Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат
Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.
1.Бас консулдықтар;
2. Консулдықтар;
3. Вице-консулдықтар;
4. Консулдық агенттіктер.
«Консулдық мекеме» деген термин бас консулдыққа, вице-консулдыққа және консулдық агенттіктерге қолданылады (1963 жылғы Вена конвенциясының 1-баптың 1-тармағы). Консулдық мекеменің сыныбы, консулдық аймақтың шекарасы және консулдық мекеменің орналасу жері сияқты мәселелер мемлекеттердің келісімімен анықталады. Бас консулдықтар негізінен ірі саяси және экономикалық маңызы бар мекендеу мемлекеттің орталықтарында құрылады. Оның құрамына бірнеше консулдық аймақтар кіре алады.
Консулдықтар мен вице-
Бас консул бас консулдықты басқарады,
тиісінше консулдық пен вице-
1963 жылғы Вена конвенциясына
және орнатылған тәжірибеге
1.өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен азаматтарының мүдделерін қорғау;
2. екі мемлекеттің арасындағы сауда, экономикалық, мәдени, ғылыми,т.б. байланыстардың дамуына жәрдемдесу;
3.консулдық аймақтардың
4.консулдық аймақта тұратын
өз мемлекеті азаматтарының
терді беру);
5. өз мемлекетінің заңды
6. виза, төлқұжат және азаматтыққа байланысты куәліктерді өз азаматтары мен шетел азаматтарына беру;
7. өз мемлекетінен мекендеу мемлекетіне келген теңіз кемелеріне, өз мемлекетінде тіркелген әуе кемелеріне, олардың экипаждарына қадағалау мен тексеру жүргізу, теңіз және әуе кемелеріне және олардың экипаждарына көмек көрсету, кеме құжаттарын қарау және рәсімдеу, жола болған әртүрлі оқиғаларды тергеу капитаны мен кеме командасының арасындағы дауларды шешу;
8. консулдық жария ету, яғни мекендеу мемлекеті билігінен шығатын құжаттарға қойылатын қол таңбалардың растығын қол және мөр қою арқылы растау.
Консулдық өкілдіктердің міндеттері мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1.екі жақтың келісімі бойынша
2.екі мемлекеттік арасында әскери дау болған жағдайда;
3.консулдық аймақ орналасқан аумақ үшінші мемлекетке өткен жағдайда.
Консулдың міндеттері мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1.өз мемлекетінде қайта шақырылса немесе отставкаға кетсе және оны басқа консулмен ауыстырса;
2. консулды «persona non grata» деп жарияласа.
Консулды тағайындау және кері шақыру тәртібі.
Консулды тағайындау және кері
шақыру тәртібін ұлттық заң реттейді.
Консулдарды сыртқы істер министрлігі
тағайындайды. АҚШ,Ұлыбритания және
кейбір мемлекеттерде консулдарды
мемлекет басшысы тағайындайды. Мекендеу
мемлекеті консулдың
Сыртқы істер ведомствосы
Дипломатиялық өкілдік жанындағы консулдық бөлімдерді дипломатиялық дәрежелері бар меңгерушілер басқарады. Олардың тағайындалуын және оларға дәреже беруді дипломатиялық құрам үшін бекітілген тәртіп бойынша сыртқы істер ведомстволары жүзеге асырады. Елшіліктің лауазымды тұлғасы ретінде консулдық бөлімнің меңгерушісіне консулдық патенттің және экзекватураның керегі жоқ. Дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімдегі қызметкерлері бөлімнің меңгерушісімен бірге дипломатиялық өкілдіктің құрамы болып табылады және дипломатиялық артықшылар мен иммунитеттеріне ие болады. Яғни, оларлың артықшылар мен иммунитеттерінің көлемі жеке консулдық мекемелерге қызмет ететін консулдардан көбірек. Консулдық бөлімнің және консулдық өкілдіктің атқаратын міндеттері бірдей. Сыртқы істер ведомстволарында консулдық қызмет Департаменттері бар. ҚР СІМ Консулдық қызмет Департаменті Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері қызметін басқаруды жүзеге асырады.
1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес мемлекеттің консулдық мекемелері мынадай штаттардан тұрады:
- тікелей консулдық міндеттерді
- әкімшілік-техникалық персонал (референттер,аудармашылар, шифр терушілер, т.б.);
-күтуші персонал (жүргізуші, баушы, т.б.).
Консулдықтың ішкі құрылысы және тиісті лауащымдарды бекіту сол лауазымдарды жіберген мемлекеттің заңымен реттеледі. Сонымен қатар, жіберген мемлекет өзінің консулдық мекемесінің құрам санын белгілейді. Бірақ, 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес консулдық аймақтағы жағдайларды ескере отырып, егер екі мемлекеттің арасында консулдық мекеме құрамының саны туралы нақты келісім болмаса, қабылдайтын мемлекет жіберген мемлекетке консулдық мекеме құрам санын азайту туралы ұсыныс беруге құқылы.
Консулдық корпус. Консулдық корпус ұғымы тар және кең мағынада қолданылады. Тар мағынада консулдық аймақта орналасқан консулдық мекеме басшыларының жиынтығын айтамыз. Кең мағынада консулдық аймақта орналасқанбарлық шетел консулдық лауазымды тұлғалардың және олардың отбасылары мүшелерінің жиынтығы. Консулдық корпусқа құрметті (штаттан тыс) консулдар және дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдерінің қызметкерлері кіреді. Консулдық корпус салтанатты іс-шараларға қатысады- құттықтау, көңіл айту, кездесулерді ұйымдастырады және т.б.
Консулдық корпусты дуайен (экзекватураны алу уақыты және консулдық сыныбы бойынша ағалығы жоғары болған консулдық мекеменің басшысы) басқарады. Дуайен жаңадан келген консул мекемелерінің басшыларын мекендеу мемлекетінің заңы және әдет-ғұрыптарымен, консулдық аймақтың ерекшеліктерімен, консулдық аймаққа кіретін мекендеу мемлекетінің әкімшілік–аумақтық бірліктердің басшыларымен таныстырады және ішкі мәселелерді шешеді,консулдық корпус мүшелерінің құқықтарын қорғайды.
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер- мекендеу мекенінде өзінің қызметін жеңілдету мақсатымен консулдық өкілдіктеріне, әр түрлі сыныптағы консулдарға, консулдықтың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар және мекендеу мемлекетінің юрисдикциясынан тыс болу. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы негізгі ережелер 1963 жылғы Вена конвенциясымен реттеледі. Консулдық міндеттер дипломатиялық міндеттерге қарағанда шектеулі болады және олардың өкілдік сипаты кемірек болады. Сондықтан, консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерінен айрықшаланады.
Консулдық міндеттерді тікелей атқарған консулдық лауазымды тұлғалар консулдық артықшылықтар мен иммунитеттерге толық көлемде ие. әкімшілік-техникалық және құрамның артықшылықтары мен иммунитеттері екі мемлекет арасындағы келісімімен белгіленеді.
Консулдық міндеттер мынадай артықшылықтар
мен иммунитеттерге ие болады: консулдықтардың
ғимараттарына, олардың көлік құралдарына,
консулдықтардың қызметкерлері
мен лауазымды тұлғалардың
Консулдық мекемелерінің баспаналарына қол сұқпаушылық мекендеу мемлекеттерімен екі жолмен қамтамасыз етіледі:
-баспаналардың сыртқы күзетін қамтамасыз ету;
-мекендеу мемлекеті билігінің
Консулдық баспанаға қол сұқпаушылықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, ол 1963 жылы Вена Конвенциясы 31-бабының 2-тармағы бойынша мекендеу мемлекеттің өкіметі тек консулдық мекемелерінің қызметі үшін қолданылатын консулдық баспаналарға консул рұқсатынсыз кіре алмайды. Екінші ерекшелігі, ол 1963 жылы Вена Конвенциясы 31-бабының 2-тармағы бойынша кідірпейтін шараларды керек ететін форс-мажорлық жағдайларда консулдық басшысының мекендеу мемлекет өкіметінің консулдық баспанаға кіруіне келісім бар деп есептеуге болады.
Консулдықтардың мынадай құқықтары болады: мекендеу мемлекетінде және үшінші мемлекет аумағында орналасқан өз мемлекеттік дипломатиялық және консулдық мекемелерімен, өз мемлекетінің өкіметімен кедергісіз байланыса алады, шифрлік депешаларды, арнайы курьерлерді және жай байланыс әдістерін қолдана алады, әртүрлі салық, алым, баждардан босатылады, консулдық мекеме басшысының көлігіне және консулдық ғимаратта консулдық қалқаны (мемлекет эмблемасын) бекіте алады және туды іле алады. Консулдық лауазымды тұлғалардың жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге ең алдымен жеке басқа қол сұқпаушылық жатады, бәрақ егер мекендік мемлекетінде дипломаттардың абсолютті қол сұқпаушылығы болса, консулдық лауазымды тұлғаларда мекендеу мемлекетінің юрисдикциясынан шектелген иммунитеті болады. Олар өкілетті сот билігінің қаулысы бойынша ауыл қылмыстар үшін қамауға алады. өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты әрекеттерге қатысты консулдық лауазымды тұлғалар мекендік мемлекетінің юрисдикцияларынан босатылады.
Әдістемелік нұсқаулар. Консулдық құқық-бұл консулдық мекемелердің қызметін, олардың құрам мүшелерінің мәртебесін, қызметтерін, құқықтар мен міндеттерін реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы. Яғни, консулдық құқық халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады. Консулдық құқықтың қайнар көздерері: халықаралық әдет-ғұрып, халықаралық шарттар.
Консулдық құқықта халықаралық
әдет-ғұрып халықаралық
Негізгі түсінктер: Консулдық құқық
Студенттерге тапсырмалар:
1. консулдық құқық ұғымы
2.Дипломатиялық құқық
3.Консулдық құқық
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Курс международного права, В 7т. -М., Наука, 1989-1993.
2.Международное право // Учебник (отв. ред. Тункин Г.И.). - М,, 1994.
3.Международдое право // Учебник (отв. ред. Колосов Ю.М., Кузнецов В.И.). М,,Международные отношения, 1995.