Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа

Описание

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер

Работа состоит из  1 файл

әйел құқықығы диплом 20121.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Декларация 30 баптан құралып, азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қамтиды. Жалпы  алғанда, бұл барлық елдердің үкіметтері іске асыруға талаптанған біртұтас батыл да, ұзаққа белгіленген бағдарлама; Декларацияда әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға, әр адамның өркениетті өмір сүруіне бағытталған ережелер әлемдік қоғамдастық қызметінің маңызды келбеті болып табылады. Жалпыға бірдей декларацияны негізгі құрастырушылардың бірі Франция өкілі Рене Кассэн оны: «БҰҰ Жарғысының беделді түсініктемесі»,-деп атады. Ал 1960 жылдары БҰҰ-ның Бас Хатшысы қызметін атқарған, Бирма өкілі У Тан пікірі бойынша, Декларация – «Бүкіл адамзаттың ұлы еркіндік Жарғысы». Декларацияның алғашқы үш бабында барлық адамдар өздерінің құндылығы және құқы бойынша дүниеге еркін және тең болып келетіндігі жарияланған. Олар бір-бірімен бауырластық рухта қарым-қатынас жасаулары үшін ақыл-парасат пен ар-ожданға ие. Әрбір азамат нәсіліне, тегіне, тіліне, дініне, саяси сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайларына қарамастан Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланулары тиіс. 4-бапта құлдыққа тыйым салады. Декларацияны қабылдағанға дейін бірде-бір халықаралық құжаттарда құлдыққа байланысты мүлде айтылмағандығын атап өтуге болады. Шындығында, 1926 жылы 25-қыркүйекте құлдыққа қарсы күрес жөнінде халықаралық конвенция қабылданған болатын, алайда конвенция құлдықтың өзіне тыйым салған жоқ. Сондықтан да, Әйел құқықтарының жалпыға бірдей Декларацияның 4-бабының маңыздылығы өте ерекше, онда: «Ешкімнің құлдықта немесе тәуелді жағдайда болуы тиіс емес, құлдық және құлдық саудаға тыйым салынады»- деп жарияланған. Кейінірек осы баптың негізінде БҰҰ-ның шақыруымен 1956 жылы тамыз-қыркүйек айларында құлдыққа қарсы күрес жөнінде өткен Женева конференциясы 1956 жылы 7-қыркүйекте құлдықты, құлдық сауданы, құлдыққа үйлесімді институттар мен салт-дәстүрлерді  жою туралы қосымша конвенция қабылдады.

5-бап бойынша адамның  ар-намысын қорлауға, азаптауға,  тәуелді етуге, жазалауға тиым  салынады.

6-бап әр адамның  мемлекет жағынан анықталған  белгілі бір тәртіп бойынша  өзіндік құқыққа ие екендігін  айтады (мысалы сайлауға қатысу  құқы).

Жеке тұлғаларға байланысты іс жүргізу құқықтарына Декларацияның 7-8 баптарында өте көп көңіл бөлінген. Яғни ешкім заңсыз тұтқынға алынуға, қуғындалуға тиіс емес. Әр адам заң  бойынша ашық та, әділетті сот алдында  тең қорғалуға тиіс. Ал 10-11 баптар әр адамның күнәсіздігін жариялайды. Қылмысқа байланысты айыпталған әр адам заң жүзінде ашық соттың қарауы барысында айыбы дәлелденгенге дейін қылмыскер деп саналмайды. Сондай-ақ сот барысында айыпталушы адам қорғалудың барлық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

12-бап әр адамның  жеке басы мен жан-ұясына заңсыз  араласуына, жеке тұрғын үйіне,  хабар-ошар қағаздарына, ар-намысы  мен беделіне заңсыз озбырлық  жасаушылыққа қарсы бағытталған. 

Әртүрлі әйел құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде әр адамның ойлауы, ар-намыс пен діни еркіндігі, әр мемлекет ішінде еркін қозғалу, саяси негіздегі айыпталуына байланысты шет мемлекеттерден баспана сұрау құқы, бұған саяси емес қылмыс жасағандар, БҰҰ-ның мақсаттарына қарама-қайшы жасалынған іс-әрекеттер жатпайды. Кәмелетке толған ер адамдар мен әйел адамдарға неке қиюына, нәсіліне, ұлтына немесе дініне қарамай ешқандай шектеусіз жанұя құруына, жеке немесе бірігіп мүлікке ие болу құқы Декларацияның 13-18-ші баптарында жарияланған.

