Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат

Описание

Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

УМК ХЖК готовый + .doc

— 917.00 Кб (Скачать документ)

1.Халықаралық шарттар құқығы  ұғымы, қайнар көздері.

2.Халықаралық шарттар жасау

3.Халықаралық шарттардың әрекет  етуі, жарамдылығы және оларды  талқылау

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Курс международного права, В 7т. -М., Наука, 1989-1993.

2.Международное право // Учебник  (отв. ред. Тункин Г.И.). - М,, 1994.

3.Международдое право // Учебник (отв. ред. Колосов Ю.М., Кузнецов В.И.). М,,Международные отношения, 1995.

4.Международное право // Учебннк (под- ред. Игнатенко Г.В,). - М., Высшая школа, 1995.

5.Бирюков П.Н, Международное право // Учебник. - М., Юрист, 1999,

6.Лукашук И.И. Международное право: Общая часть // Учебник. - М., изд. БЕК 1998.

7.Лукашук И.И. Международное право. Особенная часть // Учебник, - М., изд. БЕҚ 1998.

 

№10тақырып. Халықаралық  ұйымдар құқығы

1.Құқық саласы- халықаралық ұйымдар  құқығы

2.Халықаралық ұйымдар үғымы  мен құқықтық табиғаты 

3.Халықаралық ұйымдардың даму  тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі  –Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты 

Құқық саласы-халықаралық  ұйымдар құқығы ұғымы.Халықаралық құқықтың туынды субьектілерінің қатарына халықаралық ұйымдар жатады. Бұлар мемлекеттермен қатар, халықаралық құқық   субьектісі ретінде доктриналық та, конвенциялық та тәртіпте мойындалады. Халықаралық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық  ұйымдардың бір-біріне өзара әсерінің неғұрлым күрделі мәселелері үкіметаралық ұйымдардың құзыретіндегі мемлекеттік егемендік пен ұлттық элементтердің арақатынасы арқылы көрінеді. Мемлекеттің егемендігі  мәселесі мемлекет  пен халықаралық ұйымның осы мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзыретінің бір бөлігін беруімен немесе халықаралық ұйымның белгілі бір функцияларды жүзеге асыруы барысындағы құзыреттерінің арақатынасы тұрғысында анықталады. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара қарым-қатынастарының нысаны  болып  табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және халықаралық қатынастар  қажеттіліктерінен обьективті түрде туындайды. Ерекше  тап өтетін жайт, халықаралық ұйымдардың құқықсубьектілігі мүше мемлекеттердің ниет  білдіруіне, осы ұйымның мақсаттарына, құзыреттеріне, органдар құрылымына  қабыладанған шешімдердің заңи нәтижелеріне тікелей байланысты, бағынышты болады.

Ұйым жарғысының заңды күшіне  енуі белгілі бір құқықтық нәтижелердің туындауын қамтамасыз етеді. Мысалға, оны құрған мемлекетпен ерекше жаңа бір халықаралық құқық  субьектісі пайда болады. Бірақ, сонымен қатар, халықаралық ұйым халықаралық құқықтың алғашқы субьектілеріне –мемлекеттермен мен ұлттар,өз егемендігі үшін  куресуші халықтар тән  маңызды қасиетке егемендікке емес.  Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кіре отырып, өзінің егемендік құқығын жүзеге асырады.  Сонымен қатар, мемлекет пен  ұлттық   ұйымдардың өзара байланыс сипаты мемлекеттік егемендіктің жіктелуіне  әкеледі деп айту дұрыс емес. Егемендік-бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-құқықтық қасиеті және ол саяси режим, құзырет, билік механизмі сияқты құқықтық институттарда жүзеге асады.  Халықаралық  ұйымдардың жарғыларында  шектеу бір ғана  өлшем  бойынша  жүргізіледі, ол-құзыреттілік.

Халықаралық ұйым-халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтық жүйенің  обьективті қажетті  көрінісі. Халықаралық  тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне  әсер ететін және олардың  көптеген бағыттарда дамуын белгілейтін  факторлар мен жағдайлар жүйелері бар.

Оларға:

-шаруашылық қызметтің интернационализациясын;

-ғылыми –техникалық процесін;

-қазіргі кездегі маңызды мәселелердің  ғаламдық сипатын жатқызуға болады.

Халықаралық  ұйымдар мемлекеттер  мен халықаралық құқықтың басқа  да субьектілері арасындағы өзара қарым-қатынасының бірден-бір маңызды құқықтық нысаны болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінде неғұрлым  басым,  актуалды сипатқа қазіргі кездегі ғаламдық-мәселелер ие. Сонымен қатар  халықаралық ұйымдар  егеменді мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеуде маңызды рөл атқаратыны жалпыға мәслім.

Халықаралық ұйымдар  құқығы- халықаралық ұйымдардың құрылуы,құқықтық жағдайы және қызметіне қатысты мәселелерді реттейтін қағидаттар мен нормаларды біріктіретін қазіргі халықаралық құқықтың саласы болып табылады.

Халықаралық ұйымдар құқығы көбінесе  халықаралық  құқықтың саласы ретінде  танылады. Сонымен қатар, бұрынғыдай халықаралық құқық  жүйесінің  ішкі құрылымына, оның ішінде, халықаралық  ұйымдар құқығының  мұнда алатын орны мәселесі әлі де болса шешілмеген. Х1Х ғ орта шенінде тұрақты қызмет етуші халықаралық  ұйымдардың  пайда болғанына дейін халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып тікелей  мемлекеттер арасындағы қатынастар есептеліп келді. Кейіннен келе, яғни халықаралық ұйымдардың пайда болуымен бірге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық қатынастар пайда болады. Оларға:

-мемлекеттердің халықаралық ұйымдар  мүшесі ретіндегі өзара қарым-қатынастары;

-мүше мемлекеттердің халықаралық  ұйымдармен қарым-қатынасы;

-халықаралық  ұйымның  оның  мүшесі  болып табылмайтын басқа  да мемлекеттермен қарым-қатынасы  жатады;

Жоғарыда аталып кеткендермен қатар, ұйымдар арасында да қарым-қатынастар  туындайды.  Сонымен халықаралық  қатынастардың  жаңа түрлерінің пайда болуы олардың халықаралық құқық нормаларымен реттелу қажеттілігін көрсетеді.

Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің  өзіндік  нысанасы-халықаралық ұйымдар  шеңберіндегі  халықаралық қарым-қатынастар пайда болады. Халықаралық ұйымдардың  қызметі барысында  нормативтік  база құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалынған шарттар санының өсуі-халықаралық  ұйымдардың шарттық құқығының қалыптасуының көрінісі  болып келеді.

  1. Халықаралық ұйымдар ұғымы мен құқықтық табиғаты

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субьектісі бола отырып, мемлекеттердің әр түрлі  әлеуметтік-экономикалық  құрылымдармен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, қазіргі кездегі маңызды, ғаламдық мәселелерді шешеді.  Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқықсубьектілік  сипатына ие болуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық, кодификациялық бақылау функцияларын  жүзеге  асырады. Жоғарыда  айтылып  өтілген функцияларды жүзеге асыруы халықаралық ұйымдардың,халықаралық құқықтық  реттеу  механизміне әсердің өсіп отыруын қамтамасыз етеді. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық  процеске қатысады, халықаралық құқықтық  санкцияларды  пайдаланады.     Бұл халықаралық құқықтың туынды субьектілерінің заңшығарушылық  процесте ролінің артып отырғанының  көрінісі.

-халықаралық  ұйымдардың  қатысуымен жасалған шарттар; 

Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың шарттық  практикасы нәтижесінде  алынған нормалар санының өсу  үрдісі орын алған. Сонымен қатар, мемлекеттер  халықаралық  құқықтың субьектісі  бола отырып,    халықаралық құқықтың туынды субьектілерінің шарттық практикасының маңызы арта түскенін де еске алып отырады. 12 жыл бойы  халықаралық құқық Комиссиясы мемлекеттермен халықаралық ұйымдар немесе  халықаралық ұйымдар  арасындағы  шарттар құқығы туралы конвенция жоспарын дайындады. 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Конвенцияда халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқыққабілеттігін белгілейтін бап бар.  Бұл конвенциялық нормаға сәйкес құқыққбаілеттілік  осы ұйымның сәйкес ережелерімен реттеледі.

-халықаралық ұйымдардың заңшығарушылық процеске тікелей қатысуы;

БҰҰ-ның мамандандырылған мекмелерінің Жарғыларының сәйкес баптарына талдау жасаған кезде бұл мамандарылған  мекемелер халықаралық конвенциялар, келісімдер мен регламенттер  жоспарын қабылдауға құқықтары бар екенін  анықтаймыз. Осындай заңшығарушылық  процестің мақсаты болып, олардың құзыреттеріне тән шекте неғұрлым  тиімді халықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ету табылады. Бұған жетудің екі жолы бар: көпжақты  конвенциялар мәтінен халықаралық ұйымдар шегінде және олардың бастауымен және халықаралық әкімшілік және техникалық регламенттердің қабылдануы.

Халықаралық ұйым-   бұл белгілі  бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызмет ететін  органдар жүйесі бар,халықаралық  құқық субьектілікке  ие және халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.

Халықаралық  ұйымның белгілеріне:

-халықаралық жарғылық шарттың  болуы;

-белгілі бір мақсаттардың болуы;

-сәйкесінше ұйымдық құрылымы : тұрақты органдар жүйесі және штаб-пәтері;

-мүше мемлекеттер құқығы мен  міндеттерінен  ажыратылатын  өзіндік құқықтары мен міндеттері;

-халықаралық құқық нормалары  мен қағидаттарына сәйкес құрылуы  ;

-үш және одан да көп мемлекеттер  мүшелігі  жатады

Халықаралық ұйымдардың классифкациясы  көптеген қиыншылықтарға байланысты. Біріншіден, бір ұйымға анықтама беруге әр түрлі тұрғыдан келуге болады. Екіншіден, ұйымдар түрі өте көп және маңызды  ерекшеліктері  оларды әр түрлі санаттарға жатқызуға мүмкіншілік береді.

Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі  –Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты Халықаралық ұйымдардың белгілері ежелгі Грекияда пайда бола бастады және онда қалалар мен қауымдастықтар одақтары-Пелопоннестік және Афиналық  симмахиялар болды. Бұл екі ежелгі грек одақтарының арасындағы қатынастар жуластық сипатта болды және аяғы Пелопоннес соғысымен аяқталып, нәтижесінде грек әлемінде Спарта гегемониясы орнықты. Афиналық симмахия таратылып жіберілді.

Халықаралық ұйымның басқа  нысаны ретінде көне халықаралық бірлестіктер-көне грекиялық амфиктиондар тайпалар  мен қалалардың ортақ қазынасы, соғыс жүргізу  ережелері  бар діни саяси одағы болды. Амфиктионияға нақты ішкі құрылым тән болған.

Мемлекетаралық  ұйымдардың   яғни қазіргі кездегі халықаралық ұйымдардың бастауы кезігетін ұйымдардың құрылуына қажеттілік  экономикалық және саяси себептермен түсіндіріледі. Бұл заңдылық байланыс халықаралық қатынастар   дамуының кезекті, кейінгі кезеңдерінен де көрінеді.

Х1Х  ғ.халықаралық ұйымдардың қайсысын бірінші халықаралық ұйым ретінде  есептеуге  болатындығы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалға, осындай халықаралық ұйымдардың  алғашқылары қатарына:

-1815 ж.құрылған Киелі Одақ.

-Рейн бойынша кемелер жүзуінің  Орталық комиссиясы.

-Халықаралық өлшемдер мен салықтар бюросы -1875 ж.

-Дүниежүзілік пошта одағы -1874 ж. Жатқызуға болады.

Жоғарыда аталып өткен  белгілердің  бәрі бар алғашқы халықаралық  ұйымдар капитализм кезінде пайда  болды.  Құқықтық  табиғаты бойынша  бір әлеуметтік жүйеге  жататын олар өздерінің практикалық  қызметінде қатысушылардың  егемендігі  теңдігі  қағидатын  сақтау мен жүзге асырудан әлдеқайда  алыс болды. Соынмен қатар, көпшілік ұйымдардағы  отарлар мен бағынышты аумақтар жағдайы ашық кемсітушілікпен  сипатталады.

Халықаралық  қатынастар  жүйесінде  ол кезде  халықаралық ұйымдар  негізінен халықаралық қарым-қатынастағы   көмекші рөлге ие болды. Соған  қарамастан, олардың пайда  болуы  халықаралық қатынастардың кеңеюі жолындағы кезең болып келді.

Қазіргі кездегі  халықаралық қатынастарға тән белгілердің бірі-мемлекетаралық ұйымдардың тез дамуы мен ұлғаюы болып табылады.

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде осындай жоспарлаудың  жүзден астам түрі құрылған еді. Осындай  жоспарлаудың  бір Ұлттар Лигасының  негізін қалады, бірақ бұл мемлекеттер арасында бейбітшілікті   сақтау  мен қауіпсіздікті  бірқалыпты  дәрежеде ұстап тұру аясындағы саяси халықаралық өзара қарым-қатынастың тиімді құралы бола алмайды. Бірақ, Ұлттар Лигасын құрушылардың шынайы мақсаттары  оның Жарғысының  Кіріспесінде  жарияланғанымен, мүлдем сәйкес болмайды. Ұлттар Лигасы Жарғысының нұсқасы ағылшын-амрикандық жоспар  негізінде жасалды және үш империалистік державаның арасында келісілді. Олар:АҚШ,Англия, Франция болды. Париж Конференциясының қалған қатысушылары Жарғыны талқылаусыз қабылдады.

Ұлттар Лигасы мынадай негізгі  органдардан тұрды:

-Жиналыс(Ассамблея). Бұл орган қыркүйекте  өтетін сессиялар бойынша жұмыс  істеді. Бұл орган өз құзыретіне  кіретін барлық мәселелерді қарауға  құқылы болды.  Қаралар, ұсыныстар жиналыста бірауыздан қабылданатын еді.

-Ұлттар Лигасының Кеңесі –тұрақты  және уақытша органдардан тұратын  орган.  Тұрақты органдарға-Ұлыбритания,  Франция, Жапония, Италия, кейіннен  Германия, 1934 жыдан бастап КСРО  кірді. 

-Секретариат –Ұлттық Лиганың  атқарушы органы, оның аппаратының саны 600 адамға жуық болған.

-1920 ж. Сот органы құрылды-бұл  халықаралық сот төрелігінің  тұрақты палатасы болды. Бұл  халықаралық сот төрелігінің  Тұрақты Палатасының Статусы  редакциялық түзетулер нәтижесінде  БҰҰ-ның Халықаралық Сотының Статусына айналды.

-Ұлттар Лигасының негізгі органдарының  қатарына халықаралық еңбек үйымы  кірді,ал БҰҰ-да бұл мамандандырылған  мекеме болып табылады.

Ұлттар Лигасына құқықтық саралау  жасай отырып, бұл ұйымның мынадай  кемшіліктерін атап өтуге болады:

-саяси шешімдерді шығарғанда  бірауыздылық қағидатының қолданылуы. Бұл мынаны  білдірді, яғни Ұлттар  Лигасының кез келген мүшесі  дауласушы тараптарды қосапағанда,  вето құқығын қолдана алды, олай  болса, шешім қабылданбайды. 

-Негізгі органдар-Жиналыс пен Кеңестің арасындағы құзыреттері нақты реттелмеген.

Информация о работе Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша