Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат

Описание

Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

УМК ХЖК готовый + .doc

— 917.00 Кб (Скачать документ)

-Ұлттар Лигасының Жарғысында  агрессияшыл соғыстың жүргізілуіне  нақты қарсылық болмаған.

-Ұлттар Лигасының Жарғысы басқа  мемлекеттер алдында өз міндеттерін  атқару үшін қажетті қаруды  минимум мөлшеріне дейін азайту идеясын қолдаған. Толық және негізді қарусыздандыру тезисі халықаралық құқықта кейінірек қарастырылады.

-Отарлық жүйенің басқаруға мандат  беру арқылы жария етілуі.

-Ұлттар лигасының қызметінде  бір батау болды, ол-антисоветизм  еді. КСРО бұл ұйымның толық мүшесі ретіндегі мәртебеге 15 жылдан кейін ие болды.  Бірақ ҰЛ-ға кіргенге дейін КСРО ҰЛ-дың бастамасымен өткізілген бірнеше конференцияларға қатысты. Мысалға,КСРО-ның қарусыздандыруға байланысты мәселелерді шешуге арналған бірнеше сессияларға қатысуы нәтижесінде толық, жалпылама және жедел қарусыздандыру туралы конвенция жоспарларының құрылуына өз көмегін тигізді.

 

Әдістемелік нұсқаулар. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара қарым-қатынастарының нысаны  болып табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және халықаралық қатынастар  қажеттіліктерінен обьективті түрде туындайды.

Негізгі түсінктер: Халықаралық ұйымдар құқығы.Халықаралық ұйымдар үғымы мен құқықтық табиғаты. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі –Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты 

Студенттерге  тапсырмалар:

1.Құқық саласы- халықаралық ұйымдар  құқығы

2.Халықаралық ұйымдар үғымы  мен құқықтық табиғаты 

3.Халықаралық ұйымдардың даму  тарихы.

4.БҰҰ-ның алғашқы бейнесі –Ұлттар  Лигасының құқықтық табиғаты 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Курс международного права, В 7т. -М., Наука, 1989-1993.

2.Международное право // Учебник  (отв. ред. Тункин Г.И.). - М,, 1994.

3.Международдое право // Учебник (отв. ред. Колосов Ю.М., Кузнецов В.И.). М,,Международные отношения, 1995.

4.Международное право // Учебннк (под- ред. Игнатенко Г.В,). - М., Высшая школа, 1995.

5.Бирюков П.Н, Международное право // Учебник. - М., Юрист, 1999,

6.Лукашук И.И. Международное право: Общая часть // Учебник. - М., изд. БЕК 1998.

7.Лукашук И.И. Международное право. Особенная часть // Учебник, - М., изд. БЕҚ 1998.

 

№11 тақырып. Халықаралық  экологиялық құқық

 1.Халықаралық экологиялық құқыққа түсінік

2.Қоршаған ортаны қорғау мәселелері  бойынша халықаралық ынтымақтастық. 

3. Әлемдік мұхитты қорғау

4. Жер атмосферасын зиянды әсерлерден  қорғау

5.Көшіп жүретін жануарларды  қорғау 

 

Эколо́гия (грек тілінен ауд. οικος — үй, баспана, шаруа, тіршілік ортасы, отан және λόγος — түсінік, ғылым) — тірі және өлі табиғат арасындағы өзара қарым қатынас пен әсерді зерттейтін ғылым. Терминді алғаш рет 1866 жылы «Ағзалардың жалпы морфологиясы» («Generale Morphologie der Organismen») еңбегінде неміс биологы Эрнст Геккель ұсынды. Биогеографияның бөлімі.

Қоршаған ортаны  қорғау мәселелері бойынша  халықаралық  ынтымақтастық.  Қоршаған ортаны  қорғау  саласындағы  халықаралық ұйымдардың   қызметі.  БҰҰ және оның мамандандырылған  мекемелері.  БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау  бойынша  бағдарламасы. 

Әлемдік мұхитты қорғау.1954 жылғы  теңіз мұнайымен ластауды  болдырмау  туралы  Лондон Конвенциясы.   1973 жылғы  теңізді  кемелердің ластауын болдырмау туралы  Конвенция.  1972 жылғы қалдықтар мен  басқа да  материалдарды  лақтыру арқылы  теңізді ластауды болдырмау туралы   Конвенция.

Жер атмосферасын  зиянды  әсерлерден қорғау.  Жасанды жер етулерді  құқықтық  реттеу. Климатқа  және табиғатқа жасанды әсер етулерді   құқықтық реттеу. 1976 жылғы әскери және басқа жағымсыз  құралдарды пайдаланып  табиғатқа әсер етуге тыйым салу туралы Конвенция.

Көшіп жүретін  жануарларды қорғау.  Жоғалу  қаупі  туған жануарларды  мен  өсімдіктерді  және маңызды экожүйелерді сақтау.  1973 жылғы жоғалу қаупі туған   жабайы   флора мен фаунаның түрлері туралы халықаралық саудалау Конвенциясы.

Ядролық қаруды өндіру, сынау  және орналастыру  нәтижесінде   қоршаған  ортаны   жаһандық және аумақтық  радиоактивті ластау қаупі. 

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық  ынтымақтастығы. Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  халықаралық бағдарламаларды жасауға  қатысуы.

 

Әдістемелік нұсқаулар. Халықаралық экологиялық құқық туралы ақпарат беру.

Негізгі түсінктер: Халықаралық экологиялық құқық. Халықаралық экологиялық құқықтың объектілері мен субъектілері.  

Студенттерге  тапсырмалар:

  1.Халықаралық экологиялық құқыққа түсінік

2.Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық.

3. Әлемдік мұхитты қорғау

4. Жер атмосферасын зиянды әсерлерден  қорғау

5.Көшіп жүретін жануарларды  қорғау 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Курс международного права, В 7т. -М., Наука, 1989-1993.

2.Международное право // Учебник  (отв. ред. Тункин Г.И.). - М,, 1994.

3.Международдое право // Учебник (отв. ред. Колосов Ю.М., Кузнецов В.И.). М,,Международные отношения, 1995.

4.Международное право // Учебннк (под- ред. Игнатенко Г.В,). - М., Высшая школа, 1995.

5.Бирюков П.Н, Международное право // Учебник. - М., Юрист, 1999,

6.Лукашук И.И. Международное право: Общая часть // Учебник. - М., изд. БЕК 1998.

7.Лукашук И.И. Международное право. Особенная часть // Учебник, - М., изд. БЕҚ 1998.

 

№12 тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық

1.Халықаралық гуманитарлық құқық   ұғымы, реттеу  пәні мен қайнар  көздері

2.Соғыстың басталуы және оның  құқықтық салдары. Соғысқа қатысушылар 

3.Соғыс жүргізу құралдарымен  тәсілдері

4.Соғыстың аяқталуы мен  оның  құқықтық салдары

Халықаралық гуманитарлық құқық-заңды ережелер мен қағидалар жүйесі, ол қарулы қақтығыс кезінде қолданылады, қарулы күрестің белгілі бір әдістері мен құралдарын  қоладануды шектейді  немесе тыйым салады, осы күрес барысында адам құқығын қамтамасыз етеді және  құқық бұзудың  халықаралық құқықтық жауапкершілігін  қалыптастырады.

  Қандай да болмасын құқық саласының реттеу объектісі немесе пәні болатыны белгілі, сол сияқты ХГҚ-тың пәні де болады. ХГҚ-ты реттеу пәні  мемлекетаралық қатынастарды мынадай мәселелер төңірегіндежүйеге келтіруден құралады:

  • соғыстың басталуы;
  • соғысқа қатысапайтын мемлекеттердің бейтараптығы;
  • соғысушылардың  соғыс құралдарын таңдаудағы шектеулері;
  • соғысушылардың соғыс жүргізу тәслдеріндегі шектеулері;
  • соғыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғау;
  • соғыста жаулап алу ережелері;
  • мемлекеттердің құқық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі;
  • соғыс қимылдарының аяқталуы;
  • соғыстың аяқталуы.

Қарулы қақтығыста құқық ережелерін бұзғаны үшін  жеке тұлғалар да жауапкершілікті  иеленеді. Адамзат тарихында сан түрлі соғыстар көп болған, оны адамдар қарым-қатынастарынан алып тастау жолында нәтижесіз әрекеттер көп болған.  Дегенмен соғыс,басқа да қарулы қақтығыстар мен әрекеттер тоқталмай келеді. Тіпті, оның жақын арада  мүлдем тоқталуы  үшін шнайы үміт  те байқалмайды.

  19 ғасырда адамзат тарихында күрт өзгеріс болды. Мұнда гуманизм  өз ролі мен таралымын кеңейтті,  сонымен қатар техникалық алға жылжу процесі басталды. Бүкіл қоғам оған қоса мемлекеттердің үкіметтері мен әскери орталары  да соғыста әскерлердің қырылуы  тек жеңіліс табудан ғана емес,  соғыста  жараланғандарды ешбір көмексіз  қалдырып кетуден, аурудан жеке құрамдардың қырылатынын сезіне  бастады. Сол кездегі ұрыс алаңына  қаза тасқандардың  орташа мөлшері  өлгендердің жалпы санының ¼-і болды, қалғаны басқа себептермен қайтыс болғандар,мысалы, жаралану, ауру, көмек берілмеу және т.б.

Осындай бір көріністі француз-италия-австралия  соғысы кезінде Швейцарияның  іскер  адамы А.Дюнан көреді,ол оған өте  қатты әсер етеді. Оқиға 1859 жылы Сольферино жеріндегі  ұрыста болады, қанды соғыс аяғында түнгі алаңда 6 мың адам қаза болады және 36 мың адам жаралы болады. Жаралыларға дер кезінде көмек көрсетілгенде көбі аман қалған болар еді,  ал оларды сол жерде қалдырып кете береді.  Осы оқиға туралы   А.Дюнан «Сольферино туралы естеліктер» атты кітап жазды, ол кітапта мынадай екі ақыл айтады:

  • жарақаттанғандарға көмек көрсету қоғамын құру;
  • бұл мәселені талқылау үшін мемлекеттердің халықаралық конференциясын шақыру.

Бұл еңбекті барша халық ризашылықпен қарсы алды. Содан кейін Швейцариядан тыс біраз жерлерде жарақаттанғандарға көмек көрсету қоғамдары құрыла бастады, оған құқықтық негіз және база қажет болды.

1864 жылы Женевада соғыс алаңындағы  жарақантанушылар халін жақсарту  туралы Конвенцияға қол қойылды.құжат мазмұны жағынан және қатысушылардың саны жағынан қарапйым болды(10 баптан тұрды және 16 мемлекет қол қойды).

Конвенция бойынша арнаулы дайындалған  топ жарақандандарға соғыс алаңында көмек беріп, оларды госпиталға әкелу  қажет деп бекітті. Көмек екі  жақтың да әскерлеріне көрсетілуі тиіс болды. Жарақанғандарға көмек көрсетуші арнайы  топ –бейтарап және оларға ешкім тиіспеуі керек , олар тұтқынға алынбайды.оларды танудың ерекше белгісі-ақ түске қызыл бояумен Крест белгісі болып бекітілді. Женева конвенциясы өз тиімділігін тез көрсетті, ең бірінші болып қолданғандар серб-болгар соғысы, бұл 1885 жылы болды.

Мұндағы жарақат пен  аурудан  болған өлім –жітім 2 пайызды ғана  құрады. Конвенция тәртібін екі жақ  қатаң ұстанды. Женева конвенция  гуманитарлық құқық бастауын  қалыптастырды, ол бойынша соғыс және басқа да қарулы қақтығыстардың  құрбандары  қорғалатын болды. Бұған  қарамастан, соғыс жүргізу ережелерінің және қару түрлерінің басқа да қайнар көздері  барын естен естен шығармаған жөн. Соғыс жүргізу құқығының қайнар көздерінің ең маңыздылыларының қатарына 1868 жылғы Петербург декларациясын жатқызуға болады. Ол бойынша қопарғыш  және жанғыш оқ қолдануға тыйым салынды. 1899  және 1907 жылдардағы Құрғақтағы соғыс заңдары мен салттары туралы, Соғыс кезіндегі теңіз күштерінің атқырауы туралы, Бейтарап ірі мемлекетердің  құқықтары мен міндеттері т.б. туралы Гаага конвенцияларын атап кету керек.

Гаага конвенциясының ережелерін одан әрі дамытқан 1949 жылғы соғыс құрбандарын  қорғау жөніндегі төрт Женева конвенциясы  болды.(1. Әрекет етуші әскерлердегі  жаралылар мен аурулардың  ауыртпалығын жеңілдету; 2. Теңіз қарулы күштері құрамынан кемелердің  жойылуынан  зардап шеккендерге көмек; 3. Әскери тұтқындарға зер салу; 4.Азаматтық тұрғындарды қорғау). Осы конвенциялар «халықаралық сипатты иеленбейтін қарулы қақтығысты» соғысты жүргізетін  әрекет ережелерін таратты, партизандардан  кейінгі комбанаттардың құқықтық мәртебесін мойындатты, жеке тұлғаларға, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға  және т.б.  тән мүліктерді  әскери қажеттілікпен шарттастырмай құртуға тыйым салды. 1977 жылы 1949 жылғы  Женева конвенциясына қосымша екі хаттама қабылданды, оларға халықаралық қаруды қақтығыстар құрбандарын қорғау (1-қосымша хаттама) және халықаралық сипаттағы қарулы қақтығыстар (2-қосымша хаттама) көзделді.

Қазақстанның Женева конвенциясының соғыс заңдары  мен салттарын  жүзеге асыруына мұрындық болып жүргенін  атап кету керек. Осылайша, ҚР Кылмыстық  кодексінің 255-бабында соғыс тұтқындарына жамандық істегендікті қылмыстық іс деп қарайды, ал 254-бап соғыс әрекеті бар аудандардағы  халықты езіп-қанауға, зорлық –зомбылық көрсетуге тыйым салынады. Соғыс жүргізу құралдары мен тәсілдері туралы маңызды халықаралық келісімдерге мыналар жатады: 1925 жылғы Женева хаттамасы-соғыста тұтшықтырғыш ,улы және басқа да сол сияқты  газдарды  және бактериологиялық  құралдары  қолдануға тыйым салу; 1954 жылғы Гаага конвенциясы бойынша қарулы қақтығыс кезінде мәдени байдлақытарды сақтап қалу және т.б.

Конвенциялар жеке кешендер құрайды,біріншіден, жаппай жою құралдарын қолданбау-1972 ж. Бактериологиялық (биологиялық) және улы қарулар жасауға және жинақтауға тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция; 1993 ж. Химиялық қаруды шығармау, жинақтамау және қолданбау және  жою жайындағы конвенцияларға қосымшалар енгізілді. Екіншіден, басқа да қару-жарақ түрлерін қолданбау  немесе шектеу;нақты қару  түрлерінің өте зор зиян келтіретінін немесе таңдауды  білмейтін  әрекеттерді  қолдануды  тоқтату не шектеу  жайындағы 1981 жылғы конвенция хаттамалары бар. Сонымен қатар,аймақтық келісім-шарттарға да көңіл бөлінді. 1993 жылы 24 қыркүйекте  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында қабылданған соғыс Құрбандарын қорғаудың  бірінші  кезектегі  шаралары туралы келісім-шарты жатады.    Халықаралық құқықтың жақсы дамуы процесінде  мемлекеттермен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен әсер етіп келе жатыр. Сонымен қатар, Халықаралық Қызыл Крест Комитеті, Халықаралық  құқық институты, т,.б. мемлекеттік ұйымдар да жақсы атсалысуда.

Халықаралық гуманитарлық құқықтығ қағидалары. Қазіргі халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалары халықаралық гуманитарлық құқық саласын реттейтін бірқатар Женевалық конвенциядан бастау алады. Олардың ішіндегі бастыларының бірі болып 1929 жылғы «жарақаттанғандар және аурулар туралы» табылады. Ол «Гаага құқығының» ережелерін нақтылай түседі, егер соғысушы  тараптардың бірі Гаага конвенцияларына қатыспаған болса, бұл оларды жауапкершіліктен босатпайды және  басқалары да халықаралық гуманитарлық құқықтың ережелері мен талаптарын сақтауға міндетті; әрбір соғысушы тарап жаулап алған жердегі медициналық персоналды қайтаруға міндетті болып табылады. 1929 жылғы Женева конвенциясының  әлсіз жағы болып мынадай жағдай табылады: егер халықаралық құқықтың тарабы  халықаралық шарттың ережелерін орындамаған болса, екінші тараптың да орындауы  міндетті емес.  Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалары  түрлеріне қарай мынадай болып бөлінеді:

Информация о работе Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша