Ескертпелі санитарлық қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, реферат

Описание

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (МСЭҚ) органдарының басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау мен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, санитарлық заңдылықтардың орындалуын қадағалайды, халық денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін қолайсыз факторларды ескертіп, анықтап және оларды жою бойынша шараларды қолданады.

Содержание

1.Кіріспе.................................................................................................................. 5
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау...................................................................... 6
3.Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерінде сараптамадан өткізілетін негізгі құжаттар……………………………………………………. 11
4.Елді-мекендердің болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау...............................................................…..................................... 14
5.Құрылысқа жер телімін бөліп берудегі ескертпелі санитарлық қадағалау.............................................................................................................. 16
6. Жобалау мен құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың орындалу тәртібі.................................................................................................. 20
7.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жобалануы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 22
8.Желдету және жылыту.................................................................................... 27
9.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта салынуы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау........................... 28
10.Құрылысы аяқталған және қайта салынған нысандарды пайдалануға беру кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 31
11.Глоссарий....................................................................................................... 38
12.Тесттік сұрақтар............................................................................................ 42
13.Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 50

Работа состоит из  1 файл

Пособие по ПСН.docx

— 187.96 Кб (Скачать документ)

Гигиенист маманымен зерттеліп талданатын келесі кестелерге қабырғалар  мен төбе,  сондай-ақ еденнің ішкі әрлеу жұмыстары бойынша кестелер жатады. Берілген мағлұматтармен танысқаннан кейін, МСЭҚ маманы қабырға,төбе,еден өңделуі технологиялық үрдістің ерекшелігіне және санитарлық өңдеу мен төзімділігіне қойылатын талаптарға   сәйкестігі жайлы шешім қабылдау керек.

Жобаның құрылыс бөлігінің  санитарлық сараптамасы кезінде өндіріс бөлмелерінің өлшеміне, өзара орналасуына, құрылғылық ерекшелігіне, аумақтың  жеткіліктігіне ерекше көңіл бөледі. Өндірістік зиянды заттардың (жылу шығарудың жоғары болуы - 20ккал/м сағатына ,зиянды булар, газдар, шаң) көп бөлінуімен байланысты бөлмелерді ғиматарттың ішкі қабырғасына немесе  ең дұрысы, бөлек бірқабатты ғимаратқа, яки жоғарғы   қабатқа (көпқабатты болса)  орналастыру қажет. Бір ғимаратта әртүрлі санитарлық-гигиеналық жағдайлары бар өндіріс  алаңдары біріктірілген  кезде зиянды фокторлармен  тығыз жұмыс жасайтын және жасамайтын қызметкерлер үшін алдын-алу шараларын (оқшаулау ,үрлеу,ауалық заностар) қарастыру керек. Жарықтану медико –санитарлық талаптар ескерілген, арнайы техникалық-экономикалық негіздеумен расталған, рациональды көлем-жобалық шешім таңдау мен технология шарттары бойынша талапқа қойылатын өндірістерде; жұмыс күнінің 50% көп емес болуын керек ететін жеке цехтарда және үрдістерде рұқсат етіледі. Соған байланысты  ТЖК  құралдар және коммуникация көлеңкеленуін тіркемей-ақ, жұмыс жазықтығының деңгейі бойынша (еденнен 0,8 м) есептелінеді. Қосымша гигиеналық шараларға жасанды жарықтану деңгейін  жоғарлатуы және эритемалық  дозалармен сәулеленуді ұйымдастыру жатады.

Өндірістік бөлмелер жобасында қосымша бөлмелер кешені қаралу тиіс, олар: әкімшілік-кеңселік, тұрмыстық, денсаулық және тағамтану бөлімшелері. Олар өндіріс ғимараттарының қосымша бөлмелерінде немесе  бөлек салынатын ғимаратта орналасуы мүмкін. Егер құрылыс өндіріс бөлмелерінің қабырғасы бойымен салынса, бөлінетін көп зиянды заттармен  байланысса, онда оның жалпы ұзақтығы сыртқы бөлме қабырғасының 40% аспау қажет. Қосымша бөлмелер аэрация үшін керекті терезе жақтауларын өндірістік бөлмелердің сыртқы қабырғасына орналастыруға кедергі келтірмеу керек. Тұрмыстық бөлмелерді бөлек ғимаратта жобалау кезінде соңғылары өндірістік  ғимаратпен  және жылытылатын дәліздермен өзара байланысу керек. Тұрмыстық бөлмелердің құрамы және жабдықталуы, әйелдер жеке гигиенасының бөлмелері мен жинау бөлмелерінен басқа, өндіріс процесінің санитарлық сипаттамасын байланысты жобаланады. Санитарлы норма және  ережелер талаптарына сәйкес, жалпы және арнайы тұрмыстық бөлмелер құрамы, құрал-жабдықтар жинағы қарстырылады, сонымен қатар жоба мәліметтері бойынша сәйкестендіріледі. Тұрмыстық бөлмелердің жабдықталуына гигиеналық баға беру үшін жобаланатын жабдықталуды көп адамды ауысымдағы жұмыскерлер санына сәйкес анықтайды. Тиесілі жуғыш заттар қолдануымен кетірілетін заттармен дене мен арнайы киімнің ластануы болатын өндірістік үрдістердің топтары үшін үй  және арнайы киім сақтайтын бөлмелер бөлек болу керек. Тұрмыстық бөлмелердің жеткілікті аумағын есептегенде келесілер ескерілуй тиіс: геометриялық параметрлер, ось  аралық минимальды қашықтық және құралдар қатарлары арасының ені, сонымен қатар бір адамға, құралдардың бірлігіне бөлме алаңының нормасы, қызмет көрсететін құралдар бірлігіне жұмыскерлер  саны. 

Тағамтану пунктерінің бар және жоқ болуына көңіл аудару қажет. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарда жұмыс істейтін асханаларды бір ауысымда жұмыскерлер саны 200 адам болғанда қарастырады. Тарату асханасын жұмысшылар саны 200 адамға дейін болғанда, ал ауысымдағы жұмысшылар саны 30-дан кем болғанда, ас қабылдау бөлмесін қарастыру керек. Тамақтану пункттеріндегі орындардың санын ауысымдағы 4 жұмысшылар санына бір орын етіп алады. Өндірістік нысандардың сумен қамтамасыздандыру мен канализация бойынша жобалық шешімдер еңбек гигиенасының дәрігері мен коммуналды гигиена маманымен қарастырылуы тиіс. Нысанның сумен қамтамасыздандырылуы мен канализациясына сараптама жүргізгенде, сумен қамтамасыздандыру көзін таңдауға, ауыз су сапасына, жобалық шешімдердің МЕСТ талаптарына сәйкестілігіне көңіл бөлу керек.

 

   

8. ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ ЖЫЛЫТУ.

 

Өндіріс орындарында жылу мен ылғалдылықтың, токсикалық заттар мен шаңның көп бөлінуі мен таралуын алдын алу, бірінші орында технологиялық және құрылыс шараларымен жүзеге асырылу керек. Кейбір жадайларда еңбек жағдайы технологиялық және құрылыс шараларымен реттелуге келмесе, барлық өндіріс учаскілерінде желдетуді жобалауға сүйенеді.

Желдетудің  құрылғысын жобаларында оның жалпы қағидаларын анықтап, есептеу жүргізеді, қабылданған ауа алмасуды негіздеп, жабдықтарды таңдайды және сызбаларды өндіреді.

Желдету жобаларын қарастырғанда МСЭҚ-ң мамандары келесі сұрақтарға бақылау жүргізу керек:

  • қажетті ауа алмасуды анықтаудың дұрыстығын;
  • үрмелі және сормалы желдету жүйесі сызбасының, жергілікті құрылыстың климатық жағдайларына сәйкестігін;
  • жергілікті жобалаланған желдету жүйесінің толықтығын;
  • ауаның келетін және кететін орнын дұрыс таңдау;
  • бөлек бөлмелерге келетін және кететін ауаның зиянды заттар бөлетін, физико-химиялық қасиетке сәйкес келуін;
  • жергілікті жердің климаттық шарттарына байланысты қажетті ауа алмасу жағдайына сәйкес ауа үрлегіштер мен калориферлерді дұрыс таңдау:
  • желдетудің негізгі қағидаттары бойынша (зиянды заттар түзілуі мен бөліну орындарының орналасуы) жеке бөлмелерде ауа алмасуының сәйкестігін;
  • Желдету жүйесі мен технологиялық жабдықтармен жұмыс кезіндегі шумен күрес шараларын.

Жоғарыда  аталған сұрақтарға баға беру үшін МСЭҚ маманы «Жылу-желдету жүйесінің  сипаттамасы және технологиялық жабдықтау» кестесімен танысу керек.

Түсініктеме қағазда желдету жабдығымен жұмыс кезінде берілген «шумен күрес шаралары» мағлұматтарын табу. Бөлме ішінде технологиялық жабдықтарды орналастыруды жобалау кезінде бөлмеге ауаның үрмелі және сормалы келетін ағысына назар аудару керек: желдету құрылғыларын аксонометриялық схема бойынша бөлмеге келетін және шығарылатын ауаның мөлшерін анықтау, ауаның келу мен сорылу биіктігін, ауа енгізу жолы бойынша ауа көрсеткіштерін өлшеу және ауа жолын тазарту ұяшықтарының болуын қарау.

