Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат
Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.
Дипломатиялық өкілдік басшысының артықшылықтары мен иммунитеттері. Дипломатиялық өкілдік басшысы дипломатиялық агентке берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді толық көлемде иеленеді; сонымен қатар ол өз мемлекетінің жалауын көтеруге, діни дәстүр жасау үшін кішкентай шіркеу иеленуге, баспаларды алуға, мемлекеттің өкіоі ретінде өзіне құрмет көрсетілуге құқылы. Иммунитеттер мен артықшылықтарды иеленуге құқығы бар әрбір тұлға оларды мекендік мемлекеттінің аумағына келген кезден бастап иеленеді, яғни шекарадан өткен кезден бастап, егер тұлға мекендеуші мемлекеттің аумағына орналасып қойса, онда сол мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне оның тағайындалуы туралы ескерткен кезден бастап аталған құқықтарға ие болады.
Егер дипломатиялық агент үшінші мемлекеттің аумағы арқылы алдын ала келісіп (егер оған транзиттік виза берілген болса) өтетін болса, үшінші мемлекет оны тағайындалған орнына жету үшін немесе одан қайту үшін қажетті қол сұқпаушылық және басқа ла иммунитеттермен қамтамасыз етеді. Иммунитеттер мен артықшылықтардың күші оны пайдаланатын тұлға өз қызметін тоқтатқанда және сол тұлға мекендеуші мемлекеттен кеткенде немесе белгіленген қызмет мерзімі аяқталғанда тоқтатылады. Иммунитеттер мен артықшылықтар дипломатиялық агентке лауазымды тұлға ретінде беріледі, сондықтан ол олардан өз мемлекетінің үкіметінің рұқсатынсыз бас тарта алмайды. өзінің дипломатиялық агентінің артықшылықтары мен иммунитеттерінен тек аккредиттеген мемлекет бас тарта алады.
Мекендік мемлекетке қатысты дипломатиялық агенттің міндеттері. 1961 жылғы Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық агенттер:
БҰҰ және басқа ұйымдардың жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдері. Мемлекеттің сыртқы қатынас орнатудағы шетелдік органдарына БҰҰ-ның және басқа халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілдіктері жатады. Осы органның құқықтық мәртебесін 1975 жылғы 14 наурыздағы мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдар мен қатынастағы өкілдіктері туралы Вена конвенциясы реттейді.
Мемлекеттің тұрақты өкілдіктері-бұл халықаралық ұйымдарда өз мемлекетін таныстыратын және белгілі бір қызметтерді атқаратын мемлекеттік органдар. Халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің өкілдіктері (1975 жылғы 14 наурыздағы Вена конвенциясы 6-бабы) мынадай міндеттерге ие:
Аталған міндеттер барлық әмбебап халықаралық ұйымдардың жанындағы, соның ішінде БҰҰ жанындағы мемлекеттердің өкілдіктеріне қатысты. БҰҰ жанындағы тұрақты мемлекеттік өкілдіктер және олардың қызметшілері негізінде дипломатиялық өкілдіктер (елшілік және миссия), олардың дипломатиялық құрамы мен басқа қызметкерлері ие болатын иммунитеттер мен артықшылықтарды қолданады. Халықаралық ұйымның жанында мемлекеттер өздерінің бақылаушыларын ұстай алады. Бақылаушылар халықаралық конференциялардың жұмысына да қатыса алады. Бақылаушылар – халықаралық үкіметаралық ұйымдардың, халықаралық конференциялардың қызметіне шектеулі түрде қатысатын мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, ұлт-азаттық қозғалыстардың өкілдері. Олар шешім шығаруға, жұмыс органдарының қалыптасуына және олардың қызметіне қатыспайды, бірақ органдардың отырысына қатысуға (Бас Ассамблеяның отырысына, Қауіпсіздік кеңесіне, бас комитеттерде және басқаларда), күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылауға қатысуға және өз ұсынысын енгізуге, ұйымдарда өз өкілеттіктерінің құжаттарын таратуға және ұйымдардың материалдарын алуға құқылы. Бақылаушылардың тұрақты миссиялары мынадай міндеттерді атқаруға тиіс(1975 жылғы Вена конвенциясы 7-бабы):
А) жіберген мемлекеттің өкілдіктерін қамтамасыз етуге, оның ұйымдағы мүддесін қорғауға және ұйыммен байланысты етуге;
Б) ұйым қызметінің мәнін анықтау және өз мемлекетінде бұл қызмет эөнінде хабарлау;
В) ұйыммен қызметтесуге жәрдемдесу және онымен келісім-шарт бекіту.
1975 жылғы Вена конвенциясы халықаралық ұйым жанындағы бақылаушылардың тұрақты миссиялары халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктің құқықтық жағдайына теңестірілген артықшылықтар мен иммунитеттерді қоса құқықтық мәртебеге ие.
Арнайы миссиялар. Арнайы миссиялар мемлекеттің сыртқы қарым-қатынас орнатудағы уақытша шетелдік органдарына жатады. «Дипломатиялық миссиялар» терминінің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, бұл термин дипломатиялық міндетті орындау мағынасында қолданылады. Екіншіден, миссия деп іске сенімді немесе уәкіл басқаратын дипломатиялық өкілдікті айтамыз. Үшіншіден, бұл термин өз үкіметі жүктеген арнайы, бір ретті міндетті атқаруға жіберілген өкілдік немесе делегация.
Арнайы миссия бір мемлекетен басқа мемлекеттерге уақытша және өкілдік негізде болады, белгілі бір міндеттерді немесе нақты мәселелерді қарастыруға жіберіледі. Арнайы миссиялар мемлекеттегі мерейтойлық салтанаттарға қатысу үшін, халықаралық мәжіоіс дайындау үшін, халықаралық келісім бекіту үшін, саяси негіздегі келісімдер бекіту үшін қолданылады. 1969 жылы 8 желтоқсанда БҰҰ-да арнайы арнайы миссиялар жөнінде конвенция қабылданды. Конвенцияның 3-бабына сәйкес, бір мемлекет басқа мемлекетке арнайы миссияны мемлекеттер арасында дипломатиялық және консулдық байланыс болмаса да жібере алады. Мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар үзілсе де, арнайы миссиялардың қызметі бірден тоқтамайды.
Арнайы миссияны көпсанды делегация таныта алады; миссияны бір тұлға да іс жүзіне асыра алады (арнайы өкілетті, ерекше тапсырма бойынша елші және т.б.).Арнайы миссияның өкілеттігін мемлекет басшысы, үкімет басшысы, Сыртқы істер министрі немесе арнайы миссияның міндеті мен оның дәрежесіне байланысты тиісті министрліктің министрі анықтайды. Арнайы миссияның басшылығында мемлекет басшысы немесе үкімет басшысы тұруы мүмкін. Бұл жағдайда миссия ең жоғар дәрежеде болады, себебі арнайы өкілеттік қажет етілмейді. Делегация құрамына оның мүшелері, кеңесшілер және сарапшылар кіруі мүмкін. Арнайы миссияның ерекше белгілері:
-әдетте, арнайы миссиямен мемлекеттер алмасады;
-арнайы миссияның қызметі уақытша сипатта боладыжәне миссиялар нақты мәселелерді шешу үшін құрылғандықтан, мақсатты бағытқа ие;
- қысқа уақыт аралығында қызмет істейді, алдына қойған міндетті шешу-миссия қызметінің аяқталу уақыты болып табылады;
- миссияның басқаруға және құрамына бұрын-соңды дипломатиялық мәртебесі болмаған саяси қызметкерлер қатыса алады (танымал ғалымдар, парламент мүшелері, әскери басшылар). Екі немесе бірнеше мемлекеттер үшінші мемлекеттің келісімімен, оның аумағына арнайы миссия жібере алады. Миссияның басшылары мен мүшелеріне шетел мемлекетінің аумағына 1961 жылғы Вена конвенциясында көзделген иммунитеттер мен артықшылықтар беріледі.
Әдістемелік нұсқау. Халықаралық жария құқықтағы дипломатиялық құқық саласына кеңінен тоқталу.
Негізгі түсінктер: Дипломатиялық құқық.
Студенттерге тапсырмалар:
1.Дипломатиялық құқық ұғымы
2.Дипломатиялық құқықтың
3.Дипломатиялық құқықтың
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Курс международного права, В 7т. -М., Наука, 1989-1993.
2.Международное право // Учебник (отв. ред. Тункин Г.И.). - М,, 1994.
3.Международдое право // Учебник (отв. ред. Колосов Ю.М., Кузнецов В.И.). М,,Международные отношения, 1995.
4.Международное право // Учебннк (под- ред. Игнатенко Г.В,). - М., Высшая школа, 1995.
5.Бирюков П.Н, Международное право // Учебник. - М., Юрист, 1999,
6.Лукашук И.И. Международное право: Общая часть // Учебник. - М., изд. БЕК 1998.
7.Лукашук И.И. Международное право. Особенная часть // Учебник, - М., изд. БЕҚ 1998.
8.Сарсембаев М. Международное право // Учебное -пособие, - А., Жеті жаргы, 1996.
9.Колосов Ю.М., Кривчшсова Э.С. Действующее междуиародное драво. В 2т.-М., 1996.
№14 Тақырып. Консулдық құқық түсінігі.
Қазіргі мемлекетаралық қатынастарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
Сөзсіз,мұнда саяси қатынастар басты роль атқарады. Саяси қатынастардың элементтері ретінде құқықтық, дипломатиялық және әскери байланыстар болады. Олардан туындайтын элементтер экономикалық және мәдени қатынастарға кіреді. Мемлекетаралық қатынастарды шартты түрде былай бөліп, бұл аяларда қызмет көрсететін шет мемлекеттердің сыртқы қатынас органдарын негізгі 2 топқа бөлуге болады: дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер.
Консулдық мекемелер.Егер дипломатиялық өкілдіктер ең алдымен мемлекетаралық қатынастардың саяси аспектілерімен айналысса, консулдықтар мемлекеттердің экономикалық, құқықтық және олардан туындайтын байланыстарды үзбеу және дамыту үшін құрылады. Мемлекет арасындағы консулдық қатынастар әдетте дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан кейін пайда болады. Бірақ дипломатиялық қатынастар болмаса да, консулдық қатынастар арнайы келісім негізінде пайда болуы мүмкін. Дипломатиялық қатынастардың үзілуі консулдық қатынастардың бірден үзуіне әкеліп соқпайды. Дипломатиялық өкілдік жоқ мемлекеттерде мекендеу мемлекетінің келісімімен консулға дипломатиялық міндеттерін атқаруға жол беріледі. Мемлекеттердің консулдық қатынастары арнайы консулдық мекемелерімен және дипломатиялық өкілдіктердің жанындағы консулдық бөлімдерімен жүзеге асырылады.
Консулдық құқық-бұл
Мемлекеттер арасындағы консулдық құқық қатынастарын реттейтін халықаралық шарттардың көпжақты да, екіжақты да) қатарынан екіжақты консулдық конвенциялар мен келісімдер негізгі орын алады. Консулдық мәселелер бойынша халықаралық көпжақты шарттардың ішінде 3 негізгі конвенциялар бар. Олардың екеуі аумақтық сипатта: 1911 жылғы консулдық міндеттер туралы Каракас конвенциясы және 1928 жылғы консулдық шенеуліктер туралы Гавана конвенциясы; ал әмбебап құжат ретінде 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы болып табылады. 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 31 наурызда қосылды. ҚР-да консулдық қызметті реттейтін құқықтық база құрылды. Қабылданған нормативтік құжаттардың қатарынан бірнешеуін атап кетуге болады: оған 1993 жылғы 5 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасы туралы» Ереже; 1997 жылғы 29 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулы туралы»№254 Ереже; 1999 жылғы 27 қыркүйектегі ҚР Президентінің №217 жарлығымен бекітілген ҚР-ның Консулдық Жарғысы.
Консулдық өкілдіктер (мекемелер)-бұл өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен азаматтарын, экономикалық және тағы да басқалар мүдделерін қорғау мақсатымен мекендеу мемлекеттің аумағында оның келімімімен құрылған бір мемлекеттің арнайы органдары. Консулдық мекемелердің дипломатиялық өкілдіктерден елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы, консулдық мекемелер мекендік мемлекеттің барлық аумағында емес, тек бір алдын-ала анықталған аймақта қызмет жасайды. Бұл консулдық аймақ мемлекеттердің келісімі негізінде анықталады. Аккредитация берген мемлекеттің мекендік мемлекетінде бір ғана дипломатиялық өкілдігі (елшілік, миссия) болады, ал консулдық мекемелер бірнеше консулдық аймақтарда құрылып, саны бірнеше болуы мүмкін. Консулдық мекемелерді екі түрге бөлуге болады:
1.Дипломатиялық өкілдіктердің
2.Жеке консулдық мекемелер.
Жеке консулдық мекемелер