Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.
Жеке кәсіпкер Зейнолда Аронға қандай кеңес бересіз?
29. Мүгедектігіне байланысты еңбекке қабілетсіз болып қалған азамат Сұлтан «Тұмар» өндірістік кооперативіне өз атынан жарна салып, өзін осы өндірістік кооперативке мүше етіп қабылдауды сұрап кооператив төрағасына арыз береді. Алайда «Тұмар» өндірістік кооперативінің төрағасы азамат Сұлтанның бұл өтінішін қанағаттандырса заң талаптары бұзылады деп санап оны өндірістік кооперативке мүше етіп қабылдаудан бас тартады?
Осы бас тарту негізді ме?
30. Алматы обылысының әр түрлі аудандарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын бес өндірістік кооператив қандайда бір заңды тұлға құрып кәсікерлік қызметті жүзеге асыру барысында өзінің іс қимылдарын үйлестіріп құқықтары мен заңды мүдделерін бірлесіп қорғауды мақсат тұтады.
Сіз оларға қандай заңды тұлға құруға кеңес берер едіңіз?
31. Жеке кәсіпкер Ұлан Асқар жеке меншік мекеме құрып осы құрылатын мекеменің меншігіне мүлік пен ақша бөліп бермек болады, алайда университет студенті Әділ бұл заң талаптарын және жалпы мекеменің құқықтық жағдайына қайшы келеді деп санайды.
Студет Әділдің пікірі негізді ме? Жауабыңызды негіздеп беріңіз?
32. Жасы 17-ге толған колледж студенті Асқар Мырзахан өзіне «Әділет» және «НұрОтан» партиялары өте ұнайтындықтан осы аталған саяси партияларға мүше болғысы келіп екі партияның да лауазымды тұлғаларының атына арыз жазып өзін осы саяси партияларға мүшесі ретінде қабылдауды сұрайды.
Осы жағдайға қандай құқықтық баға бересіз? Жауабыңызды негіздеңіз?
33. Қаржыдан тапшылық көрмеу үшін мұсылмандар діни бірлестігінің басшылары соңғы кездері өте жоғары сұраныс тудырып жүрген шошқа етінен жасалатын шұжық шығаратын кішігірім өндіріс орнын ашады. Осының нәтижесінде діни бірлестік көп ақша қаражат тауып, осы барлық түскен қаржыларды діни бірлестік жаңа мешіт ғимаратын тұрғызуға жұмсай бастайды. Алайда прокурор діни бірлестіктің бұл әрекеті заң талаптарын бұзып тұр деп санайды.
Прокурордың наразылығы заңды ма? Жаубыңызды негіздеп беріңіз..
34. Заңды тұлғалардың толық серіктестікке мүше болуына қандай да болмасын заңды кедергілер бар ма деген сұрақпен жеке кәсіпкер Сәлімгерей заңгерге кеңес алуға келеді.
Жеке кәсіпкер Сәлімгерейге сіз қалай жауап берер едіңіз?
35. Азамат Жексенбі Марат өзі мүшесі болып табылатын «Ұлар» тұтыну кооперативіне мүшеліктен шықпақ болып кооператив төрағасына жазбаша өтінішпен барғанда ол тұтыну кооперативі коммерциялық емес ұйым болғандықтан мұндай заңды тұлға өз мүшелері арасында мүлкін бөліске салмайды деген негізбен Жексенбі Мараттың жарғылық капиталға салған салымдарын қайтарып беруден бас тартады.
Осы жағдайға сараптама жасап, тұтыну кооперативі төрағасының жауабына баға беріңіз.
36. «Арай» акционерлік қоғамының Тараз қаласында орналасқан бөлімшесі өзін жеке заңды тұлғамыз деп санап өзін құрған акционерлік қоғаммен тек дербес келісім шарт негізінде ғана .жұмыс істеуді талап етеді.
Бұл талап орынды ма? Филиалдың заңды тұлғадан айырмашылығы қандай?
37. Үнтаспаға қазақ әуендерін жазумен айналысатын «Әуен» ЖШС «Сазгер» атты қоғамдық бірлестікке мүше болғысы келіп қоғамдық бірлестіктің заңгерінен осы мәселелерге қатысты кеңес беруін сұрайды.
Заңгердің орнына сіз жауап дайындаңыз.. Қоғамдық бірлестіктердің қандай ерекшеліктерін білесіз?
38. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келген азамат Бекен Бекбол «лицензия» мен «кәсіпкерлік патенттің» айырмашылығын айтып беруді сұрап өзінің танысы университеттің 3 курс студенті Бақберген Алмасқа өтініш жасайды..
Азамат Бекен Бекболға қалай жауап берер едіңіз?
39. Шалғай аудандардың бірінде коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып табылатын орта мектептің ғимаратын осы мектепте жаз айларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясы мектептің орындалған жұмыстарға ақша төлемегендігін негізге алып оның ғимаратын алып қояды. Құрлыс компаниясының әрекеті заңды ма?
Қазыналық мемлекеттік кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша кім жауап береді.?
40. Кәсіпкерлікпен айналысу кезінде Асыл Аржанов ешбір салық органдарында тіркеуден өтпей-ақ, әр түрлі тұрмыстық техника сатумен айналысады. Алайда, салық органдары оның кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде тапқан банкттік есеп шотындағы барлық ақшаны сот арқылы тұтқындайды.
Салық органдарының бұл әрекеті негізді ме?
41. «Жанар» қоғамдық қорының директоры және бас бухгалтері болып ерлі- зайыпты адамдар тағайындалған болатын. Алайда, прокурор бұл заң талаптарын бұзады деп санайды.
Прокурордың бұл наразылығы негізді ме?.Жауабыңызды жан-жақты негіздеп беріңіз.
42. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрмақ болған азамат Тұрар Бекболсын өзінің таныс заңгер туысына келіп ЖШС-не бір ғана тұлға, яғни оның жаңғыз өзі құрылтайшы бола алама деп сұрақ қояды. Заңгер ЖШС құру үшін құрылтайшылардың саны екіден кем болмауы керек деп ..түсіндірді.
Берілген кеңес дұрыс па? Сіз қандай кеңес берер едіңіз?
43. Артықшылығы бар акцияның ұстаушысы болып табылатын Ербол есімді азамат қаржы жылы аяқталғанда дивидент алуға акционерлік қоғамның кеңсесіне келіп өзіне тиісті дивидентті төлеуді талап етеді. Алайда, акционерлік қоғамның басшылары қаржы жылын өкінішке орай ешбір табыссыз аяқтағандықтан биыл ешкімге дивидент төленбейтіндігін айтады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушы акционер Ербол бұл бас тартуды заңсыз деп санайды.
Сіз осыған қатысты не айтар едіңіз?
44. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде шетелдік азаматтар кәсіпкер ретінде арнайы тіркеуден жергілікті әкімшіліктерде ғана өтеді дегенді естіп Ираннан келген оралман қазақ азаматы аудандық әкімшілікке келеді.
Жеке кәсіпкер болғысы келген шетелдік азаматқа қандай кеңес берер едіңіз?
45. Қарамағында алты жалдамалы жұмысшысы бар шағын автокөлік жөндеумен айналасатын жеке кәсіпкер Ермек Айдарұлы деген азамат өзі тұрған жерде орналасқан, яғни Алматы қаласы Алмалы аудандық салық комитетіне жүгініп оған кәсіпкер ретінде патент беру туралы өтініш береді.
Кәсіпкердің осы өтініші бойынша салық комитетінің кәсіпкерлерді тіркеу бөлімінің қызметкерлері қандай кеңес беріп, шешім қабылдауы тиіс?
ГЛОССАРИЙ
Қос секторлы теория – негізін салушы П.И. Стучка; бұл теория бойынша мемлекет экономикасында жеке сектор орын алса, онда ол жерде азаматтық құқық та болады, ал, социалистік секторда шаруашылық құқық кең қанат жаяды;
Біртұтас шаруашылық құқық мектебі (ХХ ғасырдың 30-шы жылдары) – бұл мектептің негізін қалаушылар: Гинцбург Л.Я., Пашуканис Е.Б. және т.б. Сол кезеңдерде басымдылыққа ие бола бастаған социалистік шаруашылық қатынастарға арнайы құқықтық реттеу қажет, осы мақсатта біртұтас шаруашылық құқық қалыптастыру қажет және басты рөл Шаруашылық кодекске тиесілі болуы керек;
Кәсіпкерлік құқық пәні – мыналардан тұрады: 1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасатын қатынастар; 2) шаруашылық қызмет барысында кәсіпкерлікпен тығыз байланысты қатынастар, мұнда коммерциялық еместер де қосылады (тікелей мақсаты табыс табу емес); 3) экономиканы мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастар.
Экономикалық бостандық және экономикалық мүдделерді қорғау қағидасы – ҚР конституциясында, ҚР АК және экономикалық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі; аталған қағидаға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік қызмет бостандығына және оны қолдау мен қорғауға кепілдік береді; сонымен бірге, кәсіпкерлік қызмет бостандығы шексіз емес және қоғам мүддесіне қажетті жағдайларда заңнамамен шектелуі мүмкін.
Экономикалық қатынастарға мемлекеттік ықпал ету қағидасы – экономиканың қалыпты дамуы мен экономикалық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ететін, экономикалық ықпал етуші шараларды қолданудан көрініс табады;
Бәсекелестік еркіндігі мен монополиядан қорғану қағидасы – нарықтық экономиканың дамуына қажетті негізгі алғышарттың бірі; бұл қағида бәсекеқабілеттілігінің артуына және шығында жұмыс істейтін, өнімдері сұранысқа ие емес, төлем қабілеттілігі жоқ нарықтың субъектілерінің таратылуына ықпал етеді;
Заңдылық қағидасы – құқықтың барлық салаларына ортақ, алайда, нарықтық қатынастар барысында аса маңыздылыққа ие болады; бұл қағидаға сәйкес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар заңмен тиым салынбаған кез-келген әрекетпен айналыса алады;
Бәсекелестік – белгілі-бір тауар нарығындағы айналымға біржақты ықпал етуді тиімді түрде шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарларды (қызмет, жұмыс) өндіруге ынталандыратын нарық субъектілерінің өзара жарысы;
Адал емес бәсекелестік - өз бәсекелестеріне шығын немесе олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, заңнамаға, іскерлік айналым ережелеріне, адалдық және әділдік талаптарына қайшы болатын экономикалық субъектілердің басымдылыққа ие болуға бағытталған әрекеттері;
Басым жағдайы –сол тауардың нарықтағы жалпы айналымына шешуші ықпал етуіне мүмкіндік беретін не нарыққа басқа субъектілердің қатысуын қиындатуға мүмкіндігі бар белгілі-бір тауар нарығындағы бір не бірнеше субъектілердің айрықша жағдайы;
Пайдакүнемдік келісім – нарыққа кері әсерін тигізетін, тауарға (қызмет, жұмысқа) бір бағаны ұстап тұру не тауар нарығын бөлу жөніндегі нарық субъектілерінің әрекеті;
Лицензия – жеке не заңды тұлғаға белгілі-бір қызмет түрімен айналысуға не белгілі-бір әрекет жасауға арнайы мемлекеттік органның рұқсат беруі;
Лицензия түрлері – субъектілері бойынша: Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары мен заңды тұлғалары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және халықаралық ұйымдар; қызмет ауқымына байланысты: кең көлемді, бір реттік және операциялық; жарамдылық аумағына қатысты: бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында жарамды; Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлер де жарамды; Қазақстан Республикасының белгілі-бір аумағында ғана жарамды.
Жеке кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірдестігі – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңи мүдделерін, құқықтарын қорғау үшін құрылатын ұйымдық-құқықтық нысаны коммерциялық емес ұйым;
Коммерциялық құпия – үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде белгілі-бір тұлғалар ғана таныса алатын және оны алу, пайдалану, жариялау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңи мүдделеріне нұқсан келтіретін ақпарат;
Коммерциялық ұйым – басты мақсаты табыс табу болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы не шетел ұйымы;
Шарт – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі;
Мүліктік шарттар – белгілі-бір мүліктік игілікке қатысты құқықтық қарым-қатынас қатысушыларының қызметін реттеуге бағытталған шарттар;
Жария шарт – коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт;
Қосылу шарты – ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгілеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт;
Алдын ала жасалатын шарт – тараптар арасында көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасасуға міндеттенеді;
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт – борышқор несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт;
Мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзөгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері;
Кіріптарлық мәміле – алдау, зорлық, қорқыту, ықпалымен жасалған мәмілені, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәміле;
Жалға мәміле – заңи салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған мәміле;
Қулықпен жасалған мәміле – екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсаты мен жасалған мәміле;
Оферта – шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше тараптарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған тараптың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе;
Жария оферта - ұсыныс жасаушы тараптың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс;
Акцепт – оферта алған тараптың оны қабылдағаны туралы жауабы. Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс;