Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:23, реферат

Описание

Қазіргі кездегі құқықты терең оқыту, оның негізгі ұғымдарын, категорияларын, сомалары мен институттарын, әрекет етуші құқыктың актілерін, сыртқы саяси-құжаттар мен ғылыми зерттеулер болашақ мамандарда кәсібиліктің, құкыктық мәдениеттің, халықаралық қауіпсіздіктің көлемді жүйесі мен мемлекетаралық ынтымактастықты камтамасыз ету факторы ретінде табанды мәселелерді халықаралық құқықты реттеудегі барлық қиындықтарды шешу, сондай-ақ әртүрлі аспектідегі халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқыктың өзара байланысын анықтай білудің қалыптасуына әсер етуі тиіс.

Работа состоит из  1 файл

УМК ХЖК готовый + .doc

— 917.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принціптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы, ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс, барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы, кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы, кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы адам құқы туралы халықаралық  құжаттардың негізгі идеялары мен  қағидаларын қабылдады және оны  мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескер отырып нығайтты. Конституцияда  мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады ” (12-бап, 2-тармақ ). Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституцияның “Адам және азамат ” деген II тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқы мен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтылды. “Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады ” (12-бап, 3-тармақ ). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірнеше рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге ъъ“адам құқы ” ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, “адам құқы ” мен “азамат құқы ” ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат –деген адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген.

Алайда “азаматтың құқығы ” азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда “барлығы”, “адам”, “әркім”, “ешкім де емес” деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол тура көрсетіледі. 13-бапта: “Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін борлық тәсілдер мен қорғауға хақылы ” делінген. 14-бапта: “Заң мен сот  алдында жұрттың бәрі тең ” екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: “Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды ”. Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (10-баптың 2-тармағы). Конституцияда республика азаматының әскари қызметті өтеудегі міндеті айрықша атап көрсетілді (36-бап) және т.б. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы адам және азамат құқының  негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз  боларлық принциптерді жинақтайды. Мұндай принциптердің қатарына мыналар жатады:

1.Адам құқы мен бостандығының  айнымастығы. Табиғи танылған  құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атайды және  олардың жүзеге асырылуына, сақталуына  кепілдік жасайды. Не мемлекеттің, не оның органдарының, не лауазымды адамдарының, заңмен көзделгеннен өзге жағдайда, одан айыруына, шектеуіне құқы жоқ.

2.Конституция құқықтар  мен бостандықтарды теріс пайдалануға  тыйым салады. Адамның және азаматтың  бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екіншісінің құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқы мен бостандығының теңдігі бұған олардың бәрінің де иелігін білдіреді. Әрине, адам құқы мен бостандығын екінші біреу (біреулер) бұзған жағдайда заңды қорғау, басқа адамдардың құқын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзылғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді.

3.Конституциялық құқық  пен бостандықтың заңсыз шектелуіне  тыйым салынады. Сонымен бірге  Конституция шектеудің шегі мен  негізінде көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқы мен  бостандығын тек заң ғана шектеуі  мүмкін. Бұл заңға сәйкес нормативтік  құқықтық актілер арқылы (Президенттің нормативтік жарлықтарымен, Үкіметтің қаулысымен, министірліктердің, мемлекеттік комитеттердің, жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік актілерімен) адам мен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайтындығын білдіреді. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адам құқы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейінде шектелуі мүмкін. Бұл арада әңгіме, шын мәнінде адам мн азаматтың құқы мен бостандығын шектеуден гөрі, мемлекет пен адамның мүддесін жекелеген адамдар тарапынан болуы мүмкін қол сұғушылықтан қорғау туралы болып отыр. Үшіншіден, азамат саяси құқықтар мен бостандықтарды шексіз пайдалана алады. Конституция саяси себептер бойынша адамдардың құқы мен бостандығын қандай да бір шектеуге жол бермейтіндігін анық көрсеткен. Конституция қағидасының тағы бір құндылығы осында. Демек, саяси тұрғыдағы себеппен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайды. Әңгіме, бұл арада, адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік, экономикалық жеке құқықтары мен бостандықтары туралы болып отыр. Конституцияда қайсысы екендігі нақты көрсетілді. Ол азаматтың тең бостандығынан азаматтықтың қандай негізде алынғанына қарамастан, азаматтығын айыруға болмайтын азаматтыққа қатысты (10-бап). Мемлекет өз шегінде өз азаматтарын қорғауға және қорғаушылыққа кепілдік береді және оны мұндай қорғаушылықтан ешкім айыра алмайды. Мұндай шектеусіз құқыққа құқықтық, субъектілік, сот арқылы қорғалу құқығы, заң және сот алдында теңдік, өмір сүру құқығы, адамның жеке басының бостандығы, адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық, ана тілін пайдалану құқығы, ар-ождан бостандығы құқығы, меншікке кепілдік құқығы жатады.

4.Адам мен азаматтың  құқы мен бостандығының тікелей қолданылуы принцип ретінде онымен өзінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігі мен ақиқаттығын білдіреді. Мемлекет патернализм тұрғындардың қорғалуы төмен қабаты мен қамқорлықты шектеген жағдайда қабілетті адамның өзі заңда көзделген ережелер мен кепілдікке сүйене отырып, өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруға өзі қамқоршы болуы тиіс. Конституцияда әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі жазылған. Заңда көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.

Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі болып табылады. Конституцияда осы принцип адам мен азаматтың қызмет өмірінің барлық салаларына орай орнықтырылды. Айталық, заң мен сот алдында бәрі де тең. Бұл заң талабының баршаға бірдей міндеттілік екенін, заң ережелерін бұзғаны үшін бәрінің де бір деңгейде жауапты екендігін білдіреді. Сот алдында бәрі де тең. Ол адам мен азаматтың жағдайының қандайлығына (лауазымына, мүліктік жағдайына, ұлтына, жынысына, тағы басқаларына) қарамастан, сот бәріне де бір деңгейде қызмет етеді.

Сонымен бірге сот істі қараған кезде адамдардың жағдайларын, ерекшеліктерін емес, тек Конституцияны  және заңды ғана басшылыққа алуы тиіс. Адам мен азаматтың теңдігі конституциялық құқық пен бостандықтың ешқандай кемсітушілікке жол берместен, барлығына бір деңгейде қолданылуы тиістігін тануданда көрінеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (14-баптың 2-тармағы).

6.Заңдар мен өзге де  нормативтік құқықтық актілердің  адамның конституциялық құқықтары  мен бостандықтарының мазмұны  мен қолданылуын қамтамасыз ету  принципі. Бұл конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығы осы құқық пен бостандықты жүзеге асыру жағдайы мен тәртібін белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ең басты негізге алынатындығын білдіреді.

7.Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі болып табылады. Әркім де Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауы тиіс. Әр адам мен азамат адамдардың қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймайды, сондай-ақ бір-біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.

Азаматтардың басты міндеттері туралы. Азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарының дербес мәні болғанымен (оны азаматтар өз қаулылары мен пайдаланулары мүмкін ), оларды азаматтардың міндеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Қоғамда өмір сүріп тұрып, одан мүлдем тәуелсіз болуға болмайды. Робинзон аралда жалғыз тұрған кезде, онда ешқандай міндеттілік болған жоқ. Пятница пайда болып еді, өзара міндеттілік: бір-біріне көмектесу, бірін-бірі қолдау міндеті туады. Әр адамның өмір сүруге, өзінің денсаулығын сақтауға, өз еңбегінің жемісін көруге табиғи құқығы бар. Нақ осылай өмір сүруге, денсаулығын, меншігін және басқаларын сақтауға құқылы басқа адамдар да бұл құқықты құрметтеуі керек. Адамдардың табиғи міндеті осылайша табиғи түрде пайда болады. Адамдар да олардың өмір сүруінің нысаны болып табылатын және ол туралы қамқорлық жасауы тиіс қоғамның алдында, мемлекетінің алдында міндетті. Бұл міндеттердің маңыздылығы сондай, ол заңмен бекітіледі. Демек, міндеттемелерді орындамаудың оны бұзғандар үшін елеулі зардаптары болады.

Азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда  көзделген міндеттерге және конституциялық заңдарда көзделген міндеттерге  бөлуге болады. Конституциялық міндеттер  басты міндеттер болып табылады. Оған мыналар жатады: Конституция мен заңдарды сақтау: Конституция – Қазақстан мемлекетінің негізгі заңы, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайын белгілейді. Конституция халықтың мемлекетті билеу тәсілдерін белгілейді. Конституция – мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін бекітетін ең маңызды мемлекеттік акт. Басқаша айтқанда, Конституция – Қазақстан мемлекетінің басқа елдердің мемлекеттерімен өзара байланысының негізгі қырларын белгілейтін акт. Міне, осылардан келіп, ешкімді алаламай, лауазымды адамдардың Конституцияны сақтау міндеті туады. Егер олай болмаса конституциялық нормаларды бұза отырып, азаматтар, мұны қалай ма, қаламай ма, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне, оның іште де, халықаралық қатынастарда да беделі түсуіне әрекет қылған болып шығады. Сондықтан қоғамда қандай орын алса да, қандай лауазымды қызметті атқарса да Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және оны мүлтіксіз сақтау әр азаматтың қасиетті міндеті болып табылады.

Республиканың заңдарын сақтау азаматтардың конституциялық міндеті болып табылады. Сақтау дегеніміз бір жағынан, заң  талаптарын бұзбау, мысалы, әкімшілік, тәртіптік теріс қылықтар жасамау; екінші жағынан, жүктелген міндетті орындау. Әрине, заңдарды сақтау талабы азаматтардың заңдарды білетіндігін (немесе білуге тиістігін ) білдіреді. Алайда, іс жүзінде заңдарды азаматтардың бәрі бірдей біле бермейді. Сондықтан Конституция барлық заңдарды, басқада нормативтік актілерді жариялауды міндеттейді. Жарияланбаған заңдар қолданылмайтын заңдар деп есептеледі. Азаматтар өзіне, жұмысына қатысты заңдарды білуі, сақтауы тиіс. Азаматтардың заңдарды сақтамауы басқа адамдарға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіреді. Оның үстіне заңды бұзу – құқық бұзушының өзінің өміріне, бостандығына, игілігіне нақты қауіп төндіреді. Демек, заңды бұзудан ешкімде ұтпайды. Айналып келгенде бәрі де зардап шегеді. Азаматтардың тағы бір конституциялық міндеті – басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мн қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтарға осындай міндет жүктей отырып, Конституция ең жоғары құндылық ретінде азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, ар-намысына, қадір-қасиетіне айырықша мән береді. Шынында да өмірден, денсаулықтан, жеке бастың бостандығынан, адами қадір-қасиеттен құны не бар? Тіпті, ең қолы қанды, аса қауіпті қылмыскердің өзі өзінің өмірін, бостандығын сауғалап, жазадан құтылып кетуге тырысады. Басқа адмдардың құқығын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу үшін мейлінше адал, тәрбиелі, мәдениетті, әр адамның заңмен қорғалатынын терең түсіне білуі керек. Әрине, адамның ізгі қасиеттері, негізінен, отбасылық, қоғамдық қатынаста қалыптасады.Белгілі бір дәрежеде адамға биологиялық фактор да ықпал етеді. Бірақ, адамды қалыптастыратын ең маңызды фактор – оның санасы, орта. Алайда, заң үшін адамның қандай ортада тәрбиеленгенінің ерекше мәні жоқ. Заң барлық адамның теңдігі және қылмысына орай әр адамның бірдей жауап беру принципіне сүйенеді.  Салықтар және алымдар төлеу міндеті. Мемлекеттің, барлық адамдардың, мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруінің маңызды құралы салықтар мен алымдар болып табылады. Рыноктік қатынастарға көшу, жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдайында салықтар мен алымдардың ең негізгі бөлігі жеке адмдардан, азаматтардан түседі. Салықтар мен алымдарды уақытында саналы түрде төлеу қажеттігін адамдар көбірек сезінген сайын мемлекеттің де қуаты арта түседі, адамдардың өмірін жақсартуға, білім, ғылым, денсаулық салаларын дамытуға, зейнетақы төлеуге қаржы көбірек жұмсалатын болады.

Салықтар мен алымдар республикалық және жергілікті салықтар мен алымдарға бөлінеді. Республикалық салықтар мен алымдарды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және өзгертеді. Салықтар, алымдар, баж салықтары – салық төлеушілерден міндетті түрде түсетін ақшалай қаржы. Жеке тұлға – ол Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар. Жоғарыда көрінгендей, салықтар мен алымдарды тек республика азаматтары ғана емес, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар төлейді. Бұл және дұрыс, сөйтіп, шетелдіктер рұқсат еткен қызмет түрлерінің бәрімен айналыса алады. Мемлекет оларға қолайлы жағдай жасайды, олардың өмірін, денсаулығын, мүлкінқорғайды, бұған белгілі мөлшерде қаржы жұмсайды. Соған орай шетелдіктер де мемлекетке материалдық қолдау көрсетуі тиіс, яғни, мемлекет бюджетіне заңмен белгіленген ақшалай қаражатты енгізуі керек.  Салықты төлемегені үшін кінәлі жауаптылыққа тартылады.  Меншікті дұрыс пайдалану. Қазақстан қоғамының экономикалық негізін меншіктің екі түрі: мемлекеттік және жеке меншік құрайды. Мүліктік меншік – ол материалдық құндылық пайдалану үшін, яғни, пайдалы қасиеттерін алу үшін құрылады. Меншік иесі өз мүлкін пайдалануға құқылы. Бірақ меншікті пайдалану қоғам шеңберінде, адамдар арасында жүргізілуі және оларға, олардың заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс.

Мүлікті дұрыс пайдаланудың конституциялық талабы мемлекетпен  бірге азаматқа да қатысты. Азаматтардың өз мүліктерін дұрыс пайдалану міндетін ерекше атап айтқан жөн. Енді мүлік  дегеніміз тек жеке қажеттілікті қанағаттандыруға ғана қызмет етпейді. Рынок жағдайында зауыттар, фабрикалар және басқа кәсіпорындар мен техникалық құралдар азаматтардың да меншігіне өтеді. Осы мүлік иелері оны қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, басқа да заңды мүдделеріне зиянын тізбейтіндей етіп пайдалануы қажет. Бұл міндет орындалмаған жағдайда кінәлі адам мүліктік, ал кейде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сондай-ақ, олар өндіріс құралдарын алуға, кәсіпорындар құруға құқылы болғандықтан мұндай міндет шетелдік азаматтарға да жүктеледі. Қазақстан Республикасын қорғау – Республика азаматының конституциялық қасиетті борышы. Барлық азаматтар өздерінің әскери борышын өтеуге міндетті.

Әскери қызмет – республика азаматтарының Қарулы Күштер қатарында  өздерінің әскери борышын өтеуіне қатысты мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны. Әскери қызметтің түрлері мынадай:  солдаттардың, матростардың, серженттардың және старшиналардың аз мерзімдік әскери қызметі, солдат, матрос, сержант және старшина қызметінде келісім шарт бойынша орындалатын әскери қызмет, әйелдердің бөлімдерде келісім-шарт бойынша орындайтын әскери қызмет, әскер оқу орындары курсанттарының әскери қызметі прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызметі.

Информация о работе Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша