УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

95. Мемлекет аралық инвестициялық қарым-қатынастар саласындағы халықаралық ұйымдар.

96. Трансұлттық корпорациялар.

97. Сыртқы экономикалық қызметтің ұғымы.

98. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы.

99. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.

100.                    Сыртқы экономикалық шарт (ұғымы, белгілері және түрлері).

101.                    Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу.

102.                    Сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеу.

103.                    Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу.

104.                    Кәсіпкерлер құқығын қорғау ұғымы. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қорғану құқығы. Қорғану тәсілдері мен органдары. Тікелей қорғану (өзін-өзі қорғау). Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңи мүдделері мен құқықтарын сот тәртібі арқылы қорғау.

105.                    Нарық жағдайындағы шаруашылық даулардың мазмұны.

106.                    Шаруашылық дауларды қарауды реттейтін актілер жүйесі. Шаруашылық дауларды сотқа дейінгі шешу механизмі.

107.                    Шаруашылық дауларды халықаралық коммерциялық арбитражда қараудың жалпы сипаттамасы.

108.                    Шаруашылық дауларды аралық сотта қараудың жалпы сипаттамасы.

109.                    Фирманың ішкі дауларын қарау тәртібі.

 

 

 

 

Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша есептер жиңағы

 

1.                  «Сауда үйі» брокерлік-дилерлік фирмасының директоры Мақатов салық органдарының қызметіне шағымданып сотқа талап арыз берді. Талап арызда  «Соверен» шылымдарына бағаны көтергені үшін салық органының айып төлеу шараларын қолданғаны көрсетілген. Іс бойынша талап арызбен қоса «Сауда үйі» ЖШС-ң тіркеу құжаты болған. Сот салық органдарының әрекетінің заңсыздығына байланысты Мақатовтың талап арызын қанағаттандырды.

Мақатов кәсіпкер ме? Кәсіпкерлік қандай ұйымдық - құқықтық  нысанда жүргізілген?

 

2.                  Азамат Атаев фермер Омаровтан 72530 тенгені малды күтіп баққаны және оған жұмсалған шығын және өзінің жеке еңбегі үшін өндіріп алу туралы сотқа талдап арыз қойды. Іс бойынша фермер Омаров Атаевпен шарт жасасады. Шарт бойынша фермада жөндеу жұмыстарының бітуіне дейін жеке малдары сенімділікпен уақытша қарауға беріледі. Малды қайтарған кезде  бір сиырдың жоқ екендігі анықталды, бірақ Омаров төлеуден бас тартады. Сот шарт заң талаптарына сәйкес жасалған жоқ деген негізбен талаптардың талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі дұрыс па? Бұл қызметтің түрін анықтаңыз. Шарттағы тараптардың кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті ме?

 

3. Азамат Таранов лизинг компаниясына СМА компаниясынан он компьютер сатып алу туралы өтініш жасады. Шарт жазбаша нысанда 1 жылға жасалды және сатушы көрсетілді және аренда төлемі ретінде ай сайын 40 000 төлеп тұру қарастырылды. Компьютерлар Тарановқа берілді, бірақ бір айдан кейін электрэнергиясындағы келеңсіздіктен компьютер істен шықты. Таранов СМА компаниясына жөндеу туралы талап қойды.  Бірақ СМА шарт лизинг компаниясымен жасалғандықтан жауапкершілікті лизинг компаниясы көтеру қажет деп жауап қайтарды.

Лизинг шарты қандай нысанда жасалады?  Іс қалай шешіледі?

 

3. Азамат Маратов нан пісіру қызметімен айналысатын ЖШС құру туралы шешімге келді.

Маратов ЖШС құру үшін қандай әрекеттер жасауы тиіс?

 

4. Азамат күнделікті қақпасының алдында банан сатумен айналысады. Салық органдары азаматтан кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысуына байланысты қызметін тіркеу қажеттігін ескертті.  Тіркемеген жағдайда айып төлейтіндігін ескертті.

Бұл кәсіпкерлік қызмет болып табылады ма?

 

5. Азаматша Жақыпова бірінші қабатта орналасқан өзінің бір бөлмелі пәтерінде шаштараз ашып, кәсіпкерлік қызмет айналысуға шешім қабылдады.

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай әрекеттерді жүзеге асырады?

 

6. Ерлі-зайыптылар Асановтар өздерінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы шешім қабылдады. Бірақ жұбайы 3 жасар балаларының күтімімен айналысатындықтан, Асановтың бір өзі ғана кәсіпкерлікті жүзеге асыруға мәжбүр болды.

Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігінің ерекшелігі неде?

 

7. Той басқарумен айналысатын асаба Жанбаевқа салық органдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін салық төлемегендіктен, кәсіпкерлік қызметінен алынған табыстарынан ай сайын шамамаен 8000 салық төлеу қажеттігін ескертті.

Салық органдарының әрекеттері дұрыс па? Асабалықпен айналысу кәсіпкерлік қызмет түріне жатады ма?

8. Уалиханов Алматы - Жамбыл қалалары арасында жолаушыларды тасымалдаумен айналысқысы келді.

Бұл қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады ма? Кәсіпкерлік қызмет қай жерде тіркелуі тиіс?

 

9. Шетел азаматы Джордж Мэлл алматы қаласында ағылшын орталығын ашу туралы шешімге келді. Азамат Джордж М. Орталықта ағылшын тілін меңгеруге дайындау және ағылшын тілінде оқулықтар басып шығару туралы қызметті жүзеге асырғысы келді.

Шетел азаматтары қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма?

 

10. Аманкелды ауданының салық комитеті "Рауан" шаруа қожалығының салық төлемегенін басшылыққа ала отырып банкрот деп тану жөнінде арызбен сотқа шағымданды. 2009 жылғы 01.09. дейін алғанда бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша 749138 тенге қарызы бар.

Сот "Рауан" шаруа қожалығына қатысты қандай шаралар қолдануы мүмкін?

 

11. "Заря-1" шаруа қожалығы сотқа талап арыз берді. Талап арызда 2001 жылы құрылтайшылар Симоненко Е.Д., Хлистун В.Н., Карабалин Т.М., Мадинов С.О. шаруа қожалығын құрғандығы және басшысы Мадинов болғандығы, кейіннен Мадинов қайтыс болған кезде басшысы болып Симоненко С.Д. тағайындалған және ол шаруа қожалығының құрылтайшысы емес. Сондықтан шаруа қожалығы шартты бұзу туралы талап арыз қояды.

Шаруа қожалықтарының мүшелері кімдер бола алады? Шаруа қожалығының басшы кім бола алады?

 

12. Кәсіпкер Асанов балаларға арналған тамақ өнімдерін шығару кезінде кәсіпкер Жолдасовтың осындай тауарларынан басты айырмашылығы тамақ құрамыныда витаминдердің көптігі және туған кезден бастап пайдалануға болатындығын және ана сүтін алмастыра алатындығын жарнамалау арқылы тұтынушыларды қызықтыру ақпаратын таратты.

Кәсіпкер әрекеті дұрыс па? Дұрыс болмаса қандай заңға қайшы әрекеттер орын алған?

 

13. Азаматтар Дүйсенов А., Маратов Л., Берiков. Мейрам өндiрiстiк кооперативiн құрды. ӨК-ң төрағасы болып  Дүйсенов А. сайланды. ӨК Мейрам ЖШС Сәлеммен 20 орындық жасауға және жеткiзуге шартқа отырды. ӨК екi апта бұрын шартты орындады, бiрақ ЖШС оны қабылдаудан бас тартты.

Шешiмiн табыңыз.

 

Азаматша Тауасарова зейнетке шыққаннан кейін балалар киімін тоқып және оны сатумен айналысуға шешім қабылдады.

Тауасарова Қазақстан Республикасының заңдары бойынша кәсіпкерлік субъектісі болып табылады ма? Кәсіпкерлік белгілері қандай?

 

14. Азамат Даменов қосымша кірістер алу үшін аяқ киім жөндеу қызметімен айналысу үшін өзінің тұрғылықты жеріндегі салық органдарына тіркелу үшін келді.

Даменовтың әрекеті дұрыс па?Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу қандай жағдайларда міндетті?

 

15. ЖШС «Айсара» нан өнімдерін өндірумен айналысады және жұмысшылар саны 60 адам, 2008 жылғы активтерінің жалпы құны 400000 тенге.

«Айсара» ЖШСқандай жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылады?Басқа жеке кәсіпкерлік субъектілерінен айырмашылығы неде?

 

16. Студент Саматов «Универмагтан» өз қалауы бойынша 25000 теңге тұратын көк түсті жастар стилімен тігілген костюм сатып алады. Кейін үйіне келгеннен кейін өлшеп, киіп қараса көк түстің мүлде жараспайтынын байқады.

Тұтынушының сатып алынған затын ауыстырып алуға байланысты құқықтары қандай?

 

17. «Барыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс қызметімен айналысу туралы құрылтай құжаттарында көрсетті. Әділет органдары мемлекеттік тіркеу кезінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін лицензиясы болу қажеттігі туралы заңды тұлғаны ескертті.

Мемлекеттік тіркеу органының берген кеңесі дұрыс па?

 

18. Азаматтар Мақанов, Саламатов, Бекенов, Сариев жай серіктестік құру негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы шешім қабылдады. Жай серіктестіктің негізгі мақсаты 9-мамырда алаңда түрлі-түсті суреттер салынған шарларды сату негізінде пайда табу. Бірақ шартта пайданы бөлуге байланысты ережелер қарастырылған жоқ.

Жай серіктестік дегеніміз не және пайда қалай бөлінеді?

 

19. Қытай кәсіпкерлері Қазақстандық кәсіпкерлерге төсек жапқыштарын арзан бағамен сатуға шарт жасады. Қазақстан нарығында сатуды жүзеге асырған кезде отандық өндіруші кәсіпкерлер олардың демпинг нормаларын бұзуына байланысты шағымдану қажет деп санады.

Демпинг дегенімізне?Демпингке қарсы істі қарау жөніндегі ақпарат мерзімдері.

 

20. Азамат Сарақанов шаруа қожалығын құру туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқару органдары шаруа қожалығын құру үшін құжаттар ұсынуын талап етті.

Қандай құжаттар шаруа қожалығын құру үшін қажет?  Тәртібі қандай?

 

21. «Бағбан» өндірістік кооперативіне серіктестікті мүше етіп қабылдау туралы өтінішпен «Теңіз» ЖШС бас директоры кооперативтің  төрағасына арыз береді. Осы мәселе туралы бірлесіп шешім қабылдау үшін «Бағбан» өндірістік кооперативінің төрағасы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысын шақырып «Теңіз» ЖШС кооперативке  мүше етіп қабылдау туралы мәселені күн тәртібіне қояды.

Жалпы жиналыс  қандай шешім шығару керек?

 

22. «Зерде»  акционерлік қоғамының  «алтын акциясын»  ұстаушы  «Баспа»  ЖШС қаржы жылы аяқталғанда акционер ретінде дивидент төлеуді талап етеді. Егер бұл талап он күннің ішінде орындалмаса «Баспа» ЖШС  «алтын акцияның»  ұстаушысы ретінде  «Зерде»  акционерлік қоғамның  атқару органының барлық шешімдеріне өзінің заңды «вето» құқығын пайдаланып тиым салатынын  ескертеді.

«Дивидент» деген не?  «Баспа»  ЖШС-нің осы  талабына  құқықтық баға беріңіз.

 

23. Қарамағында алты жалдамалы жұмысшысы бар шағын автокөлік жөндеумен айналасатын  жеке кәсіпкер  Ермек  Айдарұлы  деген азамат өзі тұрған жерде орналасқан, яғни Алматы қаласы Алмалы аудандық салық комитетіне жүгініп оған кәсіпкер ретінде патент беру туралы өтініш береді.

Кәсіпкердің осы өтініші бойынша салық комитетінің кәсіпкерлерді тіркеу бөлімінің қызметкерлері қандай кеңес беріп, шешім қабылдауы тиіс?

 

 

24. «Алау» сенім серіктестігінің құрамында екі толық серік және  жалғыз салымшы бар болатын. Алайда бір жыл өткеннен кейін осы серіктестіктің жалғыз салымшысы болып табылатын жеке кәсіпкер Алтай Рахымберді өзі алғаш  болжағандай  серіктестікке салымшы болудан ұтымды пайда  таппағандықтан серіктестіктен мүшеліктен шығу туралы шешім қабылдайды.

«Алау» сенім серіктестігінің  атқару органы  кәсіпкер Алтай Рахымбердінің өтінішін толық қанағаттандырып оны серіктестіктен мүшеліктен шығарып, оның салған салымын қайтарып беріп  өз қызметін одан әрі жалғастыра береді осы  қалыптасқан  жағдайға  сіз қандай құқықтық баға берер едіңіз?

 

25. Алматы қаласының тұрғыны  зейнеткер  Асан Исмаил  жасының 70-ке келгеніне қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келіп өзі тұрған жердегі аудандық салық комитетіне жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді және де оған  кәсіпкер куәлігін беруді өтініп арызымен бірге барлық тиісті құжаттарын тапсырады. Алайда салық комитетінің қызметкері  өтініш беруші Асан Исмаилдің  жасының 70-келгендігін және де сонымен қатар оның зейнетақы алатындығын негізге алып  оны кәсіпкер ретінде тіркеуде бас тарды.

Салық комитетінің қызметкерінің бас тартуы негізді ме?

 

26. Жеке  кәсіпкерлерді қандай мемлекеттік органның тіркеуге алып кәсіпкер куәлігін беретіндігін білгісі келген  Саят Сарыбай деген азамат  өзінің көршісі Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және бизнес факультетінің 2 курс студентінен осы мәселе бойынша кеңес беруді сұрайды.

Саят Сарыбайға сіз қандай кеңес берер едіңіз?

 

27. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және бизнес факультетінің  екі студенті мына мәселе бойынша ортақ келісімге келе алмаған еді.. Студент Мәліктің пікірінше тек заңды тұлғаны ғана банкрот деп тануға болады, ал  жеке кәсіпкерлерге банкроттық процедурасы қолданылмайды деп санайды. Бұл  пікірмен келіспеген  студент  Саят  банкроттық процедурасы тек заңды тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге де қолданылады деп санайды.

Кімнің пікірі дұрыс?. Жауабыңызды негіздеп беріңіз.

 

28. Жеке  кәсіпкер  Зейнолда Арон мемлекеттік кәсіп орын құрса мемлекеттік тапсырыстарға, тендерлеге ешбір кедергісіз қол жеткізуге болады дегенді естіп қалалық Әділет басқармасына келіп өзінің мемлекеттік кәсіпорынды қалай құруына болатынды жайлы кеңес беруді сұрайды.

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық