Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
Ғылыми әдістеменің көпқырлылығын уақыт талап етеді: әрдайым дамып жатқан әлемде құқықтың жаңа субъектілері пайда болуда және басты рөлді иеленуде. Соның ішінде жеке тұлғаның рөлі артуда, ол ХХ-ХХІ ғ. халықаралық құқық субъектілеріне айналып, ұлттық заңнаманың нормалары бұзған құқықтарын халықаралық сот инстанцияларында қорғау мүмкіндігін алуда. Ұлттық және халықаралық құқық нормаларының қалыптасуының маңызды факторына бюджеті көп жағдайда бір мемлекеттің бюджетінен асып түсетін трансұлттық компаниялар айналуда. Халықаралық құқық субъектісі ретінде ұлттар, нәсілдер және өз мемлекеттілігі үшін күресушілер де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Қазіргі таңда халықаралық қатынастарда басты рөлде мемлекет, бірақ олармен бірге бәсекелестікке трансұлттық компаниялар және мемлекеттің, нәсілдің немесе өз елінде басшылыққа үміткер топтар символына айналған жеке тұлғалар да түсуде.
Сонымен, қазіргі ғылым әдістемесі диалектік-материалистік, өркениеттік және синергетикалық әдістемелік тәсілді синкретистік қолдануға негізделген. Зерттеудің салыстырмалы әдісі барлық ғылымдармен шектеусіз қолдануда, соның ішінде заңды ғылым да бар. Сондықтан бұл әдісті тар мағынадағы арнайы әдістерден гөрі жалпы ғылыми топқа жатқызған дұрыс. Қазақстан Республикасында жасалатын нормативтік құқықтық актілердің бірде-біреуі тек қана қазақстандық заңнамаға сүйеніп жасалмайды. Әрқашан алдын ала осындай нормативтік құқықтық актілер жасалып жатқан немесе қабылданған елдің тәжірибесі зерттеледі. Сондықтан салыстырмалы құқықтанудың ішінен тар мағынадағы арнайы әдіс ретінде «салыстырмалы құқықтануды» бөліп көрсетуге болады. Салыстырмалы әдіс халықаралық шарттарды дайындау процесінде, мемлекеттің ұлттық заңнамасындағы кемшіліктерді анықтау процесінде, халықаралық, аумақтық және ұлттық нормалардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтауда, ұлттық нормалардың тиімділігі мен халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидаларының жүзеге асу деңгейін бағалауда маңызды рөл атқарады. Ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы мәселелерін дайындау қазіргі құқықтануда өзекті болуда. Сонымен қоса салыстырмалы құқықтану ғылымда дамушы бағытқа ие, ал ондағы салыстырмалы әдіс ақырындап жалпы ғылыми әдіске айналуда.
1 Бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Гумилев Л.Н. Этносфера. История людей и история природы. – М.: Экопрос, 1993. – 544 с.
2. Гуль А.К. Соотношение международного и внутригосударственного права в практике стран Ближнего Востока (на примере Ливана, Сирии и Израиля): Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. – М., 1988. – 16 с.
3. Правовая система социализма: в 2-х кн.//Редкол.: В.Н. Кудрявцев и др.; Ин-т гос-ва и права АН СССР. – М.: Юрид. лит., 1986, т.2. – 326 с.
4. Толковый словарь русского языка конца ХХ века. Языковые изменения //Под ред. Г.Н. Скляревской. РАН, Институт лингвистических исследований. – Спб.: Изд-во «Фолио-Пресс», 1998. – 702 с.
5. Токаева А. Не имей сто рублей, а имей сто друзей, или Во сколько республике обходится членство в международных организациях//Экспресс К. – 2003, 6 июня.
6. Какой это труд – выпускать газету!//Юридическая газета. – 2003, 25 июня.
7. Вступительное слово Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на открытии Евразийского экономического саммита//Казахстанская правда. – 2000, 27 апреля.
8. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (Основные правовые системы современности): Учебник/Под ред. В.А.Туманова. – М., 2000. – 448 с.
9. Деев Н.Н. Государственность и этнополитическое развитие // Политические проблемы теории государства. – М., 1993. – 96 с.
10. Рубанов А.А. Теоретические основы международного взаимодействия национальных правовых систем. – М.: Наука, 1984. – 159 с.
11. Блищенко И.П. Международное и внутригосударственное право. – М.: Госюриздат, 1960. – 239 с.
12. Сарсембаев М.А. Международное право: Учебник, 3-е издание. – Алматы: Данекер, 2001. – 344 с.
13. Назарбаев Н.А. Без подлинного конституционализма нет открытого цивилизованного общества//Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. – Алматы: Жеты Жаргы, 1996 – 366 с.
14. Kunig P. Völkerrecht und staatliches recht // Völkerrecht: Walter de Quenter: Berlin, NewYork. 1997. S. 101-180.
15. Миронов Н.В. Советское законодательство и международное право. – М.: Междунар. отношения, 1968. – 198 с.
16. Сафонова О.Н. Соотношение и взаимодействие национального права Республики Казахстан и международного права: Автореф. дис. … канд. юрид. наук. – Усть-Каменогорск, 1999. – 22 с.
17. Мюллерсон Р.А. Некоторые тенденции соотношения международного и национального права//Международное и внутригосударственное право: Проблемы сравнительного правоведения. – Свердловск, 1984. – 132 с.
18. Поленина С.В. Взаимодействие международного и национального права в условиях прямого действия Конституции Российской Федерации // http: // www.koroboff.spb.ru/EUROPE/
19. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. – М.: Изд-во БЕК, 1996. – 371 с.
20. Васильев А.М. О системах советского и международного права//Сов. гос. и право. – 1985. – №1. – С. 65.
21. Освободившиеся страны и международное право/Блищенко И.Р., Копылов М.Н., Любомудрова В.В. и др. – М.: Междунар. отношения, 1987. – 261 с.
22. Кант И. Метафизические начала учения о праве//Соч.: в 6 тт. – М., 1966. – Т. 4. – С. 109.
23. Василенко В.А. Основы теории международного права. – Киев: Выща школа, 1988. – 288 с.
24. Мелихов И.А. Арабские монархии Персидского залива на этапе модернизации (70-90-е годы)//Автореф. дис. … д-ра истор. наук. – М., 2000. – 41 с.
25. Новые законы Республики Казахстан: Сборник / Подгот. Ф.Т. Бейсенбина. – Алма-Ата: Ред.- издат. отд. Мин. юстиции Республики Казахстан, 1992. – 264 с.
26. Кул-Мухамед М. Колониальный режим в Казахстане (1868-1917): Учебное пособие. – Алматы: Атамура, 2000. – 46 с.
27. Кул-Мухамед М. Формирование и развитие государственно-правовых идей лидеров Алаш-Орды. – Алматы: Атамура, 1999. – 48 с.
28. Саймонс В.Б. Содружество Независимых Государств и правовая реформа: гармонизация частного права//Научные труды «Әділет». – 2001. – №2 (10). – С. 92-106.
29. Ударцев С.Ф. Метаправо и правопонимание (о трансформации правопонимания на новом уровне правового развития) //Материалы Международного круглого стола «Проблемы современного правопонимания». Научные труды «Әділет». – 2000. – №1 (7). – С. 29.
30. Карамзин Н.М. Избранные сочинения в 2-х тт.– М.-Л., 1964. – Т. 1. – С. 416.
31. Баймаханов М.Т. Сравнительный метод познания в юриспруденции и сравнительное правоведение: формы соотношения и взаимопроникновения //Проблемы развития сравнительного правоведения в системе юридического образования в Республике Казахстан: материалы I Международной научно-теоретической конференции. – Алматы, 1999, с. 5-10.
32. Тилле А.А., Швеков Г.В. Сравнительный метод в юридических дисциплинах. – М.: Высш. Школа, 1978. – 199 с.
33. Баскин Ю.Я., Фельдман Д.И. Международное право: проблемы методологии. Очерки методов исследования. – М.: Международные отношения, 1971. – 176 с.
34. Критика современной буржуазной теории права. – М., 1972. – с. 172.
35. Марченко М.Н. Сравнительное правоведение. Общая часть: Учебник для юридических вузов. – М.: Зерцало, 2001. – 560 с.
36. Нерсесянц В.С. Сравнительное правоведение в системе юриспруденции //Государство и право. – 2001. – №6. – С. 3-15.
37. Фельдман Д.И. Система международного права. – Казань: Изд-во КГУ, 1983. – 119 с.
38. Шабалин В.А. Методологические вопросы правоведения (В связи с теорией и практикой соц. управления). – Саратов: Изд-во Сарат. ун-та, 1972. – 226 с.
39. Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. – М.: Юрид. лит-ра, 1965. – 204 с.
40. Кашкин С.Ю. Смена цивилизации и Конституция: формирование её глобального идеала//Государство и право. – 1992. – №11. – С. 38-46.
41. Тойнби А.Дж. Постижение истории: Пер. с англ. /Сост. Огурцов А.П. – М.: Прогресс, 1991. – 736 с.
42. Алаш-Орда: Сборник документов/сост. Н. Мартыненко. – Алма-Ата: «Айкап», 1992. – 192 с.
43. Нерсесянц В.С. История и современность (об укреплении взаимосвязей юридических дисциплин исторического и теоретического профиля) // Методология историко-правовых исследований. – М.: АН СССР, 1980. – С. 41.
44. Венгеров А.Б. Теория государства и права. – М.: Новый юрист, 1998. – 624 с.
45. Пригожин И., Стенгерс И. Порядок из хаоса: Новый диалог человека с природой: Пер. с англ./Общ. ред. В.И. Аршинова, Ю.Л. Климонтовича, Ю.В. Сачкова. – М.: Прогресс, 1986. – 432 с.
2 Қазақстанның ұлттық құқығы мен халықаралық құқық арақатынасындағы қазіргі басымдықтар
2.1 Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету
Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.
Конституция елдің негізгі заңы ретінде елдің мемлекеттік-құқықтық өмірінің барлық аспектілерін, соның ішінде халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет ішінде орындалуын анықтайтын құжаттың кілті болып саналады. Бұл Конституцияның мемлекет қызметінің негізін реттеудегі ерекше орнынан және оның халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкестігінен көрінеді. отырады, оның халықаралық құқық нормаларымен және қағидаларымен сәйкестенуінде бұл рөл ерекше орын алады. Бұның маңыздылығын біздің еліміздің азаматтары да мойындайды. Конституция жай ғана мемлекеттің халықаралық шарттарға қатысты ниетін көрсетіп қоймайды, олардың орындалуына нақты нұсқаулар мен кепілдік береді. Сонымен бірге, халықаралық нормаларының ұлттық құқық жүйесіне ену тәртібін анықтайды, оның заңдық шегін де қарастырады.
Осы белгіге сәйкес ғалымдар мемлекеттердің негізгі үш басты тобын көрсетеді:
–Бірінші топта халықаралық шарттар сол мемлекеттің ұлттық құқығымен тең деңгейде қолданылатын мемлекеттер (АҚШ, Франция, Швейцария және т.б.).
–Екінші топтағы мемлекеттерде халықаралық және ұлттық заңнама және басты соттық тәжірибе қатаң түрде халықаралық және мемлекетішілік құқықтың аражігін айырады (Англия, Ұлыбритания басқарып ортырған Достастық қатарындағы мемлекеттер).
–Үшінші топта жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары мемлекеттік құқықтан жоғары тұрады (ГФР, Италия) /1,15 бет/. Мысалы: ГФР Конституциясында мынадай ережелер бар: «Халықаралық құқықтың жалпы нормалары федерация құқығының құрамдық бөлігі болып табылады. Олар заң алдында артықшылыққа ие және федералды аумақтың тұрғындары үшiн құқық және мiндеттердi тiкелей тудырады».
Қазақстан кеңестік дәуірде халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болмаған, алайда республикада Сыртқы істер министрлігі болды, ал КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясының 80-бабы мен ҚазКСР-дың 1978 жылғы Конституциясының 71-бабы ҚазКСР-ға шетелдік мемлекеттермен қатынастарға түсуге, олармен келісімге отыруға және дипломатиялық және консулдық өкілдермен алмасуға, халықаралық ұйымның қызметіне қатысуға құқық берген болатын. Барлық кеңестік республикалар ішінен БҰҰ-на мүше болу мен халықаралық аренаға дербес шығу құқығы шын мәнінде 1944 жылы 1 ақпаннан тек Белорусь және Украина Кеңес Социалистік Республикасына тиесілі болды. Кеңестік Одақ құрамында Қазақстан объективті түрде ондай халықаралық құқық субъектісі деген мәртебеге ие бола алмады, себебі ол тек федеративтік мемлекет ішінде ғана республика мәртебесін иеленді. Жекелеген халықаралық қызметтің болмауы кеңестік биліктің саяси ықпалымен түсіндірілмейді. Сонымен қатар, кеңесті Одаққа қарсы күштеп тұратын әлемдік қауымдастықтың қарсыласуымен де байланысты. КСРО-ң барлық он бес мүшесінің және осы мемлекеттердің Ұлттар Лигасына немесе басқада халықаралық үкіметаралық ұйымдарға қатысуы социализм күшінің басым жағдай жасауына алып келуі мүмкін еді. Соған орай ҚазКСР және Одақтың басқа да республикалары сыртқы саяси қызметте дербес бола алмады және КСРО Конституциясында айқындалған ішкі мақсаттарды, міндеттерді және қағидаларды басшылық етіп отырды.
Барлық халықаралық міндеттерді мемлекет толықтай өз мойнына алып отырды, бұл жүкті жекелеген республикаларға артпады. Егер колониядан босаған африкалық мемлекеттерге өздерінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін әділетсіз халықаралық шарттарды денонсациялап, жою маңызды рөл атқарса, 1990-жылдары тәуелсіздік алған бұрынғы посткеңестік республикаларға, соның ішінде Қазақстанға мұндай қадам жасаудың қажеті болмады, себебі республика Кеңес Одағының құрамында және қорғауында болды. Сондықтан «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында көрсетілген мемлекеттің дамуының стратегиялық міндеттері постколониялық елдердің әлемдік тәжірибелеріне қарағанда мүлдем басқа болды және Ұлы держава құлағаннан кейін Қазақстанда орын алған саяси-экономикалық жағдай көрсетілді. Алайда бұрынғы одақтас республикалардың да ұлттық егемендігінің толықтай құрылуы өте қиын жағдайда жүріп жатты.