Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат

Описание

Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

УМК ХЖК готовый + .doc

— 917.00 Кб (Скачать документ)

  Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын жене заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға,   әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.

Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар; барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтыр мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата – аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай – ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным – сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән – жайларына қарамастан заң алдында тең.

Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың 1 науырызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы  болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.

Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі  бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.  Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша, 2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде, 3)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша, 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша алынады.

Бала өмірге келген кезде  ата – аналарының екеуі де Қазақстан  Республикасының азаматтығында  болса, қай жерде туғанына қарамастан бала Қазақстан Республикасының  азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата – аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата – аналарының жазбаша нысанында білдірген келісіміне орай белгіленді. Егер ата – аналарының бірі бала өмірге келген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала; Қазақстан аумағында туған, Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата – атаналарының немесе олардың біруінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.

Басқа мемлекеттің азаматы  және азаматтығы жоқ адам олардың  өтініштері бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Республика аумағында кем дегенде он жыл тұрақты тұратын, не оның азаматымен некелескен азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер, саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр болғандар және олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен азаматтық туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жарлық бұрынғы Кеңес одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір ерекшеліктерін бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір республикадан екіншісіне еркін қатынады. Туыс адамдардың әр түрлі республикаларда тұруларына мүмкіндігі болды, тұрып жатты да және бір – бірімен ешқандай қиындықсыз араласты. Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің құрылыуының нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді және соған орай шектеулер қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекетаралық қатыныстарға әсер етті. Бұрынғы КСРО республикалары азаматтарының арасындағы тарихи қалыптасқан қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға өзгеріс енгізді. Отбасылық қатынастарды қалпына келтіру үшін бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасы азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұбайы (зайыбы), ата-аналары,  апа-сіңлілері,  аға-інілері, атасы мен әжесі ) барлар Қазақстан азаматтығына қабылданатын болды. Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген адамдардың өтініштері өтініш берген күннен алты айдан асырылмай қаралатын болды. Сонымен бірге осы жарлық ҚР-ның азаматтық туралы заңмен белгіленген басқа адамдардың азаматтық алуға қажетті 10 жылдық тұрақты тұру мерзімін 5 жылға дейін кемітті.

Азаматтық туралы мәселелер  Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен шешіледі. Қазақстан  Республикасы мен Беларусь Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Респуьликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы осы мемлекеттердің азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге осылай қол қойды. Мұндай келісімдер аталған мемлекеттердің өздерінің азаматтығының жалпыға бірдей нормаларын, құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, адамдардың тиісті тарихи және дәстүрлі достық байланыстарын сақтау мен нығайтуға ұмтылудан туындайды. Келісімге сәйкес әр тарап басқа елдн өз аумағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы екендігін дәлелдеген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген (тіркелетін) тәртібін ұсынады. Мұндай тәртіп төмендегідей шарттардың бірі орындалса; 1)егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған немесе тұрған болса; 2)өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары; жұбайы (зайыбы), ата-аналарының (бала етіп асырап алғандардың) біреуі, баласы  (оның ішінде асырап алған баласы), апа-сіңлісі, аға-інісі, атасы және әжесі оның азаматтары болып табылса қолданылады. Ішкі істер органдары тараптардың бірінің азаматтылық алуын тіркеуді үш айдан асырылмайтын мерзімге жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырады.

Келісімде ата-аналары азаматтығының  өзгерілгеніне байланысты балалардың азаматтығы өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-аналарының азаматтығы өзгерген кезде, соған орай екеуі де басқа тараптың азаматы болады не екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады, тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгереді.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам;

Адамзатқа, Қазақстан Республикасының  егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы  қылмыс жасаса;

Қазақстан Республикасы аумағының  бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

Мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;

Мемлекетаралық, ұлтаралық  және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік  тілдің қызметінеқарсы әрекет етсе;

Террорлық әрекеті үшін сотталған болса;

Сотпен аса қауіпті  қылмыскер деп танылса;

Басқа мемлекеттің азаматы  болса қабылданбайды;

Қазақстан Республикасының  Конституциясы бойынша басқа  мемлекеттің азаматы Республика азаматы болып танылмайды.

Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рұқсат етпейді. Қос азаматтық институты  мемлекеттің мазмұнының өзіне қайшы  келеді. Өйткені мемлекеттің әлеуметтік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық, ол мемлекетпен саяси  байланыста болады. Қос азаматтық алған адамдар санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеуі мүмкін.

Егемендік, тәуелсіздік  кез келген мемлекеттің бөлінбейтін  қасиеті болып табылады. Егемендік  пен тәуелсіздік мемлекеттің  бүкіл қуатымен, оның осы мемлекеттің азаматтарына қызмет ететін Қарулы Күштерімен қорғалады. Қос азаматтығы бар адамның, егер ол сонымен бір мезгілде дауласушы мемлекеттің де азаматы болса, өзі тұратын мемлекетті жан-тәнімен қорғайды деп толық сеніммен айтуға болама? Әрине, жоқ. Адамның патриоттық сезімі бір елге, бір мемлекетке ғана арналады. Одан әрі, кез келген мемлекеттің өзінің мемлекеттік құпиясы, жасырын: әскери, ғылыми, техникалық, қызметтік және басқа құпиялары болады. Бір елдің азаматы ретінде елдің құпиясын білуге мүмкіндігі болған адамның, оны тап сондай азаматы болған екінші бір елге таратып жібермейтіндігіне шексіз кепілдік жоқ. Бұл құпиялардың “тонның ішкі бауындай” сақталатынына 99,9 пайыз сенуге бола ма? Мұны Қазақстан Республикасының “Азаматтық туралы ” Заңы да жанамалап таниды.

Жеке адамға қатысты  алғанда қос азаматтық адамдар  арасындағы теңсіздікті білдіреді. Халқаралық құқық нормалары ретінде  де, ұлттық заң нормалары ретінде  де барлық адамдар үшін бірдей тең  құқықтар мен бостандықтар белгілейді. Алайда, қос азаматтығы бар адамдар азаматтығына қарай екі ел тарапынан да қорғалуға құқылы. Мұндай кепілдік кез келген елдің Конституциялық заңдарында қарастырылған. Тиісінше, бір елдің азаматтығын алғандар мен қос азаматтық алғандар арасында тепе-теңдік болуы мүмкін емес. Жаппай қос азаматтық кезінде ол бір елдің азаматтығын алғандар санасына теріс әсер ететін болды. Екінші жағынан, азаматы болып табылатын бірінші ел тарапынан басқа елге қысым жасаудың тұрақты факторы болады.

Осы айтылғандар жеке азаматтықтың дұрыстығы және қос азаматтық ерекше жағдайда ғана танылуы кректігін көрсетеді. Дегенмен, қос азаматтыққа барлық мемлекеттің заңдары рұқсат етеді. Мемлекеттердің азаматтық туралы заңдарындағы айырмашылық қос азаматтылықтың пайда болуының бір себебі болып табылады. Әр мемлекетте азаматтық мәселесін реттейтін нормалар қайшылығының нәтижесінде азаматтың екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болып танылатын жағдайлардың тууы мүмкін. Қос азаматтық көп жағдайда халықаралық шарттар негізінде пайда болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы Азаматтық туралы Заңда қарастырылған жағдайда тоқтатылады. Оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу жатады. Азаматтықтан шығуға Азаматтық туралы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініш негізінде рұқсат етіледі. Азаматтықтан шығу жөнінде арыз Ішкі істер министірлігі және Сыртқы істер министірлігі арқылы Президенттің атына беріледі. Жасы 14-ке толмаған бала Қазақстанның азаматтығынан шығуға өтініш берген кезде, ата-аналарының бірі Қазақстанның азаматтығында қалатын болса, осы ата-анасының баланың Қазақстан азаматтығынан шығуына өзінің қатынасы білдірілген арызы берілуі тиіс.

Заңмен белгіленген жағдайларда  азаматтықтан шығуға рұқсат берілмеуі  де мүмкін. Егер азамат мемлекет алдындағы  міндеттемесін немесе Қазақстан  аумағында орналасқан азаматтардың немесе ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттемелерін орындамаған болса оған Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, егер шығу туралы өтініш білдірген адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған болса немесе сот үкімімен жазасын өтеп жатса; егер адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне қайшы келсе де рұқсат етілмейді.         

Қазақстан Республикасының  азаматтығы: 1)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған жағдайларды есептемегенде, адам басқа мемлекеттің қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке орналасуына байланысты; 2)егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу өтірік мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынған болса; 3)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылады.

Ата-аналардың екеуінің де Қазақстан Республикасының азаматтығынан  шығуына орай олардың азаматтығы да өзгереді.

Азаматтық мәселесі бойынша шешім  шығарушы лауазымды тұлға – Қазақстан  Республикасының Президенті. Тұратын  жеріне қарамастан басқа елдің азаматын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Рспубликасының азаматтығына қабылдау; Қазақстан Республикасына азаматтығын қалпына келтіру; Азаматтық туралы Заңда қарастырылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару; ерекше жағдайларда басқа мемлекеттің азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы шешімді Президент қабылдайды.           

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: “Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы ” (1948 ж.) “Адамдардың экономикалық , әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы”, “Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы ”(1966) “Балалар құқы декларациясы ” (1959) “Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция ” (1954) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды.

Информация о работе Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша