Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа

Описание

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер

Работа состоит из  1 файл

әйел құқықығы диплом 20121.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Сондықтан дипломда қарастырылатын сұрақтардың жауабын мұсылман елдерінің қазіргі таңдағы тынысынан бастайық. Ислам дінінің отаны болып есептелетін Араб елдерінің мұсылмандары исламды уағыздамайды, олар ислам дінін тарихи пайда болған кезінен бастап ұстанады. Сондықтан олардың өмір салты, қоғамның барлық салалары, экономикасы, саясаты, тілі, болмысы ислам заңдарын толық сақтайды. Мұсылман елдерінің ішінде Иордания және Сауд Аравиясы басқа араб елдері сияқты күшті отарлау мен модернизацияға ұшыраған жоқ. Қазіргі таңда олар жаһандық экономикалық жүйеге, халықаралық нарыққа тартылғанымен, дәстүрлі өмір салтын сақтауға тырысады. Мысалы: Иорданияда қазіргі уақытта да тайпа мен шейхтердің, рубасы мен діни көшбасшылардың ықпалы өте күшті. Тіпті корольдің өзі олармен есептесіп отырады. Араб тілі де сақталған.

Өткенге сәл шегініс  жасасақ мұсылман әйелдері исламның пайда болған сәтінен бастап ислам  дінінің таралуы мен нығайуы  үшін белсенділік көрсеткенінің  куәгері боламыз. Мұхаммедке пайғамбарлық  миссиясын орындау барысында  әйелдер қолдау көрсеткен. Мұсылман әйелдер пайғамбарды қолдай отырып, қоғам мен туыстарының қарсылығына қарамастан, оның соңына еріп, бірге шайқасып, ұрыс алаңдарында жаралыларға көмек көрсетті, адамдарға жаңа дін негіздерін үйретті. Бірақ, халифат шеңберінің кеңеюіне, феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуі байланысты саясат пен қоғамдық өмірдегі әйелдердің ролі ақырындап төмендей берді. Ақырында,  ортағасырда әйелдер өмірі отбасы, үй -  жай, гарем қабырғаларымен шектелді. Нәтижесінде, XIXғ. соңы мен XXғ. басында мұсылман әйелдері әлеуметтік өмірдің сахнасына шығыс модернизациясы белгілерінің бірі ретінде шықты.

Ұзақ уақыт бойы мұсылман әлемінің индустриализациясы, урбанизациясы  және секуляризациясы орнына келмейді деп есептелді. Модернизация идеологтарының пікірінше, мұсылман әлемі батыс өркениетінің жолын қайталауы тиіс.

Шынында да XXғ. алғашқы  жартысында дәстүрлі ислам елдерінің  либерализация мен эмансипациясы  жүрді. Мұсылман елдерінің бір бөлігі дамудың батыстық демократиялық  жолын, екінші бөлігі капиталистік емес жолын таңдады. Бұл жолдар ислам әлеміндегі әйелдерді де айналып өтпеді.

Батыс мұсылман әйелі  туралы оның чадра киетіні, үйінен шықпай, толығымен зайыбына бағынатындығын ғана біледі. Батыс исламның отбасылық  кодексін көпнекелілік, ер адамдардың үстемдігі деп таниды. Аталған стереотиптерден әйелдер қозғалысының реисламдандыру феноменін және қазіргі уақытта бүкіләлемді алаңдатып отырған мұсылман әйелдерінің белсенділігінің экстремалды түрін түсіну мүмкін емес.

Орындаушысы мұсылман әйел болған террорлық актілердің салдары Батыс, Ресей сияқты елдерде антиисламдық дүмпудің пайда  болуына әкелді. Олар исламды фанатизм мен басқа дін өкілдеріне дұшпандық әрекет етуші дін ретінде айыптауға тырысты. Батыста антиисламдық кампаниялар ислам дінінің ілімдерін, Құран аяттарын, Мұхаммед пайғамбардың хадистерін теріс түсіндірмелеуде [18, 14 б.]

Адам өміріне қауіп  төндіру, қылмыспен тең екендігі көрсетілген.

Атниисламдық идеологтар әйелдер ролі туралы ислам концепциясын мұсылман – камикадзе әйелдердің әрекетінен білуге болады деп тұжырымдайды. Олардың пікірінше, әйелдерді саяси мақсаттың құрбанына айналдыру фактілері исламдағы әйелдер дискриминациясының, әйелдердің ерлерден кейінгі екінші орында екендігінің, олардың ер адамдардың бұйрығына тәуелді екендігінің дәлелі [18, 16б].

Террорлық актілерді  көрген, естіген көптеген адамдардың ойына осындай әрекеттегі әйелдердің исламға қатысы қаншалықты деген  ой келеді. Исламда дін үшін соғыста  шейіт болған адам жұмаққа кіреді деген сенім бар. Террорлық актілер  жасаған әйелдердің санасына кінәсіз адамдардың, соның ішінде бейкүнә сәбилердің өлімін аттап, жұмаққа барамын деген ой келді ме екен? Осындай жан түршігерлік әрекеттерден кейін исламды әскери дін деп ойлайтындар да бар.

Мұсылман идеологтары  «ислам» терминінің өзін «слм», «салам» түбірінен шыққан, «бейбітшілік» дегенді білдіреді деп тұжырымдайды. Құранды мұқият түсініп оқыған адам, дінсіздерді өлтіруге шақыру туралы ешқандай аяттың жоқ екендігіне көзі жетеді. Соғыс туралы аяттарда егер өмірге, отбасына, отанға, исламға қауіп туғанда ғана қолға қару алуға болатыны айтылған. Құранның көптеген аяттарында Аллаһтың адамға берген өміріне ешкімнің қол сұғуға болмайтындығы айтылған. Және ол көп жағдайда болашақ ұрпаққа өмір сыйлайтын әйелдер өміріне қатысты. Құранда Аллаһ әйелдерді ер адамдарға «аманат» ретінде қалдырғандығы айтылады. Бұл туралы пайғамбарымыз қоштасу құтпасында: «Адамдар! Әйелдердің құқықтарына құрметпен қарауға және бұл тұрғыда Аллаһтан қорқуға кеңес беремін. Сендер әйелдерге Тәңірдің аманаты деп қараңдар» деп айтады. Олай болса, әйелдерді өлімге айдап, ислам тағылымын бұзатындар кімдер?

Сондықтан, әйелдер мәселесін  зерттеуде ислам ілімі мен  қазіргі саяси, әлеуметтік контексте  дұрыс саралай білу керек. Қазіргі  таңда мұсылмандар саны миллиардтан  асады. Мұсылман әйелдер әлемнің әр түрлі тілдерінде сөйлейді, әр түрлі мамандықтардың иесі, әр түрлі географиялық аймақтарда, әр түрлі әлеуметтік және материалдық жағдайда өмір сүреді, бірақ оларды  Мұхаммед пайғамбар енгізген ислам діні мен өркениеті біріктіреді. Олар өмірдің түрлі жағдайларынан туындаған сұрақтың жауабын қасиетті Құраннан іздеп табады.

Феминизмнің өсуі, әйелдердің қоғамдық қозғалысының белсенділігінің  артуы, әйелдер кәсіпкерлігінің  дамуы, олардың ішкі және сыртқы саясатқа қатысуы әлемнің көптеген зерттеушілерінің гендерлік мәселеге қызығушылығын арттыруда. Соның ішінде ислам әлеміндегі әйелдер статусы ерекше назар аудартады. Батыстық және Ресейлік ғалымдар арасында мұсылман әйелдердің ахуалы, олардың әлеуметтік статусы қазіргі әйелдер эволюциясының магистралды жолымен тоғыспайды, қарама – қарсылық тудырады деген пікірлер айтылып жүр.

Қазіргі уақытта әйелдер  тақырыбы саясиланып кеткен. Өкінішке орай, әйелдер ролінің эволюциясы, олардың құқықтары мен бостандығы туралы сауалдар мұсылман әлемінің өзінде дұрыс түсіндірмеленбейді.

Мұсылман әйелдерінің  қазіргі экономикалық, мәдени, саяси  – құқықтық статусын зерттеу барысында  бірнеше аспектілер қарастырылады.

Бірінші  – тарихи аспект. Мұнда мұсылман өркениетінің көне тарихындағы әйелдер ахуалы мен құқықтары мәселесі қалай шешілгендігі туралы қарастырылады. Мұхаммед пайғамбар және төрт халифа тұсында мұсылман қоғамы идеалды модель болғандығын естен шығармағанымыз дұрыс.

Екінші – деректанушылық аспект.  Ол әйелдердің ахуалы мен  құқықтары туралы сұрақтар мұсылман қайнар көздері Құран мен хадистерде қалай шешілетінімен байланысты. Мұнда легитимді, сакральды қайнар көздерге қарамастан мұсылман социумындағы әйелдер статусын түсінуде талас тудыратын сұрақтар аз емес. Саяси күрестің қасиетті кітап пен оның түсіндірмелерінен айналып өтуі де мүмкін. Радикалды исламизм идеологтары саяси бағдарламаларының және өздерінің әрекетінің дұрыстығын ақтау үшін Құран мен шариғатқа сүйенетіндігі түсінікті.

Үшінші аспект түрлі  өркениет жүйелеріндегі, елдердегі  және ұлттық мемлекеттердегі нақты тарихи кезеңдер мен дәуірлердегі мұсылман әйелдерінің әлеуметтік статусының өзгеруі мен дамуын бейнелейді.

Төртінші аспект қазіргі  кезеңдегі әйел мәселесін шешу жолдарын анықтаумен байланысты. Әйелдер мәселесі ерте кезеңдегі ислам уммасында қалай шешілгендігі, орта ғасырларда, Жаңа Заман дәуірінде бұл сауалды қалай қарастырғандығы, қазіргі уақытта ислам әлеміндегі және сыртқы елдердегі түрлі әлеуметтік жүйелерде қалай шешіліп жатқандығы арасында үлкен айырмашылық бар.

Мысыр. Араб елдеріндегі әйелдер эмансипациясы қозғалысы Мысырдан басталды.   XIXғ. бірінше жартысында әйелдер эмансипациясы сұрағы араб елдерін толғандырған өзекті әл әйелдерінің эмансипациясы әлеуметтік мәселеге айналды. Дәл осы уақытта мысыр қоғамының көрнекті қайраткерлері «әйелдер сұрағын» көтеріп, мұсылман әйелдерінің эмансипациясын жақтады. «Эмансипация» ұғымы араб тілінде екі терминмен анықталады: тахрир, қандай да бір тәуелділіктен «босатылу» және суфур, тура мағынасында «чадраны шешу, алу» дегенді білдіреді.

Әйел қоғамның өлшеуіші, оның дамуының көрсеткіші. Сондықтан болар француз философы Ш. Фурьенің «әрбір қоғамда әйелдер эмансипациясының деңгейі, жалпы эмансипацияның табиғи өлшеуіші» деген сөздері әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. 1899ж елде ерлер мен әйелдердің арасындағы теңдік үшін қозғалыс басталды. Бұл қозғалыстың дүмпуіне Касима Аминаның «Әйелдер эмансипациясы» кітабының жарыққа шығуы әсер етті.

1919ж. ағылшын  үстемдігіне  қарсы  Мысырдағы көтеріліс  кезінде колонияға қарсы қозғалыс  қайраткерінің жұбайы Худа Шаарави көшедегі демонстрацияға шығып, әйелдер мәселесін көтерді.       

1923ж. Худа Шааравидің ықпалымен «Мысыр әйелдерінің одағы» ұйымы құрылды. Бұл ұйым әйелдердің эмансипациясы мен азаматтық құқықтарына қол жеткізуіне ықпал етті.

1952ж. төңкерістен кейін Мысырлық әйелдердің өмірінде түбегейлі өзгерістер енді. Әйелдер сайлау құқығын иеленді, хиджабты шешугі рұхсат етілді, полгинияға тыйым салынды. Соңғы уақыттарда мысыр әйелдері ер адамдардың қызметі саналған медицина, қызмет көрсету, педагогика салаларында белсенді қызмет етіп жатыр. Мысыр қоғамында журналист, адвокат, профессор, дипломат әйелдер өз саласының білікті мамандарына айналуда. Сонымен қатар ислам фундаменталистерінің де пікірі де қоғам жадынан түспек емес. Олар әйел мәселесінде келісімпаздыққа келе қоймайды. Бұл қозғалыстың жақтаушылары қоғамға қайтадан алғашқы ислам принциптерінің келуін талап етеді, әйелдерді чадра киюге міндеттейді, оларға үйден тыс жерлерде қызмет етуге тыйым салады, деэмансипация және жыныстар сегрегациясы саясатын жүргізеді.

Мысыр конституциясында ислам мемлекеттік дін болып  жарияланған, ал шариғат принциптері  заң негіздерімен бекітілген. 1956ж. бастап мұсылман діни соттары мемлекеттік  сот жүйесінің құрамды бөлігіне айналды.

1962ж. ұлттық қозғалыс  Хартиясы ер адамдар мен әйел адамдардың арасындағы заңдық теңдік кепілдігін сөз жүзінде бекітті. 1956ж. әйелдерге сайлау құқығы мен мемлекеттік қызметтер атқару құқығы берілсе, 1962ж. министр әйелдер және парламент депутат әйелдері пайда болды. Жалпы білім беру жүйесі қыз балалар мен ұл балалардың тең жағдайда білім алуын қамтамасыз етіп отыр. Екі жыныс өкілдерін бірге оқыту мемлекеттік білім беру мекемелерінде тәжірибеден өтуде.

Шығыстың басқа елдеріндегі  сияқты Мысырда да отбасы қоғам өміріндегі маңызды орынға ие. Мысырлық отбасы- ерлі-зайыптылар мен олардың балаларынан  және әке жағынан жақын болып  келетін туыстардан тұрады. Отбасының  басшысы ересек ер адам мен оның әйелі болып саналады. Отбасы мүшелерін туыстық жақындық қана емес, әлеуметтік тәуелділік, парыз, міндеттер біріктіреді. Мысырлық отбасы – патриархалды қатынастар жүйесінен тұрады, күйеуі шексіз билікке ие, ал әйелі бағынышты. Мысырда көптеген әйелдер жұмыс істемейді және материалды жағынан толықтай күйеуіне тәуелді. Жалпы алғанда барлық отбасы моногамды және отбасында әйелдерді езгіге салу кездеспейді. Соңғы уақыттарда еуропалық өркениеттің әсерінен жас әйелдер білімді, карьера жасауға ұмтылып, еуропалық киімдер киюде, шет елдік университеттерде білімін жалғастыруда.

Сауд Аравиясы. Сауд халқының көп бөлігі мұсылман-сунниттер шамамен 85%, ал шииттер 15 % құрайды.

Сауд Аравиясының  саяси және әлеуметтік процестеріндегі  динамизм,  әлемдік және аймақтық саясаттағы даму ролі, қаржылық және экономикалық күші, оның  «мұсылман әлемінің» көшбасшылығына ұмтылуы, саяси табыс пен стратегиялық база үшін империя аралық бәсекелестік, 70-80ж.ж. «исламдандыру саясатының» интенсивті өсуі осы процестерге деген қызығушылықты өзекті етті. Сауд Аравиясы қазіргі кезеңге мұнай арқылы бай және дамушы ел ретінде енді. Қазіргі сауд қоғамының анықтаушы факторы ретіндегі мұнай, тек табиғи ресурс және энергия қоры ғана емес, оны игеру «технология, ақша, геосаясат, жұмыс күші, жаңа әлеуметтік кластар мен топтардың пайда болуын, жаңа демографиялық тенденциялардың, жаңа құндылықтар мен нормативтік жүйелердің, кикілжіңдердің жаңа түрлерін» әкелді.

Феодалдық қатынастар қалыптасқан  елге капитализмнің енуі жалпы шығыс  елдерінде  келе жатқан  даму жолының  тарихи сарынын бұзды. Феодалдық мемлекет мемлекеттік – капиталистік секторды құру қажеттілігімен бетпе – бет келді. Сондықтан қазіргі сауд Аравиясының тұрғындары феодалдық және капиталистік әлемдерде қатар өмір сүріп жатқан тәрізді. Арабтардың еуропалықтармен тығыз қарым – қатынасы батыс мәдениетінің өсуіне ықпал етті. Батыстан келген жаңалықтарға феодалды режимді, дәстүрлерді, тұрмысты сақтауға тырысқан феодалды – клерикалды идеологияның өкілдері қарсы шықты. Жаңа өмір салтын ұстанушылар батыстық білім алушылар, ағартушылар өкілдері, жалпы жастар қауымы болды. Оларды теңдік, бостандық мәселесі алаңдатты. Ағартушылардың баста талабы саяси сипатқа ие болды. Көптеген әлеуметтік мәселелермен қатар араб әйелдерінің эмансипациясы мәселесі ерекше көтерілді. Бұл мәселенің қойылуының өзі қоғамдық көзқарастың алға дамығандығын көрсетеді.

Мұсылман бедуин қоғамының  ғасырлар бойғы ескі дәстүрі елдің  дамуын тежейтін факторлардың бірі. Абсолюттік теократиялық мемлекеттің негізінде, буржуазиялық өзгерістерді тығырыққа  тіреуші билеуші монархия мен уаххабшылдық дінбасылары арасындағы одақ жатыр. Уаххабизм сауд қоғамының тарихындағы маңызды компонент, қазіргі уақытта да тұрақтылығын сақтауда. Бұл діни доктрина ерте ислам туралы уағыздайды.

Шексіз саяси тұрақсыздықты, экономикалық хаос пен оның құлдырауын уаххабизм, адамдардың бірқұдайлық принциптен алшақтауы және ислам әлемінің ауыр күнәға - бидаға батуы деп түсіндіреді. Бірақ жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік күштер қазіргі уақытта уаххабизм отанын өзгерістерге ұшыратты.

Сауд Аравиясында ислам  қоғам  өміріне интенсивті және тұрақты түрде әсер етеді. «Мұсылман әлемінде» бұл аймақ осы діннің пайда болған жері ғана емес, исламның қасиетті орындарын сақтаушы (Магриб, Оңтүстік Йемен т.б. елдер сияқты басқа мәдениеттің әсеріне ұшыраған жоқ).

Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі