Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

керлер мен жұмысшыларды біріктірген корпорациялар құрады,

ереуілдер мен қозғалыстарға  тыйым салынды. 

Фашистік режим Корпорациялардың арнайы министрлігін

жəне Корпорациялардың ұлттық кеңесін қалыптастырды. Елде

өнеркəсіптің əртүрлі  салаларында 22  корпорация құрылды,

Корпорациялардың ұлттық кеңесі экономиканы басқару

органына айналды. 

Фашистік режим Ватиканмен одақтасты. 1929 жылы Вати-

канды Рим папасы басқаратын мемлекет ретінде тану туралы

келісім бекітілді. Католик  діні Италияның жалғыз діні ретінде

танылды. 

Сыртқы саясатта, фашистік Германиядағы сияқты, агрессия

ерекше сипатты иеленді. 1936  жылы Эфиопия  (Абиссиния)

жауланып алды, ал 1939 жылы Албания оккупацияланды. 1940

жылы Италия əскерлері  Грецияға басып кірді. 1937  жылы

Италия  “Антикоминтерндік  пактқа”  Жапония мен Германия-

мен бірлесе отырып қосылды. 1940  жылғы шілдеде Италия

Англия мен Францияға  соғыс жариялады,  содан кейін  Италия

КСРО-ға қарсы (Қырымда) соғысқа  қатысты. 

166ФАШИСТІК РЕЖИМНІҢ ҚҰЛАУЫ 

ЖƏНЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ОРНАУЫ

Елдегі жағдай нашарлай түсті. Соғыстағы жеңілістер əскер-

дің ұйымдастырылуын əлсіретті. 1943 жылы итальяндық əскер

тарады. 1943  жылғы 24  шілдеде  Жоғарғы Фашистік кеңес

патшадан қарулы күштерге басшылық жасауды сұрады,  бұл

дучеге сенімсіздіктің көрінісі еді.

Жаңа премьер-министр П.Бадольо  сөзсіз жеңілу шарттары-

на қол қойып (1943 жылғы 3 жəне 29 қыркүйек), антигитлерлік

коалиция елдерінің жағына өтті. 1943 жылғы қазан айындағы

Москвада өткен конференцияда  АҚШ-тың,  КСРО-ның жəне

Ұлыбританияның сыртқы істер  министрлері фашистік партия-

ны, фашалар жəне корпорациялар  палатасын, Жоғарғы Фашис-

тік кеңесті,  фашистік трибуналдарды,  фашистердің басқару

органдары мен қуғын-сүргін аппаратын тарату туралы шешім

қабылдады. 

1943  жылғы күзде қарсылық  білдіру қозғалыстары мен

ағылшын-американдық əскер  Италияның аумағынан фашис-

терді қуып жіберді. 

1946 жылғы 20 наурызда үкімет  Құрылтай жиналысы тура-

лы заңды бекітті,  бұл  орган демократиялық сайлаудың

негізінде құрылуы тиіс болатын. 1947  жылғы 16  наурызда

сайлау мен референдум өтті,  мұнда итальяндықтар  “Сіз рес-

публиканың орнағанын  қалар ма едіңіз?” деген сұраққа  жауап

берді. 11  миллион сайлаушы монархия үшін, 13  миллион

сайлаушы республика үшін дауыс берді. 

Құрылтай жиналысы конституцияны 1947  жылғы 22

желтоқсанда қабылдады,  ол 1948  жылғы 1  қаңтарда күшіне

енді.  Конституция тараулар мен бөлімдерге біріктірілген 139

баптан жəне 18  өтпелі жəне қорытынды ережелерден тұрды.

Конституция Италияны демократиялық  парламенттік респуб-

лика ретінде жариялады. 

Парламент екі теңқұқылы  палаталардан тұрды. Депутаттар

палатасы жалпы жəне тікелей  дауыс беру арқылы бес жылға

сайланатын болды.  Сенат  алты жылға сайланатын.  Айырма-

шылықтар депутаттар (21-25 жас) мен сенаторлар (25-40 жас)

үшін белсенді жəне бəсең  сайлау құқығынан байқалады.

Парламент үкіметті құрап,  бақылайды.  Үкімет парламенттің

167алдында жауап береді  жəне парламенттің сенім вотумына  тəуел-

ді болып табылады. 

Президент мемлекеттің басшысы  болып табылады жəне

ұлттың біртұтастығының  кепілі болып табылады.  Ол парла-

мент палаталарының біріккен отырысы арқылы 7  жылға

сайланады.  Президентке  тəн барлық міндеттерден бөлек ол

өмір бойғы 5  сенаторды  тағайындау құқығына ие.  Ол

референдум туралы жариялайды,  халықаралық шарттарды

ратификациялайды,  дипломатиялық  корпусты құрайды,  соғыс

жəне бейбітшілік жағдайы  туралы хабарлайды  (бұл жөнінде

парламентте шешім қабылданған  соң).  Оның функцияларына,

сонымен қатар, рақымшылық ету  жəне кешірім жасау жатады. 

Үкімет парламенттің алдында  жауап береді.  Ол жергілікті

жерлердегі атқарушы билік  жүйесіне басшылық жасайды.

Жаңа институт үкіметтік  комиссар институты енгізілді,  оның

функцияларына облыстағы  барлық азаматтық əкімшілікке

басшылық жасау жəне оның қызметін облыстық өзін-өзі бас-

қару органдарымен үйлестіру  кірді.  Сонымен қатар,  префек-

тура кеңесінің қызметіне  басшылық жасайтын префекттің

лауазымы, арнайы қызметтер  жəне жергілікті басқарудағы по-

лициялар сақталып қалды. 

Қарулы күштерде қарулы күштердің  бас инспекторы ин-

ституты енгізілді,  ол бас  қолбасшының  (республика прези-

дентінің) билігіне бағынды. Кеңесуші органдар — Аэронавтика

бойынша жоғарғы кеңес  жəне Қорғаныс бойынша жоғарғы

кеңес (бұл кеңеске президент  төрағалық етті) құрылды. 

50-жылдары Италияда полицияның 5  түрі қалыптасты:

қоғамдық қауіпсіздік  күштері  (Франциядағы республикалық

қауіпсіздік отрядтарына  ұқсас), карабинерлер корпусы, қаржы

(салық)  полициясы,  орман  қорғау қызметі,  провинциялық

полиция.

Құқыққорғау органдары 1931 жылғы  Қылмыстық кодекстің

жəне 1941 жылғы Қылмыстық  іс жүргізушілік кодекстің негі-

зінде жұмыс жасады. 

Жаңадан құрылған мекемелердің бірі болып Конституция-

лық сот табылды,  оның функцияларына мыналар кірді:

Конституцияға ресми түсіндірме беру, заңдардың конституция-

168ға сəйкестігін тексеру,  мемлекеттік органдар арасындағы

дауларды шешу, азаматтардың құқықтарына кепілдік беру. 

Сот өкілеттік мерзімі 9  жылдан тұратын 15  судьядан

құралды, олардың құрамы біртіндеп  өзгертіліп отыратын. 

Конституциямен əділдіктің келесі жүйесі бекітілді:  Мем-

лекеттік кеңес;  Есеп палатасы;  əскери трибуналдар;  апел-

ляциялық жəне кассациялық  соттар;  преторлар;  əкімшілік

джунттар (атқарушы органдарға ұқсас). 

1947  жылғы конституцияға  сəйкес Италия біртұтас

орталықтандырылмаған  (яғни,  автономиялық облыстары көп)

мемлекет ретінде жарияланды,  мемлекет 20  облысқа, 95

провинцияға жəне 8068  коммуналарға бөлінді.  Облысқа

Облыстық Кеңес басшылық жасайтын болды, атқарушы орган

болып облыстық джунта табылды.  Облыстық Кеңестің

өкілеттіктеріне мыналар  жатты:  облыстық деңгейдегі орган-

дарды, оның ішінде полицияны, құру; жергілікті сауда, денса-

улық қорғау;  мəдениет жəне əлеуметтік қамтамасыз ету;

облыстық салықтар жəне провинциялық жəне коммуналық

өзін-өзі басқару органдарының қызметіне бақылау жасау.  Бес

облыстық кеңестен құралған топ заңнама мəселелері бойынша

референдум өткізуді талап  ете алатын.  Облыстар президентті

Сенаттағы өздерінің делегаттары  арқылы сайлайтын. Облыстар

мен мемлекет арасындағы даулар Конституциялық сотта

шешілетін. 

Облыстар провинциялардан  тұрды,  оларды провинциялық

жиналыс басқаратын.  Бұл  жиналыс провинция джунтасын

атқарушы орган ретінде  сайлайтын. Коммуна да осындай жүйе

бойынша басқарылатын. 

Жергілікті жерлерде орталық  биліктің өкілдері болып

мыналар табылды: облыстарда үкіметтік Комиссарлар; провин-

цияларды префекттер; коммуналарда мэрлар.

1975 жылы сайлау жүйесін  демократизацияландыру жүзеге

асырылды.  Азаматтарға,  Сенатқа сайлауды қоспағанда,  бел-

сенді сайлау құқығы 18 жастан, бəсең сайлау құқығы 25 жастан

бастап берілетін болды  (фашистердің тұсында сайлау құқығы

21 жастан бастап пайда  болатын).

1947  жылғы 10  желтоқсанда  антигитлерлік коалиция

мемлекеттері Италиямен  бейбіт келісімге келіп,  оған еркін

169демократиялық мемлекет  ретінде даму құқығын берді.  Италия

өзі жаулап алған Албанияның жəне Эфиопияның егемендігін

таныды,  Грецияға аумағын  қайтарып берді,  Африкадағы өз

колонияларынан  (Ливия,  Итальяндық Сомали,  Эритрея)  бас

тартты. 

Қазіргі кезде Итальян  республикасы —  дамыған мемлекет,

НАТО-ның жəне Еуропалық  Одақтың мүшесі. 

1703. Франция

ҮШІНШІ РЕСПУБЛИКА

Версальдық бейбіт келісім (1919 жыл) бойынша Францияға

Эльзас пен Лотарингия қайтарылды,  германдық колониялар-

дың бірқатары жəне германдық  репарацияларға құқық берілді.

Мемлекеттің экономикасы  ерекше қарқынмен дамыды. 1930

жылы ауылшаруашылық өндірістің үлесі 40 %-ті құрады.

Тресттер мен ірі корпорациялардың да айрықша дамуы бай-

қалды.  Алайда,  бірінші  дүниежүзілік соғыс Францияны несие

беруші-мемлекеттен борышкер-мемлекетке айналдырып

жіберді.

Кеңестік Ресей 1917  жылдан бастап француз банктерінен

алған заемын қайтарудан бас  тартты,  себебі,  заемдарды пат-

шалық үкімет алған болатын  (яғни,  барлығына патша қарыз).

Соғыс уақытында Франция 4 миллиард АҚШ долларына дейін

қарыз болды. 

1920  жылы социалистік  партия коммунистер мен соци-

алистерге бөлінді. Алайда,  елдегі күрделі ішкі саяси жағдайға

қарамастан, 1875 жылғы конституция  өз күшін сақтап қалды. 

1919  жылы жартылай пропорционалдық  сайлау жүйесі

енгізілді. 1919  жылғы сайлау заңы сайлаудың мажоритарлық

жəне пропорционалдық  жүйелерінің үйлесуін көздеді.  Əрбір

департамент 75  мың тұрғынның  арасынан бір депутатты

таңдайтын, депутаттардың  саны департаменттегі халық санына

байланысты болды. Абсолюттік көп дауысты иеленген үміткер

сайланды деп есептелді. Егер мандаттардың барлығы жоғарыда

аталған ережелер бойынша  бөлінбеген болса,  сайлаудың про-

порционалдық жүйесі қолданылатын.  Бұл жағдайда департа-

менттегі дауыс берушілердің саны мандаттардың жалпы

санына бөлінетін, ал үміткер  үшін бір тізімнен берілген дауыс-

тардың жалпы саны онда аталған үміткерлердің санына

бөлінетін. 

1927 жылы консервативтік  саясатты ұстанған Р.Пуанкеренің

үкіметі мажоритарлық жүйені  (абсолюттік көпшілік жүйесі)

қалпына келтірілді. 1927  жылғы  заңға сəйкес Франция мен

оның теңіздің ар жағындағы  иеліктері 612  сайлау округіне

бөлінді,  олардың тоғызы Алжирде,  оны қалған колонияларда

171болды;  сол жерлерде  тұратын француздар ғана дауыс  беретін, 

колониялардың тұрғылықты халқы  сайлау құқығын иеленбеді. 

30-жылдары үкіметтің билігінің  күшеюі байқалды.  Парла-

мент, тіпті, əр бір жыл  сайын үкіметке төтенше өкілеттіктерді

беріп отырды. Енді үкімет заңдарды парламенттің келісімінсіз

əкімшілік тəртіпте ұсынатын болды. 

Мысалы, 1939 жылы (қыркүйекте) үкімет Германияға соғыс

жариялады, алайда, 1875 жылғы 19-шілдедегі Конституциялық

заңға сəйкес соғысты жариялау тек екі палатаның келісімімен

ғана жүзеге асырылуы тиіс болатын. 

1940 жылғы мамырда неміс-фашистік  əскер француздарды

ойсырата жеңді.  Француз  үкіметі əскери қимылдарды тоқта-

туға шешім қабылдады. Германия елді екі бөлікке бөлді: Фран-

цияның шығысы,  солтүстік-шығысы,  солтүстігі жəне атлан-

тикалық жағалауы оккупацияланды. Екінші бөлікте:  оңтүстік-

шығыста жəне оңтүстікте Германия Виши  (Виши қаласының

атауы бойынша)  үкіметін сақтап қалды,  алайда, 1942  жылғы

қарашада бұл облыстар да басып алынды. 

ТӨРТІНШІ РЕСПУБЛИКА

Француз қарсылығының қозғалысын генерал Ш.де Голль

басқарды. Англияда тұрғанда Ш.  де Голль 1940 жылы  “Еркін

Франция” (1942  жылдан бастап  “Айқасушы Франция”)  қоз-

ғалысының негізін қалады.  Көп ұзамай Голль ағылшын

үкіметімен  “барлық еркін  француздардың басшысы”  ретінде

танылды. 1943  жылғы жазда  біртұтас Ұлт-азаттық француз

комитеті құрылды,  кейінірек  ол да Голльдың басшылығымен

Францияның уақытша үкіметі  болып қайта құрылды. 

1944  жылғы жазда ағылшын-американдық  əскерлер Фран-

ция жеріне аяқ басты  (екінші фронт). 1944  жылдың соңында

Франция жалпы алғанда  босатылды. 

1945  жылы Францияның  уақытша үкіметі жаңа Консти-

туция қабылдау үшін Құрылтай жиналысына сайлау өткізу

жəне сонымен бірге  референдум өткізу туралы шешім

қабылдады.  Сайлаушыларға  келесі екі сұраққа жауап беру

ұсынылды:

1721) олар жаңа Конституция  қабылданғанын қалай ма немесе

1875 жылғы конституциялық  заңның күшінде қалғанын қалай

ма;

2) Құрылтай жиналысы қабылдаған  Конституцияның жоба-

сы референдуммен бекітілуі  тиіс пе.

Референдумның барысында  дауыс берушілердің 96,4 %-і

жаңа конституцияны қабылдау үшін дауыс берді, 66,3 %-і

Конституцияны халықтық дауыс  берумен бекітуге дауыс берді.

Құрылтай жиналысына сайлау бойынша дауыстардың басым

көпшілігін коммунистік  партия,  екінші орынды социалистік

партия,  үшінші орынды 1944  жылы құрылған Халықтық-

республикалық қозғалыс иеленді. 1946  жылғы сəуір айында

Құрылтай жиналысы конституцияның жобасын жасап аяқтады.

Бұл жоба бойынша жалғызпалаталық  парламент енгізу,

президентті вето құқығынан,  парламентті таратып жіберу құ-

қығынан,  кешірім жасау  құқығынан айыру жəне де өнеркə-

сіптің жекелеген түрлерін ұлттандыру бекітілді.  Бұл жоба

референдумның барысында  қайтарылып жіберілді.

Референдумның нəтижесінде  Құрылтай жиналысының жаңа

құрамын сайлау қажеттілігі  туындады. Алайда,  бұл жолы көп

дауысты Халықтық-республикалық  қозғалыс жинады,  сонан

соң коммунистер, олардан  кейін социалистер тұрды.

Конституцияның жаңа жобасы 1946 жылғы қазандағы рефе-

рендумда бекітілді. Преамбулада 1789 жылғы Адам жəне аза-

мат құқықтары туралы декларацияда жарияланған азаматтың

құқықтары мен бостандықтары  салтанатты түрде бекітілді.

Сонымен қатар, қосымша саяси  құқықтар да енгізілді. Респуб-

лика жаулап алушылық соғыстарды жүргізбеуге міндеттенді.

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың