Ескертпелі санитарлық қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:29, реферат

Описание

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (МСЭҚ) органдарының басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау мен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, санитарлық заңдылықтардың орындалуын қадағалайды, халық денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін қолайсыз факторларды ескертіп, анықтап және оларды жою бойынша шараларды қолданады.

Содержание

1.Кіріспе.................................................................................................................. 5
2.Ескертпелі санитарлық қадағалау...................................................................... 6
3.Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдерінде сараптамадан өткізілетін негізгі құжаттар……………………………………………………. 11
4.Елді-мекендердің болашақтық жобалануы кезінде кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау...............................................................…..................................... 14
5.Құрылысқа жер телімін бөліп берудегі ескертпелі санитарлық қадағалау.............................................................................................................. 16
6. Жобалау мен құрылыс кезінде ескертпелі санитарлық қадағалаудың орындалу тәртібі.................................................................................................. 20
7.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың жобалануы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 22
8.Желдету және жылыту.................................................................................... 27
9.Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандардың құрылысы мен қайта салынуы кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау........................... 28
10.Құрылысы аяқталған және қайта салынған нысандарды пайдалануға беру кезіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау..................................................... 31
11.Глоссарий....................................................................................................... 38
12.Тесттік сұрақтар............................................................................................ 42
13.Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 50

Работа состоит из  1 файл

Пособие по ПСН.docx

— 187.96 Кб (Скачать документ)

Жеке  жағдайларда цехтарды,жер телімдерін қайта салуға, ауыр және бейнетті жұмыстарды механизациялауға және инженерлік желілер мен ғимараттарды қайта құруға,сонымен қатар күрделі емес ғимараттар мен қондырғылардың үлгілі жобаға үйлестірілуімен байланысты жобалар мен сметаларды өңдеу бюромен, кәсіпорындарда,ұйымдарда және мекемелерде құрылған жобалық топтар мен бөлімшелермен орындалуы мүмкін.

Құрылыс нысанын салуға өзіне міндет қылатын ұйым мердігер деп аталады. Мердігер ретінде мемлекеттік және коммерциялық құрылыс бірлестіктері, құрылыс-монтаждық басқару (ҚМБ), жөндеу- құрылыс басқармасы (ЖҚБ),кіші кәсіпорындар мен кооперативтер болуы мүмкін.

тапсырыс  беруші мен мердігер құрылыс-монтаждық  ұйымдарының ара-қатынасты Қазақсатан Республикасының азаматтық кодексімен анықталады. Кодекс бойынша, мердігер келісім шарт бойынша өз күшімен және қаражатымен белгіленген уақытта бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес қарастырылған нысан жобасын толыққанды салуға,тиісті сапалы құрылыс-монтаждық жұмыстармен қамтамасыз етуге,тапсырыс берушіге салынуы аяқталған нысанды тапсыруға және өндірістік қуаттылығы мен нысандардың бекітілген тәртібінде жұмысқа беруді қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер құрылыс-монтаждық жұмысты атқаруға  кірісу үшін тапсырыс беруші оған жобалық-сметалық құжаттармен бекітілген құрылыс алаңын беру мен құрылысты қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Өз ретінде,егер тапсырыс беруші «Кәсіпорындарды, ғимараттарды және қондырғыларды салу үшін жобалық-сметалық құжаттардың құрамы, өңдеу тәртібі, келістіру мен бекіту туралы нұсқауға» сәйкес, келесі құжаттарды тапсырса, жобалық ұйым жобаны өңдеуге кіріседі:

  • Жобалауға тапсырыс ;
  • Сәулетті-жоспарлық тапсырыс;
  • Құрылыс жерінің төл-құжаты;
  • Болашақ нысанның инженерлік желілерге қосылуының техникалық шарттары (суық және ыстық сумен қамтамасыз ету,канализация,электр тогымен қамтамасыз ету және т.б.);
  • Жер асты және беткейлік сулар, атмосфералық ауа және топырақ жағдайлары туралы мағлұматтар; жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жер телімін бөлу туралы шешімі.

Жобаны өндеу мен іске асырудың жалпы нобайын, негізгі орындаушылардың қызметтерін біле отырып, бұл үрдістегі мемлекеттік санитарлық қадағалау маманының ролі мен орнын айқындау қажет.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау маманы  өз түрде жұмыстарын келесі тәртіппен атқарады.

Ең алдымен (жұмыстың бірінші кезеңі) ол тапсырыс беруші ұсынған жер телімін таңдау бойынша мәліметтерге сараптама жүргізеді.

Бұл кезеңде  МСЭҚ маманы келесілерді айқындауы қажет :

  1. Нысанның мінездемесін;
  2. Бұл жер телімінде осы нысанды орналастыру кезінде мүмкін болатын халыққа және қоршаған ортаға қандай жағымсыз салдарлар болатынын;
  3. Нысанға жақын тұратын халық өмірінің санитарлық жағдайы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша қандай шаралар қарастырылуы тиіс;
  4. Нысанды орналастыру мен санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыру мүмкіндігі үшін жер телімі өлшемінің жеткіліктігін;
  5. Жобаланған нысанды орналастыру үшін табиғи қасиеттері (рельеф,жерасты сулардың денгейі,топырақтың сипаты) бойынша жер телімінің жарамдылығын.

Кейін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау маманы комиссия құрамында (жұмыстың екінші кезеңі) жеке жер теліміне барып, жеке санитарлы-топографиялық тексеріс жүргізеді. Тексеру барысында гигиенист-дәрігер жобалық мәліметтердің бар жағдайларға сәйкестігін тексереді (жер учаскесінің жеткілікті өлшемі, санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкіндігі, конфигурациясы, бедері, топырақтың сипаты,жердің саздануы, сумен басылуы және т.б.), жер телімінің бұрын және осы уақытта пайдалану сипатын аңықтайды, ұсынылған мәліметтерге түзетулерді енгізеді.

Тапсырыс берушінің құжаттарын зерттеу мен мүмкін болатын жер телімдерінің түрлерін қарастырғаннан кейін дәрігер оның нысанды орналастыру жарамсыздығы мен жағдайларын анықтау қажет.

Жерді тандағандағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау маманының тактикасы мен стратегиясы келесілермен қорытындыланады:

  1. Халықтың өмір сүруіне үйлесімді санитарлық жағдайлар жасау мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;
  2. Жерді бөліп алуды елді-мекендердің бас даму жоспарымен бекітілген аудандық жоспарлау нобайлары мен жобаларына сәйкестілігін қамтамасыз ету;
  3. Жер бөлінуі мемлекет қорынан, ауыл шаруашылық мақсаттағы емес жерлер мен ауыл шаруашылыққа жарамсыз және аз өнімдік жерлерден  бөлінуін бақылау;
  4. Өнімді жерлер мен бар аумақтық ұйымдастыруды максималды сақтау керектігін ескеру.

Жұмыстың үшінші кезеңінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау маманы жер телімін салуға беру туралы қорытындыны (303/у тіркеу формасы) беріп, онда келесілерге нақты баяндама береді:

  • Тандап алынған аумаққа құрылыс нысанын салуды анықтаушы  жағдайлар;
  • Жер телімін сауықтыру мен рационалды қолданану бойнша шаралар;
  • Санитарлық -қорғау аймағының ұйымдастырылуы мен оларды гигиеналық негізделген қолданылуы;
  • Санитарлық абаттандыру бойынша ұсыныстар:
      • сумен қамтамасыз ету (мүмкіндік болса бар желіге қосылу, перспективті сумен  қамтамасыз ету көзі, өндеудің техникалық нобайы, беру әдісі және т.б.);
      • канализация(мүмкіндік болса ағымды суларды бар желіге шығару, тазалау нобайы, тастау орны мен жағдайлары және т.б.)
      • ауа бассейнін қорғау (атмосфералық ауатастамаларын тиімді тазалау, бар ластану деңгейлерін төмендету үшін шаралар жүргізу және т.б.)
      • жерді санитарлық қорғау (тұрмыстық сұйық қалдықтар мен өндірістік тастамаларды жинау,уақытша сақтау,жою мен залалсыздандыру және т.б.).

Санитарлық  нормалар жеке меншік түріне тәуелсіз өндірістік орындар мен нысандарды жобалауға,салуға және қайта құруға арналған жалпы міндетті талаптарды анықтайды.

Барлық Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  органдары мен мекемелері мемлекеттік ескертпелі санитарлық қадағалауды осы кезеңдерде жүзеге асыру керек, олар 2-ші суретте көрсетілген:

Сурет 2.Ескертпелі санитарлық қадағалау кезеңдері.

І-КЕЗЕҢ

ПЕРСПЕКТИВТІ  ЖОСПАРЛАУ

ІІ-КЕЗЕҢ

ЖЕР ТЕЛІМІН ҚҰРЫЛЫСҚА ТАҢДАУ МЕН  БӨЛУ

ІІІ-КЕЗЕҢ

НЫСАНДЫ ЖОБАЛАУ

 

ІV-КЕЗЕҢ


НЫСАНДАРДЫ  САЛУ МЕН ҚАЙТА ҚҰРУ


 

 

 

V-КЕЗЕҢ


САЛЫНҒАН НЫСАНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕН ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗУ

 


 

 

 

 

 

Санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын ескертпелі санитарлық қадағалаудың жоғарыда көрсетілген кезеңдерінде бақылау санитарлық гигиенист-дәрігер профилактилық қызметінің жауапты күрделі бағытының бірі болып саналады.

 

3. ЕСКЕРТПЕЛІ САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ  КЕЗЕҢДЕРІНДЕ САРАПТАМАДАН ӨТКІЗІЛЕТІН  НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР.

 

Ескертпелі  санитарлық қадағалауды жүргізу  МСЭҚ маманынан кәсіби білім,  әртүрлі өндірістік үрдістер технологияларын, жобалық жұмыстарды, еңбекті қорғау,техника қауіпсіздігі бойынша сұрақтарда жоғары біліктілікті, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандарда жаңа құрылыс және қайта салуды негіздейтін құжаттарды білуді талап етеді.

Аталған құжаттарға жоспар алды,жоба алды және жобалық мәліметтер  жатады.

Жоспар алды құжаттар болып мыналар  саналады:

Сурет 3.Жоспар алды құжаттардың нобайы.

 

ЖОСПАР АЛДЫ ҚҰЖАТТАР

1. ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  МЕН ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ  МЕН ОРНАЛАСТЫРУ НОБАЙЫ

2. ӨНДІРУШІ  КҮШТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАРДА  ДАМЫТУЫ МЕН ОРНАЛАСТЫРУ НОБАЙЫ

3. ӨНДІРУШІ  КҮШТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ДАМЫТУЫ МЕН ОРНАЛАСТЫРУ НОБАЙЫ

4.ҚАЛАЛАР  МЕН ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДІ САЛУДЫҢ БАС  ЖОСПАРЛАРЫ.

 

Жоба алды құжаттар 4 суретте ұсынылған:

Сурет 4. Жоба алды құжаттардың нобайы:

ЖОБА АЛДЫ ҚҰЖАТТАР

1. ІРІ НЫСАНДАРДЫ  ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ  (ТЭН)

2.КІШІ НЫСАНДЫ  ЖЕКЕ ҒИМАРАТТАР МЕН ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕБІ (ТЭЕ)

     

Құрылыс және эскизді жобалардың техникалық-экономикалық негіздеуін қарау. Техникалық-экономикалық негіздеу (ТЭН) жеке ғимараттар мен қондырғыларды жобалау сатысында міндетті болып саналады. Үлгілі жобалар мен қайта қолданылатын жобалар бойынша ғимараттарды салған кезде ТЭН жасалынбайды. Кейде ТЭН орнына өндірілетін бөлімдердің құралын жеңілдетумен ерекшеленетін эскизді жоба жасайды.

ТЭН-ң негізгі мақсаты-ғимарараттардың сыртқы соңғы өлшемдерін, құрылыс  келбетін, бөлмелердің құрамы мен бағытты жоспарын,нысанның қоршаған ортаға және қоршаған ортаның жобаланатын нысанға кері әсерін, қолдағы техника-экономикалық көрсеткіштердің нормативтерге сәйкес келуін анықтау.

ТЭН-ді қарауға алғанда мынадай құраммен алады:

  • Жолдама хат
  • Бастапқы рұқсатнама құжаттар;
  • Атқарушы билік органдарының қауылысы;
  • Қала салушылар қорытындысы;
  • Жер телімін резервтеу актісі немесе жалға беру келісім шарты;
  • Түсініктеме қағазы;
  • Архитектуралық-құрылыс бөлімі(жағдайлық жоспар,бас жоспар,қабат бойынша жоспарлар, кесінділер және фасадтау;
  • Инженерлік құрығылар;
  • Желілер және жүйелер;
  • Құрылысты ұйымдастыру;
  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім (нысанның мақсатына байланысты құрамы).

Қоршаған  ортаны ластаушы көзі болып табылатын, өндірістік мақсаттағы нысандар үшін атмосфералық ауаның ластануы бойынша,  өндірістік ағындар, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар, шу,діріл, электромагниттік алаңдар бойынша есеп жасайды. Сонымен қатар өндірістік мақсаттағы нысандар бойынша мынадай бөлімдерді ұсынады:

  • Технологиялық шешімдер;
  • Жұмысшылардың еңбек жағдайын ұйымдастыру;
  • Кәсғпорындар мен өндірістерді басқару;
  • Азаматты қорғау бойынша инженерлік-техникалық шаралар және төтенше жағдайларды алдын алу шаралары;
  • Сметалық құжаттар;
  • Инвестицияның тиімділігі және т.б.

ТЭН-ді қарау  мерзімі - 30 жұмыс күнге дейін, сыбайлас  бөлімдерде қарастыру - 10 күнге дейін. Қорытынды №303/у формасымен толтырылады.

Жобалық құжаттар ірі, аса күрделі және бірегей нысандар үшін жоба және жұмыстық құжаттардан тұруы мүмкін, ал көпшілік құрылысты нысандар үшін 5 суретте көрсетілген жұмыс жобасы өндіріледі.

Сурет 5. Жобалық құжаттардың нобайы:

ЖОБАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

1.ЖОБА

3.КӨПШІЛІКТІК  ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖҰМЫСТЫҚ ЖОБАСЫ

2.ІРІ НЫСАНДАР ҮШІН ЖҰМЫСТЫҚ ҚҰЖАТТАР

4. ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДІҢ БОЛАШАҚТЫҚ ЖОБАЛАНУЫ КЕЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДАРДЫ, МЕКЕМЕЛЕРДІ, ҒИМАРАТТАРДЫ САЛУДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ.

 

Кәсіпорындарды, мекемелерді,ғимараттарды салудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау перспективті жобалаудан басталуы тиіс.

Бас жобалар, реконструкциялық және аймақтардың даму жобалары гигиеналық сараптаудан өтуі керек.

Құрылыстың бас жобасын қарау тәртібі

Бас жоспар құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ) құрылымды бөлімі болып табылады, өз кезегінде  ол құрылыс жобасының құрамына (жұмыстық жобаға) кіреді.

Бас жоспарды сызба түрінде 1:500 масштабпен жасайды, оның нысанның аты мен мекен жайы жазылған бұрышты мөрі (оң жақ төменгі шетінде) болады.

Жоспарда өлшемдер және оны қоршаған құрылыс мекемелерінің жоспары көрсетіледі, олар сурет түрінде көрсетілуі керек, яғни жоспарда көрсетілген барлық нысандар әрқайсысы жоспарда түстермен белгіленуі қажет. Бұдан басқа онда құрылыс алаңдарының қоршаулары және негізгі құрылғылар мен механизмдердің орналасуы (тұрмыстық қалашық, кран, еріту бөлмесі және т.б.), құрылыс алаңының негізгі  және өрт сөндіру кіру- шығу қақпалары, уақытша және үнемі инженерлік желілер қосылатын орындар болу керек. Жоспарға қосымша түсініктеме хат болу керек, онда құрылысқа қатысты бастапқы рұқсатнама құжаттары болады:

Информация о работе Ескертпелі санитарлық қадағалау