Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
таратылды.
1938 жылы жалпыға ортақ еңбек міндеттілігі (əкімшілік
тəртіптегі қоғамдық жұмыстар) енгізілді.
“Жаңа үшінші рейхты” құру үшін ұлтшылдарға (олардың
көзқарасы бойынша) бүкілəлемді жаулап алушылық қимылдар
қажет болды. 1939 жылғы 1 қыркүйекте Германия Польшаға
басып кірді, сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 1945
180жылы КСРО жəне одақтас-
ния фашистік Германияны жеңді.
Германия 4 оккупациялық аймаққа бөлінді. Аймақтардың
қолбасшылары Одақтық бақылау кеңесін құрады. 1945 жылғы
жазда (17 шілде — 2 тамыз) Потсдамда, Берлиннің жанында,
келесі үш одақтас-мемлекеттердің конференциясы өтті: КСРО
(И.В.Сталин), АҚШ (Г.Трумэн) жəне Ұлыбритания (У.Чер-
чилль, 27 шілдеден бастап К.Эттли). Бұл конферецияда мы-
надай шешімдер қабылданды: германдық əскер мен флотты
тарату, əскери қылмыскерлерді сотқа тарту, демократиялық ин-
ституттарды қалпына келтіру.
1946 жылғы қарашада оккупацияның батыс аймағында
(ағылшын-американдық) жеке басқару құрылды. Осының нə-
тижесінде Германия екі аймаққа бөлінді, олар кейін батыста
Герман федеративтік республикасына, шығыста Герман демо-
кратиялық республикасына айналды.
ГЕРМАН ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ
1949 жылы оккупацияның үш батыс аймақтары біртұтас
мемлекетке — Герман федеративтік республикасына бірікті,
оккупациялық билік жаңа Конституцияны бекітті (Бонн қала-
сының атауы бойынша Бонн конституциясы). Жалпы алғанда,
Бонн конституциясы Веймар конституциясына ұқсас болып
келді. Оған сəйкес, Герман федеративтік республикасы феде-
рализмнің негізіндегі 10 аймаққа бөлінді, яғни, олар бір-бірінен
тəуелсіз болды жəне олардың тəуелсіз бюджеттері болды. Əр
аймақтың үкіметі өз өкілдерін жоғарғы палатаға — бундес-
тагқа (Одақтық Кеңес) тағайындады, төменгі палатаны (Бун-
дестаг) халық сайлады. Конституцияны өзгерту, аумақты
өзгерті, қаржы мəселелеріне байланысты бундесрат абсолюттік
вето құқығын иеленді.
Мемлекет басшысы ретінде 5 жылғы сайланатын президент
жарияланды. Ол канцлер (үкімет басшысы) лауазымына
үміткерді ұсынды, канцлер болып əрқашанда сайлауда жеңіске
жеткен парияның лидері тағайындалатын.
Федералдық Конституциялық сот бірқатар маңызды
функцияларды иеленді: Конституцияға ресми түсіндірме беру,
181парламенттің құқықтық
актілерінің конституцияға
тексеру жəне т.б. Конституциялқ соттың судьялары өмір бойға
тағайындалатын. Елдегі ең қуатты партиялар болып мыналар
табылды: Христиан-демократиялық партия, Социал-демокра-
тиялық партия, Еркін демократтар партиясы.
ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
Шығыс Германияға біраз уақыт бойы Кеңестік əскери
əкімшілік басшылық жасады. Көп ұзамай, мемлекетті басқа-
руға Германияның социалистік біртұтас партиясы (ГСБП)
тартылды. 1946 жылғы қыркүйек-қазанда Шығыс германияда
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына (ландтагтар) сайлаулар
өтті . ГСБП сайлауда жеңіске жетті. 1948 жылғы наурызда
Халықтық Кеңес бұл партияға болашақ Герман демократиялық
республикасының конституциясын жасауға тапсырма берді.
1948 жылғы 7-қазанда Халықтық Кеңес Герман демократия-
лық республикасының құрылғандығы жөнінде жариялады
жəне өзін ГДР-дің уақытша халықтық палатасы ретінде қайта
құрды.
ГДР-дің заңшығару органдарына сайлау 1949 жылы өтті.
1952 жылы ГСБП конференциясы социализмді құру туралы
шешім қабылдады. 1968 жылы ГДР-дің жаңа конституциясы
елдің социалистік даму бағытын ұстанғанын бекітті.
Соған қарамастан, ГФР ГДР-ге қарағанда экономикасы,
əлеуметтік жəне демократиялық құрылымдары бойынша алда
болды (ГДР-дің социалистік елдердің арасында дамуы бойын-
ша ең алда деп саналатынына қарамастан).
Германияның біріктіруге талпыныстар арагідік орын алып
тұрды, алайда 1990 жылға қарай мұндай əрекеттер күшейе
түсті. Нəтижесінде, КСРО ГДР-ден өз əскерлерін шығарды да,
екі Германия қан төгусіз бірікті.
1825. Ұлыбритания
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖƏНЕ САЯСИ ДАМУДЫҢ
НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ
Британия версальдық бейбіт келісім бойынша (бірінші
дүниежүзілік соғысты аяқтаған) жеңіскер — державалардың
катарына жатты. Алайда, соғыс оның қаржылық-экономикалық
жағдайын əлсіретті, тек əскери өндіріс қана күшейе түсті.
Жұмысшылардың қозғалысы белсенденіп, тред-юниондардың
(кəсіподақтардың) саны екі есеге дейін өсті. Осымен қатар,
өнеркəсіптің
монополистердің ірі бірлестігі — Британдық өнеркəсіп фе-
дерациясы құрылды, оның басты мақсаттарының бірі болып
үкіметті жəне мемлекеттік аппаратты монополистік капитал-
дың мүдделеріне бағындыру табылды.
1918 жылғы 8-желтоқсандығы сайлауда консерваторлар мен
либералдар лейбористердің (жұмысшылар партиясы) біртұтас
блогын құрады жəне парламентке өздерінің 60 депутатын
өткізді. Билік басында жүз жылдай тұрған либералдық партия
құлдырау жағдайында болды. Либералдардың жартысы
консерваторларға, жартысы лейбористерге өтіп кетті. Негізгі
партия ретінде либералдардың орнына лейбористер келді. 1924
жылы лейбористардың лидері Р.Макдональд алғашқы лейбо-
ристік үкіметті құрды. 1924 жылы екінші лейбористік үкімет
құрылды.
Сонымен, Ұлыбританияда екіпартиялық жүйе бекітілді:
1923 жылға дейін — консерваторлар мен либералдар, 1923
жылдан бастап — консерваторлар мен лейбористер.
Партиялық жүйедегі өзгерістермен қатар сайлау жүйесінде
де демократиялық өзгерістер орын алды. Алғашқы сайлау
реформасы 1918-1919 жылдары жүргізілді. Бұл заңға сəйкес 21
жасқа толған жəне белгілі бір жерде алты ай тұрақты тұрған
еркек жынысты тұлғалардың барлығы дауыс беру құқығын
иеленді. Əйелдер, егер 30 жасқа толған болса жəне 5 фунт
стерлингтен кем емес табыс əкелетін жылжымайтын мүлкі
болса немесе осы талаптарға жауап беретін тұлғамен некеде
болса ғана дауыс бере алатын. 1928-1929 жылдардағы реформа
183бойынша əйелдерге ер
адамдармен теңдей сайлау
берілді.
1969 жылы лейбористік үкімет халықтық өкілдік туралы акт
қабылдады, оған сəйкес жастық ценз 21 жастан 18 жасқа дейін
төмендетілді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары үкіметтің функция-
лары анағұрлым кеңейтілді. 1914 жылы Хабеас корпус актінің
күші жойылды жəне Мемлекетті қорғау туралы акт қабыл-
данды, оған сəйкес соғыс уақытындағы барлық билік толы-
ғымен үкіметке берілді. Соғыстан кейін бұл актінің күші жой-
ылды. Алайда, 1920 жылы уақытша емес, тұрақты сипатты
иеленген Төтенше өкілеттіктер туралы заң қабылданды. Бұл
заңға сəйкес үкімет қоғамдық қауіпсіздікке немесе қоғамның
қалыпты өмір сүруіне қандай да бір саяси күш қауіп төндіреді
деп тапса патшаның атынан төтенше жағдайды енгізу туралы
жарлық шығару жəне ереуілдерге тыйым салу құқығын
иеленді.
1939 жылы парламент үкіметтің мемлекеттік қауіпсіздікті
жəне қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету саласындағы төтенше
өкілеттіктері туралы акт қабылдады. 1949 жылы лейбористік
үкімет лордтар палатасына қатысты парламенттік реформаны
жүзеге асырды.
1911 жылғы парламент туралы актіге өзгерту енгізу туралы
заң 1949 жылғы заң лордтар палатасының қаржылық емес
билльдерге қатысты вето құқығын 1 жылға дейін қысқартты.
Алайда, жоғарғы палата қазіргі кезде де төменгі палатаға
қарағанда күштірек. Оның себептерінің бірі болып лордтар
палатасының Ұлыбританиядағы барлық соттарға қатысты
жоғарғы апелляциялық сот мəртебесін иеленуі табылды.
Жергілікті жерлерде басқару 1972 жылғы заң бойынша екі-
деңгейлік органдар жүйесі (графтықтар жəне округтар) арқылы
жүзеге асырылды. 1985 жылы ірі өнеркəсіптік қалалардағы
муниципалитеттер жойылды, оның себебі болып орталық билік
органдары тарапынан бақылауды күшейту табылды.
Жалпы алғанда өнеркəсіп жəне экономика саласында
мемлекеттік монополизациялау үрдісі байқалды. 1945 жылы
ағылшын банкін ұлттандыру туралы заң қабылданды, ал 1946
жылы көмір өндіретін 800 кəсіпорын ұлттандырылды. Эк-
184спорт-импортты реттеу,
экономиканы бағдарламаландыру,
корпорацияларды ірілендіру енгізілді. Осы шаралардың бар-
лығы мемлекеттің экономика саласына тереңірек енуін көздеді.
БРИТАНДЫҚ КОЛОНИАЛДЫҚ ИМПЕРИЯ
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Британ империя-
сының доминиондары мемлекеттің маңызды шикізаттық негізі
жəне əскерді толтыру құралы болып табылды. 1917 жылы
кезекті империялық конференцияда доминиондар империяның
автономды мемлекеттері мəртебесін иеленді. 1919-1920 жыл-
дары Канада Париждік бейбіт келісім конференциясына қатыса
отырып, доминион үшін бейбіт келсім шарттарға дербес қол
қою жəне Ұлттар лигасында дербес өкілдігін иелену құқық-
тарына қол жеткізуге себепкер болды. 1921 жылғы 6 желтоқ-
санда ағылшын-ирландық шартына қол қойылды, бұл шарт
дербес доминион — Ирланд еркін мемлекетін құруды көздеді.
Алайда, Ирландияның солтүстік-шығысы (Ольстер) Ұлы-
британияда қалып қойды.
1931 жылы Вестминстр статуты қабылданды. Статутқа
сəйкес, генерал-губернатор доминионның тұрғындарының
қатарынан тағайындалатын. Доминионның заңшығарушылық
үстемдігі бекітілді: доминионның заңдары метрополийдің
заңдарына қайшы келетін болса, доминионның заңы қолда-
нылатын. Британдық доминиондар жəне Британия Ұлттардың
британдық достастығына бірікті.
1946 жылы Біріккен патшалықтың үкіметі Үндістанды
тəуелсіз мемлекет ретінде таныды. Үндістан діни белгісі
бойынша екіге бөлінді — Үндістандық одақ жəне Пəкістан.
Сонымен қатар, Цейлон аралы да тəуелсіздікті иеленді.
1957 жылы Алтын жағалау (Гана) жəне Малайлық
федерация (Малайзия) тəуелсіздікке қол жеткізді. 1959-1960
жылдары Кипр мен Нигерия тəуелді болды.
1937 жылы Ирландия доминион мəртебесінен бас тартты, ал
1948 жылы Ұлыбритания Ирландияның Британдық достастық-
тан шығу жəне Ирландия республикасын жариялау туралы
шешімін қабылдауға мəжбүр болды.
1856. Америка Құрама Штаттары
ХХ ғасырдың басына қарай АҚШ əлемдегі ірі державаға
айналды. Мемлекеттегі халық саны көшіп келушілердің есе-
бінен бірнеше есеге дейін өсті. Ұлттық табыстың көп бөлігін
ірі қаржылық-өнеркəсіптік корпорациялар иеленді. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ борышкер-мемлекеттен несие
беруші-мемлекетке айналды.
20-жылдардан бастап сайлау жүйесін демократизациялан-
дыру байқала басталды. 1920 жылы əйелдерге ерлермен тең
сайлау құқығы берілді (Конституцияға ХІХ түзету). 1961 жылы
астаналық округ Колумбияның сайлаушылары АҚШ-тың
президентін жəне вице-президентін сайлауға қатысу құқығын
иеленді (Конституцияға ХХІІ түзету). 1964 жылы азамат-
тардың салық, оның ішінді сайлауға қатысты салық, төлемегені
себепті сайлау құқықтарын шектеуге тыйым салынды
(Конституцияға ХХІV түзету). 1971 жылы 18 жасқа толған бар-
лық азаматтар сайлау құқығын иеленді (Конституцияға ХХVІ
түзету).
60-70 жылдары білім беру, тұрмыстық қызмет көрсету,
еңбек салаларына қатысты бірқатар заңдар қабылданды.
ПАРТИЯЛЫҚ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕХАНИЗМДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Ұйымдастырылған екіпартиялық жүйе (республикалықтар-
демократтар) АҚШ-та ХІХ ғасырдың өзінде қалыптасқан
болатын. Партиялық ұйымдастырудың негізгі буыны болып
сайлау учаскелерінің комитеттері, ал формальды жоғарғы
органдары болып — ұлттық партиялық комитеттер мен ұлттық
партиялық конвенттер (съездер) табылды.
Партиялық қызметтің қаржылық жəне құрылымдық негіз-
деріне заңнамалық өзгертулер енгізілді. Бұл жерде жекелеген
штаттардың конституциялары, 1965 жəне 1970 жылдардағы
сайлау туралы заңдар, сонымен қатар, конституциялық қада-
ғалау құқығына ие соттардың шешімдері маңызды рөлді
иеленді. Екіпартиялық жүйенің басты негізі — бұл құрамы
орта таптан құралған жақсы дайындалған электорат. Алайда,
186бұл жүйе кезінде басқа партиялар мен қозғалыстардың қызметі
аса сəтті болмайтыны сөзсіз.
Мемлекеттік-құқықтық дамудағы басқа бағыт — бұл
мемлекеттік саясатты қалыптастырушы қайнар көздердің
диффузиясы. Бұл жерде əртүрлі кəсіпкерлік одақтардың рөлі
ерекше болды. Олардың ішіндегі ең əйгілісі — 70%-ке дейін
өндірістік компанияларды
біріктірген Өндірісшілердің
ассоциациясы жəне Сауда палатасы. Бұл құрылымдар штат-
тардың заңшығарушылық жəне атқарушы органдарына өз
əсерлерін тигізіп отырды.
Өзгерістердің тағы да бір түрі, Конституцияға енгізілген
ХХ, ХХІІ, ХХV өзгертулер президент лауазымын бір тұлғаның
екі реттен артық иеленбеуін шектегеніне қарамастан, мем-
лекеттік билікті
Атқарушы билікті күшейту басқарудың ірі аппаратын құру-
мен қатар жүрді. ХХ ғасырдың ортасына қарай АҚШ-та мем-
лекеттік мекемелердің үш типі жұмыс жасады:
1) жекелеген салалар бойынша департаменттер (министр-
ліктер);
2) ұлттық агенттіктер
— мəні бойынша
ұқсас, алайда, олардың мəртебесіне ие емес мекемелер: