Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Марксистік бағытқа қарсы батыс және бұрыңғы кеңес ғалымдары іргетасы ағылшын ғалымы А.Дж.Тойнбидің еңбектерінде қаланған өркениеттік бағыттағы мемлекет типологиясына сүйенеді. С.Ю Кашкиннің жазуы бойынша, қазіргі конституция мәні мен оның эволюциялық болашағына көзқарас ең алдымен тар «формациялық» емес, керісінше қазіргі әлем бірлігі мен даму динамикасын толық қамтитын кең және кешенді жалпы өркениеттік тұрғыдан шығуы керек.

Мемлекет типологиясын өркениеттік тұрғыдан қарастыру мемлекет пен құқықтың қызмет етуінің ішкі ерекшелігіне негізделген және ондағы басты зерттеудің объектісі болып мемлекет пен жеке тұлғаның арақатынасы табылады. Өркениет (цивилизация) сөзінің өзі (лат.тілінен civilis-азаматтық,мемлекеттік), көп жағдайда мәдениет синонимін білдіреді. Өркениеттік тұрғыдан қарастырудың жақтастарының айтуы бойынша, мемлекеттердің типологиясын қарастырудың ең объективті жолы дейді, өйткені ол қоғамдық өмірдің әр алуандылығын ескереді: адам өміріне оның халқының, мемлекетінің тарихы, ұлттық мәдениет (тілі, әдебиеті, ғылымы, діні, өнері) көп әсер етеді. Мемлекеттің географиялық орналасқан жері мен халықтардың бір-бірімен байланысы көп мазмұнға ие. Құқықтанудағы өркениеттік тұрғыдан қарастырудың нәтижелілігін мойындай келе біздің зерттеу мақсаттарымызға Дж. Тойнбидің негізгі әдістемелік қағидасы сай келетіндігін айта кетеміз. Оның ойынша, табысты зерттеу үшін зерттелетін алаң кез келген жеке өркениет облысынан кең болуы тиіс. Бұл екі немесе одан да көп өркениеттер кездесуі, өзара әрекеттесуі тиіс аумақ болуы қажет.

Географиялық және саяси-құқықтық тұрғыдан еуразиялық мемлекет болып табылатын Қазақстанға көп ұлттық мәдениеттің кездесуі, өзара әрекеттесуі, үйлесуі тән. Қазақстан үшін өткеннің тәжірибесі жүздеген жылдар қалыптасып, әрекет еткен мемлекеттілік пен құқықты тікелей қайта қалпына келтірумен емес, керісінше мемлекет пен құқықтың ұзақ тарихи даму кезеңін, басым этностың ділін, қазіргі полиэтникалық, экономикалық, геосаяси, құқықтық және басқа да жағдайларға бейімделген әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін  көрсететін мемлекеттілік пен құқықтық жүйе құрумен оралуда.

Құқық қоғамдық қатынастар субьектілерінің теңсіздігі жоқтығынан дамиды және адамдардың өз құқықтары үшін күресуі (индивидтің қорғалуы ғана емес, оның басқа индивидтерден оқшаулануына алып келген) нәтижесі болып табылады. Сол себепті қоғамды ұйымдастырудың қауымдық нысанына ие халықтар құқықты қоғамдық қатынастардың басым реттеушісі ретінде әрдайым танымайды, бұл халықтарда айтарлықтай рөлге басқа әлеуметтік құндылықтар ие: мораль, салт-дәстүр, дін. Қоғамдық қатынастардың еуропалық түсініктегі құқықтық емес реттеушілерінің тиімділігі төмен және жұмсағырақ болады деуге де болмайды. Керісінше, мысалы, қазақ халқының әдет-ғұрыптық құқығында орын алған санкциялар ішінде өлім жазасы жиі қарастырылған, бірақ та жазалау түрі ретінде түрмеге қамау мүлдем кездеспеді, себебі көшпенділердің түсінігінше, жазалаудың мұндай түрі ең қатал болып есептелген.

Қазіргі қазақ халқының, тіпті көпұлтты Қазақстанның бар халқының діліне ұлттық өзгешелікке, Азияда және кішкене болса да бір бөлігі Еуропада жатқан біздің еліміздің дәстүрі, тарихи қалыптасқан өмір салтына, сонымен қатар еуропалық және жалпы әлемдік мәдени, оның ішінде құқықтық құндылықтарға сүйену қасиеті тән. Бұл дәстүр Әл-Фараби және кейінгі көрнекті қайраткерлердің ғылыми еңбектерінде жарқын көрініс тапты. Сол себепті жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақтың ұлттық зиялы қауымының ең көрнекті өкілі, «Алаш-Орда» партиясы көшбасшыларының бірі Ә.Бөкейханов, дәл сол уақытта кеңестік идеология берік бекітіліп, онымен қоса ғылыми зерттеулердің марксистік-лениндік әдістемесі басым бола бастағанына қарамастан, өзінің партиясының негізгі саяси көзқарастарын түсіндіре отырып, былай тікелей мәлімдеген болатын: «Біз - батысшылдармыз» /42, 39б./.

Егер де қазіргі уақыттағы ғалымдар марксистік-лениндік әдіснаманы «жалғыз ғылыми» ретінде мойындамаса да, бұл оның ғылыми әдіснамалардың бірі болып табылмайтындығын білдірмейді. Оның да барлық оң және жемісті жақтарын алу қажет. Бірінші кезекте – диалектико-материалистік әдіс, ол конъюнктуралық сынға қарамастан, әлі де өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. Бұл ғылыми танудың жалпы тәсілі, ол барлық ғылымдарда, ғылыми танудың барлық сатыларында қолданылады. Диалектико-материалистік әдістің мазмұнын диалектикалық логиканың қағидалары құрайды: танудың жанжақтылығына және әділдігіне, тарихи және нақты тарихи тұрғысына және т.б. талап.

Диалектика ғылыми зерттеу әдісі ретінде дамудың тарихи үрдістерін логикалық түсіндіру тәсілі болып табылады. Логикалықтың және тарихилықтың байланыс диалектикалық концепциясы өзіне эмпирикалық құбылыстардың теориялық пайымдауын (өткеннің, қазіргі шақтың және болашақтың) белгілі бір арнайы бүтін – тарихи процестің өзара заңдық байланысқан сәттері ретінде енгізеді. Тарихтың ерекше теориясы ретінде, диалектика тарихылықты, әлемге тарихи көзқарасты (оның ішінде саяси және құқықтық құбылыстар әлеміне де), жалпы адамның өмір сүруі мен оның дамуының қажетті нысаны ретінде тарихты білдіреді.

Объективтілік қағидасы тану процесі барысында зерттелуші құбылыстар мен фактілердің объективті шынайылығынан, олардың әрекеттерінен,байланыстарынан және қарым-қатынастарынан бастау алу керектігін білдіреді. Ғылыми зерттеу кезінде танудың жан-жақты болу керектігі туралы талаптың маңызы орын аларлық. Егер объектінің қандай да бір байланысы және қарым-қатынасы зерттелмей қалса, онда бұндай жағдай өз артынан зерттелуші объектінің негізінің толық емес және  нақты емес түсінілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Қазіргі таңда диалектикалық логиканың түрлі амалдары  көптеген құбылыстар мен оқиғаларға жан бере алады.

Мемлекеттің типологиясын формациялық және өркениеттік тұрғыда қарастыруды салыстырудың қажеттілігі бар ма? Мүмкін, жоқ шығар. Егер «Жапония – өзіне тән мәдениеті бар жоғары дәрежеде дамыған  капиталистік мемлекет» деген сөзсіз түсінікті және даусыз түйін-ой төңірегінде ортақ сөзге келе алмайтын дау туындап, онда бір тарап «Жапония – жоғары дәрежеде дамыған капиталистік мемлекет» деген «ең дұрыс және ғылыми негізделген» тезисті дәлелдеп, ал екінші тарап мұндай дәлелді жоққа шығара отырып, «Жоқ, керісінше, Жапония – өзіне тән мәдениеті бар мемлекет» деген пікірді айтса, бұндай жағдай дау тараптарының екеуінің де мәселеге қатысты біржақты қатынастарының айқын көрінісі болады. Біздің пайымдауымызша, адамзаттың дамуын түсіну үшін бағытталған марксизмдік көзқарас та, өркениеттік көзқарас та бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бір объектіні әр түрлі тұрғыдан қарастырып, олар бірін-бірі толықтырып тұрады.

А.Б.Венгеров қазіргі таңдағы құқықтанудың даму жолдары туралы ойлай отырып, былай деп жазған: « ....көрініп отырғандай, диалектика XX ғасырдың соңындағы жаңа білімнің және жаңа тарихи тәжірибенің әсерімен өзінің әлеуметтік саладағы танымдық және болжамдық қабілетін жойып алды» /44, 328 б./. Шынында да, әлемде болып жатқан қоғамдық-саяси күрделі өзгерістердің, оқиғалардың, саяси-құқықтық жағдайлардың, экономиканың және т.б. дамуын болжау мүмкін еместігі ғалымдардың ғылыми тану диалектикасының түкке тұрмастығын, керісінше кездейсоқ процестердің салтанат құруы туралы, сонымен қатар мемлекеттің құқықтық жүйесінің ұлттық ерекшелігі білгілі бір объективті және заңды жағдайлармен айқындалғаны жөнінде айтуына мәжбүр етуде.

XX ғасырдың соңындағы орыс тілінің сөздігінде «синергетика (грек тілінен Synergetikos-ортақ) – синергизм құбылыстарын зерттейтін ғылым» деген анықтама берілген. «Синергизм» өзін-өзі ұйымдастырған жүйе компоненттерінің бірлескен әрекеттері деп түсіндіріледі; сонымен қатар әлемді және жекелеген жүйелерді біртұтас қабылдаудың ғылыми тұжырымдамасы ретінде қарастырылады. Штуттгар университетінің профессоры Г.Хаттен «синергетика» сөзімен тұрақты құрылымдар мен күрделі жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруына әкеліп соқтыратын көптеген жүйеішілік жүйелердің өзара әрекеттесуінің жиынтық және ұжымдық әсерін белгілеуді ұсынды /4, 702 б./.

Қазіргі таңдағы батыс ғалымдарының санауынша, өзара әрекеттесу,өзара әсерлесу алыс та, жақын да кезеңге егжей-тегжейлі болжамдалуы мүмкін емес өзара байланысқан объектілердің белгілі бір әсерлесуін білдіреді. Жеке тұлғадан бастап қоғамда, мемлекеттерде, әлемдік қоғамдастықта, Жерде және Әлемде жағдайды күні бұрын болжап айту жайында мәселе туындайды. Осы мәселе бойынша француз әлеуметтанушысы Эдгар Мореннің болжап айтуынша табиғатта болып жатқан барлық құбылысты айырмашылықсыз тұрақты басқарып келе жатқан жоғары заңдардың орнына "өзара байланыс туралы заңдар жайында көзқарас келді... Бірақ бұл әлі барлығы емес: детерменизм мәселесі Әлемдегі тәртіптің мәселесіне айналды. Тәртіп түсінігі қоршаған ортадағы тек қана "заңдардың" болуына қатысты емес, сонымен бірге тағы да: қандайда бір реттеудегі шектеулерді, инварианттылықтарды, белгілі қатынастардың тұрақтылығын білдіреді... Қандай болмасын айырмашылықтарды жоққа шығарушы ескі детерменизм түсінігі айырмашылықтарды анықтаушы детерминацияны қолдануға негізделген эволюциялық көзқараспен ауыстырылды "/45, 28 б./.

Нобель сыйлығының лауреаты И. Пригожин мен И. Стенгерс өздерінің әйгілі "Хаостан тәртіп " атты зерттеулерінде, Э. Мореннің ойын дамыта келе қоршаған ортада детерменизм де, кездейсоқтылықта бар екенін, сөйте тұра олар бір бірінен бөлек емес, керісінше, келісіп, бірін бірі  толықтыратынын дәлелдейді. Зерттеушілер өздерінің жүргізген эксперименттерінің нәтижесінде өте тұрақсыз күйдегі жүйеге оның құрылымына, флуктуациясына қауіп төндіре әсер еткенде критикалық сәт келеді- жүйе бифуркация деңгейіне жетеді. Пригожин мен Стенгерс бифуркация деңгейінде жүйенің қандай күйге ауысып кететінін болжау мүмкін емес деп есептейді. Кездейсоқтылық жүйеден қалған жаңа даму жолына итермелейді, ал жол (көптеген болуы мүмкін жолдардың біреуі) таңдалғаннан соң, қайтадан детерменизм күшіне келеді- осылайша келесі бифуркация деңгейіне шейін болады /45, 28-29б/.

А.Б. Венгеров барлық ғылыми саладағы "шыни революциялық үзілістер" жайлы айта келе, диалектика- материалистік көзқарастар кейде "синергетикалық әлемқабылдаудың жеке жағдайына" кіретініне сілтейді және өзінің мемлекет және құқық теориясы оқулығында Пригожиннің цитатасымен синергетика сипаттайтын кәдімгі жағдайды келтіреді. Жүйе (саяси, құқықтық, экономикалық) әртүрлі әрекеттерге шалдығады (флуктуацияларға- ауытқуларға, қозуларға). Және егер жүйе тұрақсыз, дағдарыстық жағдайда болса өзара қатынас процесі (флуктуация) критикалық деңгейге жетеді-жүйенің жағдайы максималды түрде белгісіз, индетерминисттік, кездейсоқ бифуркация деңгейіне жетеді. Бұл халде- жағдайдың өзі жүйені белгісіз, кездейсоқ бағытқа итермелейді. Бұл жерде мүлдем мардымсыз кішкентай ғана тіпті байқаусыз әсердің өзі барлық құрылымда жүйе тудыруы мүмкін және барлық жүйеге  айтарлықтай өзгерістер енгізуі мүмкін. Жүйе жаңа таңдау жасайды, және тек қана жаңа сапада, жаңа мазмұнда детерменизм қағидасына бағынады... Синергетика жаңа әлемдік көзқарас, әлемдік қабылдау сипатында қажетті (заңдылық, детерменирленген) және әлемдік құрылымның негізінің өзінде кездейсоқ түсінікті түпкіліктей өзгертуші әлемге көзқарас ретінде танылады /44/.

Шынында да, АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте болған әлемдегі соңғы жағдайды «жаңа әлемді тану» саясаты деп дәлелдеуімізге болады, синергетикалық тенденция яғни адамзат дамуының алдын-ала болжап болмайтын сипаты және халықаралық құқықтық тәртіпте дәлелденген кездейсоқ процестердің болуы түгелдей әлемнің саяси және құқықтық даму бейнесін өзгертеді. Осыған қарағанда әр мемлекеттің аумағындағы халықаралық құқықтық нормалардың әрекет етуі проблемаларын дербес шешеді, өйткені халықаралық құқық міндеттемелерін орындау әдістерін қамтамасыз ету нысандары мемлекеттердің егеменді құқығына жатады деген құқықтанушылардың ұстанымдары өткенге кететін сияқты.

Сол кезде, бір күннің ішінде, адамзат шиеленіс пен саясатта халықаралық құқықтың рөлін күшейту дәуірінен басқаға, яғни бүкіләлемге бір мемлекеттің ықпалын жүргізу дәуіріне өтті. «Континент» (№39) журналының хабарлауынша 2001жылы 21 қыркүйекте АҚШ Президенті кіші Д.Бушты «қарқынды түрде қол шапалақтап қарсы алған сенаторлар мен конгрессмендердің алдында, барлығына қарсы соғыстың басталғандығы туралы мәлімдеді және басқа мемлекеттердің басшыларына қатысты Буш: «Сіздер бізбен, әлде террористермен біргесіндер ме және осы сәттен бастап террористерді жасырған мемлекеттер біздің жауымыз болады» -деп мәлімдеді. Лукадан Евангелияның: «Кім саған қарсы емес, сол сені қолдайды» деген сөзі кеңес дәуірінде былай бұрмаланып, «Кім бізбен бірге емес, сол бізге қарсы» деген ұранға айналды. 1930 жылдардан бастап Кеңес Үкіметінде күшейген тоталитарлық режимді көрсеткен және қазіргі бірден-бір ұлы державаның президенті қайталаған бұл ұран қазіргі таңда халықаралық және ұлттық құқықтың, халықаралық қатынастардың дамуы алдын-ала болжанбайтындығы туралы ойлануға алып келеді.

Бірақ Ауғаныстанда дамуы мүмкін жағымсыз оқиғалар туралы болса да, 2001жылы 11 қыркүйегіндегі трагедиялық жағдайдан екі жыл бұрын көптеген саясаткерлер және ғалымдар, соның ішінде Түркияда болған ЕҚЫҰ саммитінде және БҰҰ мерейтой саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев та осы туралы жеке көзқарасын айтқан болатын. Президенттің Қазақстан халқына «Жаңа жүзжылдықтағы мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» деген Жолдауында «экстремизмнің барлық түрін күтпеген қастық деп қарамау керек. Оның өзінің пайда болуы мен себебі болады. Күш көрсетумен мәселе шешілмейді. Оның үстіне ол жауап қайтарады». Бұл «болжауды» әлемде орын алуы мүмкін және нақты орын алған оқиғаны материалдық тұрғыдан түсіндіру деп айтуымызға болады. Қазір Америкадағы трагедиялық оқиғадан кейін және жауап ретінде Ауғаныстанды бомбылау мен Ирактағы соғыстан кейін көпшілік бұның барлығына әр түрлі және сенімді түсінік береді.

Келтірілген мысал материалдық-диалектикалық ойлаудың жоғарлылығын және онда кездейсоқтық (синергетика) қосымша рөл атқаратындығын дәлелдей түседі. Кездейсоқтық - бұл адамзат әлі танылмаған заңдылық.

Өз кезегінде табиғат пен қоғамның даму заңдылығын бұрын танылмағаннан рационалдылықты түбірімен жоя алатын диалектік-материалистік әдіс әлде қайда тиімді анықтай алады. Осы бағыттың негізін қалаушы И. Пригожин өзінің атақты кітабын «Порядок из Хаоса» деп атауы бекер емес. Ескерте кете болсақ, танылатынның шекарасы бар екенін есте сақтаған дұрыс, дегенмен принципиалды танылмағанның бар екені осы уақытқа дейін ешкім дәлелдемеген. Жоғарыда талданған барлық үш әдістемелік көзқарастар: материалистік, өркениеттік, синергетикалық бір-бірін толықтырады және құқық пен ғылыми құқықтық теориялар мен құқық пайда болған кезден бастап дамыған салыстырмалы құқықтанудың негізінде жатыр.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)