Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Академик С.С.Сартаев одақтық шарттың жаңа жобасын дайындау жөніндегі комиссияға 1991 жылы Қазақстан атынан мүшелік еткен кезіндегі оның жұмысын талқылай отырып былай жазады: «Одақтас Республикалар өкілдері комиссия отырысы кезінде ұлттық республикалардың егеменді құқықтарын кеңейту қажет және одақтас елшіліктерде олардың өз өкілдері болулары қажет деп айта бастады. Сол кезде айқай көтерілді. Ресей өкілдері шетелдегі кеңестік елшіліктерге ұлттық республиканың өкілдерін өз республикасы атынан келген өкілі ретінде емес, тек қызметкер ретінде ғана алуға болатындығын айтты. Жоғарғы Кеңес басшысы А.Лукьянов: егемендіктеріңді қойыңдар. Шетелдерде ешқандай Одақтас республикалардың елшілігі болмайды, сонымен бірге, шетелдердегі КСРО елшілігіндегі ұлттық республиканың ешқандай өкілі болмайды, - деп хабарлады» /2/.

Сонда да 1990- жылдары «егемендік шеруі» болды және КСРО-ның бұрынғы республикалары өз тәуелсіздіктерін алды, оған қоса ұлттық заңнаманың әзірлеу қажеттігі, ал оның ішінде халықаралық қатынас шегінде де актілер әзірлеу қажеттілігі туды. Ю.А.Тихомиров былай атап көрсетті: «бұрынғы КСРО-ның құқықтық жүйесінен шығып, оның концепцияларымен және салаларымен, институттарымен және нормаларымен «қоректене келіп», бұрынғы Кеңестік республикалардың, қазіргі егеменді мемлекеттердің заңнамасы өзімен бұрынғының іздерін және келешектік дамуды қатар алып жүруде. Саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңартуларды кең ауқымда жүзеге асыра бастаған кезде құқықтық мирасқорлық пен құқықтық жаңалықтарды үйлестіру мәселесі оңай болған жоқ». Қазақстанда бұл оңай емес кезең екі Конституция (1993 жылы және 1995 жылы) қабылдануынан, заңнамалардың толықтай жаңаруынан және кеңеюінен көрініс тапты, мұны ұлттық қазақстандық құқықтық жүйенің қарқынды қалыптасуы дәлелдейді.

Қазақстандық конституционализмнің қалыптасуы әлемдік тәжірибенің негізінде жүріп жатты. Конституцияны дайындағандардың мойындауы бойынша, әлемдік тәжірибенің барлық жақсы жақтары алынды. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «бостандық сөзінен туындаған эйфория жағдайы» /4/ немесе В.И.Гойманның айтуынша «заңшығарушы романтизм» /5/ 1993 жылғы Конституцияның жасалуына әкелді, алайда бұл Конституцияның мазмұны елдегі объективті дамып  жатқан экономикалық және саяси-құқықтық жағдайдың үрдісін толықтай көрсете алмады. Сондықтан жасаушылардың пікірінше мемлекеттің нысаны мен тиісті құқықтық жүйеге сай келетін 1995 жылғы екінші Конституция қабылданды.

Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының қалыптасу процесін талдай отырып, Ғ.С.Сапарғалиев оны 4 кезеңге бөледі: 1. ҚазКСР Конституциясына 1990 жылғы 24-сәуірдегі «Президент лауазымын құру туралы» заңмен өзгерістер енгізілген сәттен бастапқы кезең; 2. 1991 жылдың 10-желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының заңын қабылдаудан бастапқы кезең;

3. 1993 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституцияны қабылдауынан бастапқы кезең. Төртінші кезеңнің конституциялық заңнамасының қалыптасуы  1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланысты. Бұл кезең, ғалымның айтуынша, әлі күнге дейін жалғасып келеді.

М.Т.Баймахановтың пікірінше, сонша кезеңге бөлу  ҚР ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен даму процесіне толық күйінде келуі екіталай және өз кезегінде ол келесідей екі кезеңді көрсетеді: 1- Қазақстанның толық тәуелсіздікке ие болуынан бастап, ұлттық мемлекеттік және құқықтық негіздерінің ұрылысының аяқталуына дейін. Бұл кезеңде «іргетас блогтарының» негізі салынады, жаңа құқықтық жүйенің негізі, құқықтық саласының жиектері байқалады, мазмұны айқындалады, реттеудің әр түрлі нұсқалары ресми түрде мақұлданады, тиімді құқықтық институттарды іздестіру шаралары жүргізіледі...бірақ бұған қарамастан көптеген қарама-қайшылықтардан, келіспеушіліктерден қашып құтылуға мүмкіндік жоқ. Екінші кезеңнің мазмұны болып, ғалымның ойынша, Қазақстан Республикасының әлі де қалыптасу сатысындағы ұлттық құқықтық жүйесіне аяқталғандық түр беру емес, сонымен қатар жүйелілік, келісушілік және бірліктің белгілі бір деңгейіне жету жолымен оның ішкі ұйымдастырылуын қамтамасыз етуі табылады. Бірақ та қазіргі таңда  ҚР-дың ұлттық құқықтық жүйесінің негізгі компоненттері «жиналған» деп айтуға болады және бірқалыпты қызмет етеді. Алайда онда көп сындарлы кемшіліктер бар. Оны тек кодификациялаумен қоса, заңдық техникалық құралдардың күшімен ғана жоюға болады. Алғашқы кезең негізінен өзінің алдында тұрған міндетті орындады, сондықтан оны аяқталды деп санауға болады. Ал екіншісі енді ғана басталып жатыр /7,105 б./.

Белгілі ғалымдардың ұлттық құқықтық жүйені кезеңге бөлу мәселесіне аса назар аударуы оның қиын екенін және оны дамытудың бір мәнді еместіктерін, соған қоса оның қалыптасуы мен әбден жетілдіруінің мәселелеріне әртүрлі жолдардың бар екендігін куәландырады. Жалпы жоғарыда келтірілген кезеңге бөлудің екеуінің де өмір сүруге толық құқығы бар және халықаралық құқықпен тығыз байланысты қазіргі ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан басталатындығын құжаттар куәландырады . Алайда 1990 жылдың 25- қазанындағы «ҚазКСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» 14-тармағында Қазақ КСР өзін өз мүддесі аясында сыртқы саясатты айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың қызметіне, оныңішінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелеріне қатысуға құқығы бар халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде жариялаған. Мұнда негізінен мемлекеттің экономикалық егемендігі жарияланды. Соған сай республика еркіндік және теңдік қағидаларын ұстана отырып, тиімді шарттар негізінде шетел мемлекеттерімен экономикалық және сауда байланыстарын құрып, өзінің сыртқы экономикалық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

Осылай Қазақстанның халықаралық құқық қағидаларын, мысалы халықаралық шарттарды жасау кезінде тең құқықтық, еркіндік сияқты қағидаларды ұстанатындығы бекітілді.

Бұл Декларация біржақты заңдық акт болып табылады, ол халықаралық  қатынастарда және халықаралық құқық саласында қатынастарда өз ниетін білдірген елдер үшін халықаралық құқықтық міндеттемелер жүктейді. Яғни 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-на мүшелікке енгенге дейін, негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды, мысалы консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясын, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын (кейін 1993 жылдың 31-наурызында ҚР Жоғары Кеңесі өз қаулысымен ратификациялаған) мойындағанға дейін Қазақстан халықаралық құқықтық нормаларды орындйтындығы туралы біржақты тәртіпте мәлімдеді.

Қазақстан өз егемендігін алған сәттен бастап, қайнар көзіне қарамастан, халықаралық міндеттемелерді сақталуы тиіс деген жалпыға бірдей сипаттағы халықаралық әдет-ғұрыптық нормаға сай қызмет етті.

Тәуелсіз Қазақстанның 1993-жылғы алғашқы Конституциясы қабылданғанға дейін көптеген өзгертулер мен толықтырулармен әрекет еткен 1978-жылғы ҚазКСР Конституциясына 1991 жылдың 21-тамызы мен 20-қарашасында мемлекеттің халықаралық құқықтың легитимді қатысушысы болуға мүмкіндік беретін біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, 71-бапта ҚазКСР  шет мемлекеттерімен қатынасқа түсуге, олармен шарт жасасуға және дипломатиялық және консулдық  өкілдіктермен алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар екені көрсетілген.

Конституцияның 97-бабының  21-тармағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялаудың айрықша құзіретін береді. Сөйте тұра бұл бап елдің нақты егемендіген шектейді: «ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылар КСРО-ның заңдарына қарсы келе алмайды». Егемендікке қадам жасаған бұл Конституция халықаралық шарттарды жасау саласындағы Украин және Белорусь КСР-ында бар конституциялық нормаларды шектейді. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы–тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет» делінуі заңдық тұрғыдан толық сауатты нормадан гөрі дербестіктің алғашқы сәтінде туындаған романтикалық ұранға ұқсайды. Бұл құжатта мемлекеттің нақты тәуелсіздігін қалыптастырған ережелер бекітілді. В.А.Малиновский «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конситуциялық Заң заңды күші бойынша, мазмұны бойынша де-юре ескі Конституцияның орнына келген «конституция алдындағы акт» болып саналды деп есептейді /8/.Аталған заңның 2-бабында кейінгі конституциялық заңнамаларда сәл өзгертілген ережелер бекітілді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзінің қарым қатынасын халықаралық құқықтық қағидаларға сүйене отырып орнатады /бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі – А.Е./. Ал 4-бапта мемлекет аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілер көрсетілген, олар: Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар ол таныған халықаралық құқықтық нормалар.

Осылай талданып отырған конституциялық заңда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы туралы ештеңе айтылмаған. Кезекпен аталған құқықтық актілердің ішінде бірінші кезекте Конституция, одан кейін ұлттық заңдар мен ең соңында ғана халықаралық құқықтық нормалар.

«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық мүшесі» делінген бесінші жеке тарауда Қазақстанды дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмаса алатын, халықаралық ұйымдарға мүше бола алатын халықаралық құқықтың субъектісі деп жариялады.

Көлемі үлкен емес Конституциялық Заңның «Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы» делінген екінші тарауында 1948 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей Декларацияның кейбір ережелері бекітілді. Мысалы, 6-бапта Қазақстан Республикасы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi ретінде барлық ұлттарының азаматтарына тiкелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асыруға кепілдік береді. Қазақстан жалғыз егемендікті жеткізуші, мемлекеттік билікті жүргізуші тек қазақ емес барлық ұлттардың азаматтарына мемлекеттік биліктің өздері сайлайтын мемлкеттік органдар арқылы орындалуына кепілдік береді. Бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының азаматтыққа ие болу құқығы көзделген 15-бабына, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізу құқығы көрсетілген 21-бабына сай келеді. Бұл бапта сонымен бірге, діни сеніміне, қоғамдық ұйымдарға тиесілігіне, шығу тегіне қарамастан Қазақстан азаматтарына бірдей құқықтар берілетіндігіне кепілдік берілген. Бұл Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 6-бабына (құқықсубъектілігін мойындатуға құқық), 18-бабына (ой пікірге, діни сенімге, ар ождан бостандығына құқығы) және т.б. сәйкес келеді.

Посткеңестік ғылыми жұмыстар қатарында ТМД ғалымдарының, мысалы Д.Г.Гусейноглының «Әзербайжанның  халықаралық құқықтық субъектілігі» атты еңбегінде, Г.Ш.Катамадзенің «Грузияның халықаралық құқықтық субъектілік негізі» деген диссертациясында КСРО құлауы нәтижесінде егемендік алған жас мемлекеттер КСРО-ға кіру нәтижесінде жоғалтып алған өздерінің мемлекеттігін қайта орнатты деп есептейді. Соған орай жас мемлекеттердің ең бірінші, өмірлік қажетті функциясы өздерінің тәуелсіздігін құрайтын мемлекеттік құқықтың негізін қалау болды. Қазақстанда осы процесс әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Тарихта конституциялық заңнаманың қалыптасуының ұзағырақ болған кездері белгілі. Мысалы, Францияда 19 ғасырдың басында орын алған елеулі саяси жағдай кезінде 1791 жылғы Конституцияны 3 Конституция қатарынан ауыстырды: 1830 жылы, 1848 жылы, 1850 жылы. Канада Конституциясын 18-20 ғ.ғ қабылданған бірнеше заңнамалыық актілер құрайды. Олардың ішінде маңыздылары - 1774 жылғы Квебека заңы, 1791 жылғы Конституциялық заң, 1840 жылғы Канаданың бірігуі жөніндегі заң, 1867 жылғы Британдық Солтүстік Америка туралы заңы және осы күнде соңғысы  болып Канада іс жүзінде жеке мемлекет болған 1982 жылғы Конституциялық заң табылады. Тіпті 1787 жылы қабылданып, 200 жылда тек іс жүзінде 26 өзгеріс (олардың оны 1791 жылы күшіне енген, құқық жөнінде Билль деп  аталады) енгізілген әлемдегі ең ескі Конституциялардың бірі АҚШ Конституциясы әрдайым пысықтылып келеді. Америкалық теоретиктердің пайымдауынша, АҚШ-та заңды конституцияға қарсы «тірі Конституция» бар, ол қазіргі таңда соттық прецеденттер, Конгресс заңдары, Президент актілерімен көптеген толықтырулар енгізіліп әрекет етуде /9,112 б./.

Мұндай жағдай қазақ халқы құқығының тарихында бар: 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін 200 жылға жуық далалық Конституцияға айналған Тәуке ханның әйгілі «Жеті жарғысы » бар. Жарғы негізінде судьялар (билер) бірауыздылық және әділдік қағидасына сүйеніп, ешқандай бюрократияға жол бермей әділ шешім шығарып отырды. Сондықтан қазақ сотын толық алып тасталғанға дейін Қазақстанға 19ғ. аяғы, 20ғ. басында көшіп келген басқа ұлт өкілдері де мойындап отырды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еліміздің тәуелсіздігін қалыптастыруда маңызды саты болды: тарихта бірінші рет еліміздің егемендігі Негізгі заңда бекітілді. Конституция Преамбуласында ережелердің үйлесімді қалыптастырылуы ерекше назар аудартады. Онда елдің егемендігі бекітіліп, өзін әлемдік қауымдастықтың бөлшегі ретінде жариялаған, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндетінің алдына адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары бекітілген ережелер үйлескен. Бұл ғана көпұлтты мемлекетте қазіргі замандастарымыз мен болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мығым азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімге негіз болатын еді. Конституциялық құрылым негіздерінің жетінші тармағы Конституцияның жоғары заң күшіне ие екенін, нормалары тікелей қолданылатындығын бекітті. Бұл ереже кейін 1995 жылғы  Конституцияның 4-бабының 2-тармағында бекітілді. 1993 жылғы Конституцияда  адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бірінші кезекте болды. Бұл Конституцияның бірінші бөлімі толығымен азаматқа, оның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне арналғанынан көрінеді. Бұл Конституцияның ерекшелігі, оның 3-бабы Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамадан басым деп таныған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілердің басымдығын белгіледі.

1995 жылғы Конституцияда «Адам және азамат» бөлімі екінші орынға қойылған. 1995 жылғы Конституцияда ратификацияланған халықаралық шарттар басымдығын мойындауы адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық құқық жеткен жоғары деңгейдің кейінге шегінгенін көрсетеді.

1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының бірден бір заңшығарушы және жоғарғы өкілді органы деп Жоғары Кеңесті атап, парламенттік басқару нысанын жариялады. Жоғарғы Кеңестің  толық көлемдегі өкілеттігінен Конституцияның 64-бабының 18-тармағын атап өтуге болады, бұл тармақ осы мемлекеттік органға халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау құқығын берді. 130-бабы Конституцияны соттық қорғауды және оның үстемдігін қамтамасыз етуді Конституциялық Сотқа жүктеді, оның Республика Конституциясының халықаралық шарттар мен міндеттемелеріне сәйкестігі туралы талаптарды қарау өкілеттігі болды.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)