Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

Конституция парламанттік республиканы құруды көздеді.

Парламент екі палатадан  тұрды:  Ұлттық жиналыс жəне

Республикалық кеңес. Ұлттық жиналыс жалпыға ортақ, тікелей

сайлау құқығының негізінде 5  жылға сайланатын болды,  тек

Ұлттық жиналыс қана заң  шығару құқығын иеленген болаты.

Республикалық кеңесті жалпыға  ортақ жəне жанама сайлау

құқығының негізінде коммуналар мен департаменттер сайлайтын.

Республика президентін  парламент 7  жылға сайлайтын,

жəне ол келесі мерзімге қайтадан сайлана алатын. Мемлекетті

тікелей басқаруды Министрлер кеңесі жүзеге асыратын,  бұл

173органды төраға басқаратын.  Төрағаны президент парламент

фракцияларының лидерлерімен кеңесе отырып тағайындайтын.

Министрлер кеңесінің  төрағасы Ұлттық жиналысқа өз

бағдарламысын ұсынатын жəне егер сенім вотумын алса, ол өзі

жəне оның кабинеті тағайындалды деп есептелінетін. 1946

жылғы конституция Министрлер кеңесіне  (үкіметке)  Ұлттық

жиналыстың алдында ұжымдық  жауапкершілікті көздеді.

Жергілікті басқару мен  үкіметтік бақылау өзгерген жоқ.

Конституцияның  VІІІ тарауы Француздық одаққа  (Ұлттар-

дың британдық одағына  ұқсас)  арналды.  Барлық колониялар-

дың метрополиймен теңдігі  жарияланды,  олар біріге отырып

Француздық одақты құрады.  Одақ үшін маңызды мəселелер

Француздық одақтың жаңадан  құрылған Ассамблеясында қа-

растырылуы тиіс болды.

Жалпы алғанда 1946  жылғы  конституция ХІХ ғасырдағы

республикалық конституциялардың  мазмұнын сақтап қалды,

алайда оған демократиялық  қозғалыстың көтерілуімен байла-

нысты арнайы сипаттар тəн  болды:

1)  парламенттің екі  палаталық жүйесі сақталып қалды, 

алайда жоғарғы палатаның  (Республикалық кеңес)  құқықтары

шектелді;

2) заң қабылдау құқығы  тек бір палатаға — Ұлттық  жина-

лысқа берілді;

3)  парламенттен тəуелсіз  жəне қуатты президенттік билік

көзделмеді;

4) Ұлттық жиналысқа тəуелді  үкімет режимі енгізілді. 

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР

1948  жылы Республикалық  кеңеске сайлаудың мажо-

ритарлық жүйесі енгізілді, кейін бұл жүйе Ұлттық жиналысқа

сайлауда да қолданылатын болды. 1951  жылғы 8  мамырдағы

заңға сəйкес партия немесе партиялар блогы егер сайлау-

шылардың даусының 50 %—  ін алған болса сол округтағы

мандаттардың барлығын иеленетін.  Егер бұл жүйе бір де бір

партияға дауыстардың  қажетті санын алуға мүмкіндік  бермесе,

сайлаудың пропорционалдық  жүйесі қолданылатын.

Республикалық кеңестің мəртебесі  өзгерді. 1954  жылғы 7

желтоқсандағы заңмен екі  палатада заң шығару саласында

174теңестірілді.  Кеңес  өз құқықтары бойынша соғысқа  дейінгі

Сенатқа ұқсады. Аталған заңмен Ұлттық жиналыстың қызмет

ету уақыттары анықталды.  Бұған дейін Ұлттық жиналыс

тұрақты қызмет ететін құрылым  болып табылған.  Осының

нəтижесінде үкіметтің билігі күшейді.

БЕСІНШІ РЕСПУБЛИКА

Төртінші республиканың  конституциялық режимінің құ-

лауының (1946  жылғы Конституцияны  жою арқылы)  тікелей

себебі болып Алжирдегі  жағдайлар табылды.  Онда 1958

жылдың сəуір-мамыр айларында  ұлт-азаттық көтерілісті басу-

ды талап еткен оңшыл  күштер  (оның ішінде —  құпия  əскери

ұйым)  күшейе түсті.  Оларды колония əскерлерінің бірқатар

əскери бөлімдері жақтады. “Француздық Алжир”  ұранын

басшылыққа алған ашық əскери қимылдар басталды. Алжирде

де,  Францияда да азаматтық  соғыстың басталу қаупы туды.

Парламенттегі оң жəне орталық  партиялар мемлекеттік билікті

төтенше өкілеттіктермен  бірге елде де,  əскерде де үлкен

беделге ие қайраткер ретінде  танылған генерал де Голльға

беруді талап етті.

Жаңа Конституцияның жобасы жасалды.  Оның негізін де

Голльдің қазіргі кездегі  француз мемлекетіне қатысты  идея-

лары құрады. 1958  жылғы  Конституцияны қабылдау Бесінші

республиканың (қазіргі кезде  де бар) пайда болуын білдірді.

Конституцияға сəйкес президентке  атқарушы биліктің

басшысы ретінде көптеген өкілеттіктер берілді.  Президент

мынадай құқықтарды иеленді: премьер-министрді тағайындау,

ал оның келісімімен министрлерді тағайындау;  заң шығару

ынтасын білдіру;  мемлекетте төтенше жағдайды жариялау

жəне парламенттің төтенше  сессияларын шақыру; референдум-

ға кезкелген заң жобасын  ұсыну жəне т.б. 

Үкіметтегі екінші тұлға  болып Премьер-министр табылды,

ол үкіметке басшылық жасады. 

Республиканың парламенті екі  палатадан тұрды:  Ұлттық

жиналыс жəне Сенат. Ұлттық жиналыс  тікелей дауыс беру ар-

қылы, ал Сенат жанама дауыс  беру арқылы сайланатын болды. 

Конституцияның негізінде  құрылған жаңа орган болып

Конституциялық кеңес  (конституциялық бақылау органы)

175табылды. Оның құрамына 9 жылдық өкілеттік мерзімін иелен-

ген 9 мүше кірді. Оларды палаталар  төрағалары мен президент

теңдей тағайындайтын. Францияның барлық экс-президенттері

оның өмір бойлық мүшелері болып табылды. Конституциялық

кеңес президентті,  депутаттар мен сенаторларды сайлаудың

дұрыстығын, референдумдардың жүргізілуін тексеретін, соны-

мен қатар,  парламенттің қабылдаған нормативтік актілердің

конституцияға сəйкестігі мəселесін  шешетін. Атқарушы билік-

тің нормативтік актілеріне  (қаулыларына)  бақылауды Мемле-

кеттік кеңес (бұл да осы  Конституцияның негізінде құрылған)

жүзеге асыратын. 

Сонымен, 1958  жылғы Конституция  Францияда күшті

президенттік республиканы орнатты.  Бесінші республиканың

режимі 1969 жылы де Голль отставкаға кеткен соң да сақталып

қалды. 

1764. Германия

ИМПЕРИЯНЫҢ ҚҰЛАУЫ ЖƏНЕ ВЕЙМАР

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Соғыстағы сəтсіздіктер жəне Ресейдегі революция Гер-

манияда революциялық жағдайдың  орнауына əкеліп соқты.

1918  жылдың қараша айында  Кил қаласында əскери моряк-

тардың көтерілісі орын алды.  Көтерілісшілерге Германияның

ірі қалалары — Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен — бірікті.

Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңесі билікті өз

қолдарына алды. 1918 жылғы 9 қарашада революция Берлинде

жеңіске жетті.

Кайзер (император) Вильгельм  Голландияға қашып, Герман

империясы құлады.  Еңбекші  депутаттардың Берлиндық кеңе-

сінің келісімін алып,  Уақытша социал-демократиялық үкімет

Құрылтай жиналысына сайлау туралы жариялады.  Алайда,

демократиялық көзқарастарды  ұстанған социал-демократтар

халықтың қанын төгуден  тайынбады: 1919 жылғы 15 қаңтарда

Берлин демонстрациясы таратылып, Мюнхендегі Бавар кеңес-

тік мемлекеті де басылып  тасталды (1919 жылғы наурыз). 

1919  жылғы қаңтарда Құрылтай  жиналысына өткен сай-

лауда буржуазиялық партиялар  социал-демократиялық партия-

ларға қарағанда көп дауысты  иеленді.  Жиналыс Веймар

қаласында өтті. Президент  ретінде 1905 жылдын бері социал-

демократиялық партияның  басқарма мүшесі, 1916 жылдан бері

социал-демократиялық партия мен рейхстагтың басшысы Макс

Эберт сайланды. 

Үш партияның коалициясы  (социал-демократиялық,  демо-

кратиялық жəне орталық партиясы)  социал-демократ Ф.Шей-

деман басшылық еткен Германия үкіметін құрады. Бұл үкімет

Версальдық бейбіт келісімге  қол қою мəселесін тездетті, бюд-

жетті бекітіп,  жаңа конституция  —  Веймар конституциясын

қабылдады. Оның авторы болып  ішкі істер министрі, либерал-

дық бағытты ұстанған заңгер Гуго Прейс болды. 1919 жылғы

конституция  (Веймар конституциясы)  Германияны президент

басшылық ететін буржуазиялық-демократиялық  мемлекетке

айналдырды. 

177Парламент екі палатадан  тұрды:  рейхстаг  (төменгі палата)

жəне рейсрат  (империялық кеңес).  Рейсрат 18  жердің өкілде-

рінен тұрды.  Рейхстаг пропорционалдық  жүйе бойынша 4

жылғы сайланатын. Германия 30  сайлау округтарына бөлінді.

Сайлауға қатысатын əр партия өз депутаттарының тізімін ен-

гізді.  Депутаттық орындар  дауыс санына қарай бөлінді:  көп

дауыс болса көп орын берілді. 

Барлық маңызды мəселелер  —  сыртқы байланыстар,  əскер

мен флот, салық жəне қаржы  жүйесі, байланыс пен көлік жəне

т.б. орталықта шешілетін. Германияның федерациялығы қатаң

түрде сақталды. 

Германиядағы президенттік билік монархиялық билікке ұқ-

сады.  Президент парламент  палаталарында шешуін таппаған

мəселелерді де шешетін.  Президент үкіметтің басшысын — 

рес-публика канцлерін  тағайындайтын. 

Конституцияның 165  бабы кəсіпорындар мен округтарда

жұмысшылар кеңестерін құруды көздеді. 

Жалпы алғанда,  Веймар конституциясы  буржуазиялық-

демократиялық сипатты иеленді. Сөз, партия, басылым,  еңбек

бостандықтары танылды. 8-сағаттық жұмыс уақыты заңдасты-

рылып,  жұмысшылардың  ұжымдық шарттарды бекітуге

құқығы, əйелдердің сайлау құқығы танылды. Жұмыссыздыққа

байланысты заңнамалық жəрдемақылар мен басқа да демо-

кратиялық құндылықтар енгізілді.

ГИТЛЕРЛІК ГЕРМАНИЯ

1929 жылы дүниежүзілік экономикалық  тоқырау орын алды,

бұл Германияның ішкі саяси  жағдайын шиеліністіре түсті. 1930

жылғы сайлауда Коммунистік  партия 4,5  миллион дауысты

иеленді.  Жаңа жұмысшы  революциясынан қауіптенген ірі

өнеркəсіп мен қаржы иелері өз үміттері мен мүдделерін Адо-

льф Гитлердің фашистік партиясымен  байланыстыра бастады.

Партия 1919  жылы құрылды  жəне Германияның ұлттық-со-

циалистік жұмысшылар партиясы деп аталды. Партияның əле-

уметтік базасын ұсақ буржуазиялық жəне таптан тыс элемент-

тер (қылмыскерлер), шаруалар, жұмысшылар құрады. Партия-

ның бағдарламасы “жаңа неміс  рейхын” құруды көздеді. 

178Фашистік диктатураның  орнау мүмкіндігіне көзі жеткен

коммунистер социал-демократтармен бірлесуді шешті, алайда,

соңғылары егер фашистер билікке  заңды жолмен  (рейхстагқа

сайлау арқылы)  келетін  болса,  олармен бірігуден бас  тар-

татынын білдірді. 

1932 жылғы шілдеде ұлтшылдар  (нацистер) 13 миллион, сол

жылдың қарашасында 11  миллион дауысты иеленді.  Қараша-

дағы сайлаудың нəтижелері Германияның монополистік топ-

тарын үркітті. 1933  жылы Гитлер канцлер Ф.фон Папенмен

келісімге келді.  Германияның  президенті П.фон Гинденбург

айналасындағылар мен  əскерилердің мəжбүрлеуінің нəтижесін-

де А.Гитлерді рейхканцлер (империялық канцлер) лауазымына

шақырды.  Бұл жағдай 1933  жылғы 30  қарашада орын алды

жəне Германиядағы фашистік режимнің басы болып табылды. 

Германияда фашистік диктатураның орнауына төрт жағдай

əсер етті:

1)  ірі өндірістік жəне  қаржылық буржуазия тоқыраудан

шығудың жалғыз жолы ретінде  диктатураға үміт артты;

2)  ұсақ буржуазия мен  шаруалар ұлтшылдардың бақытты

өмір туралы уəделеріне сенді;

3)  Германияның жұмысшы  табы өз ішінде ыдыраудың

нəтижесінде əлсізденді,  сол себепті,  коммунистер фашистер-

мен жалғыз өздері күресуге дайын болмады;

4) елде күшті экономикалық  тоқырау орын алды, одан шығу

үшін мықты билік қажет  болды.

Экономикадағы тоқырау мен  келеңсіздіктер уақытында

əлеуметтік проблемалардан шаршаған халық қатаң басшылық

пен тəртіпті талап етеді,  себебі,  əдетте экономикалық тоқы-

раудан шығудың екі  жолы болады:  күшті мемлекеттік,  тіпті,

авторитарлық билік; анархия (заңсыздық заңы).

ФАШИСТІК ГЕРМАНИЯНЫҢ  САЯСИ РЕЖИМІ 

ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Фашистер билікке келген соң,  ең алдымен,  буржуазиялық-

демократиялық бостандықтарды жоя бастады. 1933  жылғы

ақпанда сөз, басылым, жиналыс  бостандықтарын жойған “Гер-

ман халқы мен мемлекетін қорғау туралы” декрет қабылданды.

Сол айда полицияға шексіз өкілеттіктерді берген  “Герман

179халқын қорғау туралы”   декрет қабылданды. 1933  жылғы 23

наурыздағы заңмен рейхстагтағы депутат-коммунистер ман-

даттарынан айырылып,  қамауға алынды,  коммунистік  партия

мен оның баспа құралдары  жабылып, оларға тыйым салынды.

Басқа барлық партиялардың қызметіне  де тыйым салынды.

Кəсіподақтар таратылып,  мəжбүрлі мүшелікпен байланысты

өздерінің кəсіподақтары  құрылды. 

Елде жалғыз партиялық  əскерилендірілген саяси жүйе

орнады.  Үкімет партияның  бақылауына өтті.  Партияда өзінің

штурмдық отрядтары (СА), қорғау отрядтары (СС) жəне əскери

құрылымдары болды,  бұлар  кейінірек фашистік Германияның

қарулы күштеріне  (вермахт)  айналды.  Ұлтшылдар партиясы-

ның мүшелерінің қылмыстарын  соттардың жалпы жүйесінен

бөлек, партиялық соттарда қарастырылды. 

1933  жылғы 24  наурыздағы  заң империялық үкіметке

парламентті айналып өтіп, актілер қабылдауға рұқсат етті. 1934

жылғы тамыздағы заңмен президенттің лауазымы жойылды.

Барлық билік фюрерге  берілді,  ол үкіметтің басшысы  болып

қалды.  Фюрердің лауазымы өмір бойлық сипатты иеленді,

жəне ол өз мирасқорын тағайындай алатын. 

Рейхстаг көрсетілімдік  демонстрациялар үшін сақталып

қалды. Жердік əкімшілік бөлініс  облыстық бөлініске ауысты-

рылды.  Облыстарды орталықтан тағайындалған шенеуніктер

басқарды. 

Экономиканы басқару ірі  монополиялардың көмегімен ор-

талықтандырылған сипатты  иеленді. 1934 жылғы 27 ақпандағы

заңмен шаруашылық палаталар  —  жалпы империялық жəне

провинциялық палаталар  құрылды.  Бұл палаталарды ірі

монополистер басқарды. Экономиканы  картельдеу (кəсіпорын-

дарды күшейту)  процесі  осы шаруашылық палаталардың

көмегімен жүзеге асырылды.  Бірқатар ұсақ кəсіпорындар

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың