Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық бірлестіктердің  қоршаған табиғи ортаны қорғаудың маңызды  экономикалық стимулы табиғат пайдаланушыларға ақылы түрде табиғатты пайдалануды енгізу. Табиғи ресурстар үшін ақы төлеу, табиғи ортаны ластағаны үшін белгілі бір төлем ақы төлеу табиғатты қорғауға қоғамдық бірлестіктердің қатысуына негіз болып табылады. Сонымен қатар, бұл жағдайда экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің арасында карама-қайшылықтар тудырып отыр. Бірақ та, олар өзара тиімді қарым-катынаста болуы керек, сонда да экологиялық мүддеге басымдық жағдай туғызу керек.

Соңғы жылдары  табиғатты қорғауға қоғамдық бірлестіктердің қатысуының экологиялық алғышарттарының ролі өсуде. Қоршаған ортаның жағдайы тек қана ғылыми-мамандардың емес, сонымен қатар, қоғам мүшелерін де алаңдатып отыр. Адамның шаруашылық қызметінің табиғатқа әсерінің зиянды салдары көріне бастады. Адамзат өзінің қалыпты жағдайы, денсаулығы қолайлы қоршаған ортаға байланысты екенін түсіне бастады. Сондықтан, кейінгі уақытта қоғамдық бірлестіктердің табиғатты қорғау қызметіндегі белсенділігі арта бастағаны байқалады. Экологиялық алғышарт - бұл тиісті шараларды жүзеге асыру және экология әрекеттердің алдын алу жолдарымен қалыпты экологиялық жағдайды сақтау [91].

Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің жасылдар қозғалысына (зеленые движения) жататын түрі қоршаған табиғи ортаны қорғауда күрделі  мәселерді шешумен байланысты міндеттерді алдына қояды. Бұл туралы бұндай бірлестіктердің атауынан да байқауға болады: ядролық қаруға қарсы «Невада -Семипалатинск» қозғалысы, «Нарын» қоғамдық қозғалысы және т.б. Олардың алдына қойған міндеттерінің аясы да оте кең: азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын қорғаудан бастап экологиялық тәрбиелеуге дейін, коршаған ортаның жағдайын бақылаудан бастап жаппай шаралар жүргізуге дейін.

Қоғамдык экологиялық  бірлестіктердің тағы бір түрі қоғамдық экологиялық мекемелер - тәжірибелік табиғат қорғау қызметімен, яғни қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдарға кеңестер берумен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жобаларын құрумен, мерзімді экологиялық басылымдар шығарумен байланысты міндеттерді шешеді.

Қоғамдық экологиялық  қорларға жататын бірлестіктердің міндеттері негізінен табиғат қорғау бағдарламаларын азаматтардың, ұйымдардың, және мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің жүзеге асыруына, экологиялық мәселелермен айналасатын азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметіне көмектесуге еңбек, шығармашылық және материалдық ресурстарды жүмылдыруға бағытталған. Мысалы, Халықаралық экологиялық қордың жарғысында келесі міндеттер корсетілген: қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту; табиғатты қорғау шараларына қатысуға қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарды, кәсіпорындар мен жекелеген азаматтарды тарту; экологиялық мәселелермен айналысатын ұйымдардың қызметіне көмек корсету; халықта қазіргі экологиялық   дүниетанымды   қалыптастыруға   қатысу;  қоршаған   ортаның

Жағдайына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру; табиғатты қорғаудың техникалық және өзге де құралдарын өндірумен айналысатын ұйымдармен, бірлестіктермен, кәсіпорындармен жүргізілетін табиғат қорғау шараларының материалдық базасын дамыту мен бекітуге өмек көрсету; экологиялық дағдарыс пен сүрапыл апаттардан жәбірленуші халықпен, аудандарға әлеуметтік және материалдық көмек көрсету [92,б.26].

Сонымен, әрбір қоғамдық бірлестіктердің нақты міндеттері бұл құрылымның қоғамдық экологиялық бірлестіктің қандай түріне жатады сонымен тығыз байланысты болады.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдык бірлестіктер туралы» заңында барлық қоғамдық бірлестіктерге, соның ішінде экологиялық бірлестіктерге қатысты құқықтар бекітілген. Қоғамдық бірлестіктер өз қызметі туралы ақпарат таратуға; соттар мен басқа да мемлекеттік органарда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға; бүқаралық ақпарат құралдарын құруға; жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге; баспа қызметін жүзеге асыруға; халықаралык коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге; Қазақстан Республикасының заңдарға қайшы келмейтін өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға күқылы. Сонымен қатар, бұл заңда қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бекітілген: Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтау; өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты қүжаттармен және шешімдермен олардың танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жүмсалуы туралы өз мүшелерін хабардар ету, тұрақты жұмыс істейтін басшы орган орналасқан жердің және бірыңғай мемлекеттік тізбеге енгізілетін мәліметтер көлемінде басшылар туралы деректердің өзгергені туралы тіркеуші органға хабарлап отыр [48].

Сонымен, заңда бекітілген қоғамдық бірлестіктердің міндеттері, негізінен құқық нормаларын сақтаумен және тіркеуші органға қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы ақпарат берумен байланысты.

Арнайы қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің құқықтары Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны корғау туралы» заңымен реттеледі. Осы заңның 3 - бабында көрсетілген негізгі қағидалардың бірі - халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу қағидасы. Бұл нормаға сәйкес, қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау процесін жүзеге асыратын жалпы мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің  мынадай негізгі құқықтары бар.

Өздерінің экологиялық  бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды ерікті негізде қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызметке тарту.

Қоғамдық бірлестіктердің  экологиялық бағдарламаларды әзірлеуі және бекітуі заң актілерімен реттелмеген. Олар қоғамдық бірлестіктердің өздерінің еркі бойынша немесе басқа тұлғалардың тапсырмасы бойынша өзірленуі мүмкін. Экологиялық бағдараламаларды бекіту тәртібі қоғамдык бірлестіктердің жарғысы немесе басқа ішкі қүжаттарымен белгіленуі мүмкін. Мысалы, экологиялық бағдарламаларды бекіту қоғамдық бірлестіктердің белгілі бір органының қүзіреті ретінде бекітілуі мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктер ең алдымен өздерінің барлық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін корғауды жүзеге асырады. Бірақ заңда корсетілген белгілі бір жағдайларда басқа азаматтардың да құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруы мүмкін. Соның ішінде, қоғамдык бірлестіктер азаматтардың сүрауы бойынша және жарғылық мақсаттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды отеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуі мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктердің  табиғат қорғау қызметіне азаматтарды  тарту ерікті негізде оларды ұйымға мүше ретінде енгізу жолымен және мүшелікке енгізбей де жүзеге асырулары мүмкін.

Қоршаған  ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатысу.

Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен сауықтыру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің ерікті қызметі заңдармен бекітілуі мүмкін. Негізінен бұл қызмет ұйымдардың жарғылары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Әрине, егер табиғат қорғау шараларын қоғамдық бірлестіктер табиғат пайдаланушылар ретінде міндеттерін орындау аясыннда жүзеге асырса, басқа жағдай туындайды.

Бұл жағдайда табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды молықтыру саласында шараларды орындау міндеттері бекітіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты айтатын болсақ, оларды қорғауды ең бірінші әкімшілік  және тұрақты және уақытша қызметкерлерден тұратын қорғаудың арнайы қызметтері жүзеге асыраы. Сонымен қатар, бұл қызметті жүзеге асыруға қоғамдық бірлестіктер де тартылуы мүмкін. Олар бұл қызметке белгілі бір учаскелерді ерекше қорғалатын аумақтар тізбегіне енгізу туралы негіздер мен ұсыныстар дайындау арқылы, сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу жолымен қатысуы мүмкін. Негізінен қоғамдық бірлестіктердің бұндай қызметі тиісті ерекше қорғалатын табиғи аумақ әкімшілігінің келісімі негізінде жүзеге асырылады [90].

Экологиялық тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, коршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген тәргіппен орындау.

Бұл ереженің ҚР Экологиялық кодексі бекітілуін, бұндай қызмет бүрын тек мемлекеттік мекемелердің шеңберінде ғана жүзеге асырылуымен түсіндіруге болады. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру және ғылыми қызметті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, соның ішінде қоғамдық бірлестіктер де жүзеге асыруы мүмкін. Қоғамдық бірлестіктердің бұл құқықтары олардың жарғылық ережелеріне және басқару органдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік экологиялық  сараптама өткізуді талап етуге  және қоғамдық экологиялық сараптама  өткізу.

Қазақстанда экологиялық сараптама мемлекеттік және қоғамдық болып бөлінеді. Біріншісі арнайы қүзіретті мемлекеттік органдармен жүргізіледі, ал екіншісі - қоғамдық бірлестіктермен, ғылыми ұйымдармен және азаматтар тобымен. Мемлекеттік экологиялық сараптама кезінде қоғамдық бірлестіктердің құқықтары тек сараптама жүргізуді талап ету мүмкіндігімен шектелмейді. Олар мемлекеттік экологиялық сараптаманың кез келген сатыларына қатынаса алады. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сараптама кеңесінің мүшелері ретінде қатыса алады.

Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» заңының 31 - бабында қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі қарастырылған. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тіркелу талап етіледі және оның басталуы туралы бүқаралық ақпарат құралында жарияланылуы тиіс. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізіледі және оның нәтижелері бойынша қорытынды арнайы құрылатын сараптама комиссияларына беріледі. Қоғамдық сараптама жүргізудің нәтижелері туралы бүқаралақ ақпарат құралдарында мәліметтер жарияланады. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарағанда ақпарттық және ұсыныстық сипатта болады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылау қоршаған ортаның жай-күйі, шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен оның өзгерістерін байқап отыруды, табиғат пайдаланушылардың  табиғат шараларын орындауын  тексеру, экологиялық заңдардың бұзылу фактілерін анықтау, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаның сапа нормативтеріне және экологиялық талаптарға сөйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі қоғамдық бақылау қоғамдық бірлестіктердің өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдармен шарттар бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйі және оны сауықтыру жөніндегі шаралар туралы дер кезінде, толық және анық ақпарат алу.

Шынайы экологиялық  мәліметтерді алуға құқық қоршаған ортаның жағдайына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органға немесе тікелей тиісті кәсіпорынның әкімшілігіне жазбаша сүраныс жіберу жолымен жүзеге асырылады. Мәліметтерге сүраныс тіркеледі, бұл үшін сүраныс екі данада дайындалады, оның біреуі қарауға жіберіледі, ал екіншісіне тіркеу туралы белгі қойылады. Көп жағдайда экологиялық мәліметтерді беруден бас тарту жағдайында бұл мәлімет «қүпиялы» деген себеп қолданылады. Бірақ «Мемлекеттік қүпия туралы» заңға сәйкес экологиялық мәлімет қүпиялылардың санатына жатпайды. Ал егер кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларына келетін болсақ, олар қоршаған ортаның жай-күйі туралы мүдделі тұлғаларға мәліметтер беруге міндетті. Бұндай жағдайда мәліметтерді беруден бас тарту ол коммерциялық қүпия болып табылады деп негізделеді. Азаматтық кодекстің 126 - бабының 1 - тармағына сәйкес мәліметтерді коммерциялық қүпия ретінде тану үшін келесідей талаптарға жауап беруі тиіс:

-оның нақты және потенциялды коммерциялық қүны болуы тиіс;

-үшінші тұлғаға белгісіз болуы тиіс;

-онымен заңды  негізде еркін танысуға болмайды;

-бұл мәліметтерге қатысты коммерциялық қүпия режимі бекітілген.

Азаматтардың экологиялық құқықтарына зардап келтіретін мәліметтерді бермегені үшін тиісті заңдарға сөйкес қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.

Қоршаган  ортаны қорғау саласында мемлекеттік  органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл жасауға, олармен келісімдер жасаса отырып, олар үшін шарттар бойынша заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстарды орындау.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 - бабында «мемлекеттің ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына» және «қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына» тыйым салу бекітілген. Бұл ережеден қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың арақатынасының шектерін анықтауға болады және қоғамдық бірлестіктердің шарт бойынша мемлекеттік органдар үшін нақты жұмыстарды орындау мүмкіндігін байқаймыз. 2003 жылы 17 наурызда 2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау

Бағдарламасы Укіметпен  бекітілді. Бұл бағдарламада үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі арқылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік маңызды жобаларды шешуі қарастырылған [93].

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу