Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа

Описание

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер

Работа состоит из  1 файл

әйел құқықығы диплом 20121.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Демек, көп әйел алушылық - өмір бойы бұлжытпай орындайтын ереже  емес, ерекше жағдайларда назарға алатын өлшем.

Мұсылман елдеріндегі ажырасу – отбасылық өмірдің мәні қалмаған жағдайдағы ең соңғы шешім. Исламда ажырасуға рұқсат берілген және ерлі - зайыптылар бірге өмір сүрудің ауырлығын сезінген уақытта талап етуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Қазақстан  Республикасындағы әйелдердің құқықтары  мен оларды қорғау механизмдері

3.1 Қазақстан  Республикасындағы әйелдердің құқықтық  жағдайы

 

       Қазақстан Республикасының Конституциясы адамдардың әйелдердің құқықтық жағдайы қолайлы айналадағы ортаны қорғауды - әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас конституциялық құқығы екенін анықтап берді.

        ХХ-ғасыр соңында Қазақстан территориясы  аумағы жағынан да, тұрғындардың  жан басына шыққанда да әлемдегі  ең лас территория болып табылды. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, азаматтардың қолайлы айналадағы ортада өмір сүруі мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз. Дәлірек деректеге сүйенсек, Семей ядролық полигонында 470 ядролық жарылыс жасалған. Оның 90-ы ауада, 26-сы жер үстінде, ал 354-і жер астында сыналған. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, осы жарылыстар салдарынан елімізде 304-мың шаршы шақырымдай аймақ бүлінген. Батыс Қазақстанға әскери - сынақ аймағы орналасқаннан бергі мерзім ішінде Жаңа қала мен Орда ауданына қарасты Нарын құмында 29 рет ядролық жарылыс сынағы болды. Оның 19-ы жер астында, 10-ы жер үстінде сыналған. Бұлардан басқа осы Нарында 24-мың   ракета  жарылысы болып,   әскери техниканың 177-түрі сынақтан өткен. РСД-10, СС-20 үлгісіндегі орта және жақын қашықтыктың 619-ракетасы жойылған. Бұл ракеталардың әрқайсысының салмағы 50-тоннаға жуық. Зерттеу жүргізген ғалымдар тек осы ракеталарды жоюдың салдарынан Жаңа қала, Орда ауданының ауа кеңістігіне 30-мын тоннадан астам аса улы күл - тозаңның жайылғанын дәлелдеді. Радиоактивті сәулеленудің көлемі жылдан – жылға көбейе түсуде. Әсіресе Қазақстанның радиоактивтік сәулелену жағдайы өте қиын. Қазақстанның қай облысын алсаңызда радиоэкологиялық апатқа ұшырамаған аймақты таба алмайсыз. Қайғы қасіретке толы аудандар көп кездеседі. Өйткені қазақ жерінде әскери - полигон болмаған жер аз.

Қазақстанда радиоэкологиялық ахуалды ұшықтырып тұрған, әрі болмысынан өзінің нақты шешімін таппаған - радиациялық қалдық мәселесі. Бұл тек Қазақстанға ғана тән емес, жалпы барлық мемлекеттердің, ғылымның алдында тұрған қүрделі мәселе. Мәселен, республикадағы радиациялық қалдықтардың белсенділігі 13,2 миллион кюри, ал барлық салмағы 232,7 миллион тоннадан асып отыр. Мұнымен қатар қосымша қордаланып жатқан қалдықтарды залалсыздандыру, есепке алу, және көму мәселелері мүлдем шешілмеген. Яғни қалыптасқан радиациялық ахуал одан әрі ұшыға түсуде. Біздің халқымызға келтірілген орасан зор материалдық және моральдық зиянды есептеп шығу мүмкін емес. Бабаларымыздан мұра болып қалған еліміздің тамаша табиғаты, халқымыздың эстетикалық талғамын қанағаттандыратын, оның әлеуетін көтеретін, табиғи сұранысын өтеуге қабілетті, құрамы қазба байлыққа бай өлкеміздің экологиялық ахуалы бүгінде осыншалықты күрделі жағдайда қалып отыр. 80 жылдардың бас кезімен сатыстырғанда уранның әлемдік рыноктағы бағасы бес есе азайып кетті. Алайда сарапшылардын болжамына қарағанда 2010 жылға қарай уранның бағасы қайта көтеріледі деп күтілуде. Өйткені дәл қазір уран рудниктерінің саны он есеге азайған. Әлемдегі атом энергиясын пайдаланатын обьектілердің көпшілігінің отындық қоры қайта жаңартуды қажет етеді.

Жаңа ғасыр - экологиялық  ең тиімді атом ғасыры. Сондықтан да уран өндірісін дамыту әлемге, өз экономикасын көтеруде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуде Қазақстан үшін қажет. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өзінің болашақ экономикалық даму бағытында уран өндірісін дамыту, атом энергиясын пайдалануды кеңейтуді жоспарлап отыр. Жетекші басқару органдары Қазақстан 2010 жылға қарай уран өндіруден әлемдегі алдыңғы мемлекеттердің бірі болады деп жосларлауда [2,3-б.].

Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам: талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе–теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз. Табиғаттың жеке тұлға мен қоғам алдындағы басымдығы туралы идеясы діни сенімнің жүйесінде ғана емес, сонымен бірге философиялық және ғылыми ілімде де бар. Мысалы, А.Швейцер табиғат алдындағы ізгілік этикасын жарияласа В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді қалыптастырды.  Осыған байланысты адамдардың өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауға деген  құқығы табиғи мәнге ие және құқықтың маңызды санатына кіреді. Қазіргі таңда экологиялық жағдай өршіп тұр. Қоршаған табиғи орта адам ағзасына кері әсерін тигізуде соның салдарынан адам өзінің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығын мемлекет тарапынан ресми түрде қорғауды қажет етеді.

 Қазақстан Республикасының  Конституциясының 31-бабында әрбір әйелдердің құқықтық жағдайын  қорғауға деген құқығы оның жай-күйі туралы толыққанды ақпарат алу денсаулығына немесе мүлкіне зардабы тиген кезде шығынның орнын толтыру құқығын бекітеді.

Әйелдердің құқықтық жағдайын  қорғауға деген конституциялық құқықты тану Қазақстан заңнамалары үшін негізгі сипатқа ие. Осы құқықты бекіте отырып 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің құқықтық дамуының жаңару үрдістерін нығайта түсті. Қазіргі таңда адам құқығы институтының ролімен анықтала түсетін осы заңдылықтың конституциялық тұрғыдан бекітілуінің саяси және заңдық тұрғыдан мәні үлкен. Адам құқығы өзінің табиғатында жеке адамның индивидтің қоғамның, мемлекеттің қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті обьективті шарттары мен әдіс-тәсілдерін қалыптастырады.

Белгілі Ресейлік ғалым  И.Л.Петрухин атап көрсеткендей қоғам  мақсатының иерархиясында әйелдердің құқықығы бірінші орынға қойылуы керек. Атап айтқанда адам құқығы мемлекет саясатын, дәлірек айтқанда адамдар арасындағы жеке тұлға және мемлекет арасындағы қатынастарды бейнелейді [ 21,25 бет]. Адам және оның құқықтары мен бостандықтарын үлкен құндылық деп тану- саяси және заң тұрғысынан жеке тұлғаның мүддесін қамтамассыз етуге бағытталған азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасына өзгерістер енгізуге әкеледі. Әйелдердің құқықтық жағдайы -бұл мемлекет сыйы емес, адамзаттың ажырамас қасиеті. Осы құқықтардың болуына орай мемлекеттік үкімет ұйымдары өзінің көріну және ықпал ету амалдары бойынша шектеліп қана қоймайды, сонымен бірге заңға бағынады. Қазақстан Республикасында жоғары құндылық ретінде бағаланатын адамның құқықтары мен бостандықтарын конституцияда ресми түрде жариялауын 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы  декларациясы секілді жалпыға танымал халықаралық актілер [59], 1966 жылғы Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық шарт және Азаматтық саяси  құқықтар жөніндегі халықаралық шарт  болып  танылады [3].

Әйелдердің құқықтық жағдайын - заманауи ғылым мен практиканың әлемі, экономика,  қоғам және демократия сияқты санаттармен қатар жүретін іргелі категориялардың бірі.

1. Қазақстан Республикасы  ішкі істер органдарының әйелдерді  зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыружөніндегі бөлімшелер Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің құрылымдық бірліктері болып табылады.

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді  зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің қызметі заңдылық, жариялылық, адамдардың конституциялық бостандығы мен құқығын құрметтеу қағидаларына сәйкес, «Қазақстан Республикасында әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдың ұлттық жоспары» негізінде, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссиямен, барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялармен, әлеуметтік еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарымен, құқық қорғау, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мақсатында құрылады.

2. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларация мен Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенция, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы ның «Неке және отбасы туралы» кодексі, қылмыстық және әкімшілік заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды.

3. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің негізгі міндеттері болып:

1) әйелдердің конституциялық  құқықтырын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылардан қорғауды қамтамасыз ету;

2) әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылықты ескерту және  олардың жолын кесу мәселелерінде  ішкі істер органдарының қызметін  үйлестіру; 

3) әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылық түрлеріне, нысандарына және әдістеріне, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарға аналитикалық зерттеулер жүргізу;

4) әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылықты ескерту және  оның жолын кесу мәселелері  бойынша тұрғындарға көмек көрсету болып табылады.

2.Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру

4.Қойылған міндеттерді  іске асыру мақсатында әйелдерді  зорлық-

зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

1)әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысатын  ішкі 

істер органдары қызметтік  іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асырады;

2)зорлық- зомбылық нысандары,  түрлері мен тәсілдері, зорлық-

зомбылыққа ұшырауға аса бейім әйелдердің санаттары  және оларды жасайтын адамдар туралы мәліметтерді жалпылайды және талдап қортындылайды;

3)әйелдерге қатысты  жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың

есебін жүргізеді;

4)алынған ақпаратты  автоматтандырылған деректер банкіне ұдайы және

дер кезінде енгізуді қамтамасыз етеді;

5)өзге де құқық қорғау органдарына және өкіметтің жергілікті атқару

органдарына, мемлекеттік  органдар мен қоғамдық бірлестіктерге:

а) әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылықты ескерту жөніндегі

проблемалық мәселелерді  қарау туралы;

б) мемлекеттік және үкіметтік  есмес құрылымдардың лауазымды  адамдарына ықпал жасау шараларын  қолдану қажеттілігі туралы;

в) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің әйелдерге  қатысты зорлық-зомбылықты ескерту мен оның жолын кесу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру туралы;

г) зорлық-зомбылық құрбандарын  ақтап шығару мәселелерінде психологтардың, социологтардың, медицина қызметкерлерінің және басқа мамандардың мүмкіндіктерін пайдалану туралы ұсыныстар жасайды;

6) әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғаумен байланысты болатын  құқыққа қарсы әрекеттердің жасалуына  жағдай туғызатын себептер мен  шарттарды талдайды;

7) әйелдердің ары мен  абыройына нұқсан келтіретін, оның  отбасы 

жағдайына және қоғамдағы  беделіне кері әсерін бұқаралық ақпарат құралдарындағы ашық жарияланымдарға дер кезінде назар аударады;

8) әкімшілік және қылмыстық  заңдарға сәйкес зорлық-зомбылық, қатыгездік, порнография мен нашақорлықты  насихаттайтын аудиовизуальдық  және баспа өнімдерін тартудың анықталған фактілері бойынша шаралар қолданады, оның тұрғындардың құқықтық сана-сезіміне теріс әсер етуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

9) әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылыққа жағдай туғызатын  себептер мен шарттарды оқып-үйрену  мәселелері боынша ішкі істер органдарының криминальдық полиция, тергеу бөлімшелерімен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

10) әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғауда үлкен қоғамдық резонансқа  ие болған өзекті фактілер  бойынша атқарушы органдарға ақпараттар жібереді;

11) әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғаумен байланысты болатын  қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту мәселелері бойынша жүйелі түрде тұрғындар алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлейді;

12) әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің жұмысы ІІББ-ІІБ бастығының қызмет жөніндегі орынбасары бекітетін тоқсандық жоспарлар негізінде құрылады;

13) мемлекеттік органдар  мен қоғамдық бірлестіктерде  олардың құзырына енетін мәселелер  бойынша ішкі істер органдарының атынан өкілді болады.

5. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелердің лауазымды адамдары:

1) қызмет көрсетілетін  аумақты мекендейтін тұрғындардың  санын, жалпы 

демографиялық және әлеуметтік құрамын, әйелдердің мүдделерін көздейтін үкіметтік емес ұйымдардың бар-жоғын және әлеуметтік-әкономикалық жағдайды сипаттайтын басқа да мәліметтерді;

2) әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғаудағы мәселелеріме, олардың 

конституциялық құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғаумен айналысатын жергілікті мемлекеттік органдарды;

3) әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғаудағы проблемалармен 

айналысатын мемлекеттік  органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуге міндетті.

6.Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің

қызметкерлерінің:

1) отбасы -тұрмыстық қарым-қатынастар  саласында әйелдерге қатысты  құқыққа қарсы бағытталған іс-қимылдар  жасайтын адамдарды ішкі істер  органдарына шақыруға, зорлық-зомбылыққа жағдай туғызатын себептер мен шарттарды оқып-үйрену үшін қажетті түсініктемелер алуға;

2) меншіктің барлық  нысандарындағы кәсіпорындардың,  мекемелердің, ұйымдардың, оқу орындарының  лауазымды адамдарынан әйелдердге  қатысты зорлық-зомбылықтан белгілері бар құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды анықтау үшін қажетті мәліметтер сұрауға;

3) Дағдарыс орталықтарымен  өзара іс-қимылдарға сәйкес әйелдерге  қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және олар бойынша заңдармен белгіленген шаралар қолдануға;

4) жеке және заңды  тұлғалардың әйелдердің конституциялық  құқықтары мен еркіндіктерін  бұзу туралы шағымдарын және  арыздарын қарауға құқығы бар. 

Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі