурет 6):

 

Сурет 6.Қорытынды  нобайы:

ҚОРЫТЫНДЫ



 


 

 

3. шартты


 

1.оң


2.теріс



 

 

Бірінші жағдайда жер телімін беру (мекеме, ғимарат) сөзсіз рұқсат етіледі.Зерттелген барлық мәліметтердің негізінде жер телімі жобаланатын кәсіпорын құрылысына жарамды болып саналады. Егерде қарсылық болмаса, жер телімін құрылысқа жарамды деп жазып береді.

Екінші жағдайда санитарлық қадағалау органдары (мекеме, ғимарат) жер телімін бөлуге рұқсат бермейді; бұндай қарсылық обьективті нәтижелермен дәлелденуі керек. Жер учаскесі талаптары санитарлық нормалар мен ережелерге сай келмегенде теріс қорытынды береді.

Үшінші жағдайда жер телімін (мекеме, ғимарат) беру рұқсат етіледі, бірақ қорытындыда қажет етілетін талаптар жазылады,олар құрылысқа дейін орындалуы керек.

Жер телімін таңдау мен бөлу туралы қорытындының бір данасы МСЭҚ органдарының іс-қағаздарында сақталуы тиіс. Санитарлық қадағалаудың кепілдемелері, бар қорытындылары, жобалау ұйымы үшін жобаны құрастыру үрдісі кезінде оларды қатаң түрде орындауға міндетті болып саналады.

 

6. ЖОБАЛАУ МЕН ҚҰРЫЛЫС КЕЗІНДЕ ЕСКЕРТПЕЛІ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ.

Информация о работе Ескертпелі санитарлық қадағалау