Жылу жобасын сараптау кезінде келесі сұрақтарға мән беру керек:

  • қандай жылу жүйесі қарастылып жатыр (бір түтікті немесе екі түтікті);
  • жылу тасымалдағыш ретінде не колданылады (су,бу немесе ауа) және жылу тасымалдаудың қандай көрсеткіштері қарастырылуда;
  • қандай жылу құралдары қолданылады және жылыту аумағының жеткіліктігі;
  • жеке бөлмелердің жобаланған температурасының микроклиматтық шарттарға сәйкес нормативті құжаттар бойынша сәйкес келуі;

      Желдету, жылыту жүйесін пайдалануға берудің жобалық шешіміне және олар жұмысының тиімділігін бақылауға көңіл бөлу керек.

 

9. ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС  МАҚСАТТАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  МЕН ҚАЙТА САЛЫНУЫ КЕЗІНДЕГІ  ЕСКЕРТПЕЛІ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

 

Кәсіпорынның толық салынуына, сонымен қатар жеке ғимараттар, имараттар, агрегаттарды пайдалануға дейін қабылдауға, құрылысқа қосалқы мердігерлі мекемелерді (ғимарат құрылысына, технологиялық жабдықтар, коммуникация монтажына,) жұмылдыруға бас мердігер жауап береді. Қосалқы мердігерлі мекемелер бас мердігер алдында сәйкесінше жұмысына жауапкершілігін алады.

    Гигиенистер алдында кәсіпорын  құрылысы үрдісінің тікелей кезеңінде екі негізгі міндет тұрады:

1)Жобадан гигиеналық маңызды ақауларды алып тастау және ескерту.

2)Құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі халық денсаулығымен байланысты нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау.

  Құрылыс кезеңіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жобамен детальді танысудан басталады, егер соңғысы бұрын қарастырылмаған болса. Құрылысқа бақылау жүргізетін маман бұрын жобаға гигиеналық сараптаманы жүргізсе де, құрылыс алдында жобаланған кәсіпорынның ерекшеліктерін қайта қарап шыққан пайдалы. Бұл кезеңде құрылыс ағымындағы құрылыс жасаушылар мен монтаждық жұмыстарды атқаратын физикалық тұлғалармен және ұжымдар реквизициясы мен құрамымен танысқан маңызды, сонымен қатар құрылыстың күнтізбелік жоспарын білу керек.

    Жұмысшыларға санитарлық-тұрмыстық, емдік-профилактикалық қызмет көрсету кешенімен, қоршаған ортаны қорғаудың тиімді шараларымен және бақылау құралдарымен қамтамасыз етілмеген, сонымен қатар қорғау аймағы жоқ жаңа және қайта құру кәсіпорындарын пайдалануға беру рұқсат етілмейді.

    Өндірістік кәсіпорынның  құрылыс және қайта құруы жобасында мыналар қаралуы керек:

   • жұмыс зонасының ауасының, атмосферасының, су, топырақтың ластануын алдын алу мақсатында кәсіпорында зиянсыз немесе аз зиянды заттарды қолдану.

   • зиянды өндірістік факторларды;ластанған өндірістік ағынды суларды, қалдықтарды және т.б. максимальді азайтатын немесе жоятын технологияны қолдану;

   • қоршаған орта объектілері  және жұмыс орнындағы физикалық,  химиялық және басқа да зиянды  факторлар деңгейін гигиеналық  нормалануын қамтамасыз ететін қорғау шараларының кешені;

   • өндірістік процестерді  кешенді механизациялау және автоматизациялау, жұмыстың біркелкілігін, физикалық және психикалық жүктемені жою, тиімді жұмыс режимі.

    Өндірістік және өндірістік емес  мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта құруына бақылау жеке нысандар құрылысы және қайта құру күнтізбелік жоспары негізінде жоспарлануы керек. Мүмкін болса, салынып жатқан немесе қайта құру нысандарын қарау мынадай жұмыстардан кейін жүргізу керек:

  •  фундамент құюда немесе бірінші  қабаттың қабырғасын тұрғызу кезінде;

   • жеке ғимараттың, имараттың ішкі бөлігінде әрлеу жұмыстарын бастағанда;

  •  санитарлық-техникалық және санитарлық-тұрмыстық  құрылғыларды монтаждағанда;

  •  атмосфералық ауаға шығарылатын тастамалар мен ағынды суларды тазарту бойынша тазартқыш имараттарда құрылыстық-монтаждау жұмыстарын аяқтағанда.

   Құрылған және қайта құру нысандарын авторлық немесе техникалық бақылау өкілдерімен, сонымен қатар қаржы мекемелері өкілдерімен бірге қараған дұрыс. Олардың міндеттеріне құрылыстың жүру қарқыны және қайта құру нысандарын жобалау шешімі кіреді.

   МСЭҚ маманы бақылау кезінде сәйкесінше жобалық мәліметтердіиелену керек. Мысалы, салынатын нысанның ішкі бөлігіне жұмыс жасамас бұрын, жеке бөлмелердің ішкі өңделуіне қолданылатын әрлеу материалдарын, қолдану шарттарын, нұсқалған жұмыстарын және т.б. білген абзал. МСЭҚ маманының бірінші талабы бойынша құрылыстық—монтаждық ұйымының әкімшілігі жобада көрсетілген жұмыстардың шарттары, көлемі және мерзімі бойынша мәліметтер мен ресми ақпараттарды ұсыну қажет. Тәжірибеде көрсетілгендей,көбіне, МСЭҚ маманына керекті материалдарды құрылыстық-монтаждық ұйымдардың өкілдері уақытында ұсынбайды. Сондықтан да, ең тиімді тәсіл салынып жатқан нысан жобасының көшірмесі МСЭҚ маманында болуы керек. Салынатын және қайта құрылатын нысандарды тексергенде толық акт толтырылады, онда мынадай негізгі сұрақтар болады:

  •  жобаның құрылыстық және технологиялық бөлігі бойынша құрылыстың жалпы жағдайы мен жұмыс кешендерінің орындалу сипаттамасы, сонымен қатар санитарлық-техникалық және санитарлық-тұрмыстық құрылғылар бойынша;

  •  құрылыстың күнтізбелік жоспарының, әсіресе тазарту қондырғыларын уақытында салу бойынша жұмыстардың орындалуы;

  •  мемлекеттік санитарлық қадағалау мекемелерімен келісілген құрылыс-монтаждық жұмысының жобамен сәйкес келуі. Әрі қарай, құрылыс орнына шығып,жер телімін бөлуді тексеріп, бұрын келісілген шешімдерден ауытқулары бар-жоғына көз жеткізу, сонымен бірге құрылыс теліміне қатысты аймақтағы өзгешеліктер мен олардың қарастырылатын кәсіпорынмен өзара әсерін анықтау. Жер телімін бөлу бойынша бұрын гигиенистермен қойылған шарттардың (тұрғын үйлерді жайландыру, өнеркәсіптер мен кәсіпорындардың орнын ауыстыру, топырақты құрғату және территорияны көгалдандыру) орындалуын тексеру, құрылысқа келу  жолдарын, жарықтандыруды, байланыс құрылғыларын дайындау.

    Құрылыс алаңдарын уақытша рәсімдеу, сонымен бірге құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды жинау, сақтау және шығару құрылғыларын, құрылысшылардың оңтайлы жұмыс және тұрмыс жағдайларын қамтамасыз ету қарастырылады. Құрылыс алаңдарына қойылатын талаптар «Құрылыс жұмыстары және құрылыс өндірісі мекемелеріне қойылатын гигиеналық талаптар» атты СанЕжН баяндалған .

   Нысанның эпидемиологиялық маңыздылығы мен құрылыстық аяқтау мерзімі мәліметтері негізінде гигиенисттермен, және де арнайы сұрақтарда (желдету, жарықтандыру және т.б) кеңестік көмек бере алатын мамандарды  қатыстыру арқылы жобаның күнтізбелік жоспарын құру керек.

  Әрбір нысанда болған жағдайды актімен бекіту керек, онда санитарлық маңызы бар жобадағы ауытқулар, санитарлық бұзылулар көрсетіледі,сонымен қатар оның орындалу мерзімі белгіленеді.

    Салынып жатқан нысанды қарағанда актіні бір мезгілде нысанды тапсырушыға (егесіне), бас мердігерге, нақты бір кезеңде жұмыстарды жүргізетін қосымша мердігерге жазу керек. Құрылысқа бақылау жүргізу барысында  жабық жұмыстар актінілерін тексеру қажет. Бұл шаралар жобадан гигиеналық ауытқуларды жедел  алдын алуға және мекемені пайдалануға беруде гигиенистердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.

    Егер МСЭҚ мамандарының талабы көрсетілген уақытта орындалмаған жағдайда, тәртіпті бұзғаны жайында хаттама толтырылады да, сәйкесінше шаралар қолданылады. Оларға айып пұл, құрылысты тоқтату және банктің құрылысты қаржыландырып отырған бөліміне санитарлық нормалар орындалғанынша нысанды қаржыландыруды тоқтатуды ұсыну жатады.

Информация о работе Ескертпелі санитарлық қадағалау