Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
органдарды құрады: Мемлекеттік əкімшілік кеңес (жоғарғы
атқарушы орган), ұлттық-революциялық əскери кеңес, Жо-
ғарғы халықтық сот жəне Жоғарғы халықтық прокуратура.
ОХҮК-мен біріге отырып олар ҚХР-дің орталық халықтық
үкіметтін құрады. Оның төрағасы болып Мао Цзедун табылды,
сонымен қатар ол ОХҮК-нің, Халықтық-революциялық əскери
кеңестің жəне Коммунистік партияның атқарушы комитетінің
төрағасы болды.
1953-1954 жылдары ел тарихындағы халықтық өкілдер
жиналысына алғашқы жалпы сайлаулар өтті.
15 қыркүйекте Пекинде Халық өкілдерінің жалпықытайлық
жиналысының (ХӨЖЖ) бірінші сессиясында ҚХР-дің Консти-
туциясы қабылданды. Оған сəйкес, биліктің жоғарғы органы
болып ХӨЖЖ, ал оның сессияларының арасындағы үзілістерде
ХӨЖЖ-нің Тұрақты комитеті табылды.
1958 жылғы мамырда коммунистік партия социализмді
уақытынан бұрын құру бағытын ұстанды, бұл “Үлкен адым”
деген атқа ие болды жəне өмірдің барлық салаларына тарады.
Бұл бағыт жағдайдың сыртқы жəне ішкі саяси шиелінісіне
алып келді.
60-жылдардың басында Мао Цзедун “Үлкен адымға”
тексеру жасады. Партия идеялық жағынын “Үлкен адымды”
жақтаушылырға (яғни, Мао Цзедунды жақтаушыларға) жəне
оның қарсыластарына бөлінді. Мао Цзедун жəне оның
жақтаушылары “Мəдени революция” атты іс-қимылдарды
жүзеге асырып, партиялық жəне мемлекеттік органдарда таза-
лаулар жүргізді. 1975 жылы “Мəдени революцияның” саясатын
заңды түрде бекіткен конституция қабылданды. Биліктің
өкілдік органдарының кейбір құқықтары шектелді. Алайда,
Мао Цзедунның өлімі (1976 жыл) мемлекеттік құрылымның
демократизациялануына жəне 1978 жылы жаңа конституцияны
(1954 жылғы конституцияның кейбір ережелерін қалпына
келтірген) қабылдауға алып келді. Елде құқық шығарушылық
қызмет белсендене түсті, бірқатар кодекстер қабылданды.
1982 жылы экономикадағы реформаларды бекіткен консти-
туция қабылданды. Бұл реформалар Ден Сяо-Пиннің басшы-
194лығымен 1978 жылы басталған болатын (экономиканың жан-
жақтылығы, меншіктің бірнеше түрі бекітілді, алайда, билік
басында коммунистік партия қалып қойды). Осылай, мемле-
кеттің саяси құрылымын өзгертусіз экономиканы басқарудың
нарықтық əдістері үшін үлкен бостандықтар туындады.
Реформалардың нəтижесінде ҚХР дамыған мемлекетке
айналды. Жақында (1998 жылдың аяғында ) ҚХР-да рефор-
малардың 20 жылдығы тойланды.
195Алтыншы бөлім
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕГІЗГІ
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Азаматтық жəне сауда құқығы
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы жəне соған байла-
нысты жаңа нысандағы қатынастардың пайда болуы құқықтың
жаңа салаларының пайда болуына жəне бұрынғы құқық
салаларының жаңалануына əсер етті. Жаңа салалар (мысалы,
авторлық, патенттік, халықаралық əуе жəне космос құқығы,
еңбек, экологиялық құқықтары жəне т.б.) құқықтың жаңа
институттары мен қайнар көздерін талап етті.
Құқықтың дамуында бірқатар жалпы заңдылықтар байқал-
ды. Ең алдымен, жариялық құқық пен жеке құқықтың ара-
сындағы шекара жойылды. Бұл континенталдық құқық жүйе-
сінде ерекше көрініс тапты (ағылшын-саксондық құқық жүйе-
сінде мұндай шекара бұрын да болмаған), бұл жағдай
мемлекеттің экономиканы реттеуге ерекше қарқындылықпен
араласуымен байланысты болды. Жеке құқықтың негізгі
белгісі болып диспозитивтік (тараптардың теңдігі жəне таңдау
мүмкіндігі), ал жариялы құқықтың негізгі белгісі болып
императивтік (тараптардың құқықтық теңсіздігі жəне тандау-
дың мүмкінсіздігі) табылды. Бұл жариялы құқықтық қатынас-
тарға мемлекеттің араласуымен байланысты болды (мысалы,
əкімшілік қатынастар). Əлемдік шаруашылық байланыстардың
жəне əлемдік нарықтың дамуымен байланысты азаматтық жəне
сауда құқығының ұлттық нормаларын мемлекетаралық уни-
фикациялау байқалды. Көптеген мемлекеттердің қоғамдық
өмірін гумнизациялаумен байланысты негізгі құқық салаларын
демокртизацияландыру орын алды.
Азаматтық жəне сауда құқығында жоғарыда аталған жаңа-
лықтардан басқа құқықтың қайнар көздерінде де құрылымдық
өзгерістер жүзеге асты. Континетеалдық құқық жүйесі елде-
рінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып заң қалған мен, сот
тəжірибесі (жоғары тұрған соттардың ұқсас істері бойынша
шешімдері) ерекше маңызға ие болды. Ағылшын-саксондық
196елдерде сот прециденті
бұрынғыдай негізгі орынды
німен, заңға ерекше мəн беріле бастады.
Құқықтың субъектілеріне қатысты өзгерістер демократиза-
цияландыру сипатын иеленді. Құқық қабілеттікті барлық
азаматтар ешбір кемсітусіз иеленді. Көптеген елдерде əрекет
қабілеттіктің жасы 21-ден 18-ге дейін төмендетілді.
Заңды тұлғалар туралы заңнамада даму байқалды. Бұрың-
ғыдай жеке заңды тұлғалар мен жариалық заңды тұлғалардың
арасындағы айырмашылықтар сақталып қалды. Олардың
біріншісіне жеке тұлғалар құратын коммерциялық жəне өнер-
кəсіптік ұйымдар жатса, екіншісіне жариялық-құқықтық акті-
нің негізінде мемлекет құратын заңды тұлғалар (əртүрлі орган-
дар, мемлекеттік кəсіпорындар жəне т.б.) жатты.
Жеке заңды тұлғалардың арасында акционерлік қоғамдар
жəне жауапкершілігі шектелген серіктестіктер туралы заңнама
аса дамыды. Мысалға Нью-Йорк штатының 1963 жылғы жəне
Делавэр штатының 1967 жылғы кəсіпкерлік корпорациялары
туралы заңын, 1966 жылғы Францияның сауда серіктестіктері
туралы жəне 1965 жылғы Германияның заңын атауға болады.
Акционерлік қоғамның негізгі (жарғылық) капиталы шығарыл-
ған бағалы қағаздар-акциялардың сатылуы есебінен құрылады.
Акцияларды сатып алған
тұлғалар-акционерлер
(пайда алуға құқық)
алады. Олар акционерлік
лық қорындағы өз үлесі мөлшерінде материалдық жауапкер-
шілікте болады.
Акционерлік қоғамдардың қызметімен байланысты олардың
құқықтық режимін орнықтыратын бағалы қағаздар нарығы мен
арнайы заңнама ерекше дамыды. Заңға сəйкес бағалы қағаз-
дардың қасиеттерін иеленген акциялар жекеменшік құқығы-
ның объектілері болып табылады. Бағалы қағаздарды сатумен,
сатып алумен байланысты операцияларды акционерлік қоғам
(АҚШ, Англия) немесе мемлекеттік мекеме нысанында құрыл-
ған қор биржалары жүзеге асырады. Бағалы қағаздар саласын-
дағы операциялардың компьютеризациялануымен байланысты
олардың “дематеризациялануы” байқалды. Құжатталған ны-
сандағы акцияларды шығарудың орнына олармен жүзеге
асырылатын операцияларды компьютер арқылы орындау кеңі-
нен таралды (қолма қолсыз есептесуге ұқсас). Осы жаңалықты
197алғаш енгізген
мұнда 1984 жылдан бастап бағалы қағаздарды “дематеризация-
ланған” нысанда шығаруға рұқсат етілген.
Құрылымы бойынша акционерлік қоғамдардың екі түрі кең
таралған: АҚШ пен Англияда — акционерлердің басқармасы
жəне жалпы жиналысы; Германияда — басқарма, бақылаушы
кеңес жəне акционерлердің жалпы жиналысы. Ал Францияда
мұның барлығы құрылтайшылардың қалауы бойынша жүзеге
асырылады. Əдетте басқарма мүшелері ағымдағы басқаруды
жалданбалы іскер-
Акционерлік қоғамдармен қатар жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер де кеңінен таралды. Бұларға қатысты бір қатар
заңдар қабылданған. Мысалы, 1981 жылғы Германияның
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңы, 1966
жылғы Францияның сауда серіктестіктері заңы. Жауапкер-
шілігі шектеулі серіктестік бір фирмаға бағынатын тұлғалар
бірлестігі (жарғылық серіктестік) түрінлде құрылады. Əр
қатысушының жауапкершілігі оның салымына қарай анық-
талады.
Мүліктік айналымға қатысушы жариялық заңды тұлғалар
(мемлекеттік кəсіп орындар) азаматтық заңнаманың нормала-
рына бағынады. Олардан салық алу əдеттегі тəртіп бойынша
жүзеге асырылады жəне бұл кəсіп орындар акционерлік
қоғамдар мəртебесін иелене алады.
Қазыналық кəсіпорындар толығымен мемлекеттік меншікте
болады жəне салықтық жеңілдіктерді иеленеді. Олар мем-
лекеттік басқару жүйесіне кіреді жəне шаруашылық авто-
номияны (почта, телеграф жəне т.б.) иеленбейді.
2. Заттық құқық
Заттық құқық аса өзгермеген жəне мүліктік қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде қарас-
тырылады. Құқықтың континенталдық жүйесінде оны рим
құқығынан бері сақталып қалған иелік ету, меншік құқығы
жəне сервитуттар деп қарастыру орын алған. Алайда, меншік
құқығын қорғау əртүрлі тəсілдермен жүзеге асырылады.
198Қазіргі кездегі француз
құқығында иелік ету
үш түрі бар: иеліктің өзіне тікелей əсер етпейтін, бірақ оны
бұзатын əрекеттерді тоқтату туралы; иелікті болашақта
бұзудың алдын алу туралы; күштеп алынған мүлікті қайтару
туралы. Осыған ұқсас талаптар герман құқығында да кездеседі.
Ағылшын-саксондық құқық жүйесінде барлық мүліктік
құқықтар меншіктің түрі ретінде қарастырылады. Мүліктік
құқықтарды қорғау зиян келтіруге байланысты жалпы азамат-
тық талаптармен жүзеге асырылады.
Əдеби жəне көркем меншік саласында авторлық құқықтың
кеңеюі байқалады. Бұл қатынастарға 1886 жылғы əдеби жəне
көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясы жəне
1952 жылғы Бүкілəлемдік (Женевалық) Конвенция, оның 1971
жылғы жаңа (Париждік) редакциясы ерекше əсер етті.
Сервитуттар. Жер иелерінің құқықтарын шектеу көп
жағдайда жариялық-құқықтық сервитуттардың негізінде
жүзеге асырылады, яғни олардың пайдаланушылары болып
үлкен жер аумақтарында, кейде тіпті бүкіл мемлекет аумағын-
да жұмыс жасайтын жариялық заңды тұлғалар табылады.
3. Міндеттемелік құқық
Лицензиялық келісімдердің (автордың өз құқықтарын
пайдалану лицензиясы, патентке құқықты пайдалану лицен-
зиясы жəне т.б.) өсуімен байланысты шарттардың жаңа түрлері
пайда болды.
Шарттың өзгермейтіндігі қағидасына қатысты көзқарас
өзгерді. Тəжірбие көрсеткендей, шикізаттың қымбаттауы, оны
тасымалдаудың қымбаттауы шарт жағдайларына əсер етеді.
Икемді заңды түсінікті енгізу қажеттілігі туды. Бұл жағ-
дайда “болжамаған жағдайлар” термині қолданылатын болды.
4. Антитрестілік (
1890 жылы АҚШ-та кейбір концерндердің монополиялық
қызметін шектеуге бағытталған Шерман заңы қабылданды.
Кейін 1914, 1950, 1955 жылдары антитрестілік заңдар қабыл-
данды. Еуропада да мұндай заңдар қабылданған болатын:
199Ұлыбританияда 1948, 1956, 1965 жəне 1976 жылдары; Фран-
цияда 1945 жəне 1986 жылдары.
Қазіргі кезде антитрестілік заңнама құқықтың ерекше
саласы ретінде қалыптасқан. Алайда, əр елдегі антитрестілік
заңнаманың мақсаттары түрліше. Қазіргі кезде бұл заңнаманың
шартты түрде бөлінген екі жүйесі бар: американдық жəне
еуропалық. Антитрестілік заңнаманың американдық жүйесі
нарықтық шаруашылықтың қандай да бір секторында
монополияны құруға тыйым салу қағидасын басшылыққа
алады. Екінші жүйе фирмалардың қызметін заңды түрде
тексеру жəне олардың монополиялық құқықбұзушылықта-
рының алдын алу қағидасын қолданады.
5. Отбасылық құқықтағы өзгерістер
Ерлі-зайыптылардың
демократизацияланды. Некеге тұрушылардың басым көпшілігі
мүліктік мүдделерін заңды режимде шешетін болды. Режим-
дердің келесі түрлері дамыды: 1) бөлек мүлік (Ұлыбритания,
Германия, АҚШ-тың басым көпшілік штаттары); 2) ортақ
мүлік (Франция, Швейцарияның бөлігі, АҚШ-тың сегіз штаты)
— неке кезінде алынған
мүліктердің барлығы ерлі-
тылардың ортақ мүлкі болып саналады, жеке болып некеге
дейінгі мүлік жəне неке кезінде сыйға жəне мұраға алынған
мүлік саналады; 3) кейінге қалдырылған ортақ мүлік (Дания,
Норвегия) — бөлек мүлік режимі сақталады, ажырасу кезінде
бірге тапқан мүлік тең жартысынан бөлінеді, жəне аталған
мүліктен жалпы мүлік режимімен қарастырылатын ережелер-
дің бəрі алынып тасталады.
6. Еңбек жəне əлеуметтік заңнама
Еңбек заңнамасы ХХ-ғасырдың басынан бастап құқық
саласы ретінде біртіндеп қалыптасты. Еңбек заңнамасы жалпы
алғанда мына мəселелерді реттеді: жалақы; жұмыс уақыты;
еңбекті қорғау; кəсіподақтардың қызметі, олардың жұмыс
берушімен ұжымдық шарт жасасу құқығы; ереуіл жасауға
құқық; еңбек дауларын əділ шешуге құқық.
2001918-1920 жылдары көптеген дамыған елдерде 8-сағаттық
жұмыс уақытын, кейінірек аптасына 40-46 сағат жұмыс
уақытын орнықтырған заңдар қабылданды. Кəсіподақтар заңды
түрде құрылатын болды жəне ұжымдық шарттар жасасу
құқығын иеленді. Ұжымдық шарт туралы заң 1918 жылы
Германияда, 1919 жылы Францияда, 1935 жылы АҚШ-та
қабылданды. Қазіргі кезде жоғарыда аталған талаптар əлемнің
көптеген елдерінде (Қазақстанда да) сақталады.
Əлеуметтік заңнаманың дамуы еңбек заңнамасына
қарағанда əлсіздеу болды, себебі зейнетақымен қамтамасыз ету
механизмі тиісті дəрежеде жетілмеген болатын. Əлеуметтік
сақтандыру, медициналық сақтандыру жəне қызмет көрсету,
білім жəне тұрғын үйлер салу əлеуметтік салаға жатады,
сондықтан, олар əлеуметтік заңнама арқылы анықталады жəне