Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат
Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.
- негізгі қағидалар- қандай жағдайға қарамастан, міндетті түрде орындалатын қағиладар;
- жалпы қағидалар- адамның негізгі құқықтарын қорғайтын қағидалар;
- әлеуметтік қағидалар-әскери қақтығыстардың құрбандарына және әскери әрекеттерді орындауға байланысты қағидалары.
Гуманитарлық құқықтың теориясына белгілі ғалым В.В. Пустогаровтың сіңірген еңбегін айта кете отырып,оның осы қағидаларға байланысты қосқан үлесін айта кету керек.
Әдістемелік нұсқаулар. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы, реттеу пәні мен қайнар көздеріне сипаттама беру.Соғыстың басталуы және оның құқықтық салдарына анықтама беру. Соғысқа қатысушылар түсінігі және олардың түрлеріне сипаттама беру. Соғыс жүргізу құралдарымен тәсілдерін қарастыру.Соғыстың аяқталуы мен оның құқықтық салдарына сипаттама беру.
Негізгі түсінктер: Халықаралық гуманитарлық құқық .Соғыстың басталуы және оның құқықтық салдары. Соғысқа қатысушылар. Соғыс жүргізу құралдарымен тәсілдері. Соғыстың аяқталуы мен оның құқықтық салдары.
Студенттерге тапсырмалар:
1.Халықаралық гуманитарлық
2.Соғыстың басталуы және оның
құқықтық салдары. Соғысқа
3.Соғыс жүргізу құралдарымен тәсілдері
4.Соғыстың аяқталуы мен оның құқықтық салдары
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Курс международного права, В 7т. -М., Наука, 1989-1993.
2.Международное право // Учебник (отв. ред. Тункин Г.И.). - М,, 1994.
3.Международдое право // Учебник (отв. ред. Колосов Ю.М., Кузнецов В.И.). М,,Международные отношения, 1995.
4.Международное право // Учебннк (под- ред. Игнатенко Г.В,). - М., Высшая школа, 1995.
5.Бирюков П.Н, Международное право // Учебник. - М., Юрист, 1999,
6.Лукашук И.И. Международное право: Общая часть // Учебник. - М., изд. БЕК 1998.
7.Лукашук И.И. Международное право. Особенная часть // Учебник, - М., изд. БЕҚ 1998.
№13 тақырып.Дипломатиялық құқық
1.Дипломатиялық құқық ұғымы.
2.Мемлекеттің сыртқы қатынас орнату органдары.
3.Елшіліктер . Миссиялар
4.Дипломатиялық корпус.
5.Дипломатиялық агенттер және құрамының жеке артықшылықтары мен иммунитеттері.
6.Дипломатиялық өкілдік
7.Мекендік мемлекетке қатысты дипломатиялық агенттің міндеттері.
8.БҰҰ және басқа ұйымдардың жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдері.
9.Арнайы миссиялар.
«Дипломатия» термині мемлекеттердің сыртқы саясатықатынастар органдары қызметінің ерекше нысанының белгісі ретінде Батыс Европада 18 ғасырдың соңынан бастап түрде қолдана бастады.
«Дипломат», «дипломатия» терминдері
грек-латынның «дипломат»
«Дипломатия» ұғымымен
Дипломатиялық қызметтің негізгі нысандары мыналар: келіссөз және мемлекет өкілдерінің әр түрлі деңгейдегі ресми сапарлары; екіжақты және көпжақты келісім шарттарды даярлау және бекіту, басқа да бірлескен актілерді қабылдау (декларация, мазмұндама және т.б.); дипломатиялық конференциялар жұмысын, сұхбаттасуды, кездесулерді ұйымдастыру және қатысу; мемлекеттің басқа мемлекеттердегі және халықаралық ұйымдардағы өкілдіктердің қызметі; халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының жұмысына қатысу; дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттарды (өтініш, нота және т.б.) басып шығару.
Дипломатиялық құқық ұғымы. Дипломатиялық құқық – халықаралық құқықтың ең бір маңызды және көне салаларының бірі. Дипломатиялық құқық – мемлекеттер арасында және халықаралық құқықтың басқа субъектілері арасында сыртқы қатынасқа түсу органдарымен бекітілген және қолдау табатын ресми байланыс пен қатынасты реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзі - көпжақты және екіжақты шарттар, әдет-ғұрып. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзінің ерекшелігі әдет-ғұрыптың дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде маңызды және едәуір орын алатындығы. Мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа субъектілері арасындағы дипломатиялық қатынасты реттейтін негізгі көпжақты шарттар мыналар: 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы; 1875 жылғы 14 наурыздағы Мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарға қатысты өкілдік туралы Вена конвенциясы; 1815 жылғы Вена регламенті; 1946 жылғы 13 ақпандағы БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция; 1947 жылғы 21 қарашадағы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция; 1969 жылғы 8 желтоқсандағы Арнайы миссиятуралы конвенция; 1977 жылғы Қылмысты тоқтату және халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, оған қоса дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыс үшін жаза туралы конвенция.
Атап өткен халықаралық
Сыртқы саясат мәселелері Қазақстанның тәуелсіздік алған және оның халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қалыптаса бастаған сәттен бастап ҚР Конституциясынан өз орнын алды, мұндай жағдай Қазақстанның КСРО құрамында болған кездегі бұрынғы конституцияларында болмаған. Конституция ҚР мемлекеттік құрылым мәселелерін,оның сыртқы саясат қағидаттарын анықтайды; бірсыпыра баптар сыртқы саясаттың органдары болып табылатын Президенттің, Парламенттің және Ұкіметтің мемлекеттік билік органдарының құрылымы мен құзіретіне арналған. Қазақстан Республикасында 2002 жылы 7 наурызда «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің №832 және 833 қаулыларымен бекітілген «Қазақстан Республикасының елшілігі туралы» ереже, басқа мемлекеттерге тіркелген Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісінің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ереже сияқты нормативтік актілер қабылданған.
Мемлекеттің сыртқы қатынас орнату органдары.
Дипломатия бір мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы байланыстарын бекітетін, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттің құқықтарын танытатын, халықаралық қатынаста оның мүдделерін және оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерін қорғайтын сыртқы қатынас органдарының рести қызметі арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы қатынас орнату органдарын былайша бөлуге болады:
1.Мемлекеттің ішкі органдары;
2. Мемлекеттің сыртқы органдары.
Мемлекеттің сыртқы қатынас орнататын ішкі органдары өз кезегінде былай бөлінеді:
а) жалпы өкілетті- жалпы саяси органдары: парламент, елбасы-президент, монарх, үкімет, үкімет төрағасы, сыртқы істер ведомствосы және оның министрі;
б) арнайы өкілеттілігі бар органдар: министрліктер мен басқа да ведомстволар (комитеттер), өз өкілеттіктеріне сәйкес, белгілі бір салада ғана (экономикалық, мәдени, ғылыми т.б.) сыртқы байланысты жүзеге асырады.
Сыртқы органдар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты органдарға: дипломатиялық өкілдіктер (елшілік пен миссия), халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілдіктері, сауда өкілдіктері, консулдық мекемелер жатады. Уақытша органдарға: халықаралық конференциядағы делегациялар мен қадағалаушылар тобының арнайы миссиялары; халықаралық ұйымдар мен оның органдары сессиясының жұмысына қатысу үшін жіберілген делегациялар, екіжақты келіссөздегі делегациялар мен басқалары. Парламент, елбасы, үкімет (олардың конституциялық жағдайлардың күшіне сәйкес биліктің жоғары органдары деп атайды - сыртқы қатынас орнатудың конституциялық органдары) –сыртқы қатынас ортанудың жалпы саяси басшылығын жүзеге асырады.
Парламенттер жалпыұлттық өкілетті органдар ретінде сыртқы қатынас ортанудың жалпы саяси басшылығын жүзеге асырады. Бірақ сыртқы қатынас орнатудың фактілі ролі барлық мемлекетте бірдей емес. Парламенттің сыртқы қатынас орнату саласындағы әдеттегі өкілеттіктері: соғыс, бейбітшілік, аумақтық өзгерістер туралы мәселелер шешу, халықаралық шарттарды ратификациялау, сыртқы саяси шараларға шыққан шығынды анықтау. Парламентте сыртқы саясат мәселелері бойынша пікір-сайыстар өзкізіледі, депутаттар ол бойынша үкіметке сауал береді, парламенттік делегациялар басқа мемлекеттегі парламентаралық одақтың сессиясына қатысуға сапарға шығады. Парламенттер басқа елдің парламентіне үндеу жасайды, сыртқы саясат мәселелері бойынша өтініш қабылдайды, сыртқы істер бойынша тұрақты комиссия құрады.
Елбасы халықаралық қатынаста мемлекеттің жоғары өкілдігін жүзеге асырады. Елбасы өз мемлекетінің басқа елдегі елшісі мен өкілін қызметке тағайындайды және босатады. Шетел мемлекеттерінің елшісі мен уәкілі тіркелген сенім және қайтару грамоталарын қабылдайды. Елбасы арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізеді және халықаралық шартқа қол қоя алады, шетелге сапары кезінде иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болады. Үкімет сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын белгілейді, қабылданған сыртқы саяси шешімдердің орындалуын және оны қадағалауды ұйымдастырады.
Сыртқы істер ведомствосы - тікелей мемлекеттің сыртқы қатынас орнатуына жедел басшылықты жүзеге асыратын орган. Сыртқы істер ведомствосының негізгі міндеттеріне мыналар жатады: халықаралық қатынаста тікелей мемлекеттің мүдделерін таныту және қорғау; үкіметаралық келісім бойынша бекітілген дипломатиялық және консулдық қарым-қатынасты қолдау, халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің мүшелігінен және халықаралық конференциясының жұмысына қатысудан шығатын, шетелдегі дипломатиялық және басқа ла ресми өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметіне басшылық ету, бақылау және қадағалау; сол елдегі шетелдің дипломатиялық өкілдіктері мен келіссөз жүргізуге және шарт бекітуге келген арнайы миссиямен және делегациялармен байланыс жасау және келіссөз жүргізу.Мемлекеттің сыртқы қатынас ортанудағы сыртқы органдарының арасындағы негізгі орынды тұрақты дипломатиялық өкілдіктер алады. Бұл мемлекеттер арасында жақсы дипломатиялық қатынастар болғанда ашылатын елшіліктер мен миссиялар.
Елшіліктер – бірінші жоғары сыныптың өкілдіктері. Оларға Ватикан өкілдіктері- нунциатура-теңестіріледі.
Миссиялар - екінші сыныптың өкілдіктері. Оларға Ватикан интернунциатурасы сәйкес келеді.
Өкілдіктің дәрежесі туралы мәселелер мүдделі мемлекеттермен шешіледі (1961 жылғы Вена конвенциясы, 2-бап). Мемлекеттер өзара келісім бойынша ертеректе таңдаған дәрежені өзгерте алады: миссияны елшілікке қайта құру, бұл мемлекеттер арасында қатынастың дамуын куәландырады.
Елшілік пен миссиялар бірдей құқықтық мәртебеге ие, бірдей қызмет атқарады, бірдей иммунитеттермен артықшылықтарға ие. Елшілікті елші, миссияны уәкіл немесе іске сенімді адам басқарады. Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары арасында олардың қызметі жағынан жоғары тұруы мен этикеті туралы мәселелерден басқа ешкандай ерекшеліктер болмайды. 1961 жылғы Вена конвенциясының 14-бабының 2-тармағында айтылғандай, «өкілдік басшыларының белгілі бір сыныпқа тиістілігіне байланысты ешқандай айырмашылық болмауы керек, тек қызметі жағынан жоғары тұруы және этикетіне қатысты болуы мүмкін».