Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері
II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер
«Көшіп келуші жұмысшылардың, яғни Қазақстанға жұмыс істеуге келген адамдардың құқықтары сақталады ма?» деген сұраққа 1500 респонденттің тек 18% оң жауап берген. Дегенмен де респонденттердің 42,5% көшіп келуші жұмысшылардың құқықтары ішінара сақталады, ал 16,8% көшіп келуші жұмысшылардың құқықтары мүлде сақталмайды деп есептейді. Бұл мәліметтер көшіп келуші жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру қажеттігін дәлелдейді.
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша 2006 жылы Қазақстанға жұмыс істеуге, қызметтік және жеке істерімен, сондай-ақ турист ретінде 128673 алыс шетелдік келіп, ішкі істер органдарында тіркелген. Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 7462, соның ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6873 алыс шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған, олардың 2001-і өрескел заң бұзғаны үшін Қазақстаннан сыртқа шығарылған. ТМД елдерінен уақытша келген азаматтардан 1858812 адам тіркеліп, олардың 93461-і әртүрлі құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Іс-әрекеттерінде ҚР ҚК 330, 330-1, 330-2, 330-3 баптарында көзделген қылмыстардың белгілері көрінген шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін заңсыз көші-қонның ұйымдастырушылары мен сыртқа шығару туралы сот қаулысын орындамаған адамдарға қатысты 273 қылмыстық іс қозғалған.
Ішкі істер органдары Солтүстік Кавказ өңірінен келген адамдардың Қазақстанда жүріп-тұруын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізуде. Олардың ішіндегі заңсыз қарулы жасақтар мен лаңкестік ұйымдарды айқындау мақсатында келгендерге дактоесеп, Интерпол, Ресей ІІМ Ақпараттық-талдау орталығының есебі бойынша қосымша тексерулер жүргізіледі. Мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Заңсыз көші-қон арналарын айқындау мен жолын кесу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2006 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 4.8 тармағын орындау үшін көші-қон полициясы бөлімшелері ҚР Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитетімен, ҰҚК-мен бірлесіп «Құқық тәртібі», «Гастарбайтер», «Мигрант» арнайы жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді.
Ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестік пен заңсыз көші-қонның көрініс табуына қарсы әрекет ету жөніндегі іс-шараларды жандандыру шеңберінде 2006 жылғы 20 мамыр мен 5 маусым аралығында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына мүше мемлекеттер аумағында заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ үшінші елдерден шетелдік азаматтардың ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттерге кіріп-шығуының барынша қарқынды маршруттарындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін айқындау және жолын кесу жөніндегі бірлескен операция өтті.
Жедел-алдын алу іс-
Іздеуде жүрген 184 адам, соның ішінде 168 Қазақстан Республикасының азаматы және 16 шетелдік анықталып, ұсталған. Кісі өлтіргені үшін іздестіріліп жүрген 4 қылмыскер анықталған.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес «Заңсыз еңбек көші-қонын заңдастыруға байланысты кешірім жасау туралы» Заң қабылданды. Аталған заңды орындау шеңберінде ішкі істер органдары 2006 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығындағы мерзімде республика аумағында еңбек етуге заңсыз көшіп келушілерді заңдастыру жөніндегі акция жүргізіліп, соның нәтижесінде еңбек етуге заңсыз көшіп келген 164586 адам заңдастырылды. Шетелдік жұмысшы күшін заңсыз тартқаны және пайдаланғаны үшін 922 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еңбек көші-қонын реттеу
мақсатында 2004 жылғы 29 қарашада Шымкент
қаласында Қазақстан
Дөңгелек үстелдің көші-қон
қарым-қатынастары саласындағы
Заңсыз еңбек көші-қоны және оны реттеудің тиімді жолдарын іздестіру Қазақстанның көшіп келу саласындағы саясатының аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Көшіп келу ағынының ел экономикасының дамуына, демографиялық ахуалына және көші-қон қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етуі көп жағдайда бұл саладағы дер кезіндегі және дұрыс шешімдерді қабылдауға байланысты. Бұл саладағы негізгі міндеттер заңсыз көші-қонның жолын кесу жөніндегі шараларды күшейту ғана емес, сонымен бірге заңды еңбек көші-қонын ұлғайту және жұмыс істеп жүрген көшіп келушілерді заңдастыру болып табылады.
Тұтас алғанда көші-қон процестері барысындағы адам құқықтарының ахуалын талдау жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңдылық пен адам құқықтарын бұзуының жеке фактілері кездесетінін көрсетіп отыр.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғары Комиссары Басқармасының мәліметтері бойынша ТМД елдерінен 500 мыңнан астам әйел сатылған. Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сату Қазақстан мен басқа да бірқатар елдер үшін аса маңызды құбылыс болып отырғандығы соншалық, ол қауіпсіздік пен ұлттық генофондға қауіп төнгізіп отыр. Адам саудасына ұлты мен азаматтығына қарамастан қылмыскерлердің ұйымдасқан желісі жағдай жасап отыр.
Проблеманың әбден түсіндіруге болатын, объективті себептері бар екендігін көрсететін көптеген белгілердің бар екенін атап өту керек. Біріншіден, бұл Қазақстанның ТМД елдерімен шекарасының ашықтығы; екіншіден, мемлекеттер арасындағы және Қазақстанның ішіндегі көші-қон ағынының күшеюі; үшіншіден, экономикадағы игілікті жағдай және бұрынғы кеңестік елдермен салыстырғандағы жоғары жалақы; төртіншіден, ұйымдасқан қылмыстың жаһандануы, «тірі тауарлар» жеткізудің орнықты арнасын ұйымдастырудағы оның мүмкіндіктерін кеңейту, ол біздің елімізге жеткізуші ғана емес, сонымен бірге сатып алушы, транзиттік дәліз ретінде де қарайды.
Адам саудасының өсіп келе жатқан жағдайында біздің елімізде қолданыстағы қылмыстық заңнамаға аталған құқыққа қарсы әрекет түрі үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін арнайы құқықтық нормалар енгізілген.
Адам саудасына негізделген криминалдық бизнеске қарсы күресте 2000 жылғы 5 мамырдағы «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заң сөзсіз маңызды рөл атқарады, онда Заңның 1 бабына сәйкес мәлімдеушілер, көрген адамдар және қылмыс құрбандары болып табылатын қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын шаралар кешені көзделген.
Заңда адам саудасының құрбандары мен олардың отбасы мүшелерін қорғау үшін оларды жаңа тұрғылықты мекенге көшіру; құжаттарды алмастыру; сырт пішінін өзгерту; жеке басын күзету, тұрғын жайы мен мүлкін күзету; арнайы жеке қорғаныс, байланыс және төнген қауіп туралы хабарлау құралдарын беру; қорғалатын адам туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету; жұмыс немесе оқу орнын өзгерту; уақытша қауіпсіз жерге орналастыру жолымен нормативтік және құқықтық база жасалған (Заңның 7 бабы). Бұл ретте жәбір көргендердің де, олардың отбасыларының да қорғалуы көзделген.
Заңсыз көші-қон, адам саудасы және құл еңбегін пайдалану саласындағы қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеуді әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігінде мамандандырылған бөлімше құрылған.
Адам саудасын тергеу
жөніндегі әдістемелік
Адам саудасы саласындағы қылмыстар туралы статистикалық мәліметтер мынандай: 2006 жылы ҚР аумағында 16 қылмыс тіркелген, бұл 2005 жылғы тіркелгеннен 77,8%-ға артық. Іс жүргізуде сотқа 4 іс жіберілген, 8 қылмыстық іс тоқтатылған және 8 іс әртүрлі себептермен уақытша тоқтатылған.
Республика соттары осы санаттағы 3 істі қарап, оның ішінде біреуі бойынша ҚР ҚК 128 -бабы бойынша 1 адам сотталған. Басқа адамдардың әрекеттері ҚР ҚК 128-бабынан ҚР Қылмыстық кодексінің басқа баптарына қайта сараланған.
Талдау көрсеткеніндей, бұл қылмыстар: нәсіпқұмарлықпен және еңбекпен қанау мақсатында жасалған боп екі бөлікке бөлінеді. Қылмыстың бірінші тобы бойынша жәбір көргендердің басым бөлігін 16 мен 25 жас аралығындағы әйелдер құрайды.
Екіншісі бойынша - 20 мен 35 жас аралығындағы еркектер, көп жағдайда ТМД-ның орта азиялық азаматтары.
Жалпылау нәтижелері бойынша 2006 жылдың бірінші жартысында ҚР Бас прокуратурасы ҚР Ішкі істер министрлігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізді, облыс прокурорлары құқық қорғау органдарының заңсыз адам саудасымен байланысты айқындау және тосқауыл қою жөніндегі қызметін жандандыру туралы ақпараттық хат жіберді.
Сонымен бірге, адам саудасына
қарсы күресті үйлестіру
Адам саудасының трансшекаралық сипатын ескере отырып, ҚР Бас прокуроры шетелдік мемлекеттермен халықаралық-шарттық базаны кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Контрагенттердің қарауында
Египетпен, Израильмен, Сауд Арабиясымен,
Біріккен Араб Әмірліктерімен және Латвия
Республикасымен қылмыстық істе
Қазіргі таңда Франциямен, Германиямен, Бельгиямен, Грециямен және Румыниямен осындай шарттардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде.
Іс жүзінде шетел азаматтарының, Қазақстан азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың республиканың көші-қон заңнамасын бұзу фактілері көптеп кездеседі.
Заңсыз көші-қон проблемасы
бүкіл әлем жұртшылығы үшін тұрақтылық
пен қауіпсіздікке қатер
Бұл ретте Қазақстан заңсыз көші-қонның трансұлттық арналарының түйінді аралық буыны болып табылады, бұл бірінші кезекте республиканың тікелей Еуропа елдеріне барар жолда орналасқан ерекше географиялық жағдайымен; соңғы жылдары жаңа халықаралық әуе, темір жол рейстерінің ашылуымен; мемлекетаралық экономикалық, гуманитарлық, мәдени және діни алмасудың жан-жақты дамуымен; еліміздің мемлекеттік органдарының кейбір өкілдерінің жемқорлануымен; көшіп келуді бақылау жүйесінің жетілдірілмегендігіне, сондай-ақ шекараның айтарлықтай ұзақтығы және «мөлдірлігімен», ТМД елдерімен еркін жүріп-тұру режимінің сақталуымен байланысты. Сонымен бірге, заңсыз көшіп келушілерді экспорттаушы елдердегі әлеуметтік-саяси жағдайдың тұрақсыздығы, кейбір Азия, Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі соғыс, әскери қақтығыстар, ішкі саяси күрес зардаптары; лаңкестік, діни-экстремистік ұйымдар белсенділігінің өсуі айтарлықтай маңызды.
Заңсыз көші-қон арналарын
анықтау және жолын кесуге бағытталған
қабылданған жедел-іздестіру
Қолда бар мәліметтер
бойынша шетелдіктердің Қазақстанға
кіру арналарын бақылайтын жекелеген
мемлекеттік қызметкерлердің
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
Қоғамның әйелге қатынасы оның даму дәрежесі мен өркениеттілігін көрсетеді. Әйелдердің әлеуметтік – экономикалық статусы мен мәдени дәрежесін көтерудің маңызды факторларының бірі, дәстүрлі және қазіргі кешендерді үйлестіретін білім болып табылады.
Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі