Ескертпелі санитарлық қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, реферат

Описание

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (МСЭҚ) органдарының басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау мен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, санитарлық заңдылықтардың орындалуын қадағалайды, халық денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін қолайсыз факторларды ескертіп, анықтап және оларды жою бойынша шараларды қолданады.

Содержание

1.Кіріспе.................................................................................................................. 5
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау...................................................................... 6
3.Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерінде сараптамадан өткізілетін негізгі құжаттар……………………………………………………. 11
4.Елді-мекендердің болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау...............................................................…..................................... 14
5.Құрылысқа жер телімін бөліп берудегі ескертпелі санитарлық қадағалау.............................................................................................................. 16
6. Жобалау мен құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың орындалу тәртібі.................................................................................................. 20
7.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жобалануы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 22
8.Желдету және жылыту.................................................................................... 27
9.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта салынуы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау........................... 28
10.Құрылысы аяқталған және қайта салынған нысандарды пайдалануға беру кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 31
11.Глоссарий....................................................................................................... 38
12.Тесттік сұрақтар............................................................................................ 42
13.Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 50

Работа состоит из  1 файл

Пособие по ПСН.docx

— 187.96 Кб (Скачать документ)

Жобаның гигиеналық сараптамасы жобалаудағы санитарлы-эпидемиологиялық қадағалаудың негізі болып саналады. Жобаға қойылатын гигиеналық талаптар оның құрамына байланысты.

Жобаның гигиеналық сараптамасы оның жалпы   және жеке бөлім салаларына баға беруден тұрады. Әсіресе адам денсаулығын қорғаумен байланысты сұрақтарды қамтитын бөлімдерге ерекше көңіл бөлу керек.

Жобаны гигиеналық сараптамаға қабылдағанда ,келесі құжаттармен танысу керек. Олар: берілген өнеркәсіптің (ғимарат, мекеме) жер телімін бөлу туралы МСЭҚ қызметкерлердің қорытындысы, қазіргі кездегі нағыз көріністі көрсететін жағдайлық жоспар, болашақ нысанның коммуникациялар бар жағдайларында ыстық және салқын сумен қамтамасыз ету жүйесіне, канализацияға, электр, жылу жүйесіне  қосылу мүмкіндігі туралы анықтама, ал егер орталықтанған коммуникация жоқ болса, маманның сумен қамтамасыз ету көзін таңдау, ағынды суларды жіберу қорытындылары және жергілікті пештер жобасының келісімі; нысанды салу мен пайдалануға берудің болжамды күнтізбелік жоспары . Сонымен қатар ҚР ДСМ МСЭҚК органдарында жоба бұрын қаралды ма, әлде қайтарылып берілді ме, қайтарылып берілсе  қандай себебке байланысты екендігін анықтаған жөн.

Өнеркәсіп жобасының санитарлы  –эпидемиологиялық сараптамасын  жүргізгенде, міндетті түрде түсіндірме хатпен  және жобаның барлық бөлімдерімен танысқан жөн.

Егер бар құжаттар және әдеби  мәліметтер жеткіліксіз болса, онда арнайы зертханалық  және құрал-жабдықтық зерттеулер ұйымдастыру арқылы  немесе біліктілігі жоғары маманнан  ресми кеңес сұрау арқылы жүргізуге болады. Жобалық материалдарды бағалау, сәйкес санитарлық ереже мен нормалар негізінде жүзеге асырылады .

Негізінде  өндіріс  нысандарын жобалау, аудандық жоспарлау жобасына және қаланың бас жоспарына (халық орналасқан) бекітіліп көрсетілген тәртібіне байланысты жобаланады.

Нысандардың құрылыс және қайта жаңғырту  жобаларында қарастырылуы керек:

  • Зиянсыз немесе зияндылығы аз заттарды өндірісте қолдану ;
  • Зиянды өндіріс факторлар әсерінің интенсивтілігін, сонымен қатар зиянды тастамалар мен қалдықтардың көлемін максимальды төмендететін немесе жоятын технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану;
  • Қоршаған орта  және өндірісте гигиеналық нормативтер талаптарына лайықтылығын қамтамасыз етудің кешенді шаралары.

Тіршілік ортасына және адам денсаулығына кері әсерінің көзі болатын технологиялық  үрдістері бар нысандарда ,толық жобалық қуаттылығымен анықталатын  санитарлық –қорғау аймағы (әрі қарай-СҚА) болу қажет.

СҚА көлемі нысаннық жіктелуіне байланысты қабылданады.

 Жалпы өндіріс аумағында   орналасқан  өндіріс нысандарының топтары  үшін, жалпы қалдықтар және барлық физикалық әсер ету көздерін есепке ала отырып, жұмыс істейтін нысандар үшін-табиғатқа жыл бойы бақылау жасау негізінде бірыңғай  СҚА қоюылуы қажет.

Нысан алаңдары салыстырмалы түрде селитебті және рекреационды аумақтың желді бағытында орналасады.

СҚА мемлекеттік санитарлы –эпидемиологиялық қадағалау органының санитарлы –эпидемиологиялық қорытындысы бойынша  бекітіледі:

  1. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген бағдарламалар бойынша, атмосфералық ауаның ластану деңгейін модельдеу және стандарттарға сәйкес, нысандарда ластағыш заттар тастамаларын есепке алу. СҚА енін түзеу кезінде модельдік нәтиже бойынша ,румб (ары қарай -р)бойынша желдің бағытталған жиілігін есепке алып, егер р <12,5% болғанда бағыты  бойынша ластану зонасының қысқартылуы жіберілмейді, ;
  2. Пайдаланылатын, салынып жатқан және салынуға көзделген өндірістік нысандардың тастамаларындағы зиянды заттардың биологиялық әсерін қосындылау эффектісін, сонымен бірге бұл зиянды өнімдер трансформациясын ескере отырып, атмосфералық ауа ластану деңгейлерінің салыстырмалы шектік рұқсат етілген концентрацияларын (әрі қарай ШРЕК) моделдеу;
  3. Физикалық факторлар әсер етуінің мүмкін деңгейін есептеу;
  4. Жобаланатын, тұрғызылатын және әрекеттегі нысандардың дүниежүзілік және отандық ұқсастықтарын саралау;
  5. Зертханалық және құрал-жабдықтық зерттеу нәтижелері.

Жобалық нысандармен біруақытта игеру жобасы мен аумақты көркейту және тұрмыстық –ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің  санитарлық–қорғау аймағына санитарлы-эпидемиологиялық сараптама жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының аумақтық ескертпелі санитарлық бақылауы өндіріс күшінің дамуы бойынша жоспаралды, халық шаруашылығының салалары  және қызмет көрсететін тұрғылықты жерлердің тұрғызылуы  бойынша құжаттарын ескере отырып жоспарлануы тиіс. Көрсетілген құжаттар бойынша құрылысқа жуық арада  өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қай субъектілер жататынын білуге және құрылысқа жер телімін бөлу мерзімін анықтауга болады.

Жергілікті санитарлық қадағалау  органдары үлгілі жоба бойынша тағайындалған нысандардың құрылысына жер телімін бөлу  және оның байланыстылығын тексерген кезде берілген жобаның жергілікті жағдайларға (климат, жер бедері, грунттық сулардың тұру деңгейі, осындай мекеменің болуы және жаңаны талап етуі, шикізат базасының болуы және т.б.) жарамдылығын қарау жөн. Жергілікті жағдайға байланысты үлгілі жобаның жарамсыз болуы санитарлы қадағалау органының қабылдамауына негіз болады. Мысалы: итальян өндірісінің жинақты типті цехтары Қазақстанның климаттық  жағдайларында қолдануға жарамсыз болып табылады.

Өнеркәсіп, ғимарат және қондырғылардың құрылысына жер телімін бөлу жеке жоба бойынша  жүргізілген кезде, жергілікті санитарлық қадағалау органдары жобалық тапсырманы, сонымен бірге оның жергілікті жағдайларға (климат, жер бедері, грунттық сулардың тұру деңгейі,қоршаған ортаны қорғау жөнінде  сұрақтарды шешу) сәйкестілігін тексерген жөн.

Бақылаудың келесі кезеңі әртүрлі мақсатты өнеркәсіп, ғимарат, қондырғыларды сараптау мен құрылыс кезіндегі бақылауды жүргізу үшін жобамен танысу болып табылады. Жобаларды қарау міндетті түрде коммунальды, еңбек гигиенасы  дәрігерлерінің, инженер және басқада санэпидқызмет мамандарының  қатысуымен жүргізген жөн. Қажетті жағдайда  ғылыми-зерттеу мамандарымен және жобалау ұйымдарымен кеңесуге болады. Жобаны қорытындылап, танысқаннан кейін көрсетілген тіркеу формасы бойынша қорытынды жасалынады.

Ескертпелі санитарлық  қадағалаудың  келесі кезеңдерінде, өнеркәсіп ,ғимарат ,қондырғылар құрылысы үрдісінде және құрылысы аяқталғаннан кейін пайдалануға берген кезде бақылау жүргізіледі.

 

7.ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС МАҚСАТТАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАЛАНУЫ КЕЗІНДЕГІ ЕСКЕРТПЕЛІ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

ҚР ДСМ-нің  «Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының келісіміне көрсетілетін, жоба құжаттарын қарау тәртібі» атты нұсқаулық хаты бойынша нормаларға, ережелерге, нұсқауларға, мемлекеттік стандарттарға сәйкес жасалған техникалық жобалар және жұмыс сызбалары мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен келісіміне жатпайды. Бекітілген санитарлы – гигиеналық нормалар мен ережелер жоба шешімінде болмаса, олар мемлекеттік санитарлық қадағалау органының келісімімен көрсетілген тәртіпте орындалуы тиіс.

Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысына  санитарлық қадағалау  міндетті түрде құрылысқа дейін  15 күннен кеш емес уақытта  аумақтық санитарлы  қызметіне тапсырылған жобалық құжаттармен танысудан басталуы тиіс.

Жобаға санитарлы-гигиеналық сараптама жүргізу үшін санитарлы қадағалау органдары тапсырушыдан келесі мәліметтерді алу қажет:

    • Жобаны қарауға  өтініш - хат;
    • Міндетті түрде аумақтық санитарлы–эпидемиологиялық мекеменің қорытындысы бар, жер телімін бөлу  туралы акт;
    • Жоба;
    • Нысанды барлық түрлі коммуникацияларға қосу туралы сәйкесінше ведомстволардың рұқсаты;
    • Құрылыстың күнтізбелік жоспары.

Жобаның сараптамасы көрсетілген толық материалдарды тексеруден басталады және ол міндетті түрде оны кейін қарастыратын МСЭҚ маманымен жүргізіледі. Санитарлық дәрігер жер беру актісінде келесілерді тексерген жөн,олар: жер беру қорытындысы қандай санитарлық- эпидемиологиялық қадағалаудың органымен берілгендігін және нақты, қуаттылығын қандай өнеркәсіпке бергендігін анықтау керек. Жер телімін беру актісінде көрсетілген өндіріс туралы мағлұматтар,жобада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келу керек. Жоба келесі бөлімдерден тұру қажет:

    • Жалпы түсініктеме хат ;
    • Бас жоба және транспорт;
    • Технологиялық шешімдер;
    • Жұмыскерлер және қызметкерлердің еңбегін ғылыми ұйымдастыру;
    • Мекемені басқару;
    • Құрылыстық шешімдер;
    • Құрылысты ұйымдастыру;
    • Қоршаған табиғи ортаны  қорғау;
    • Тұрғын –үй құрылысы;
    • Сметалық құжаттар;
    • Жоба паспорты.

 Жобаның көрсетілген әр салалары бойынша, маман үшін әртүрлі сұрақтарды шешуге септігін тигізетін және олардың негізінде ұсынылған жобаның толықтығы туралы қорытынды шығаруға болатын белгілі бір мағлұматтар  көрсетіледі.

Құрылыс  күнтізбелік жоспарда жеке ғимараттар және қондырғылардың салыну мерзімдерін, нөлдік кезең бойынша жұмыс жүргізу, құрылыс-монтаждық және әрлеу жұмыстарының уақытын көрсетеді. Жоғарыда аталған мәліметтер МСЭҚ  қызметкеріне нысан құрылысы кезінде бақылауды жоспарлау үшін қажет.

Толық көрсетілген мәліметтермен танысқаннан кейін, МСЭҚ маманы  жобаны қарауға кіріседі. Көліктің бас жоспарының жобалық шешімдеріне санитарлық-гигиеналық сараптама жүргізгенде ресми құжаттарға жүгіну керек. Бұл «Өндіріс орындарының бас жоспары. Жобалау нормалары»;  Өнеркәсіптің жеке  салаларына арналған  санитарлық нормалар мен ережелер.

Түсіндірме  хатта бұл  жоба бөлімі бойынша келесі бөлімдер көрсетілуі  тиіс:

    • Жел бағытын ескере алығандағы, елді-мекенге қатысты нысанның орналасқанын сипаттайтын мәліметтер;
    • Санитарлық – қорғау аймағын ұйымдастыру мүмкіндігі туралы мағлұматтар;
    • Аумақты жоспарлау және көркейту туралы мағлұматтар;
    • Нысан аумағындағы бөлек ғимараттар мен қондырғылардың бір-біріне байланысты орналасуы ;
    • Жол және жүрмек тротуарлары  орналасуы, көгалдандыру.

МСЭҚ маманы бас жобаны қараған кезде ,келесі сұрақтар бойынша нормалық құжаттарға сәйкес баға беру қажет:

    • Аумақ алаңдарының құрылысқа  жеткілікті болуы және құрылыс  жасау тығыздығы;
    • Нысан аумағын аймақтарға бөлу;
    • Көгалдандыру ;
    • Көркейту;
    • Технологиялық үрдіс ағымдылығың сақталуы;
    • Нысан аумағының қоршалуы және шығу ,кіру жолдарының жеткілікті болуы.

Жобаның технологиялық бөлігімен  танысқан кезде  маман келесілерді анықтаған жөн,біріншіден : жобаланған өндірісте қандай  зиянды заттардың және қанша мөлшерде пайда болатынын, қай жұмыс орындарында жұмыскер денсаулығына қауіпті  әсер ететіндігін анықтау қажет. Екіншіден:  жұмыскер денсаулығына зиянды өндіріс факторларының  әсер етуін шеттетудің технологиялық шаралары мен олардың тиімді-тиімсіздігін  қарастыру. Осындай технологиялық шараларға өндіріс үрдістерінің кешенді механизациясы және автоматизациясы: құрал-жабдықтардың және қондырғылардың герметизациясы; технологиялық процестерді дистанционды басқару  және т.б. жатады.

Жоба бөліміндегі түсіндірме хатта, қай шикізат және қай аралық өнім қолданатылыны көрсетіледі.

Арнайы кестеде жобаланатын өндірісте қолданылатын  құралдардың мәліметтері көрсетіледі.

МСЭҚ маманы өндірістегі мүмкін болатын зиянды заттар туралы деректерді білу үшін технологиялық үрдістің шикізаттары, аралық  және соңғы өнімнің  химиялық құрамын зерттеу қажет. Бұл өндірісте қолданылатын және алынатын химиялық заттардың токсикалық-гигиеналық сипаттамасы бар арнайы әдебиеттермен танысады және жұмысшылар ағзаларына басқа да  өндірістік орта факторларының (шу,діріл,жоғарғы температура) әсер етуін анықтайды. Егер МСЭҚ маманы зерттелетін өндірістің зияндылық жағдайын және онымен күресудің технологиялық шараларын анықтай алмаса, онда жоба қорытынды беру үшін ғылыми –зерттеу мекемесіне және санитарлық - гигиеналық зертханаға  жіберіледі.

Жобаның сәулеттік –құрылыстық бөліміне санитарлы-гигиеналық сараптама беру оның құрылыс материалдары және конструкцияларының  таңдалуына, ішкі жоспарлануына, өлшеміне, өндіріс  және қосымша бөлмелердің бір-бірімен байланысына, сумен қамтамасыздандыру мен канализацияға, табиғи жарықтануға, жылытуға, өндіріс мекемесінің  желдетілуі мен ауа алмасуына баға беріп, қарастырылудан тұрады.

Жобаның бұл бөліміне гигиеналық баға беру кезінде «Құрылыстық жылу техникасы» , «Табиғи жарықтану » , «Жылыту, желдету және ауаны кондицерлеу» атты СанЕжН, сонымен қатар салалық нормалар мен ережелер бойынша жүргізеді.

Жобаның құрылыс бөліміне санитарлы   баға беру көрсетілген құрылыс  нысанында  құрылғылар қоршауларының   жылу қорғау қасиеттерінің құрылыс–климаттық ауданға сәйкестілігі бойынша жүргізіледі. Бұл үшін МСЭҚ маманы қолданылатын құрылыс конструкциялары бойынша мәліметтер берілген  кестелермен және қабырға қалыңдығына байланысты   жылу қорғау  қасиетімен танысу қажет. Мысалы: Қазақстан Республикасының  климаттық жағдайына байланысты орталық және солтүстік облыстарында үш қабатты, ал қалған климаттық жағдайларда екі қабатты  әйнектендіру қолданылатыны туралы ескеру керек.

Информация о работе Ескертпелі санитарлық қадағалау