УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)


 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Кафедра «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Пәннің аты:     Кәсіпкерлік құқық

 

Мына мамандықтар үшін:  5В050600, 5В050800, 5В050900, 5В051100

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2010 ж

 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Экономика-050506, Есеп және Аудит-050508, Қаржы-050509, мамандықтары үшін жасалған.

 

 

Құрастырған: оқытушы Қуанышова Әсем Зұлпықарқызы, Алматы: ҚазИТУ, 2010 ж ___ бет

 

 

 

 

Аннотация

   Оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу бағларламасынан (Syllabus), дәрістің қысқа конспектісі, әдістемелік материалдары, студенттердің өзіндік жұмыстары үшін материалдары, қажетті әдебиет тізімі, глоссаридан тұрады. Тестік және бақылау сұрақтары курс бойынша студенттердің өзіндік білімдерін бақылауға арналған. ОӘК студенттердің оқу білім және шығармашылық талаптарын, студенттердің өзіндік жұмыстарын және аудиториялық және аудиториядан тыс уақыттарындағы ұйымдастыру жұмыстарына деген талпынысын арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОӘК кафедра отырысында талқыланды

______________________  (хаттама №__  _______ 2010 ж)

 

ОӘК оқу-әдістемелік бөлімінің отырысында мақұлданды.

______________________  (хаттама № __  _______ 2010 ж)

 

ОӘК ҚазИТУ-дың Оқу-ғылыми- әдістемелік кеңесінің отырысында

бекітілді.

______________________  (хаттама № __  _______ 2010 ж)

 

 

 

 

 

© Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті

1.     ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушы жөнінде мәліметтер

Оқытушының аты-жөні: Қуанышова Әсем Зұлпықарқызы

Кафедра: “Әлеуметтік пәндер кафедрасы”

Байланыс телефондары: 125

1.2 Пән жөнінде мәліметтер.

Пәннің атауы: «Кәсіпкерлік құқық»

Кредит саны: 3

      Сабақтың өтілетін орны: аудитория

 

 

 

 

Аптадағы сағат саны

Тексеру түрі

Курс

Семестр

Кредиты

Дәрістер

Тәжірибелік сабақ

 

СӨЖ

СОӨЖ

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

3

5

3

2

1

4

2

6

Емтихан

 

 

1.3 Пререквизиттер:

- мемлекет және құқық теориясы;

- азаматтық құқық;

- отбасы құқығы;

- еңбек құқығы;

1.4 Постреквизиттер:

- халықаралық жария құқық;

- инвестициялық құқық;

- экологиялық құқық.

.

1.5 Пәнге қысқаша сипаттама

   Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Кәсіпкерлік құқық пәнін оқыту барысында көзделетін басты мақсат студенттерді отандық кәсіпкерлік құқықтың оқу пәні, заң ғылымы және құқық саласы ретіндегі негізгі ережелерімен таныстыру. Осы арқылы студенттердің кәсіпкерлік құқық нормалары туралы терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қабілетін қалыптастыру көзделеді.

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасындағы шаруашылық қатынастарын реттейтін нормаларының жиынтығын, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарды оқып білу, азаматтардың шаруашылық қызмет аясындағы құқықтыры мен міндеттерін белгілейтін және олардың кәсіпкерік қызметінің дамуына негіз болатын нормативтік құқықтық актілермен танысу

              Студенттер кәсіпкерлік құқық аясындағы нормаларды талқылаудың тәжірибелік маңызын нақты құқықтық жағдайларға қолдана білуі керек.

 

1.6. Тапсырмалардың түрі және олардың орындалу мерзімі

 

СОӨЖ тапсыру түрі және мерзімі

 

№1.(2 апта.) Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі.

Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша практикумнан № 1-2 есепті шығару.

№2.(4 апта.) Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері.

“Жеке кәсіпкерлік туралы ” Қазақстан Республикасы Заңның ережелерін ауызша сұрау. 31.01.2006 жыл

 

 

№3.(6 апта.) Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі.

Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша практикумнан № 4-5 есепті шығару.

 

№4.( 10 апта.) Кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапынан реттелуі.

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның ережелерін ауызша сұрау, 17.04.1995 жыл

 

№5.( 12 апта.) Сыртқы экономикалық қызметтің құқықтық реттелуі. Халықаралық сатып алу сату туралы 1980 жылғы Вена конвенциясының ережелерін ауызша сұрау.

 

№6.( 14 апта.) Кәсіпкерлік шарт түрлері.

Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша практикумнан № 5-6 есепті шығару. №7.(14 апта.)

СӨЖ тапсырмалары

 

              Өзіндік жұмыс (СӨЖ) А4 нысанындағы парақтарда жазбаша, реферат нысанында орындалады. Әрбір студент төменде ұсынылған тақырыптардың бірін рефераттың зерттеу пәні ретінде таңдайды. Бір тақырып келесі студенттерде қайталанбауы тиіс. Студенттер рефератты даярлау барысында осы силлабуста көрсетілген әдебиеттерді қолданса болады. Реферат 12 оқу аптасында қорғауға дайын болуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін дайын болған рефераттар қарауға жатпайды.

 

1-ші аралық бақылау сұрақтары.

 

1. Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы.

2. Шаруашылық құқықтың басты теориялары (мектептері).

3. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың бүгінгі таңдағы концепциясы.

4. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың мазмұнын айқындаудағы негізгі тәсілдер.

5. Кәсіпкерлік құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

6. Кәсіпкерлік құқықтың дамуындағы басты кезеңдер.

7. Кәсіпкерлік құқықтың құқықтық реттеу пәні.

8. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу әдістері.

9. Кәсіпкерлік құқықтың басты қағидалары және олардың сипаттамалары.

10. Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі.

11. Кәсіпкерлік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының туындау және даму тарихы.

12. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік заңнамасының ұғымы мен жүйесі.

13. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.

14. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері.

15. Кәсіпкерліктің түрлері (жалпы сипаттамасы).

16. Кәсіпкерліктің нысандары (жалпы сипаттамасы).

17. Мемлекеттік кәсіпкерлік нысандары.

18. Жеке кәсіпкерлік түрлері.

19. Бірлескен кәсіпкерлік нысандары.

20. Жеке кәсіпкерлік түрлері мен нысандары.

21. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұғымы.

22. Жеке тұлға кәсіпкерлік құқық субъектісі ретінде.

23. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қарым-қатынастардың субъектісі ретінде.

24. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

25. Шағын кәсіпкерлік субъектілері.

26. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау.

27. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері.

28. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұғымы мен құру тәсілдері.

29. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу.

30. Лицензиялау.

31. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қайта құрылуы.

32. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің дәрменсіздігі (банкроттығы).

33. Дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңнама. Дәрменсіздік ұғымы мен белгілері.

34. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тарату.

 

2-ші аралық бақылау сұрақтары.

 

1. Меншік құқығы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізі ретінде.

2. Кәсіпкерлік қатынастардағы мүлік ұғымы мен құрамы.

3. Жылжымайтын мүлік құқықтық режиміндегі ерекшеліктер.

4. Кәсіпкерлік шарт ұғымы мен белгілері.

5. Кәсіпкерлік шарт ерекшеліктері.

6. Кәсіпкерлік шарт функциясы.

7. Кәсіпкерлік шарт мазмұны мен нысаны.

8. Кәсіпкерлік шартты жасау тәртібі.

9. Кәсіпкерлік шартты өзгерту және бұзу.

10. Кәсіпкерлік шарт түрлері.

11. Мүліктік кәсіпкерлік шарттар.

12. Ұйымдастырушылық кәсіпкерлік шарттар.

13. Экономикалық салалар бойынша кәсіпкерлік шарттардың жіктелуі.

14. Жер қойнауын пайдалану саласын шарттық реттеудің туындау және даму тарихы.

15. Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға байланысты жасалған алғашқы шарттар (1917 жылға дейінгі).

16. Жаңа экономикалық саясат тұсындағы концессиялық келісімдер.

17. Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға байланысты бүгінгі таңдағы контрактілер.

18. Жер қойнауын пайдалануға қатысты кәсіпкерлік шарттардың ұғымы мен белгілері.

19. Жер қойнауын пайдалануға қатысты кәсіпкерлік шарттардың мазмұны мен тараптары.

20. Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың контрактілі жүйесі.

21. Жер қойнауын пайдалануға қатысты кәсіпкерлік шарттардың түрлері.

22. Жер қойнауын пайдалануға қатысты контрактілердің жалға алу және мердігерлік түрлері.

23. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессиялық келісімдер: ұғымы мен ерекшеліктері.

24. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессиялық келісімдердің елеулі ережелері.

25. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өнімдерді бөлу жөніндегі келісімдер.

26. Жер қойнауын пайдалану саласында қызмет ұсыну контрактілері (қызметтік контрактілер).

27. Жер қойнауын пайдалану саласында бірлесіп қызмет ету жөніндегі контрактілер.

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық