Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері
II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер
Әлеуметтік күш ретінде сауд әйелінің аренаға шығуы – сауд қоғамына жаңа түр беруші динамикалық өзгеріс. 60ж. бұл қоғам патриархалды сипатта болып, әйелдердің қоғамдық – саяси қызметке қатысу мәселесі тіпті қарастырылмаған да болатын. Қазіргі уақытта сауд әйелі өз елінің әлеуметтік және экономикалық өмірінде үлкен ролге ие.
М.В.Вагабовтың «Ислам және шығыс әйелдері» кітабында: «ислам әйелдерді жәбірлеуші, оның құқығына нұқсан келтіруші. Елде тұрмыстың ескі, патриархалды түрі сақталған. Сауд Аравиясында әйелдер сегрегациясы қатаң қадағаланады. Қыз балалар 14 жасқа толғанда басынан аяғына дейін қара жамылып, бетін жабуы керек. Чадра кию дәстүрін, әйелдердің тұйық өмір салтын ұстанушы ретінде бейнесі арабтық дәстүр емес, себебі, ертедегі арабтар бұл дәстүрді білмеді, ал көшпелі – бедуиндер оны қазір де білмейді» деп жазылған [20, 93б.]
60ж. реалистік тұрғыда
ойлаушы Сауд Аравиясының
Мұндай әрекетті король Фейсал (1964-1975 ж.ж.) бастады. Американдық прессаның берген сипаттамасы бойынша, ол «фантазер да, революционер де емес... Ол ешқандай идеологияны мойындамайды, тек Құранды мойындайды. Оның реформалары өмірге қолайлы және біртіндеп енеді».
Фейсал әйелдердің қазіргі қоғамдағы статусының ахуалы дағдарысқа әкелетінін түсінді. Сондықтан да ол, әйелдердің сауаттану мәселесін шешуге кіріскен сәтінде, оның діндарларының бірі: «Егер әйелдер сауатты болса, оларды үйде ұстап отыра алмаймыз» деп ескерткен [20, 94б.]. Жалпы алғанда әйел мәселесін алғашқы рет көтерген сириялық ағартушы Бутрус әл-Бустани. Ол әйелдердің білім алуын мақұлдап, білімді әйел отбасына, күйеуіне, балаларына пайдалы, тиімді болады деп тұжырымдады. Бұл идеяны сириялық жазушы Фарис Шидьяк қолдады. Мысырлық танымал тұлға Селим ал-Бустани «Әйелдер – мәдениет деген ғимараттың негізі, сондықтан ұлтты осы іргетассыз қалау мүмкін емес. Дамуға ұмтылған, бірақ әйелдер мәселесін шешпеген халық, бір аяғымен саяхатқа шыққан адамға ұқсайды» деп жазды. Бұл пікірлер әйелдерді қорғауға ұмтылған қозғалыстың алғашқы түрткісі болатын. Фейсал реформасының нәтижесінде қыздарға арналған алғашқы 16 бастауыш мектептің ашылуы, елде наразылық тудырды, кейбір қалаларда наразылықты басу үшін қарулы күш қолдануға тура келді. 1970 ж. мектептер саны 406-ға жетіп, 115 мың оқушы қыздарды қамтыса, 1974ж. қыздардың саны жалпы оқушылардың 30% қамтыды. Қазіргі уақытта бастауыш мектептен университетке дейінгі оқу сатыларында миллиондаған білім алушылар бар.
Сауд әйелдерінің дискриминация
Осындай ахуалға байланысты Сауд Аравиясындағы озат ойлы адамдардың арасында әйелдерге деген әділеттілік үшін қобалжу туды. «Матэн» газетінің хабарлауынша 1980ж. «Эрь - Рияд» газетінің редакторы Турки –ас Судейри жұмыстан кетті. Ас-Судейри өз газетінде бірнеше рет сауд халқының өмірлік деңгйінің өскеніне қарамастан әйлдердің ахуалын, елдің мәдени артта қалғандығы туралы жариялаған болатын.
«Нейшнл Кэмикл индастриздің» төрағасы Мұхаммед Бадравидің піірінше: «Урбанизация нәтижесінде физикалық күшке деген қатынас өзгереді. Егер адамдар жұмыссыздығын мәлімдесе, сіз не істер едіңіз? Әрине, шет елдіктерден бас тартасыз. Міне, осы сәттен бастап әйелдердің еңбек күші қажет болады. Себебі, кедергіні жоюға деген экономикалық қажеттілік пайда болады». Ер адамдар ұлттық кадрларға деген сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сондықтан дәстүрді елемей, әйелдерге оқу мен жұмыс істеуге рұхсат беру керек. Қазіргі уақытта сауд әйелдерінің арасында ғылым докторлары, университет профессорлары, математиктер, қоғам қайраткерлері, колледж декандары, радио дикторлары, банк директорлары бар. Егер 1980ж. Сауд Аравиясында 11847 әйел жұмыс істесе, 1982 ж.олардың саны екі есеге өсті. 80ж. капатилизмге бет бұрған сауд қоғамында әйелдер қызметінің жаңа түрі – банк ісі пайда болды.
1980ж. Қаңтар айында «әль - Рихаи» компаниясы алғашқы рет Эр – Рияда әйелдер банкін ашты. 1982ж. Елде банкир - әйелдер басқарған 13 бөлімшелер пайда болды. Осы бөлімшелерге жоғары білімді 120 сауд әйелдері шақырылды.
1981ж. Үкімет азаматтық
қызмет Кеңесінде әйелдерге
Ауғанстан. Мұсылман елдерінің бірі Ауғанстандағы әйелдер ахуалына тоқталайық.
Ауғанстан тұрғындарының 84% суннидтерді, 15% шииттерді құрайды. Ауғанстанда гендерлік сұрақ 120 жыл бұрын қарастырыла бастады. XIX ғ. 80 ж. елді басқарған Әбдірахман Хан некенің ерте және күштеп отырғызылатын түрлеріне шектеу қойып, әйелдердің мұрагерлік құқығын заңды түрде бекітуге ұмтылды. Кейін оның немересі Аманулла Хан XX ғ. басында осы саясатты ары қарай жалғастырып, әйелдерге паранджаны шешуге рұқсат беріп, қыздарға арналған алғашқы мектептер ашты, елде әйелдер ұйымын ашу идеясын қуаттап, әйелдерге жар таңдау құқығын берді.
20 ғ. екінші жартысында әйелдер құқығы мәселесі жақсы жақтарға қарай өзгере бастады. 50-60 ж.ж. маңызды жетістіктерінің бірі конституцияда ер адамдар мен әйелдердің тең құқығын, әйелдердің сайлау мен парлементке сайлану және үкімет мүшесі болу құқығын берді. Ауғанстан қыздарына жоғарғы оқу орындарында білім алуға, мемлекет мекемелерінде қызмет атқаруға рұқсат берілді. Сан ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан дәстүр сақталынғанымен, гендерлік теңдік мәселесі уақыт өте келе жақсара бастады.
Әйелдердің ахуалының жақсаруы 80 жылдарға тән. Бірақ елде басталған азаматтық соғыс және режимнің ауысуы Ауғанстанның саяси-әлеуметтік модернизациясын тоқтатты. Билікке келген талибтер гендерлік теңдікке тосқауыл қойып, ортағасырлық режимді орнатты.
Қоғамның барлық салаларын және жеке тұлғаның өмірін шариғат заңдарымен реттеуші исламдық теократиялық мемлекет құруды соңғы 1995-2001 ж.ж. аралығында Талибан қозғалысының әскери – діни басшылығы мақсат тұтты.
1996 ж. сәуірде, Қандағардағы
жиында, талибтердің мәліметі бойынша,
Ауғанстандағы «мұсылман
1997 ж. 20 қазанында жаңа
билеуші Ауғанстанды Ислам
Қасиетті Құран мен хадистерде мұсылманның қоғамдық және жеке өмірінің барлық қырлары мұқият қарастырылған. Қоғамның түрлі тарихи кезеңдерінде бұл қайнар көздерді түсіндірмелеудің түрліше сипат алуы әйелдердің қоғамдық өміріне әсерін тигізуде. Талиб улемдерінің тұжырымдауынша: «Құдайдың ңұсқауы өмірдің барлық қырларын қамтиды, ал саясат пен мемлекетті басқару өмірдің бір бөлігі болғандықтан дін мемлекет ісіне араласып қана қоймай, оны міндетті түрде басқару керек. Бұл тезистің дәлелі ретінде талибтік улемдер исламның ертеректегі тарихына сүйенеді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) және «әділетті» халифтердің алғашқы имамдар болуымен бірге жауынгер, мемлекет басшысы болғандығын алға тартады».
Ислам Әмірлігінің билігі «Ауғанстандағы барлық ұлыс пен ұлттардың теңдігін» жариялай отырып , іс жүзінде басқаша әрекет етті.
Иран әйелдерінің «Ислам төңкерісіне» дейінгі және кейінгі ахуалы.
Иран халқының ұлт-азаттық, демократиялық, шахқа қарсы және антиимпериялық күрес тарихынан әйелдердің ерлермен бірге қолына қару алып Отанының бостандығы, демократиясы және өздерінің азаматтық және әлеуметтік құқықтары үшін күреске шыққандығын көруге болады. Олар 19ғ. ортасында көтерілісші-бабидтердің қатарында, 19ғ. соңында «темекі көтерілісіне», 1905-1911 ж.ж. буржуазиялық төңкеріс баррикадасына қатысты. Осы уақыттан бастап олар өздерінің ер адамдармен теңдігін алды. 1905-1911 ж.ж. Иран төңкерісінің нәтижесінде қабылданған конституция «заң алдында Иран халқының тең құқығын» жариялады [20, 101б].
Иран әйелдерінің күресі 20ғ. 20ж. Ресейде болған Ұлы Қазан төңкерісінен бастау алды. 1920 ж. Иранның Коммунистік партиясы («Адалят») құрылды. Бұл партияның жетекшілігімен Тегеран, Реит, Пехлеви, Казвин т.б. қалаларда әйелдер қоғамы пайда болды. Осы жылдары әйелдер саяси, экономикалық, әлеуметтік тең құқықтары, сайлауға қатысу және сайлану, ажырасу және аналық құқықтыры үшін күресті.
Дәл осы жылдары әйелдердің
тарапынан талап қою мен
Иран үкіметінің бұл актілері иран әйелдерінің күресінің белгілі дәрежедегі жетістігі болғанымен, шын мәнінде елге келіп жатқан капитализмнің қажеттілігінен туындады. Шииттік дінбасыларының қысымымен үкімет аталған актілердің іске асуына шек қоюға мәжбүр болды.
30ж. соңында жалпы
бастауыш білім беру туралы
заң жүзеге аспады және
Иран әйелдерінің күресінің қарқыны иран халқының демократиялық, антиимпериалистік қозғалысымен қатар жүріп отырды және өршу мен басылудың бірнеше кезеңдерін басынан өткізді.
40ж. Иранның халықтық
партиясының демократиялық
Пәкістан. Пәкістан халқының 77% суннидтер, 20 % шииттер, 3% индуистер мен христиандар.
Пәкістан халқының көпжылғы тарихы еңбекшілердің өз құқықтарын қорғау жолында саяси картада пайда болған сәтінен бері, онда бірнеше саяси режимдер ауысып, үш рет әскери диктатура орнады.
1947 ж. Пәкістан «Муантбеттеннің жоспары» бойынша Индостандық субконтиненттің бөліну нәтижесінде мемлекет болып жарияланды. Ислам мемлекетін құру «халықтың атасы» Мұхаммед Әли Джиннаның идеясы болатын.
Алғашқы уақыттан бастап Пәкістаннның құрылымына жеке ислам институттары кірді, барлық ішкі және сыртқы саясат зайырлы болып қала берді және тәуелсіздік жылдарында қабылданған үш конституцияның негізгі бөлігін буржуазиялық республиканың зайырлы принциптері бекітті.
Елді исламдандыру процесінің Пәкістан әйелдерінің қоғамдағы орны мен роліне әсері қаншалықты деген сауалға жауап іздеп көрелік.
Пәкістан әйелдерінің құқықтарының шектелуі олардың әлеуметтік ахуалымен тығыз байланысты. Оның маңызды көрсеткіші - әйелдердің сауаттылық деңгейі. Дамушы елдерде зерттеу жүргізген шел елдік ғалымдар әйелдердің білім деңгейі осы елдердегі әйелдердің жалпы статусына ықпал етеді деген тұжырымға келіп отыр.
Олардың мәліметінше білім алу мүмкіндігі мен білім деңгейінің арасында жыныстық айырмашылық қаншалықты көп болған сайын, әйелдердің де статусы соншалықты төмен болады. Бұл мысалдардың дәлелі ретінде әйелдер сауаттылығы ең төмен елдердің бірі саналатын Пәкістандағы әйелдер білімінің жағдайын айтуға болады.
Пәкістандағы білім берудің мұсылмандық жүйесі ер адамдарға арналған, ал әйелдер үйлерінде оқыды. Қыз балаларға парсы және араб тілдерінде оқу мен жазуды үйретіп, Құранда көрсетілген ислам негіздері бойынша білім берілді. Күнделікті тұрмыста атқарылатын үй шаруасын меңгерді.
Шет елдік зерттеушілер Г. Клейн мен Р. Нествогельдің тұжырымдауынша Панджаб ауылдарында қыздардың мектепте оқуына жасы үлкен әйелдер қарсы болған. Олардың ойынша оқыған қыздар «тәрбиесіз болады және өздеріне үй шаруасын лайық деп есептемейді».
Мұндай пікірлерді діндарлар да қуаттап, қыздардың сыртқа жиі шығуына, олардың «исламдық» рухтағы тәрбиесіне кері әсерін тигізеді деп есептейді.
Пәкістандағы санақ мәліметіне сәйкес, 10 жас және одан жоғары жастағы әйелдердің 70,4% неке құрған [20, 145б].
Пәкістанның тәуелсіздік алуынан кейін әйелдердің статусын заң жүзінде көтеруге талпыныс жасалды. Әр түрлі уақыттарда қабылданған үш конститутция әйелдер теңдігін орнататуға ықпал жасады.
Діндарлар кеңесінің көшбасшылары Мұхаммед Хусеин Наими Абдул Малик және т.б. пікірлерінше әйелдердің ел басқаруы туралы сауал даулы мәселе.
2.3 Мұсылман
мемлекеттеріндегі әйелдердің
Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясы Мемлекет басшысының 2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің IV Форумында берген тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссиясымен өңделді. Стратегияны өңдеуге және оны талқылауға барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Стратегия жобасында Уәкілетті мекеменің ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді.
Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі