ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Описание

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік[1] қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25

ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------

Работа состоит из  1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать документ)

Акционерлік қоғамның мүлкінің айырықша түрі болып оның жарғылық капиталы болып табылады. Акционерлік қоғамның құқықтық санат ретінде мәні мынадан тұрады:

-                     әрі қарайғы кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін коммерциялық ұйымның мүлкін оқшаулау арқылы қоғамның қатысушыларының (акционерлерінің) капиталдарын біріктірудің жүргізуінде;

-                     қоғамның несие берушілер алдындағы міндеттерін орындауға кепілдік беруші қоғамның мүлкінің төменгі мөлшерін қоғамның жарғылық капиталы анықтайды, ал бұл өте маңызды;

-                     акционерлік қоғамның жарғылық қоры оның акцияны бөлу жолында қоғамның қатысушыларының міндеттемелік құқығын қоғамға қатынасын анықтайды.

Қоғамынң акционерлерінің (қатысушыларының) капиталын  біріктірудің ролі мынада, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мүлікті оқшаулау мақсатында  мүлікті беру жүреді. Берілген жағдайдағы экономикалық маңызы мынада мүлікті бұндай біріктіру нысаны акционерлік қоғамның капиталын есебінен қосымша инвестициялар тарту арқылы масштабы бойынша өте үлкен кәсіпкерлік мәселерді шешуге мүмкіндік береді. Бірінші шартқа байланысты персонификацияланған мүлікке қатысы бойынша акционер-инвесторлардың мүліктік емес міндеттемелік құқықтарын тіркеу жүреді.

                Акционерлік қоғаммен өзінің міндеттемелерін орындау мынада, заңды тұлғаның жарғылық капиталы – бұл оның несие берушілерінің мүдделеріне кепілдеме беретін  мүліктің  төменгі  мөлшерінде. Бірақ аталған кепілдеменің орындалуы қазіргі кезде заң  жүзінде әлі жеткілікті реттелмеген бір бірқатар шарттарға тәуелді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қатынастарда жарғының капиталдың елеулігі ықпал етуі мүмкін. Бірақ мына мән–жайды ескерген жөн, берілген көп мөлшердегі капиталға басқа ірі несиеберушілер талаптанады.  Сонымен, өзінің жарғылық капитал есебінен борышқордың міндеттемелерінің орындалатындылығына берілетін нақты төменгі кепілдеме ретінде басқа талаптанушыға қатысты несие берушіні борышқордың хабардар ету міндеті болуы мүмкін[1].

              Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына оның қатысушыларының ақша, бағалы қағаз, заттар, іскерлік құны бар құқықтырды салуы арқылы қалыптасады. Сонымен бірге күші бар заң құжаттарында АҚ жарғылық капиталындағы интеллектуалдық меншікті пайдаланудың негізгі мәселелерін реттейтін нормалар мазмұндалады.

Ең  алғаш  рет интеллектуалдық меншікті жарғылық капиталға енгізу мүмкіндігі 1990 жылы Ресейдің кәсіпкерлік қызметін енгізілді, ал кейін бұл құқық нормасы ҚР Азаматтық кодексінің 59,115, 125 баптарына енгізілді.

                Интеллектуалдық меншік объектілерін материалдық емес активтердің құрамына енгізу тәртібі  26 желтоқсан 1955 жылғы ҚР Қазпатентінің  төрағасының нөмірі 33 бұйрығымен реттеледі.

                Интеллектуалдық меншік объектілерін материалдық активтер құрамына енгізу  тәтібі ҚР 1995 жылғы  29 желтоқсандағы  Азаматтық кодексінің  26,115,125 баптарында сәйкес дайындалған.

Осы тәртіпті қолдану құрылатын кәсіпорынның жарғылық капиталындағы интелектуалдық меншік объектілеріне жарғылық капиталындағы интеллектуалдық меншік объектілеріне меншік құқығы немесе интеллектуалдық  меншік объектісі (ИМО) түріндегі салымдардың құнын бағалау кезінде, сондай-ақ ғылыми техникалық, өндірістік аяларды жетекшелендіру кезінде міндетті. Материалдық емес активтердің құрамына олардың құны көрсетіле отырып есептік бірлік ретінде интеллектуалдық меншік объектісіне (әрі қарай – ИМО келесі құқықтар кіргізіледі:

-                     өнер табысқа құқық патенттеріне тиісті құқықтардан туындайтын құқықтар. Бұл ереже ҚР патент Заңынан туындайды;

-                     өндірістік үлгілерге патенттеріне тиісті құқықтардан туындайтын құқықтар. Бұл да ҚР патент Заңында көрсетілген;

-                     тауардың белгілеріне тиісті куәліктерден туындайтын құқықтар («Тауарлық белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығу орнының атаулары туралы» ҚР Заңы);

-                     өсімдіктердің жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына берілген патенттен туындайтын құқықтар («ҚР селекциялық жетістіктері туралы» Заң);

-                     Патенттермен қорғалатын басқа тұлғаларға тиісті өнер табысты пайдалануға лицензиялық шарттардан туындайтын құқықтар (ҚР       Патенттік Заңы);

-                     Патенттермен қоғалатын басқа тұлғаларға тиісті өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға жасалған лицензиялық шарттардан туындайтын құқықтар (ҚР Патенттер заңы);

-                     Патенттермен қорғалатын басқа тұлғаларға тиісті пайдалы моделдерді пайдалануға жасалған лицензиялық шарттардан туындайтын құқықтар (ҚР Патенттер заңы);

-                     Куәлармен қорғалған, басқа тұлғаларға тиісті тауарлық белгілерді пайдалануға жасалған лицензиялық шарттардан туындайтын құқықтар (ҚР «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығу орнының атаулары туралы» Заңы);

-                     «ноу- хау» беру туралы шарт негізінде берілетін және «ноу- хау» беру туралы шарт бойынша тараптар болып табылатын кәсіпорындардың құжаттарымен куәландырған «ноу-хау» айырықша құқықтар;

-                     авторлық құқыққа және сабақтас құқықтар тиесілі құқықтар («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы);

-                     Мемлекеттік құжаттармен куәландыруды талап етпейтін ИМО айрықша құқықтары (интегралдық микросызба топологиялары, ЭЕМ үшін бағдарламалар, берілгендер базасы және авторлық құқықтық басқа да объектілері) («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы);

Жалпыланған ұғым «ИМ» әдебиет, өнер және ғылым туындыларына, орындаушылық қызметтеріне, өнер табысқа, ғылыми жаңалықтарға, өндірістік  үлгілерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, сондай- ақ өндірістік, ғылым, әдебиет салаларының интеллектуалдық қызметке жататын басқа да құқықтарды қамтиды (БӘИМҰ (ВОИС) құрылатын, конвенцияның 2- бабы 8 бөлімі).

              Интеллектуалдық меншікті жарғылық капиталға енгізу деп мүліктік құқықты – ИМ объектісін пайдалану құқығын беру түсіндіріледі.

ИМ АҚ жарғылық капиталына салған кезде ИМ объектілеріне меншік құқығы және пайдалану құқығы АҚ – ға өтеді, яғни АҚ ИМ–тің меншік иесіне айналатындығы  ескеру қажетті. Заңды тұлғалармен ИМ-ке мүліктік құқықтарды (меншік құқықтарын) алды оны оқшаулау мүмкіндігін пайда болуына әкеліп соқтырады, өйткені АҚ өзінің міндеттемелері бойынша Оған тиісті  (оған бекітіліп берілген) барлық мүлікпен жауап береді[1]. Сондықтан жарғылық капиталы салынған ИМ-ті пайдалану құқығы заңменен анықталған тәртіпте меншік иесінен оқшауланылатын және оның несие берушілеріне берілетін жағдайлар болуы мүмкін. Бұл мән–жайлар азаматтардың АҚ жарғылық капиталын интеллектуалдық меншік түрінеде өзінің білімін, тәжірибесін және мамандығын, яғни интелектуалдық еңбек нәтижелерін (ИМ объектілерін) емес, азаматтық оқшауланбайтын жеке құқығы болып табылатын еңбекке қабілеттілігіне (интеллектуалды потенциялды) билік ету құқығын пайдаланудың алдын–алу үшін елеулі болып табылады. Жарғылық капиталға ИМ- ге енгізуді келесі тәртіпте өткізген тиімді:

1)     ИМ объектісі – интеллектуалдық меншік объектісін рәсімдеудің болғандығы және дұрыстығына сараптама жүргізіледі;

2)     Құрылтай құжаттары – ИМ-ті жарғылық капиталға енгізу жарғыны және құрылтай құжатын дайындау;

3)     ИМ-ке құқық – ИМ-ке мүліктік құқықтарды беруді және ИМ-ті жарғылық капиталға салым ретінде қабылдауды куәландыратын құжаттарды рәсімдеу;

4)     ИМ- ті құны – ИМ бағалау және  құндылық құжаттарын рәсімдеу,

5)     ИМ- ті есепке алу – бастапқы бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу және акционерлік қоғамның материалық емес активтердегі ИМ- ті есепке алу;

Әрбір ереже бойынша автор келесілерге болжамдайды: әрбір ережесін жеке қарастырайық[1]:

1)    ИМ-ті жарғылық капиталы енгізген кезде бірінші кезекте ИМ объектісінің бар екендігі фактісін және оны өндіріс аясында ұзақ мерзім ішінде пайдалану мүмкіндігі тексеріледі. Бұл объект сипатталған, бейнеленген немесе басқа жолменен материалды тасымалдаушыларға бекітілген құжаттарды тексерумен, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік процесінде іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін куәландырылатын құжаттарды тексеру арқылы қол жеткізіледі.

Бұл кезде берілген ИМ объектісін идентификациялап қана қоймай, сондай-ақ оны пайдалану кәсіпорынға табыс әкелетіндігін құжат жүзінде куәландыру қажет.

2)    Бухгалтерлік есептің ережелері бойынша кәсіпорынның қызметін қамтаасыз ету үшін оның мүлкіне қатысушыларының (меншік иелеріне) салым (ақшалай түрде) салу арқылы жарғылық капиталы қалыптасады.

Жарғылық капитал құрылтай құжаттарында анықталған мөлшерде, нысанда және тәртіпте қалыптасады. Сондықтан құрылтай құжаттарында интеллектуалдық меншікті жарғылық  капиталға салу мүмкіндігі көрсетіліп және механизмі анықталуы тиіс.

3)    Берілген ИМ объектісіне меншік құқығын (пайдалану құқығын) арнайы беруді құжатты түрде дұрыс рәсімдеу негізгі болып табылады, өйткені «авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңының 31 бабы 1 тамағына сәйкес туындыны пайдалану құқығы тікелей шартпенен көрсетілмесе, берілм еген деп саналады;

4)    Жарғылық капиталға салым ретінде берілген ИМ- ті пайдалану құқығы қалған кез келген мүлік сияқты ақшалай түрде бағаланады және АҚ балансында материалды активтер ретінде есепке алынады. Салымды ақшалай түрде бағалау қоғам құрылтайшыларының (қатысушыларының) арасындағы келісімменен жүргізіледі және заңменен қарастырылған реттерде тәуелсіз сараптамалық тексеруге жатады;

5)    Жарғылық капиталдағы ИМ-ді бухгалтерлік есепке алу кәсіпорынның басқа да материалдық емес активтерніне ұқсас рәсімделеді және жүргізіледі. Бұл кезде жарғылық капиталға салынатын интеллектуалдық меншік бухгалтерлік есепке және оның жоспарланған мақсатта пайдалануға жарамды жағжайға дейін жеткізу бойынша әрбір объектіге кеткен сатып алу шығындарымен шығыстары бойынша жеке есепке көрініс табады.

Акцоинерлік қоғамдардың меншік құқығына, сондай-ақ акционерлер арасында оларға тиісті акциялардың санымен түріне, бір акция есебіне пропорционалды түрде бөлінетін таза табыс бөлігі – девиденте жатады[1].

Дивидент үстеме құнды меншіктенудің жалғыз ғана нысаны болып табылмайды. Акционердің пайдадан пайызы алуы, АҚ-ның табысты орташадан төмен бөлуін білдірмейді. Пайыз әкелетін капитал арасында айырмашылық қалыптасады. Ол құрылтай табыстардың қалыптасуына негіз болып табылады. Меншіктенудің мынадай нысаны бөлінбеген табысқа яғни дивиденттерді шегеруден кейін қалған және барлық коорпорацияның билігіне түсетін бөлігіне едәір мән беріледі.

АҚ-ның табыстарының бөлінбеген бөлігі ережеге сәйкес өз еліндегі, сондай-ақ шетелдегі басқа коорпорацияның бағалы қағаздарын алу үшін резервтерді жинақтауға жұмсалады. Бұл Акционерлік қоғамның акциясының бағасын өсіруді қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде қосымша табыстар алудың ірі акционерлер үшін ауқымды мүмкіндіктер ашады. Акцияларды жоғары бағамдар бойынша сата отырып, оларды ұстаушылар кез келген уақытта девиденттерге салынатын салықтарды төлемей- ақ осы табыстарды ала алады. Акционерлік қоғамның нақты экономикалық меншік иелері бөлінбеген пайданы басқа жолдарменен пайдаланады. Атап айтқанда, ол қоғамдық қорларда жинақталу мүмкін және қалған капиталды ірі ұстаушыларға пайда әкелмейінше, бұл дивиденттер төленбейді. Берілген коопорацяның акцияларының бір бөлігін белгілі бір сәттетсатып олар дивиденттер бойынша  бұрынғы тікелей табыстарды барлығын бірден төлеуді ұйымдастыруы мүмкін.

   Бұның барлығы тікелей табысты акционерлік меншікке тән меншіктенудің ерекше нысанына жатқызу үшін негіз болады[1].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            


ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмыста меншік құқығын, қатынастарын реттейтін заңдарда, керекті заң оқулықтарды газет, журналдарға меншік құқығы, мемлекет мүлкін мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы басылған мақалаларды оқып үйреніп, меншік құқығын түсінігін мазмұнын, меншіктің түрлерін, формаларын, меншік құқығын қорғау түсініктерін кеңінен ашуға тырыстық, сонымен бірге, мемлекет мүлкін мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы заңдарға жалпы сипаттама беріп, кейбір проблемалық жайларын түсіндірдік.

                Меншік құқығы кез келген қоғамның материалдық негізі – меншіктің экономикалық қатынастары. Меншік қатынастары мен меншік құқығы бір – біріне байланысты категориялар.

                 Меншік – бұл белгілі тұлғалар материалдық игіліктерге қатысы.

                 Меншік иесінің өндіріс және алмастыру процесінде басқа тұлғалармен кірісетін байланысты және қатынастар арқылы ғана қоғамда болады.

                Барлық материалдық игіліктердің көзі олардың қоғамдық өндіру процесі. Ал, К. Маркстің сөзі бойынша кез келген өндіріс бұл, белгілі қоғамдық формада және сол арқылы жеке бастың табиғат заттарын сіңіріп алуы. Басқаша айтқанда сіңіріп алу қоғамдық өндірістің мазмұны болып табылады.

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы