Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат
Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.
Дипломатиялық өкілдіктің басшысын тағайындаушы мемлекет аккредиттеуші мемлекет деп аталады. Дипломатиялық өкілдікті өзінің дипломатиялық міндеттерін орындау үшін қабылдайтын мемлекет мекендік мемлекет деп аталады. Қазіргі кезде дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық қатынас орнату туралы Вена конвенциясымен реттеледі. Конвенцияның 3-бабы бойынша мекендеуші мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктерге мынадай міндеттер жүктеледі:
-мекендік мемлекетте өз елін (аккредиттеген мемлекетті) таныту;
-мекендік мемлекетте
-мекендік мемлекеттің
-барлық заңды тәсілдермен меке
- аккредиттеген мемлекет пен
мекендік мемлекет арасындағы
достық қатынасты көтермелеу
және олардың экономика,
Дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші, уәкіл, іске сенімді) ерекше тәртіппен тағайындалды. Бұл әр мемлекеттің өз аумағында белгілі бір тұлғаны шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде қабылдауға немесе қабылдамауға егемендік құқыққа ие болуына байланысты, сондықтан аккредиттеуші мемлекет қабылдаушы мемлекеттің үкіметімен белгілі бір нақты тұлғаны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімін сұрайды.
Қабылдаушы мемлекеттің
Сенім грамотасы –бұл аккредиттеген мемлекет басшылығының өкілі ретіндегі елшінің (уәкілдің) ерекше мәртебесін куәландыратын құжат. Сенім грамотасына аккредиттелген мемлекеттің басшысы қол қояды және Сыртқы істер министрінің қолымен бекітіледі. Сенім грамотасына елшіні тағайындаушы елбасы -елшіні қабылдаушы елбасынан елшінің (уәкілдің) өз мемлекеті және үкіметі атынан айтқанының бәріне сенуін (осыдан сенім грамотасы деп аталды) сұрайды. Тағайындалған мемлекетке келгенде дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші немесе уәкіл) сенім грамотасын жекелей елбасына тапсырады, ал іске сенімді сенім хаты-Сыртқы істер министріне тапсырады. Әр елде сенім грамотасын тапсырудың арнайы тәртібі орнатылған және ол салтанатты жағдайда өтеді. Қабылдаушы мемлекет басшысына сенім грамотасын тапсырған кезден кейін немесе мекендік мемлекеттің сыртқы істер министріне сенім грамотаның куәландырылған көшірмелерін тапсырғаннан кейін (мемлекеттегі қалыптасқан тәжірибеге сәйкес) өкілдіктің басшысы мекендік мемлекетінде өз міндетіне кірісті деп саналады.
Дипломатиялық өкілдіктің (елші, уәкіл, іске сенімді) мекендік мемлекеттегі қызметі айырбас тәртібінде аккредиттеген мемлекеттің қайта шақыру кезінде тоқтатылады, сонымен қатар егер ол мекендік елдің сенімін жоғалтса және жағымсыз (persona non grata) болып жарияланса; егер аккредиттеген мемлекет пен мекендік мемлекеттің арасында дипломатиялық қарым-қатынас үзілсе; егер осы мемлекеттер арасында соғыс жағдайы жарияланса; егер дипломатиялық өкілді тағайындаушы немесе оны қабылдаушы мемлекеттің бір өзінің халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі өмірін тоқтатса тоқталады. Дипломатиялық өкілдіктер үшін сыныптар мен дәрежелер бекітілген. Сыныптар дипломатиялық өкілдіктің басшысы үшін халықаралық құқықпен орнатылған (бірінші рет 1815 жылы Вена конвенциясы өзінің регламентімен дипломатиялық өкілдіктің сыныптарын бекітіп, ол 1961 жылы дипломатиялық қарым-қатынасқа түсу туралы конвенциясымен расталған). Дипломатиялық өкілдіктің басшылары үш сыныпқа бөлінеді:
Нунций мен интернунций –
Елшіні (нунций), уәкілді (интернунций)
мекендік мемлекеттің елбасы, іске
сенімдіні –Сыртқы істер
Іске сенімдіден уақытша іске сенімдіні ажырата білу керек. Егер іске сенімді дипломатиялық өкілдік басшылығының (миссия) 3-сыныбы болса, ал уақытша іске сенімді - өкілдік басшысының міндеттерін ол болмаған жағдайда жүзеге асырушы тұлға, яғни уақытша іске сенімді елшінің, уәкілдің, іске сенңмдінің қызметтерін олар демалыста болғанда, ауырғанда немесе тағы да басқа жағдайларда жүзеге асыра алады. Сыныптардан шетелдегі дипломатия өкілдіктерінің қызметшілеріне және сыртқы істер ведомствосының жұмысшыларына берілетін дипломатиялық дәрежелерді ажырата білу керек. ҚР-ның 1997 жылғы 12 қарашадағы «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңымен мынадай дәрежелер бекітілген:
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің және 1 және 2 сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкілдің жоғары дипломатиялық дәрежелерін Президент береді; қалған дипломатиялық дәрежелерді -Сыртқы істер министрі береді.
Дипломатиялық өкілдіктің құрамы мен құрылымы. Дипломатиялық өкілдік мекендік мемлекеттің астанасында орналасады. Оның функционалды бөлімдері бар. Саяси, экономикалық, консулдық, мәдени байланыс, баспа, әкімшілік-шаруашылық бөлім, кеңес. Дипломатиялық өкілдіктің құрамы үшке бөлінеді:
Дипломатиялық құрамға дипломатиялық дәрежеге ие өкілдіктің с қызметкерлері, оның ішінде аттеше: дипломатиялық өкілдіктің басшылығының жанында кеңестік қызметті жүзеге асыратын әскери және арнайылар (әскери және арнайы ведомстволардың өкілдіктері).Арнайы атташе - экономикалық байланыс, ғылыми-техникалық қызметтестік, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, мұнай өнеркәсібі, мәдениет және басқалар маман болып табылады. әскери атташе мекендік мемлекетте өз мемлекетінің әскери күшінің өкілі болып табылады. Атташе термині басқа да мазмұн береді. Онымен кіші дипломатиялық белгіленеді. Әкімшілік-техникалық құрамға әкімшілік-техникалық міндеттерді орындаушы тілмаштар, қаржы қызметкерлері, іс жүргізуші, кеңсе меңгерушісіжәне басқа қызметкерлер жатады.
Күтуші құрамға дипломатиялық өкілдікті және оның басшыларын күтушілер, дәрігерлер, коменданттар, жүргізушілер, бағбандар және басқа да тұлғалар жатады. Дипломатиялық өкілдік күтуші құрам ретінле жұмысқа мекендік мемлекеттің азаматтарына шақыра алады. Дипломатиялық өкілдік құрамының саны жөніндегі мәселе аккредиттеген мемлекет пен мекендік мемлекеттің арасындағы келісім негізінде шешіледі.
Дипломатиялық корпус. Бұл ұғым тар мағынада да және кең мағынада да қолданылады. Тар мағынада мекендік мемлекеттегі дипломатиялық өкілдік басшыларының жиынтығын білдіреді; кең мағынада - бұл дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, олардың отбасы мүшелерінің және дипломатиялық персоналдың толық құрамын білдіреді. Дипломатиялық корпус-не саяси, не халықаралық құқықтық мәрьебені иеленбейтін ұйым. Ол хаттамалық және салтанаттық міндетті атқарады, дипломаттардың мекендік мемлекеттің үкіметтік мекемелерімен және ресми тұлғаларымен, дипломатиялық өкілдіктердің өз арасында байланыс ортануға атсалысады. Дипломатиялық корпусты – дуайен (ақсақал, декан) басқарады – сыныбы бойынша және мемлекетте тұрған уақыты бойынша үлкен ьіп дипломаттық өкілдіктің басшысы (елші немесе Ватиканның өкілі нунций).
Дуайен - дипломатиялық корпустың атынан өтініш, құттықтау, көңіл айту білдіредіжәне т.б. жағдайларда сөйлейді; жаңа келген дипломаттарды мекендік мемлекетпен, оның ұлттық дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстырады; дипломатиялық корпустың арасындағы даулы мәселелерді шешеді, этикет және салтанатты мәселелер бойынша шешім шығарады. Толығымен дипломатиялық корпусқа, дуайенге мекен етуші мемлекеттің ішкі істеріне араласуына, оның үкіметіне ықпал жасауына тыйым салынады.
Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері
мен артықшылықтары. Иммунитеттер мен
артықшылықтар дипломатиялық
А.Дипломатиядық өкілдіктің үй-жайына қол сұқпаушылық. Мекендік мемлекеттің билік етушілері өкілдік басшысының рұқсатынсыз өкілдіктің үй-жайына кіре алмайды. Олар, сонымен қатар бұл үй жайларды әртүрлі басып күруден қорғауға немесе зиян келтіруден және өкілдіктің тыныштығын бұзудың немесе ар-ожданын қорлаудың алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануға міндетті. Өкілдіктің үй-жайы, оның ішіндегі мүлік, сонымен қатар көлік тінтуден, меншіктен айырудан, тәркілеуден және атқару әрекеттерінен иммунитетке ие;
Б. Өкілдіктің үй-жайы нақты қызметтің түрлеріне салынатын салықтардан басқа, барлық салықтардан, алымдардан және баж салығынан босатылады;
В. Өкілдіктің архиві мен құжаттары әрқашан және орналасуына қарамастан, қол сұқпаушылыққа ие;
Г. Өкілдік өз үкіметінен мекендеуші мемлекетте немесе үшінші мемлекетте орналасқан өз мемлекетінің басқа өкілдіктерімен, консулдықтарымен еркін байланыс жасай алуға тиіс;
Д. Өкілдіктің ресми хат хабарлары қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық пошта ашылуға, қамауға алуға жатпайды. Өкілдік байланыстың барлық түрін, сонымен қатар дипломатиялық курьерлерді, кодталған және шифрленген депешаларды, дипломатиялық вализаларды қолдана алады. Вализа (valiza) –чемодан деген француз сөзінен шыққан, және дипломатиялық корреспонденциядан, құжаттардан тұратын және арнайы өкілетті тұлғалармен (дипкурьер) немесе шығарып салусыз әдеттегі байланыс каналымен жеткізілетін және ашылуға, қамауға алуға жатпайтын жабық, сүргі салынғаннемесе мөр басылған қапты (чемодан, сөмке, пакет т.б.) білдіреді;
Е.Өкілдік өзінің үй-жайларында, көлігінде (автомобиль және т.б.) өз мемлекетінің жалауын және эмблемасын қолдануға құқылы.
Дипломатиялық агенттер және құрамының жеке артықшылықтары мен иммунитеттері.
«Дипломатиялық агент» термині- мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері мен дипломатиялық құрамының мүшелерінің жалпы аты ретінде қолданылады, яғни дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктің басшылары мен құрам мүшелерінің атауы. Дипломатиялық агенттердің жеке артықшылықтары мен иммунитеттеріне мыналар жатады:
А. Жеке басқа қол сұқпаушылық. Дипломатиялық агент қандай жағдайда болсын, қамауға алуға жатпайды. Мекендеуші мемлекет оған лайықты құрметпен қарауы және оның жеке басына, еркіне, ар-ожданына қарсы мекендеуші мемлекеттің мемлекеттік билік органдарынан болсын, сонымен қатар басқа тұлғалардан болсын озбырлықты болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануы керек;
Б. Резиденциясына (тұрғылықты орнына), мүлкіне және хат-хабарларға қол сұқпаушылыққа ие. Дипломатиялық агенттердің жеке меншік резиденциялары (тұрғын орны) дипломатиялық өкілдіктің үй-жайы сияқты қол сұқпаушылыққа орналасқан жеріне қарамастан ие: өкілдіктің ғимаратында, жалға алған жайда немесе қонақ ұйдің нөмірі. Оның қағаздары, хат-хабарлары, мүлкі, сонымен қатар көліктері қол сұқпаушылыққа ие. Оларға тінту және басқа мәжбүрлеу әрекеттерін қолдануға болмайды.
В. Қылмыстық, азаматтық
және әкімшілік юрисдисциядан
Г. Салық иммунитеті. Дипломатиялық агент жанама салықтарды, жеке табысқа салынатын салымдарды, нақты қызмет түрлеріне салынған салымдарды қоспағанда, барлық салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан, соның ішінде жеке және мүліктік салықтардан босатылады;
Д. Міндеттерге иммунитет. Мекендеуші мемлекет дипломатиялық агентті барлық мемлекеттік және еңбектік міндеттерден олардың сипатына қарамастан және әскери міндеттерден меншіктен айыру контрибуция және әскери орналастырудан босатуға міндетті;
Е. Кедендік артықшылықтар. Мекендік мемлекет дипломатиялық агетке өкілдіктің қажеттілігіне арналған, сонымен қатар дипломаттың жеке қолдануына арналған заттарды алып келуге рұқсат етеді. Осы заттар тасымалдау, сақтау және осыған ұқсас қызметтерден басқа кедендік салықтардан, алымдардан және баж салымынан босатылады. Дипломатиялық агенттің жеке жүгі, мемлекеттің заңымен немесе карантиндік ережемен алып кіру мен алып шығуға тыйым салынған заттардың барына түйінді негіз болмаса, тексеруден босатылады. Дипломатиялық агенттің жеке артықшылықтары мен иммунитеттері оның отбасы мүшелері, егер олар дипломатиялық агентпен бірге тұрса және мекендеуші мемлекеттің азаматтары болмаса тарайды (1961 жылғы Вена конвенциясының 31-бабы).
Әкімшілік-техникалық құрамның және оның отбасы мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары дипломатиялық құрамның иммунитеттері мен артықшылықтарына теңестіріледі, әкімшілік және азаматтық юрисдикцияға иммунитет әкімшілік-техникалық құрамның өз қызметінің міндеттерін атқарғанда ғана қолданылады.