Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Келесі нормативтік - құқықтық акт Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған Орман кодексі. Орман кодексінің 2 - бөлімі орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру меи өсіру саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауға арналған. Бұл бөлімде барлық мемлекетік органдар жүйесінің мемлекеттік басқару мен бақылау саласындағы құқықтары мен міндеттері анықталған. Бірақ жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзету мен қорғауды қамтамасыз етуге қатысу нысандары бұл саладағы құқықтары мен міндеттері толық ашылып көрсетілмеген, тек 68 - бабында, жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер орман қорын күзету мен қорғауды қамтамсыз етуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қатысады деп бекітілген [20]. Яғни, бұл жерде біз Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңына және қоғамдық бірлестіктердің жарғыларына сүйенеміз.

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен міндеттері кең түрде ашылып көрсетілген нормативтік - құқықтық актінің бірі Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 қазанда қабылданған «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңы. Бұл заңның екінші бөлімінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің жануалар дүниесін қорғау өсімін молайту жіне пайдалану саласындағы қүқытары мен міндеттері бекітілген. Азаматтардың:

  • Жануарлар дүниесі мәселелері жөніндегі заң жобаларын және шараларды талқылауға қатысуғы;
  • Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі қоғамдық құрылымдарға бірігуге;
  • Жануарлар дүниесінің жай-күйі туралы толық әрі анық ақпарт алуға;
  • Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молаайту жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ осы мәселелер бойынша қоғкамдық сараптама жүргізуге қатысуға;
  • Жануарлар дүниесін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға құқығы бар.

Сонымен қатар, бұл заңда азаматтардың мынадай:

  • Жануарлар дүниесін сақтап, қорғау;
  • Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заң актілерін сақтау;
  • Жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайтуға және пайдалануға бақылауды жүзеге асыратын органдардың заңды талаптарын бұлжытпай орындау жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және де оларға көмек көрсету;

- жануарлар дүниесіне және оның мекендеу ортасына келтірілген 
нүқсанның орнын толтыру міндеттері бар [21].

Ал, бұл заңда қоғамдық бірлестіктерге қатысты да олардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметі жарғыларына және тиісті заңдарға сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Мемлекеттік органдар азаматтардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі заңды және негпделген ұсыныстарын ескеруге міндетті.

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 11 наурызда қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заңы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны және оның жай-күйі туралы шынайы мәліметтерге азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.

Атмосфералық ауаны  қорғау саласындағы мемлекеттік  реттеудің негізгі қағидаларының бірі - қазіргі және болашақ үрпақтардың, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы.

Бұл заңның 26 бабында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құқықтарына арналған. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің:

- атмосфералық ауаның жай-күйі және оның ластануы туралы, сонымен қатар атмосфералық ауаны ластаушы көздер туралы шынайы 
мәліметтерге;

Атмосфералық ауаны  қорғау туралы шараларды жүргізуге  қатысуға және оларды қаржыландыруға;

  • Атмосфералық ауаның сапасын зиянды әсер тигізуі мүмкін жоспарланған шаруашылық және басқа да қызметтің сұрақтарын талқылауға қатысуға;
  • Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын талқылауға және оларға атмосферлық ауаның сапасын жақсартуға өз ұсыныстарын егізуге ;
  • Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құқықтар, бостандықтар немесе заңды мүдделерінің бұзылуы және атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде адамньщ өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап - арыз беруге құқықтары бар [22].

Сонымен қатар, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары лауазымды тұлғаларының қызметіне сот тәртібімен шағымдануға қүқылы.

Қазақтан Респу бликасының 1997 жылы 18 наурызда қабыл данған 
«Экологиялық сараптама туралы» заңы шаруашылық және өзге де қызметтің 
қоршаған ортаға теріс әсер етуіне жол бермеу мақсатында азаматтардың 
қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған. 
Экологиялық сараптама қағидаларына экологиялық мемлекеттік сараптама 
жүргізудің міндеттілігі, жариялылық, экологиялық сараптама

Тұжырымдарының объективтілігі мен ғылыми негізділігі, экологиялық сараптаманың кешенділігі мен оның алуан түрлі болуы жатады.

Бұл заңда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормалары қоғамдық экологиялық сараптамаға арналған тарауда көретілген. Бірақ, біз бұл жерде қоғамдық экологиялық сараптамаға тоқталмаймыз, себебі жоғарыда көосетілген тарауда оның сипатын ашып көрсеттік.

Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» заңында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу барысындағы құқықтары мен міндеттері анықталмаған. Бұл осы заңның үлкен бір кемшілігі деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін қабылданған республикамыздың ұлттық байлығы болып табылатын объектілердің құқықтық жағдайын реттейтін маңызды нормативтік - құқықтық акт - «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»   заң.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның екінші тарауы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттеріне арналған. Бірақ бұл құқықтар мен міндеттерге біз тоқталып кеткенбіз, сондықтан бұл заңдағы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен мүдделеріне қатысты басқа да ережелерді қарастырамыз. Әрине, әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасы аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға , оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне құқығы бар [97].

Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне  зиян келтіру салдарынан шарттар туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік қүкықтарын қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау басқару және шаруашылық шешімдерінің қабылданатын нұсқауларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлінуін және сарқылуын болдырмау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыру кезіндегі экологиялық талаптар. Кәсіпорындар, құрылыстар және озге де объектілер орналастырылатын орындар қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерін сақтап, аталған объектілер қызметінің экологиялық зардаптары ескеріле отырып белгіленеді.

Қалалар мен  басқа да елді мекендерді салу кезінде  қойылатын экологиялық талаптар. Қалалар мен басқа да елді мекендерді жобалау, салу, қайта құру, экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны сақтау талаптарын ескере отырып, халықтың өмір сүруі, еңбек етуі және демалуы үшін неғүрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылау. Қогамдық бақылауды қоғамдық бірлестіктер өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның шарттары бойынша жүзеге асырды. Қоғамдық бақылауды жүргізу тәртібін қоғамдық бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес белгілейді.

Қоршаған  ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудан келтірілген зиянды өтеу. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырлу дәрежесін, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жүмсалған шығындарды, науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемінде өтелуге тиіс. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның шамасын анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешімі негізінде жүргізіледі.

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы және басқа табиғи ресурстардың құқықтық жағдайын реттейтін заңдарда ғана бекітіліп қоймай, қоғамымыздың басқа салаларын реттейтін заңдарда да көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгендей, адамның өмірі, денсаулығы ең қымбат қазына болып табылады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының 1997 жылы 19 мамырда қабылданған «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңыңда бекітілген, азаматтардың құқықтарына тоқталайық. Бұл заңның 8 - тарауында азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы жалпы құқықтары анықталған. Соның ішінде, азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары мен басқа да экологиялық мүдделерімен байланысты құқықтарын қарастырайық.

Біріншіден, азаматтардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық қолайлылық пен радиациялық қауіпсіздікке құқығы бар. Мемлекет қазіргі және келешек үрпақтың денсаулық жағдайына теріс әсер етпейтін қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл норма Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген нормадан өз жалғасын алып отыр.

Азаматтардың профилактика және емдеу әдістері туралы, халықты  науқастану деңгейі туралы, олардың денсаулығына әсер ететін факторлар туралы, соның ішінде қоршаған орта жайы, еңбек, түрмыс және демалыс жағдайлары туралы денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарынан және жұмыс берушілерден ақпарат алуға қүқылы [98].

Азаматтардың өздерінің денсаулығына мемлекет, жұмыс берушілер немесе өзге де адамдар келтірген моральдық және материалдық нүқсандардың орнын толтыруға құқығы бар.Қазақстан Республикасының 2002 жылы 4 желтоқсанда қабылданған «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттығы туралы» заңы, мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі заңдардың бірі болып табылады. Бұл заңда жеке тұлғалардың халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары берілген: адамның және оның келешек үрпағының денсаулығы жағдайына теріс әсер етпейтін факторлары бар қолайлы тіршілік ету ортасына;

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы сенімді ақпаратты, соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын уақытылы алуға;
  2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы жөніндегі іс-шараларға қатысу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асрыру үшін қоғамдық бірлестіктер құруға;
  3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы мәселелері жөніндегі хаттармен, шағымдармен, өтініштермен мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінуге және олардың шешілуін талап етуге;
  4. Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу салдарынан басқа жеке адамдардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың кінөсінен олардың денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға;
  5. Денсаулығының нашарлау себептерін анықтау үшін қажетті санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын талап етуге және алуға.

Соныман қатар, жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы міндеттері анықталған:

  1. Өзінің денсаулығы және айналасындағы адамдардың денсаулығын күту, өз балаларына гигиеналық тәрбие беру және оларды салауатты өмір сүруге үйрету жөнінде қамқорлық жасау;
  2. Басқа азаматтардың денсаулығын сақтау мен қолайлы тіршілік ету ортасына құқықтарын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерді жүзеге асырмау;
  3. Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау [99].

Қоғамымызда азаматтар  мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық мүдделері қарастырылатын тағы бір саласы -    сәулет және қала құрлысы.

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу