Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің
əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі
болып табылады.
3) белгілі бір маңызды
мақсаттар үшін құрылған
уақытша комиссиялар, бюролар, кеңестер, алқалар, əкім-
шіліктер.
Мемлекеттік аппаратты реформалауға қатысты алғашқы
қадамдар ХІХ ғасырда жасалған болатын. Пендлтонның
азаматтық қызмет туралы заңы (1883 жыл) федералды мем-
лекеттік қызметті жинақтастыру қағидаларын орнықтырды.
Ашық конкурстар — мемлекеттік лауазымдарды иелену үшін
емтихандар енгізілді, шенеуніктерді саяси себептер бойынша
жұмыстан босатуға тыйым салынды, заңдардың орындалуына
бақылау тəуелсіз органға — азаматтық қызмет комиссиясына
жүктелді.
1939 жылы “Саяси қызмет туралы” Хэтч заңы мемлекеттік
қызметшілерге саяси кампанияларға қатысуға тыйым салды.
1947 жылғы президент Г.Трумэнның № 9835 атқарушылық
бұйрығы азаматтық қызмет комиссиясын мемлекеттік лау-
азымдарға үміткерлердің саяси ар-ұяттылығын тексеруді мін-
187деттеді. Бұл тəжірибені
президент Д.Эйзенхауэрдің
тік қызметшілерді мерзімінен бұрын жұмыстан босатуды
көздеген “Мемлекеттік қызметшілердің саяси ар-ұяттылығы
мен тұрақтылығын тексеру туралы” № 10450 атқарушылық
бұйрығы одан əрі қатаңдата түсті. Алайда, мемлекетте жалпыға
ортақ мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптаспады, əр штаттың
өзінің əкімшілік басқару аппараты болды.
РУЗВЕЛЬТТІҢ “ЖАҢА БАҒЫТЫ”
ХХ ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та бұрын-соңды
болмаған экономикалық тоқырау орын алды. Өнеркəсіптік
өндіріс 56 %-ке дейін, ұлттық табыс 48 %-ке дейін төмендеді,
банктердің 40 %-і банкрот болды. 17 миллионға жуық адам
жұмыстарынан айырылды, Г.Гувердің үкіметі ешбір шара қол-
дана алмады. Бұл елдегі əлеуметтік-экономикалық жағдайды
күрделендіре түсті. Наразылық демонстрациялары мен
ереуілдер жиі-жиі бой көтеріп отырды.
1932 жылы президенттіке сайлауда демократиялық партия-
ның өкілі Ф.Д.Рузвельт жеңіске жетті. Оның бағдарламасы
“Жаңа бағыт” деп аталды.
Ақша жүйесін тұрақтандыру үшін алтынды шекарадан
шығаруға тыйым салынды, доллардың девальвациясы жүзеге
асырылды, банктар жүйесі күшейтелді (ұсақ банктарды бірік-
тіру есебінен), нəтижесінде ірі банктар қазынадан ауқымды
несиелер мен субсидиялар алды.
Өнеркəсіпті сауықтыру үшін арнайы мекеме — Өнеркəсіпті
қалпына келтірудің ұлттық əкімшілігі құрылды. 1933 жылғы 16
маусымдағы “Ұлттық экономиканы қалпына келтіру туралы”
заңға сəйкес бүкіл өнеркəсіп 17 топқа бөлінді, олардың əрқай-
сының қызметі жылдам уақытта қабылданған нормативтік
актілер — адал бəсекелестік кодекстерімен реттелді. Бұл
кодекстер өндірілетін өнімнің квоталарын, өткізу нарықтарын
бөлуді, баға мəселесін, несие шарттарын, жұмыс уақытының
ұзақтығын, жалақы деңгейін жəне т.б. анықтады.
Ауыл шаруашылығы үшін Ауыл шаруашылығын реттеу
əкімшілігі құрылды, бұл орган 1933 жылғы 12мамырдағы
“Ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту туралы” заңның
негізінде жұмыс жасады жəне ауыл шаруашылық өнімдерінің
188бағаларын реттеу жəне оларды 1909-1914 жылдардағы дең-
гейге жеткізу құқығын иеленді.
Жұмыссыздықты азайту мақсатында Төтенше көмек көр-
сетудің федералдық əкімшілігі құрылды, көп ұзамай бұл орган-
ның орнына Қоғамдық жұмыстарды дамыту əкімшілігі
құрылды. “Еңбек лагерьлері” (жолдарды, аэродромдарды салу
жəне жөндеу) құрыла бастады. Бұл уақытта əлеуметтік жəне
еңбек заңнамасын дамытудағы үлкен жетістіктер байқалды.
1932 жылғы Норрис-Лагардия заңымен соттардың еңбек шие-
ліністеріне қатысты сот ұйғарымдарын шығару құқығы шек-
телді. Кəсіпкерлерге жұмыскерлерді кəсіподақтарға кірмеуге
міндеттейтін шарттарға қол қоюын мəжбүрлеуге тыйым
салынды. 1935 жылы кəсіподақтардың қызметін заңдастырған
Вагнер заңы қабылданды. Осы заңға сəйкес егер кəсіпкерлер
кəсіподақпен жасасқан ұжымдық шарттарды орындамаса жəне
заң бұзса, жұмысшыларды кəсіподақтар құрғаны үшін жəне
заңды ереуілдерге қатысқаны үшін қылмыстық қудалауға
тыйым салынды. Аталған заңның орындалуын қадағалау Еңбек
қатынастары бойынша ұлттық басқармаға жүктелді.
1935 жылы əлеуметтік камсыздандыру туралы жалпы
федералдық заң қабылданды. Əлеуметтік сақтандыру бойынша
басқарма құрылды. Енді кəрілігі бойынша зейнетақылар 65
жасқа толған АҚШ азаматына, егер оның 1936 жылғы 31
желтоқсаннан бастап ол 65 жасқа толғанға дейінгі жалақысы 3
мың доллардан аспаса, төленетін болды. Оған төленетін
зейнетақының мөлшері жоғарыда аталған жалпы жалақының
1/2-не теңелетін болды. Зейнетақы қорын құру үшін басқа
салықтарға қоса жұмысшылардың жеке табыстарына жаңа əр
жылдық салық енгізілді, бұл салық алғашқыда табыстың 1 %-ін
құраса, одан кейінгі əр 3 жыл сайын 0,5 %-ке өсіп отыратын
болды. Кəсіпкерлер үшін бұрынғы салықтармен қоса оларға
төленген жалақының 1 %-ін құрайтын салық енгізілді, бұл
салық та əр 3 жыл сайын 0,5%-ке өсіп отыратын болды.
1938 жылы “Жұмысшы күшін əділ түрде жұмысқа алу”
туралы заң қабылданды. Бұл заң кейбір жұмысшылар үшін ең
ұзақ жұмыс уақытын жəне ең төменгі жалақыны тағайындауға
тыйым салды.
189“Жаңа бағыт” мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық қаты-
настар саласына алғашқы тікелей енуі болып табылды. “Жаңа
бағыттың” тəжірибесінің маңызы өте зор, себебі, экономи-
калық тоқырау кезінде тек қатаң мемлекеттік бсқару ғана
мемлекетті төңкеріс пен қозғалыстардан сақтап қала алады.
Тарихта болған барлық көтерілістер мен революциялардың
басым көпшілігінің негізі болып əлеуметтік-экономикалық
талаптар табылды, кейініректе ғана оларға саяси талаптар
қосылды.
“ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ” РЕВИЗИЯСЫ
Тоқыраудан шығу барысында сауда-өнеркəсіптік корпора-
циялар Жоғарғы сот арқылы “Жаңа бағыттың” еңбек жəне
əлеуметтік заңнамасының күшін жоюға тырысты.
1947 жылы Тафт-Хартли заңы қабылданды, бұл заң Вагнер
заңының күшін жойды. Оған сəйкес, “елдің ұлттық мүдде-
леріне қауіп төндіруші” ереуілдер мен ынтымақтастық ереуіл-
деріне тыйым салынды.
1950 жылы Маккарэн-Вудтың заңы қабылданды, оған сəй-
кес жоғарыда аталған ереуілдерді ұйымдастырушыларға бақы-
лау жасайтын арнайы басқарма құрылды. Суық соғыспен
байланысты кезең басталды. Көп ұзамай, “елдің ұлттық
қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге” бағытталған басқа да актілер
қабылданды. Олардың жəне №9835, 10450 атқарушылық бұй-
рықтардың негізінде арнайы кампания жүзеге асырылып, оның
барысында коммунистер ғана емес, демократиялық көзқарас-
тарды ұстанған көзі ашық азаматтар да қуғындалды. Кейінірек
бұл кампания, жалпы алғанда, тоқтатылды.
1907. Қытай
РЕСПУБЛИКАНЫ ЖАРИЯЛАУ
1902-1904 жылдары Қытайдың бірқатар провинцияларында
шаруалар мен қолөнершілердің жаппай көтеріліске шығуы
орын алды. Басында Сунь Ятсен тұрған “Қытайды қайта өрлету
одағының” басшылығымен революциялық ұйымдар құрылды.
1905 жылы революциялық топтар Қытайдың революциялық
біріккен одағына (Чжунго Гэмин Тунмэнхуэй) бірікті, оның
президенті болып Сунь Ятсен сайланды. 1911 жылғы 10
қазанда Учан (Уган) қаласында солдаттар көтеріліске шықты,
Синьхай революциясы басталды.
1911 жылғы 25 желтоқсанда Сунь Ятсен Қытайдың прези-
денті болып сайланды. Монархия контрреволюциялық күштер-
мен келісудің нəтижесінде жойылды. Президент болып контр-
революцияның таңдаған өкілі Юань Шикай сайланды.
1912 жылғы 10 наурызда Ұлттық жиналыс (заңшығарушы
орган) Қытайды президент басқаратын республика ретінде
жариялаған уақытша
билікті парламент жүзеге асырды, оның құрамында екі палата
болды: сенат пен өкілдер палатасы. Парламентке сайлау
екісатылы сипатты иеленді. 21 жасқа толған, мүліктік ценз бен
тұрақтылық цензіне (бір жерде кем дегенде 2 жыл тұрақты
өмір сүрген) тұлғалар ғана сайлаушылар болып табылды.
Либералдық буржуазия мен Юань Шикайдың одағы револю-
цияның аяқталуын қалады. Қытайлық революциялық бірлескен
одақта (тунмэнхуй) либералдар жеңіске жетті. Олар партияның
таратылуын жəне оның ұсақ буржуазиялық партиялармен
бірігуін талап етті. Бұған жауап ретінде Сунь Ятсен жаңа
партия — Гоминьданды (Ұлттық партия) ұйымдастырды.
Гоминьдандықтар 1913 жылы көтеріліске шықты, бұл
көтерілісті Юань Шикай басып тастап, партияның қызметіне
тыйым салды. Содан соң Юань Шикай конституцияға өзгер-
тулер енгізіп, президенттің өкілеттіктер мерзімін 10 жылға
дейін ұзартты. Осылай, монархияны қалпына келтіруге əре-
кеттер жасалды, Юань Шикайдың богдыхан (маньчжурлық
Цин династиясы императорларының титулы) ретінде жария-
ланатыны хабарланды. Алайда, 1916 жылы Юань Шикай қай-
191тыс болып, президент ретінде республиканы сақтап қалған
бұрынғы вице-президент Ли Юаньхун сайланды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайда күшейген
ұлттық буржуазия мен қытай нарығындағы шетелдік моно-
полистердің арасындағы қайшылықтар өрши түсті. Халықтың
белсенділгі ұлт-азаттық бағытқа бет бұрды. 1919 жылғы 4
мамырда Пекинде студенттердің демонстрациясы өтті. 1919
жылғы маусымда студенттік толқулар “4 мамырдағы қозғалыс”
атты революциялық қозғалысқа ұласты, оған жұмысшылар мен
ұлттық буржуазия қосылды. 1921 жылы Қытайдың Комму-
нистік партиясы құрылды. 1924 жылы коммунистер Гоминь-
данға қосылды. Халықтың
белсенділігінің артуы
ның оң қанатының контрреволюциялық бағытты ұстануына
түрткі болды. Контрреволюцияның басында Гоминьданның
Орталық атқару комитетінің төрағасы, ұлттық-революциялық
əскердің қолбасшысы генерал Чан Кайши тұрды. Бірінші
азаматтық соғыс басталды (1924-1927 жылдар), бұл соғыс
революциялық күштердің жеңілуімен аяқталды. Гоминьдан ірі
буржуазия мен помещиктердің партиясына айналды. Гоминь-
данның съезді биліктің жоғарғы органы ретінде жарияланды,
ал оны шақырудың арасындағы үзілістерде жоғарғы орган
болып Гоминьданның Орталық атқару комитеті табылды,
үкімет оған бағынатын болды (Кеңестік Ресейдегі мемлекеттік
органдардың құрылымына ұқсас болды).
1927 жылғы тамызда екінші азаматтық соғыс басталды. Осы
кезде Қытайдың солтүстік-шығысына жапон əскерлері енді.
Жапондықтарға төтеп бере алмаған Гоминьдон Шығыс Қытай-
дың жартысынан айырылды.
Коммунистер соғыстың барысында революциялық базалар-
ды (революциялық күштердің бақылауындағы аумақтар)
құрды. Революциялық күштерді біріктіру мақсатында 1930
жылғы 7 қарашада Қытайдың барлық революциялық базалары-
ның делегаттары — жұмысшы жəне шаруа депутаттардың І
съезді ашылды. Съезд жер туралы, еңбек туралы заңдарды
бекітті, уақытша конституцияның жобасын қабылдады жəне
Қытайдың революциялық орталық үкіметін сайлады, оның
басында Қытайдың Коммунистік партиясының басшысы Мао
Цзедун (1893-1976) тұрды.
1921932 жылғы сəуірде революциялық үкімет Жапонияға соғыс
жариялады жəне Гоминьданға азаматтық соғысты тоқтатып,
Жапониямен бірлесіп соғысуды ұсынды. Алайда, Гоминьдан
соғысты тоқтатудан бас тартты, сөйтіп, соғыс тек 1937 жылы
аяқталды.
Жапондықтардан азат етілген аймақтардың барлығында
билік органдары “үш үштік” қағидасы бойынша құрылды:
орындардың үштен бір бөлігінің бірін коммунистер, екіншісін
ұсақ буржуазия, үшіншісін орта буржуазия мен революциялық
помещиктер иеленді.
1944 жылғы қарашада Чан Кайши коммунистерді əскери-
саяси басшылықтан қуу арқылы үкіметте тазалау жүргізді,
сөйтіп, жаңа азаматтық соғыстың басталуына негіз болды.
1945 жылғы күзде Кеңес Əскері Маньчжуриядағы Жапон-
дық Квантун əскерін (1 миллион солдаттан құралған) жеңді.
Осыны пайдаланып, Қытайдың Коммунистік партиясы 8 жəне
4 ұлттық-революциялық (азаттық) əскерін жіберді. 1945 жыл-
дың соңында Қытайдың Коммунистік партиясы 150 миллион
халқы бар Солтүстік Қытайға билік жүргізіп отырды.
Гоминьдандық үкімет ұлт-азаттық əскерге қарсы тұрды,
сөйтіп, үшінші революциялық азаматтық соғыстың (1946-1949
жылдары) басталуына жағдай туды. 1949 жылғы қаңтарда Чан
Кайши Коммунистік партияның басшылығын бейбіт келіс-
сөздер жүргізуге шақырды, бұлардың нəтижесінде екі жақтың
арасында бейбіт келісім орнады.
1949 жылғы 21 қыркүйекте Халқытық саяси кеңесушілік
конференциясының бірінші сессиясы ашылды, оның жұмы-
сына барлық демократиялық партиялар мен қозғалыстардың
делегаттары қатысты. Сессия Конференцияға біртұтас фронт
ұйымы ретінде мəртебе беріп, ҚХР (Қытай халық респуб-
ликасы) Орталық халықтық үкіметін ұйымдастыру туралы
заңды, жəне Жалпы бағдарламаны (ҚХР уақытша консти-
туциясы) қабылдады. Конференция Мао Цзедун басшылық
еткен Орталық халықтық үкіметті сайлады. 1949 жылғы 1
қазанда Қытай халықтық республикасының құрылғаны туралы
жарияланды. Жалпы бағдарламада ҚХР-дің басында комму-
нистік партия құрған жұмысшылар мен шаруалар одағына
негізделген халық диктатурасының мемлекеті ретінде жария-
193ланды. Мемлекеттік
халықтық үкіметтік кеңес (ОХҮК) табылды. Бұл орган келесі