Ал 19,20,21-ші баптар өте  ерекше орын алады. Бұл баптар әр адамның еркін наным-сенімін, оны еркін білдіру, бейбіт жиналыстарға және бірлестік құру еріктілігі, мемлекет басқаруға құқылығы, тең еркін құпия дауыс беру сайлауына қатысу құқын мәлімдейді.

Азаматтық және саяси  құқықтармен қатар Декларацияның 22-27 баптарында бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық құқықтар: еңбек ету құқы, еңбегіне сәйкес тең ақы төлеу, ерікті түрде жұмыс таңдау құқы, кәсіподақ ұйымдарын құру құқы, ана мен баланы қорғау құқы жарияланған. Сонымен бірге, Декларацияда білім алу құқына да елеулі көңіл бөлген. Адам өзін қоршаған дүниені түсінуі үшін, басқа адамдармен қатынас жасауы үшін, бір-бірімен білім, тәжірибе, пікір алысу үшін ең алдымен білімді болуы қажет. Сондықтан да, білім алу – әйел құқықтарының бірі. Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында ең кем дегенде бастауыш және жалпы білім беру тегін болуы тиіс, ал техникалық және кәсіби білім беру көпшілік үшін қолайлы болуы тиіс, жоғарғы білім әркімнің қабілетіне қарай, барлық адамдар үшін бірдей қол жетерліктей болуы тиіс деп жарияланған. Сондай-ақ адам баласы қартайғанда, ауырған және жұмыс істеу қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге құқылы.

Қорытынды 28-30 баптарында әр адамның әлеуметтік және халықаралық  тәртіпке құқылығы танылып, қоғам алдындағы міндеттері айтыла келіп, Декларацияның қандай да бір мемлекетке, жеке тұлғаға немесе топқа осы Декларациядағы баяндалған құқықтар мен бостандықтарды жоюға бағытталған іс-әрекет жасауына жеңілдік береді деп түсінуге болмайды делінген.

Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының маңызы зор: онда алғаш рет халықаралық қатынастар тарихында орындалуға тиісті құқықтар мен бостандықтар негізінен айқындалған болатын.

Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы – бұл техникалық келісімдерден әлде-қайда жоғары тұрған халықаралық құжат.

Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы – нақтылы қамтылған аса зор құндылықтардың айнасы іспеттес. Бұл құндылықтардың ақиқаттығына толық иланғандықтан біз оны қорғаймыз, бұл құндылықтар табиғатымызбен бірге жаралған, бұл құндылықтарға қандай да бір мағынада кепілдік береміз.

Бүкіл әлемнің алдыңғы  қатарлы күштерінің әйел құқықтарын қорғаудағы халықаралық парықтарын бекітудегі күресінде бұл Декларацияның әсері өте зор.                                                                                                     

Алпысыншы жылдары Қазақстан  «дербес» ел саналса да, КСРО құрамындағы  басқа республикалар сияқты халықаралық  ұйымдарда тікелей өкілдік ете  алмады. Тіпті бұрынғы Кеңестер одағы  көлемінде өз елінің шынайы дербестігі туралы сөз етудің өзі мүмкін емес еді.

Қазақстан екі жарым  ғасыр бойы Ресей империясының отары  ретінде күн көріп келгені  мәлім. Енді, 1991 жылы егемендігін жарияланғаннан кейін біздің еліміз де дүние жүзі елдері қатарынан өз орнын алуы тиіс еді. Осы ретте Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетісімен, ол халықаралық қатынастағы аса беделді ұйымдарға, яғни 1992 жылдың 3 наурыздағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясында БҰҰ-на толық құқықты мүшесі болып қабылданды. Осылайша өзінің бірегей геосаяси жағдайларына орай Азия мен Еуропа арасында, Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениеті арасында ежелден өзіндік көпір болып келе жатқан ел әлемдік қауымдастықпен терезесін теңестірді. Жер көлемі әлемдегі ірі мемлекеттердің қатарына бола тұра, КСРО-ның көлеңкесінде аты мәлімсіз Қазақстанды енді төрткүл дүние таныды. БҰҰ-на аз уақыт ішінде мүше болған Қазақстан, Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі институттарымен тиімді ынтымақтасып, әлемдік саясаттың маңызды бағыттарында, оның ішінде әйел құқықтары мәселесінде табысты қызмет жасауда. Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасында демократиялық жүйенің түбегейлі қалыптасуына зор үлесін қосуда.

Қазақстан БҰҰ-ның экология саласындағы қызметін одан әрі нығайтудың маңызды екенін талай рет атап көрсеткен. Экология мәселесі бұл әрбір қазақстандық азаматтың жеке басының мәселесімен, яғни оның денсаулығы, оның сол аймақта баспанасына ие болып, салауатты өмір сүруімен тікелей байланысты. Бұл әр адамның таза табиғи ортада өмір сүру құқысының іске асуы. Қазақстан үшін мұндай қызметтің ерекше зор маңызы бар. Сондықтан да, Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 19-шы арнаулы сессиясында 1995 жылдың маусым айында сөйлеген сөзінде дүниежүзілік қауымдастықтың назарын Қазақстанға ауыр мұра болып қалып отырған аса күрделі экологиялық мәселелерге тағы да аударған болатын. Мұның өзі Арал теңізі маңындағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ аланы төңірегіндегі экологиялық апат аймақтарында қатысты еді. Айланып келгенде экологиялық апат аймағына көңіл бөлмеу бұл тағы да сол аймақтағы азаматтардың үрім-бұтағының келешегіне балта шабумен тең. Яғни өмір сүру құқына нұқсан келтіру.

Осы салада өткеннен мұра болып қалған күрделі мәселе –  Арал теңізінің тартылуы тек біздің республикамыз үшін ғана емес, әлемдік  мәселеге айналып отыр. Өйткені, осы аймақтан көтерілген тұз тозаңдарының құрамдары Еуропа да, тіпті Солтүстік мұзды мұхитта да бар екені байқалған. Арал аймағын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы апатқа соқтырарлық тапшылыққа әкелуде, халықтың денсаулығы барған сайын нашарлап барады, табиғи ортаның бүлінуі тоқтайтын емес. Бүкіл дүниежүзілік Банк деректеріне қарағанда, аймақты экологиялық жағынан қалпына келтіру үшін 25 жылдың ішінде 50 млрд. АҚШ долларын жұмсау қажет. Сондықтан да бұл мәселе басқа да көрші мемлекеттерге қатысты болса да, оған әлем жұртшылығының назарын аударуға  Қазақстан айтарлықтай күш салды. Соның арқасында республикаға БҰҰ бас хатшысының орынбасарлары Э. Даудевеллдің, Д. Спеттің және К. Белламидің келуі, Әлемдік банктің, ЮНЕП пен Ғаламдық экологиялық қормен, сондай-ақ ЮНИСЕФ-пен бірігіп, Арал аймағындағы жағдайларды жақсарту жөніндегі кең көлемді бағдарламалар жасауы мәселені шешуге жаңа арна ашып отыр. Арал мәселесін шешудің орасан зор маңызы бар.

Дүние жүзіндегі ең ірі  сынақ алаңы болған Семей ядролық  сынақ алаңында 470 рет жасалған ядролық жарылыс елді дүрліктірді, халықтың денсаулығына және табиғатқа орасан зор зардабын тигізді халықтың денсаулығына және табиғатқа орасан зор зардабын тигізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық сынақ алаңын жабу жөніндегі шешімін ядролық сынақ алаңын жабу жөніндегі шешімін ядролық қарусыздандыру ісіне қосқан тарихи маңызы бар жетістік ретінде қарауға болады. Бұл ретте де үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қозғалыстардың тигізген әсері өте зор. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ел басының бастамасы бойынша ядролық қару түрлерін таратпау мәселелері бойынша халықаралық конференция болып өтті. Оған қатысушылар бұрынғы Семей ядролық сынақ алаңын аралап көріп, жарты ғасырға дерлік уақыт бойы ядролық сынақтардың аса ауыр зардабына төтеп беріп келе жатқан Қазақстанға көмек көрсету қажеттігіне тағы да көздерін жеткізген болатын. Бұл әрине осы аймақта зардаб шеккен азаматтарға өздерінің табиғи түрде несібесіне жазылған денсаулық құқына тигізген кеселіне азда болса көмек ретінде еді. Өйткені сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығына қолдан жасалынған қастандық толығымен қайта өтелуі мүмкін емес. Бұл да адам құқының сақталмауының кесірі екендігі баршамызға аян.

Қазақстан мен БҰҰ-ның  арасындағы ынтымақтастық та өте зор маңызға ие. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 52-сессиясында Семей сынақ алаңына байланысты арнайы қарар қабылданған болатын. Ал оның арнайы ұйымдары – ЕЭК және ЭСКАТО жағынан Орталық Азия аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты бағдарлама қабылданды. Таяуда ғана БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Семей аймағындағы ядролық сынақ зардаптарын шеккендерге байланысты реабилитациялау шаралары жөнінде тағы бір қаулы-қарар қабылдады.

Халықаралық аса беделді  ұйым – ЮНЕСКО-ның басшылық органы саналатын Атқару кеңесінің құрамына біздің еліміз 1997 жылдың қазан мен қарашала өткен бас конференциясының 29-шы сессиясындағы сайлау барысында өз тарихында тұңғыш рет енген еді. Мұның өзі еліміздің халықаралық беделінің артқандығын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ЮНЕСКО идеяларын жүзеге асыру жолында өзіне зор сенім арттырылып, жауапкершілік жүктеліп отырғанын аңғартып, Қазақстанның осынау ұйыммен ынтымақтастығының жаңа деңгейге көтерілгенін паш етеді.

Қазақстанның ЮНЕСКО – мен ынтымақтастығының біздің еліміз үшін ерекше зор маңызы бар. Мұның өзі ғылым, мәдениет, білім, коммуникация саласындағы алуан түрлі маңызды жобаларды жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар адамзаттың алдыңғы қатарлы озық ақыл-ой қазыналарына, идеяларына сондай-ақ болашаққа бағытталған сындарлы бағдарламаларына бой ұру тұрғысынан да маңызды.

Қазір адамзат алдында  тұрған басты мақсат жаңаша ойлау  қабілетін басшылыққа алу, жаңа өмір-салтына  көшу, қоғамды жаңғырта дамытуға жаңаша тұрғыдан келу болып табылады. Міне, мұндай кезеңде болашақты болжаудың, жаңалықтар негізуге ұмтылудың және мұның бәріне де тың тұрғыдан келудің ерекше маңызы бар. Осыған байланысты БҰҰ мен ЮНЕСКО ұсынып отырған тиімді тәсіл дүниежүзілік мәдениет болып отыр, яғни, бүкіл әлемді жалпыадамзаттық рухани қазыналар тұрғысынан жаңаша көре білу қабілетін қалыптастыру – бостандықты, ынтымақтастықты және әйел құқықтарын қастерлеу болып табылады. ЮНЕСКО-ның Бас директоры дүние жүзі мемлекеттерінің басшыларына ұсынған осы бір жаңа жобаны Қазақстан Республикасы да қолдады.

Осы халықаралық ұйымның тікелей ат салысуының арқасында Абай мен Жамбылдың 150 жылдық мерекесі тойланғаны баршамызға мәлім. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майордың Абайдың туып-өскен топырағында болуы, оның шығармашылығымен танысуы ол үшін өз өміріндегі ерекше жарқын,ешқашан естен кетпейтін елеулі оқиға болмақ. Оның өз сөзімен айтқанда, «Абай оны ұлы даланың жүрегіне жол табуға көмектесті». Міне, сол кездің өзінде-ақ Ф. Майор Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерінің дүниежүзілік мәдениеттің мол қазынасына қосатын баға жетпес үлес болып табылатыны жөнінде өз пікірін айтқан болатын. Осының жарқын көрінісі ретінде 1997 жылы маусымда Францияда Мұхтар Әуезов күндері ЮНЕСКО шеңберінде айрықша атап өтілгені баршамызға аян. Мұның өзінен аса көрнекті қазақ жазушысының шығармашылық туындылары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына қосылған аса маңызды үлес болып табылатыны көрсететін құбылыс екенін айрықша атап өтуімізге болады.

Қазақстанда әйел құқықтарын қорғаумен және оны насихаттаумен айналысатын аз ғана құқық қорғау ұйымдарының қызметі БҰҰ және ЮНЕСКО ұсыныстарына сәйкес екеніде атап өтілді. БҰҰ-ның адамның жеке басын және адамның қадір-қасиетін сезінуін жан-жақты дамыту, халықты әйел құқықтарын оқып – үйренуге тәрбиелеу жұмыстары бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Келіспеушілікті шешетін орталық» үкіметтік емес ұйымдар мен Мәскеу әйел құқықтары мектебі, Эссек Университеті \Ұлыбритания\ әйел құқықтары орталығымен бірігіп, «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы әйел құқықтары саласындағы білім беру» жобасын жасады. Жоба Еуропа Одағының ТАСИФ-ФАРЕ демократиялық бағдарламасы тарапынан қолдау тауып, 1998 жылдан жүзеге асырыла бастады.

Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі