Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат

Описание

Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

УМК ХЖК готовый + .doc

— 917.00 Кб (Скачать документ)

Әскери міндетін өтеуден мынадай 16 жасқа дейінгі және 50 жастан асқан  ер адамдар 18 жасқа дейінгі және 40 жастан асқан әйелдер босатылады. Әскери міндетін өтеу - әр азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы. Қазақстан мемлекеті – ұлтына, жынысына, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайына т.б. қарамастан олардың Отаны.

  Отбасы- қоғамының ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше амқорлықпен қарайды, мүмкіндігне қарай көмектеседі, кім кімнің болсын сырттан заңсыз араласуынан қорғайды. Әрине, некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ана мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы, міндеттеме қабылдайды. Мұндай талаптар кезейсоқ емес, олар азаматтардың сондай- ақ қоғамның мүлделерінен туындайды. Сондықтан отау тігу үшін занда көзделген шарттарда сақтау қажет. Некеге отыру жасы ерлер шін-18 жас, ал қыздар үшн 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдің жасы бір жасқа кемітілуі мүмкін. Неке жасын кеміту туралы өтінішті тұрмысқа шығатын қыздың өзі жазуы керек.  Мұндай өтінішті ата- аналары, қамқоршылары да жаза алады, бірақ ол үшін қыздың өзінің келесімі керек. Некеге тұру жасын қысқарту туралы мәселені жерглікті әкімшілік шешеді. әдетте, толық қабілеттілік 18 жастан басталады. Алайда, некеге 17 жасқа дейін тұруға рұқсат етілсе, отбасылық қатынаста толық қабілеттілік некеге 18 жасқа дейін тұрумен басталады. Бұл, атап айтқанда, ерлі- зайыптылардың бала- тәрбиесіндегі, мүлікті пайдалануға, отбасылық өмірдегі басқа да мселелерді шешудегі құқықтар мен міндеттерінің тендігін білдіреді.

Сөз жоқ, неке әйел адам мен ер адамның  екі жақты өзара келісіммен қиылады. Тек мәжбірлеусіз неке ғана заңды  деп есептеледі. Егер кіде- кім әйелді некеге отырғызуға мәжбүрлесе, онда мұндай әрекет қылмыс деп есептеледі. Мәжбірлеу  әр түрлі; ұрып- соғу, денеге жарақат салу, бостандықнан айыру, қорқыту, бопсалау және т.б. нысанды көрінуі мүмкін.Неке азаматтық хал актілерін жазу мекемелерінде тркеледі. Бұл мән- жайдың ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың зандық құқы мен міндеттері неке АХАЖ-да тіркелгеннен кейін ғана пайда болады. Тек осындай жағдайда ғана мемлекет өзіне ерлі- зайптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі- айыптылар ретінде таниды, сондай-ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді. Ар-намыс бостандығы жағдайында адамдар діни рәсімдері, әдет- ғұрыптарды сақтай отырып, діни мекемелерде некеге тұра алады. Қазақстан Республикасының Заңды мұндай некеге тыйым салмайды. Бірақ мұндай некенің заңды күші бар деп есептемейді. Бұл, тараптар арасында есеулер иуа қалған жағдайларда олардың некелік құқықтарының мемлекеттік органдарында танылмайтындағын біліреді.

Халықтық, қоғамның бүгіні мен болашағы отбасы тағдырымен, олардың игіліктерімен  тығызбайланысты. Сондықтан заң  некеге отырған адамдардың денсаулығын  сақтауға ерекше талап қояды. 

Мынадай жағдайларда некеге тұруға рұқсат етілмейді.

  1. некеге тұруға тілек білірушілердің біреуі басқа адаммен некеде тұрса. Мндай шарт бір ғана неке принципінен туындайды. “Басқа адаммен неке” деп басқа адаммен АХАЖ-да тіркелген және бұзылмаған неке танлады.
  2. Тікелей алыс, жақын туыстар, қандас және жартылай қандас аға және қарындас арасындағы, бала етіп асырап алушылар мен асырауға алынғандар арасындаға некеге тыйым салындаы. Заң тікелей туыстық ұғымына түсінік бермейді. Бірінен-бірі тарағандар, мысалы әке мен ана ұл нмесе қыз, әже немесеата және немерелер тікелей туыстар болып табылады. Бір ата- анадан тарағандар қангдас аға- іні және апа-сіңілілер болып есептеледі. Егер ансы бір, бірақ әкесі басқа немесе әкесі бір, анасы басқа аға- іні, апа- саінілер де болады. Ол әр ерлі- зайптының бұрынғы некеден туған балалары. Заң мұндай аға-іні және апа- сінілінің некелесуіне тыйым салмайды.
  3. Бала етіп асырап алушылар мен асырауға алынған балалар өздерінң құқықтары мен міндеттері жағынан шығу тегі бойынша ата-аналар және балаларға теңестріледі. Олардың арасындағы неке моральдық нормаларға қайшы келеді. Сондықтан лоардың арасындағы некеге тыйым салынады.
  4. Рухани дертке шалдыққандар немесе ақылы кем адамдардың арсндағы некелерге де тыйым салынады. Олар үшін, сот мұндай ауру адамдардың некелесге қабілетсіздігін тануы тиіс.

Өкінішке орай, адамдар рухани дерт немесе ақылдың кемдігі туралы барлық уақытта бірдей біле бермейді немесе мұндай жағдайда назар аудармайды. Ал некелекен мұндай адамдардан ест  ұрпақтардың тарауынеғайбыл. Болашақ  ұрпақ тағдыры үшін отау құруға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Некеге отырғысы келетін азаматтар бір- бірнің денсаулығы туралы мейлінше хабардар болуы тиіс.

Отау құрғаннан кейін ерлі- зайыптылардың  ұқығы мен бостандығы пайда болады. Егер некелескенге дейін ер адам мен әйел адамнң арасындағы қатнас ізгілік нормаларына негізделсе, некелескеннен кейін лоардың арасындағы заң нормаларына негізделген құқықтар мен міндетер пайда болады.

Ерлі- зайыптылар арасындағы құқық  ек топқа; жеке құқыққа және мүліктік құқыққа бөлінеді. Жеке құқық адамның өзімен мамандығын, жеке қалауы бойынша қызметтандау құқығы жатады.Заң бойынша әйел қыз кезіндегі тегін сақтау немесе ерінің тегін алуға құқылы. Отбасылық өмірдегі мәселелерді шешкен кезде ерлі- заыпьылардың бірінің өз пікірін екіншісіне таңуға құқығы жоқ, әйтпесе, ол жеке бостандықты шектейді. Ерлі- зайыптылардың бірінің екіншісінің мамандық, қызмет орнын тандауын шектеуіне құқығы жоқ. Бұл мәселелер мәжбүрлеусіз, бірі-бірінің бостандығы мен қадір- қасиетін құрметтей отырып шешілуі тиіс. Конституция бойынша еңбек етуге, мамандық, қызмет түрлерін және т.б. таңдауға әйелі мен ері тең құқылы.

  Бірлескен өмір кезіндеге диналған мүлік ортақ меншік болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлік ерлі- зайыптылардың екеуінің еңбек етуі нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі, үй шаруаысындағы еңбекпен, бала тәрбиесімен айналасуы мүмкін. Тіпті, осындай жағдайдың өзінде ерінің кірісі де ортақ мүлік болып есептеледі. Әрине, егер отбасында мүліктің кімдікі екендіг туралы егесулер туған жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен сотқа жүгіне алады. Сот мүліктің пайда болуына қатысты барлық мын - жәйды екере отырып, мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі- зайыптылардың  тәртіп жағдайын, бір- біріне деген, балаларына деген қатынасыненкереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар ерлі- зайыптылардың бірінің атына жазыады Тіпті, осындай өзінде ол заттар ортақ мүлік болп табылады. Сондықтан ерлі- зайыптылардың бірі екіншіснің келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға,сыйлауға және т.б. құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылард орртақ мүлік тағдырын өзрар келісіп шешіу тиіс.

Ерлі- зайыптыларды біреуінің ғана иелігіндегі мүлік те болуы мүмкін. Оған некелескенге дейінгі мұралыққа  қалдырылған, әлдекімнің сыйлаған мүліктері  жатады. Олар ортақ мүлік болып  табылмайды. Ол мүліктерге ерлі- зайыптылардың әрқайсысы тиісінше өзі билік етеді. Жеке заттарға жеке пайдаланудағы заттар да жатады. Алайда, бірге тұрмыс құрған кезде алынған құнды заттар жалпы ортақ меншік болып табылады.

Өз мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі- зайыптылардың әрқайсысы өзі жеке жауап береді. Егер ерлі- зайыптылардың біреуі қылмыс жасаудың нәтижесінде басқаның мүлкін бүлдірсе, ол өзінің жеке мүлкімен жауап береді, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүліктегі өз үлесінен төлейді. Егер жалпы ортақ мүлік жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе, онда екіншісіне келтірілген зияның орны жалпы іске қатысты барлық деректер жан-жақты текерілуі негізінде сот арқылы шешледі.

Айтылғандардан көрнгендей, ерлі- зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға  мәлім моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың құқықтары мен міндеттері, сондай- ақ жауаптылығы да бірдей.

Ерлі- зайыптылар бірінің алдында  бірі жауапты. Ол ізгілікті, адами жауаптылық қана емес, сонымен бірге заң алдындағы да жауаптылық. Заңды жауаптылық ерлі- зайыптылардың бірі көмекке мұқтаж олған, ал екіншісі көмек көрсетуден саналы түоде бас тартқан кезе туады. Мұндай жағдай заң көмекке мұқтаж жағынан екіншісінен алимент өндіріп алу туралы сотқа жүгіну құқын береді.. Іс жағдайын мұқият қарағаннан кейін мәселені сот шешеді. Кейбір жағдайларда ерлі- зайыпты алимент төлеуден босатылуы мүмкін. Егер отбасының ажырасуына зайыбы кінәлі болып табылса, онда ол алимент алу құқығынан айырылады. Некенің бұзылуы барлық уақытта бірдей ата- аналық құқық пен міндетті тоқтатпайды.         

Балаларына қамқорлық- ата- аналардың  қасиетті борышы. Балалар- қоғамының  болашағы екені баршаға белгілі. Алдайда, өкінішке орай, осы бір қарапайым ұғымды ұқпайтындар табылады. Сондықтан, заң балаларға күнделікті қамқорлық туралы моральдық нормалармен бірге, ата- аналар үшін құқықтық міндеттер де белгілейді. Заң ата- аналардың балаларының заңды мүддесін қорғауын және қанағаттандыруын талап етеді. Балалардың заңды мүддесі дегеніміз не? Бұл біріншіден, балалардың дененің сау болуы; екіншіден, білім, мамандық алуына белсенді ықпал ету; үшіншіден, балаларын адамдар қоғам, мемлекет алдында азаматтық жауапкершілік рухына тәрбиелеу.

Өз кезегінде мемлкет отбасының нығаюына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, көп балалаы отбасыларға материальдық көмек көосетеді. Мысалы, олардың фермрлік шаруашылықтар кұруына қажетті көмек жесайды. Ата- аналар балаларын оқыту және тәрбиелеу үшін мектеп жасына дейінгі мекемелерге, оқу орындарына беруге құқылы. Әрине, ата- аналар балаларын кәмелеттік жасқа жеткенше және арнаулы білім алғанға, жеке өмір сүруге қаоыптасқанға дейін оқытып, тәрбиелеуге тырысады.

Балаларын тәрбиелеу мен оқыту- тек құқық қана емес, сонымен бірге  белгілі деңгейде міндет те. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша балалардың орта білім алуы міндетті болғандықтан, олардың білім алуын қамтамасыз ету, қажетті ағдай туғызу ата- аналардың міндеті болып табылады. Бұрын мектептер тек мемлекет қарауында болды, ал енді білім беру деңгейі мемлекеттік мектептердегіде төмен болмауы тиіс  жеке мектептер құрылуда. Тек осындай жағдайда ғана жеке мектептерде берілетін куәлек мемлекеттік мектептерде берілетін куәлікке теңестіріледі. Ата- аналар балаларын мемлекеттік мектептермен бірге жеке мектептерде де оқытуға құқылы.

Кейбір мектептер жеке ғылым  саласы бойынша мейлінше терең білім  береді. Әр халықтың балалары тәрбиелеуге  қатысты жүздеген жылдар бойы қалыптасұқан әдет- ғұрыптары, дәсиүрлері бар. В.Даль тәрбиеге мынадай анықтама береді: «сәби шағынан бастап ержеткенге дейін заттық және ізеттілік жөніндегі сұранысына; ең кем дегенде ержеткенге дейін тамақтандару, асырау және киіндіру; ал жоғары мәнінде өмір сүруіне қажеттіні алуына, бойына сіңіруіне, бүкіл игілікке йретуге қамқорлық көрсету». Тәрбиелі адам- дөрекілікке, көргенсіздікке қарсы өнегелікке қағидасын бойына сіңірген адам. Ата-ананың ізгі де, құқықтық та міндеті- тәрбиелі адам қалыптастырауға талпыну. Әрине, ата- аналар бірінші кезекте өз балаларын ұлттық әдет- ғұрыппен, дәстүрмен, қағидалармен тәрбиелеуге тырысады.

Жеке адам да, қайсыбір бірлестік  те алдарына нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік діни теңсіздіктер көздейтін міндеттер  қойып, осы мақсатта  жұмыс жүргізе  алмайды. Басқаша айтқанда, ұлттық және басқа сезімді, әдет- ғұрыпты, дәстүрді күлкі етуге, қорлауға болмайды. Әр ұлттың ішкі өз әдеп- ғұрпы, дәстүрі өзіне жақын. Сонымен бірге кез келген ұлттың адамдары оқшау өмір сүрмейді, басқа да  көптеген ұлттардың өкілдерімен бірге өмір сүреді. Мұндай жағдайда баланы тек басқаларынан басым болатын ұлттық қағида, дәстүр рухында ғана тәрбиелеу, әрине, адамдардың, жақындастыруға, олардың бірге оқцына, бірге қызмет етуіне, брге өмір сүруіне игі әсер етпейді. Ондаған жылдар бойы бір мемлекетте қатар өмір сүрген қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер,татарлар, кореилер және басқалары қалыптастырған жалпыхалықтық дәстүрлер, әдет- ғұрыптар аз емес. Енді дербес өмір сүру жағдайыда олар одан да ерекше мәнге и болуда, тіпті, Конституцияға сәйкес, Қазақстанның барлық азаматтары-бірі, бір тұтас халық.

Өз балаларын тәрбиелей отырып, ата- аналар балаларының мүдделерін қорғауға құқылы. Кәмелетке толмауына, қабілетінің толық жетілмеуіне  байланысты балалар өз мүдделерін қорғай алмайды. Ата- аналар, бірішіден, өз балаларын  құқығын қорғауға тиіс. Мұндай құқықтың қатарына мүліктік, жеке және басқалай құқықтар жатады. Екіншісіне, балалрдың заңды мүдделері жатады. Оған, атап айтқанда, нәтижесінде балада белгілі бір құқықтар, мысалы  мұралыққа құқық пайда болуы мүмкін фактілерді қорғау балалардың құқығын бұзушылықпен күресте көрінеді.Ол ата- аналардының заңды өкілдері болып табылады. Ол ата- аналардың, белгілі бір жағдайларда балаларға қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен тағайындалуымүмкін қамқоршы мен қорғаншыдан ерекшеленеді.

Әке мен ана тең құқылы. Сондықтан екеуі де кәмелетке толмаған балалрының заңды өкілдері болып табылады. Ата-аналардың өздерінің балалрына қатысты табиғи міндеттерін саналы түрде сезінбеуі немесеолард немқұрайлы орындамауы мүмкін. өкінішке орай, мұндай келеңсіз жайттер өмірде жиі кездеседі. Әрине, өз балаларының тәрбиесіне немқұрайды қараулан, ең алдымен, ата- аналардың өдері зардап шегеді. Балалардың тәрбиесіздігінен, өнегесіздігінен балалрдың өздері жиі таяқ жейді. Бірақ, тәрбиесіздік құқық ұзуға қолайлы жағдай жасайтындықтан, басқа адамдарға, тұтас алғанда қоғамға зиян келеді. Сондықтан өзінің борышын өтемейтін ата- аналарға қатысты заң ықпал ету шараларын көздейді. Ерекше жағдайларда ата- аналар өздерінің құқықтарынан айырылуы мүмкін.

Ерекше дағдайлар деп нені түсінеміз? Оған, біріншіден, өзінің тәрбие жөніндегі міндетін орындаудан жалтару жатады. Мұндай келеңсіз жайт ата- аналар адамгершілік тәрбиесіне мән бермеген, балаларының қалыпты өсуіне, дамуына және білім алуына қажетті жағдай жасамаған жағдайда туады. Екінші бір келеңсіз жайт, ата- аналақ құқықтардың теріс пайдалануы болып табылады. Мысалы, оқуға қатысуға, сабаққа дайындалуға келергі қояды, балаға зиянды басқа да әрекеттермен оларды білімнен қол үзуге мәжбүр етеді. Үшіншіден, ата- аналар балаларына қатыгез қарауы: ылғи да сабауы, қорқытуы, тамақ бермей қоюы, үйден қуыпжіберуі, баланың намысына тиюі,жәнет.б. қиянат жасауы мүмкін. Төртіншіден, ата - аналар өздерінің кері ықпал етуі мүмкін. Бесіншіден, гегер ата- аналра ішімдікке салынып кеткендер немесе нашақорлыққа болса олар ата аналық құқықтан айырылады.

Ата-аналық құқықтан айыру ата- аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынасты тоқтатады. Сот ана-аналқ  құқықтан айыған бұл ата- аналар бала тәрбиелеу құқын, сондай- ақ басқа  да жеке құқықтарын жоғалтады, ол басқа адамнан баланы талап ете алмайды, заңды өкіл ретінде олардың мүддесін қорғай алмайды, басқалай да  құқықтардан айырылады. Алайда, ата- аналық құқықтан айырылғандар балаға материалдық көмек көрсетуден босатылмайды. Егер ата- аналар өзінің тәртібін түзесе, олардың ата- аналық құқығы қалпына келтіруі мүмкін.

Информация о работе Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша