Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)
  • Адамдардың   барлық   құқықтарының   жан-жақтылығы,   бөлінбейтіндігі, өзара байланыстылығы;
  • Қазіргі және болашақ үрпақтардың қолайлы қоршаған орта өмір сүру құқығын сақтау;
  • Жаппай экологиялық білім мен тәрбиенің қажеттілігі;

-   экологиялық   мәселелерді   мемлекеттік   органдардың, коммерциялық құрылымның, үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп шешуі. «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының қызметінің негізгі бағыттары бірі [62]:

  1. ҚР табиғат қорғау заңдарын дайындауға қатысу; ұйым ресми түрде «ҚазССР Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңын (1991ж.), Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заң (1997ж.), «Экологиялық сараптама туралы» (1997ж.), «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» (1997ж.), «Жер туралы» (2001) заңдарын талқылауға қатысты.
  2. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтарын қорғау;
  3. Экологиялық білімді, тұрақты даму идеясын насихаттау. «Зеленое спасение» экологиялық қоғамы 1992 жылдан гуманитарлық - экологиялық тақырыптар бойынша семинарлар жүргізеді, 1995 жылдан бері «Зеленое спасение» жаршысын шығарады.
  4. Экологиялық білім беру және ағарту, экологиялық ойлау мен мәдениетті қалыптастыру. Бұл бағытта әртүрлі көрмелер, балалар шығармашылығының байқауларын ұйымдастырады, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағында жазғы экологиялық мектеп өткізеді.
  5. Экологиялық акциялар;
  6. Қазақстандағы экологиялық жағдайлар туралы мәліметтерді жинау болып табылады.

Бұл қоғамдық құрылымдардың барлығы әртүрлі аталуына, әрекет ету аясына, аймағына, жұмысының нысаны мен әдісіне, қызметінің түріне қарамастан ортақ мақсатты көздейді. Оларды мынадай топтарға бөлуге болады: Біріншіден, мемлекет пен табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметіне, олардың экологиялық заңдарды сақтауын және табиғат қорғау шараларын орындауына бақылауды жүзеге асыру, қошаған ортаның ластану деңгейін зерттеу және оны сауықтыруға байланысты ұсыныстар дайындау; Екіншіден, халықтың арасында экологиялық білімді таратуға бағыттылған шараларды жүзеге асыру, қоғамның көзқарасын бүқаралық ақпараттар құралдарында көрсету, эколгиялық ағарту және білім беру; Үшіншіден, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, ядролық энергияны пайдаланумен және АЭС салумен байланысты мәселелерді шешуге қатысу;

Төртіншіден, экологиялық  заңдарды және мемлекеттік экологиялық органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған нормативтік актілерді дайындау және мемлекеттік аппаратқа үсыну [27,б. 856].

Жоғарыда көрсетілген жіктелуді негізге ала отырып қоғамдық экологиялық бірлестіктердің келесі түрлерін анықтауға болады:

1) Халықаралық, республикалық одақтар мен қауымдастықтар. Бұл қоғамдық бірлестіктер қоғамдық экологиялық бірлестіктердің одақтары мен қауымдастықтары болып табылады. Бұл қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамның ең ірі құрылымы. Қоғамдық экологиялық бірлестіктердің  ішінде  бұл  түрге Әлеуметтік-экологиялық одақты,  табиғат

Қорғау дружиналары  қозғалысын, «Экологиялық білім беру» қауымдастығын жатқызуға болады.

2) Қоғамдық экологиялық ұйымдар. Бұл қоғамдық экологиялық 
бірлестіктердің жалпы түрі, оған мүшелік негізінде құрылған барлық 
экологиялық құрылымдар кіреді. Өз кезегінде оларды мынадай түрлерге бөлуге 
болады:

- формальды емес қоғамдық экологиялық ұйымдар - бұл ұйымдар әрекет етеін аумақта қоршаған табиғи ортаның жағдайымен байланысты мәселелерді шешу үшін, экологиялық мүдделерін қорғау үшін азаматтардың еркімен мүшелік негізінде пайда болған қоғамдық бірлестік;

- формальды қоғамдық экологиялық ұйымдар. Бұл ұйымдар мемлекет тарапынан көмек және қолдау көрсету негізінде құрылған. Олардың негізгі міндеті қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттік органдарға көмек көрсету. Бұндай ұйымға Қазақтың табиғт қорғау қоғамын жатқыза аламыз.

3) экологиялық қоғамдық қорлар - халықтың, кәсіпорындардың, 
қайырымдылық ұйымдардың ерікті ақша қаражатын тарту жолымен қаржылық 
қаражатты қалыптастыру үшін және жиналған қаражатты табиғат қорғау 
шараларын жүзеге асыруға, экологиялық бірлестіктер мен басылымдарды 
қолдауға пайдалану үшін құрылған қоғамдық бірлестіктер. Бұларға «Акбұлақ» 
қоғамдық экологиялық қорын, халықаралық тәуелсіз экологиялық қорды 
жатқыза аламыз.

Енді жоғарыда көрсетілген қоғамдық басқарудың функцияларын ашып көрсетейік.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау деп қоршаған ортаға жоспарланып отырған қызметтің әсерінің сипаты мен деңгейін анықтауға бағытталған қызметті түсінеміз.

Экологиялық маңызы бар  шешімдер қабылдауға және қоршаған ортаға әсерді бағалауға қоғамдық бірлестіктердің қатысуының маңызы БҰҰ Қоршаған орта және тұрақты даму Конференциясының қүжаттарында көорініс тапты (Рио-де-Жанейро, 1992). Бұл Конференция Декларациясының 10 қағидасында, экологиялық сұрақтар барлық мүдделі азаматтардың қатысуымен нәтижелі түрде шешіледі деп көрсетілген. Конференцияда қоғамдық бірлестіктердің шешімдер қабылдауға қатысудың жаңа нысаны, тұрақты дамуғу жету үшін негізге алынатын алғышарттардың бірі болып табылатын қоршаған ортаға әсерді бағалауға қатысу туралы да айтылған.

Қоғамдық басқарудың бұл функциясы қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу функциясымен тығыз байланысты және бұл екі функция да Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау мен экологиялық сараптама процедуралары дербес болып табылады, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер олардың әрқайсысында белсенділік танытуға мүмкіндіктері бар. Егер де оларды бір процедураға біріктірсе, мүдделі қоғамдық бірлестіктердің жоспарланып отырған қызметке байланысты өз позицияларын білдіру үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша көпшілік тыңдалымдарға қатысуы жеткілікті болар еді. Қоғамдық тыңдалымдар арқылы халықтың экологиялық маңызды шешімдер дайындауға қатысуы жағынан алып қарасақ,    бұндай    тыңдалымдардың    қоғамдық    экологиялық    сараптамаға

Қарағанда нәтижелілігі жоғары болуы мүмкін, себебі тыңдалымдар  тапсырысшымен міндетті тәртіпте ұйымдастырылуы тиіс.

Экологиялық сараптама  институты - нашар тиімсіз экологиялық  жағдайда арнайы мамандарды тарту арқылы объектіде орын алған жайды сақтап бағалауға, қоршаған ортаға кері әсер ету дәрежесін сондай-ақ нақты экологиялық жағдайда объектіні жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтауға жағдай тудыратын бақылау механизімі ретінде, нақты жобаны жүзеге асыруда экологиялық түрғыдан біршама мақсатты кеңестер мен ғылыми қорытындыларды қарастырады [34].

Өзінің тағайындалуымен  экологиялық сараптама сараланған шаруашылық немесе өзге де қызметке келтіруі мүмкін кері әсерлерді ескертуді және осы қызметтің қоршаған ортаны қорғаудың талаптары мен нормативтеріне сай келуін анықтауды қамтиды. Осы аталған қысқаша сипаттамадын экологиялық сараптаманың табиғат қорғау қызметінің атап айтқанда, нақты объектіні экологиялық қатерлі әрекет басталмай түрып жүзеге асырудың маңызды бір бөлігі екенін аңғаруымызға болады.

Экологиялық мүдделерді қорғауға арналған құрал ретінде экологиялық сараптаманың тиімділігі көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Олар экономикалық және әлеуметтік факторлар. Бірақ негізгі рөл құқықтық реттеуге беріледі, себебі ол сараптаманы жүргізуді және ұйымдастырудың кепілдік жүйесін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда, экологиялық  сараптаманың әр алуан шаруашылық қызметтерге  таралуы, табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың ұтымды механизімі болуы мүмкін. Экологиялық сараптама - бұл біздің мемлекетіміздің экологиялық қызметтерін іске асырудың нысандарының бірі болып табылады. Бұл қызметтерге қазіргі кезеңде ерекеше орын беріледі және ол тек мемлекеттің осы кезеңіне сай келу мақсатында ғана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік бойынша акциялар мен шаралар жүргізу қажеттілігіне де байланысты болып келеді. Экологиялық сараптама қоршаған табиғи орта мен халық денсаулығын қорғауда алғашқы орындарды иеленеді. Экологиялық сараптама экологиялық бақылаудың өзіндік түрін қамтиды. Жалпы экологиялық сараптама - құқықтық үйғарымдарды орындаудың кепілі ретінде көрінеді. Экологиялық сараптаманы ерекшелейтін сипаты экологиялық зиянда өрекеттің басталуына дейін жүргізілетін алдын - ала сақтандырудың мәні болып табылады.Оның алдын - ала сақтандыру сипаты шаруашылық шешімдерге, қызметке сай алдын - ала тексеру түрінде және оның нәтижесінің қоғамның экологиялық қауіпсіздігімен, табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау талаптарымен сай келуімен қарастырылады. Бірақ та кез - келген алдын - ала тексеру экологиялық сараптама арнайы тағайындалуымен өзіне жүктелген міндеттерді орындауға көмек беретін арнайы тапсырмаларды жүзеге асырады. Қазіргі кезеңде, арнайы заң қабылданған уақытта экологиялық сараптама сарапшылары мен экологиялық сараптаманың өзге де объектілері экологиялық сараптама шегінде шаруашылық немесе өзге де қызметтің қоршаған орта сапасы мен экологиялық талаптарға сай болуы және сараптаманың осы қызметін қоршаған ортаның талаптарына сай келуі мүмкін кері ықпалдардың және оған байланысты салдардың алдын алу мақсатындағы объектіні жүзеге асыруға рұқсат беруі туралы анықтаманы туындатқан. Бұл арнайы ұғым экологиялық сараптама мазмұнына қысқаша анықтама береді.

Экологиялық сараптамаға  байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексімен реттеледі.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік және қоғамдық экологиялық  сараптама жүзеге асырылады. Экологиялық  сараптама өзінің мазмұнына қарай санитарлық - гигиеналық, ғылыми және ведомстволық болуы мүмкін.

Экологиялық сараптаманың мақсаттары:

Жоспарланып отырған  басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық  және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатыларда, сондай - ақ оларды салу және іске асыру  процесінде олардың экологиялық  талаптарға сәйкес келуін бағалау;

Өндіргіш  күштерді оналастыру мен дамыту салдарынан экологиялық жай-күйдің болжамдалып отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету болып табылады.

Экологиялық сараптаманың міндеттері:

ықтимал әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарға талдау жасауды қоса алғанда, объектілерді атқарылған қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің әсер етуін бағалаудың толымдылығы мен дұрыстығын анықтау;

жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін жан-жақты, ғылыми негізделген талдау мен бағалауды ұйымдастырудан туындайды [64].

Экологиялық сараптаманың негізгі қызметі алдын - ала шаруашылық шешімдерін, олардың экологиялық талаптарға сай жұмысының нәтижесін, қоршаған орианы қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ережелерін тексеру болып табылады.

Жоғарыда айтып кеткендей, қоғамдық экологиялық сараптама қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі болып табылады.

Экологиялық сараптама  саласындағы қоғамдық қатынастарды регтейтін арнайы заң қоғамдық экологиялық сараптаманы үш баппен ғана реттеген. Ал Қазақстан Республикасының «Қоршаған ораны қорғау туралы» заңында қоғамдық экологиялық сараптаманы қоғамдық блірлестіктермен және бүқара халықтың басқа да топтарымен жүзеге асырылатын сараптама түрі ретінде ғана анықтаған. Сонымен қатар, заңда қоғамдық экологиялық сараптама экологиялық-сарапшылық қызметтің бір түрі ретінде формальды ғана бекітілген, бұл қызметтің нәтижесінің ешқандайда заңды күші жоқ. Себебі, заңда қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныстық сипатта болады деп бекітілген.

Қоғамдық бірлестіктепр  экологиялық сараптама жүргізуге  қатысуы тиіс және олардың атқарған бұл қызметі пайдалы болуы керек. Себебі, мемлекеттік экологиялық сараптама қоғамдық экологиялық сараптаманы толғандыратын сұрақтарға көп жағдайда көңіл бөлмейді. Қоғамдық экологиялық сараптама үшін мемлекетті қызықтыратын кез келген шаруашылық және өзге де қызметтерге баға беру маңызды емес, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарына қатысы бар шаруашылық және өзге де қызметтерді бағалау маңыздырақ болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктер экологиялық сараптама объектісіне  қатысты өзінің эрекетін тікелей қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу арқылы және де басқа да құқықтарын жүзеге асыру жолымен көрсетуі мүмкін. Яғни, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер жоспарланып отырған шаруашылық және де басқа да қызметтің экологиялық аспектілері бойынша дәлелді ұсыныстарын экологиялық сараптама саласындағы арнайы қүзіретті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда беруге құқығы бар. Бұндай жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама комиссиясының қорытынды дайындау кезінде және бұндай сараптаманың объектісін жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптама комиссиясына бағытталған және қоғамның көзқарасын көрсететін материалдар қаралуға тиіс.

Қоғамдық экологиялық  сараптама - кез келген қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі. Қоғамдық экологиялық сараптама сол объектілерге жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін. Заңға сәйкес қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінім мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Бұл өтінімде қоғамдық экологиялық - сараптамалық құрамалардың құрамы туралы мәліметтер, экологиялық сараптама жүргізу көзделген объектінің атауы, оны жүргізу мерзімі көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» заңында қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын қогамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайы толық реттелмеген. Қоғамдық сараптаманы тиісті   деңгейде   жүргізуді   қамтамасыз   ету   үшін,   сараптама   объектсіне

Байланысты өз позициясын көрсету және қорғау үшін қоғамдық экологиялық сараптама жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің арнайы құқықтары заңда көрініс табуы тиіс [64].

Қоғамдық экологиялық  сараптаманы жүргізу және құқықтық механизімін талдай келе біз мынадай қорытындыларға келеміз. Біздің ойымызша, казіргі экологиялық сараптама туралы заңды қоғамдық сараптаманың мәртебесін өзгерту мақсатында әрі қарай жетілдіру және өзгерту қажет. Біріпшіден, қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу саласында қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын кеңейту қажет және олардың мәртебесі мен құқықтык жағдайын заңда нақты көрсетілу керек. Екіншіден, қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу процедурасын қайта қарап, оны жеңілдету қажет. Үшіншіден, қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысына заңды сиапт беру қажет.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қоғамдық басқарудың тағы бір функциясы қоғамдық бақылау болып табылады. Экологиялық бақылау жүйесінде қоғамдық бақылау соңында тұрады. Мемлекеттік бақылауға қарағанда оның міндет жүктеу күші жоқ, оның тұжырымдары ұсыныстық сипатта болады, бірақ мемлекеттік органдар қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қызметімен санасуға тиіс.

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу