Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

1989 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтардың 
экологиялық құқықтары танылды. Соның ішінде, азаматтардың қолайлы 
қоршаған ортаға құқықтары танылды. Осы өзгерістерге сәйкес азаматтар мен 
қоғамдық бірлестіктердің барлық экологиялық маңызы бар шешімдерге қарсы 
Конституциялық Сотқа талап арыз беруге құқықтары бар [105,б.58].

Қазіргі таңда Үлыбританияда бірнеше мың қоғамдық экологиялық бірлестіктер әрекет етеді. Бұндай ұйымдардың алғашқылары - Қоғамдық жерлерді, ашық кеңістіктерді және жаяу жүру жолдарын сақтау қоғамы, Көмір түтіндерін азайту қоғамы және басқа да ерікті ұйымдар XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды [107, б.36].

1960-1970 жылдарда қоршаған  ортаның жағдайына уайымның өсуіне байланысты табиғатты қорғау үшін жаппай үкіметтік емес ұйымдар құру басталды. 1966 жылы «Консервация қоғамы»,   1970 жылы Ұлттық ларктер

Кеңесі, Шуды азайту қоғамы, Таза ауа үшін ұлттық қоғамы құрылды. 70 -жылдары табиғатты және мәдени - табиғи ескеркіштерді қорғаудан, барлық қоршаған ортаны ластауға қарсы наразылыққа өту жүзеге асырылды [108,б.936].

Бұл бағыттағы белгілі құрылым 1970 жылдың аяғында 1971 жылдың басында Улыбританияда құрылған «Жердің достары»(Друзья Земли) ұйымы. Осылай аталатын халықаралық қауымдастықтың бөлігі бола түра, «Жердің достары» британ ұйымының пайда болу кезінде заңды мәртебесі жауапкершілігі шетеулі компания болды және бірде бір партиямен байланысты болмады. Бұл ұйымның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау кызметі, табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану үшін күресу. Бұл ұйым осы мақсаттарға жету үшін әртүрлі күралдарды пайдаланды: басылымдар, жаппай кампаниялар ұйымдастыру, активистер тобын құру [108,б.946].

Қоғамдық экологиялық ұйымдардың қысымымен Үлыбритания үкіметі табиғат қорғау сипатындағы бірнеше шараларды өткізді. 1974 жылы «Ластануды бақылау туралы» заң, 1981 жылы «Табиғатты қорғау туралы» заң қабылданды. Үкімет қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі саласында шараларды жүргізуге жауапты бірнеше комитеттер құрды. Үкіметтік емес экологиялық ұйымдар қызметінің нтижесінде қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселесіне халықтың назары аударылды. Барлық ағылшын партиялары өздерінің бағдарламалық қүжаттарына экологиялық мәселелерге арналған бөлім енгізді [109,б.986].

Ұлыбритания заң актілерінде қоғамдық экологиялық ұйымдардың экологиялық маңызды шешімдерді қабылдау процесіне қатысу өкілеттігі бекітілді. Сонымен қатар, қоғамдық экологиялық ұйымдар заң актілер дайындау процесіне де қатысты. Мысалы, қүстарды қорғау қоғамы «Жабайы табиғат және ауылдық жер туралы» заң жобасын дайындауға тартылды.

«Табиғатты қорғау туралы» заңды бұзушылықтармен күресу үшін үкіметтік емес ұйымдар сотқа жүгінді.

Сонымен, Үлыбританияды  әртүрлі мәртебеге ие, соған байланысты өкілеттіктері де әртүрлі коптеген үкіметтік емес экологиялық ұйымдар бар. Үлыбритания заңдарында бұндай ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі үшін кең көлемде құқықтық негіздер көрсетілген, экологиялық маңызды шешімдер қабылдауға қатысу, жаппай акциялар өткізу, өз идеяларын тарату құқықтары.

Нидерландта экологиялық қоғамдық қозғалыстар жақсы дамыған және 
коне тарихы бар. Бұл елде ең үлкен үкіметтік емес ұйым 20 ғасырдың басында 
пайда болды. Оның мақсаты табиғатты қорғау болды. Қазіргі уакытта өз 
алдарына әртүрлі мақсаттарды қоятын - табиғатты қорғаудан бастап коршаған 
ортаны қорғау мәселелерін лоббированияның көмегімен шешуге дейін, 
қоғамдық ұйымдардың  үлкен  спектры бар. Бұндай  ұйымдарды  көбі белгіленген тәртіппен заңды тұлға ретінде тіркелген. Нидерландта мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасында ерекше қатынас бар: олардың кобі үкіметтен қаржылық көмек алады, бірақ үкімет бұл ұйымдардың қызметіне талаптар қоюға және өз көзқарастарына еріксіз көндіруге құқығы жоқ [110, б.23].

Нидерландта қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаттың негізі 1983 жылғы Нидерланд Конституциясының 21 бабында жатыр, онда үкімет еліміздің өмір сүру сапасы, қоршаған ортаны жақсарту және қорғаудың қамын ойлайды деп көрсетілген. Өкінішке орай, ол декларативті сипатта, себебі оның негізінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер, егер үкімет өзінің міндеттерін орындамаса, үкіметке қарсы талап қоя алмайды және ешқандайда құқықтарға ие бола алмайды.

Қоршаған ортаны қорғаудың  механизімі 1979 жылғы ҚР Экологиялық кодексі негізгі бекітілген. Ол өзіне бірқатар функцияларды кіргізген: жоспарлау, қоршаған ортаның сапасын стандарттау, қоршаған ортаға өсерді бағалау және экологиялық сараптама, лицензиялау және т.б. [111,б.102]. Бұл функциялардың біразына қоғамдық экологиялық бірлестіктер қатыса алады.

Нидерландта әкімшілік егер, ол мемлекеттік немесе коммерциялық күпия болмаса, кез келген сүраныс бойынша ақпарат беруге міндетті. Бұл ақпаратқа қол жетімдік құқығы 1980 жылғы Әкімшілік жариялылығы туралы Заңмен реттелді. Бұл құқық қоғамдық бірлестіктердің экологиялық ақпарат алуын біршама жеңілдетті.

Қоғамдық бірлестіктердің  экологиялық маңызды шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы әртүрлі  кезеңдерде жүзеге асырылуы мүмкін. Ең алдымен, бірнеше кезеңнен тұратын лицензия беру процесі уақытында, ҚР Экологиялық кодексі Негізгі заңға сәйкес кез келген тұлға қоғамдық тыңдалымдар кезінде жазбаша немесе ауызша нысанда негізделген қарсылықтарын бере алады. Яғни, кез келген азамат және қоғамдық бірлестіктер лицензиялау процесіне қатысуға құқықтары бар [113,б.107]. Осыған үқсас процедура қоғамдық бірлестіктердің жоспарлау процесіне қатысуы үшін де бар. Жоспардың жобасын қоғамдық қарау кезінде кез келген тұлға жазбаша ескертулер бере алады, сонымен қатар бұл сұраққа қатысты қоғамдық тыңдалымдар өткізілуі тиіс. Мемлекеттік органдардың үзілді-кесілді шешіміне қарсы наразылықты жоспардың жобасын талқылаудың алғашқы сатыларына қатысқан тұлғалар ғана бере алады.

Нидерланд заңдарында табиғат  қорғау нормаларын орындағаны үшін қоғамдық бірлестіктердің бақылау құралы көрсетілген. Экологиялық зиянды қызметті тоқтатуға немесе шектеуге мүдделі ұйымдар тиіті мемлекеттік органдардан биліктік өкілеттіктерін қолдануды талап ете алады. Егер бұл орган талапқа жауап бермесе немесе тиісті әрекеттерді жүзеге асырудан бас тартса, онда «Ресми шешімдер қабылдау кезіндегі әкімшілік юрисдикция туралы» заңға сойкес Мемлекеттік кеңеске шағым беріледі.

Сонымен қатар, бірқатар экологиялық заңдарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық істі қозғауға прокурордың ғана құқығы бар, бірақ экологиялық құқықбұзушылық үшін кінәліні жазалауға мүдделі   қоғамдық  бірлестіктер   Қылмыстық  іс   жүргізу   кодексіне   сәйкес,

Жазалау үшін шараларды  қабылдамау туралы сотқа арыз беру мүмкіндігі бар.

Сонымен, қоғамдық экологиялық  бірлестіктер әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқық немесе экологиялық құқық негізінде әрекет ете алады. Табиғатты қорғаушылар тобы үкімет органдарына әкімшілік сот және жоғарғы әкімшілік инстанция арқылы экологиялық заңдардың талаптарын орындауды мәжбүр етуі мүмкін. Сонымен қатар, заңды тұлға мәртебесі бар қоғамдық экологиялық бірлестік қоршаған ортаны қорғаудың құралы ретінде азаматтық құқыққа жүгінуі мүмкін және азаматтык сотқа талап қоюы мүмкін. Қоғамдық бірлестіктердің қылмыстық құқық негізінде әрекеті прокурор арқылы мүмкін болады. Олар заңның бұзылғандығы туралы прокурорға хабарлай отырып, істі қозғауға себеп болады [112, б.966].

Қоршаған  ортаны сотта қорғаудың мысалы ретінде, қоғамдық экологиялық бірлестіктермен қозғалған бірнеше істі келтіруге болады.

«Амбт Делен» ісі. «Жердің достары» табиғат қорғау ұйымы Амбт Делен муниципалитетінің биліктеріне қарсы әкімшілік сотқа талап арыз берді. Олар ережелерге негіздеп ірі мал шаруашылығы фермасын салуға лицензия берген, бірак сол ауданда барлық фермалардың бөлетін аммиактың жинақталған нәтижесін ескермеген. Сот « Жердің достарымен» келісе отырып, билік органдары тек ереженің нормаларын қолданып, «Азаматтардың тыныштығы туралы» заңының, аммиактың бөлініп шығуының өсуіне тиым салатын талаптарын бұзған. Сот лицензияның күшін жойды.

Францияда экологиялық қозғалыстардың пайда болуы 1968 жылдың басында басталды. Саяси аренаға француздардың «жасылдары» 1971 жылы президент сайлауында алғашқы рет шықты. 1981 жылы президент сайлауының қарсаңында бұл елде екі ірі Жердің достар (Друзья земли) және Саяси экология қозғалысы (движение политической экологии) ассоциациясы, сонымен қатар көптеген шағын және орташа қоғамдық экологиялық бірлестіктер болды.

Францияның  ертеден келе жатқан ұйымдарының бірі Жердің достары 1971 жылы құрылды және 3000 жуық активистрі бар. Бұл ұйым экологиялық қозғалыстар үшін дәстүрлі тақырыптар дайындайды: ядролық энергетикаға ставкадан бас тарту, шектен шықкан урбанизация және үдемелі экономикалық арту. Олардың мақсаты қоршаған ортаны қорғау, өмір сүру сапасын жоғарлату.

800-900 адамнан тұратын Саяси экология қозғалысы 1979 жылы қараша айында құрылды. Бұл ұйым құрылған сөттен бастап өз алдына мүшелері басқа партияға кіре алмайтын экологиялық партия күруды мақсат етіп қойды. Олар экологияны теориялық базис ретінде қарастырды, оның негізінде қоғам құрылымының жаңа концепциясын дайындады [113, б.99].

Франциядағы қоғамдық экологиялық бірлестіктердің  қызметі 1976 жылы 10 шілдеде қабылданған ҚР Экологиялық кодексі заңның 40 бабына және басқа да нормативтік-қүқыктық актілерге негізделеді. Осы актілерге сөйкес табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдармен «ресми танылған» мөртебеге ие бола алады. Бұл үшін олар кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек, сонымен қатар келесідей талаптарды қанағаттандыруға тиіс: жарғы негізінде қызмет ету, пайда таппайтын ұйым болып табылады, белгілі бір ұйымдық дәрежеге ие болуы. Оларға сотқа азаматтық талап беру құқығы дажетті ақпаратты алудағы басымдық қүқы және әімкшілік актілерді дайындауға катысу құқығы беріледі [107,б.113].

Францияда экологиялық маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету саласында үш негізгі құқықтық қағқца бар: әкімшілік шешімді тарту қағидасы, әкімшілік шешімді негіздеу және қоғамдық талқылау. Әкімшілік қүжаттарға қолжетімдікті қамтамасыз ететін заңдарға сәйкес ақпаратқа құқық жалпыға тән құқық блып табылады.

Ақпаратты сүратып және бір айдың ішінде жауап алмаған  азамат екі айдың ішінде Қүжаттарға қолжетімдік комитетіне жүгіне алады. Бұл комитет Мемлекеттік кеңес және Жоғарғы сот мүшелерінен және заңгерлерден тұрады. Бұл орган ақпарат беруден бас тарту мүмкіндігі туралы жауап сүратады. Ал мемлекеттік орган ақпарат беруден бас тартса немесе жауап бермесе, онда азамат екі айдың ішінде әкімшілік сотқа талап арыз бере алады.

Әкімшілік шешімді  негіздеу қағидасы қоғамды ақпараттандыру үшін қызмет етеді. Бұл негіздеу шешімдердің қабылдаудың дұрыстығьш түсіндіретін фактілер мен эаң актілерін сипаттаудан тұрады.

Францияда қоғамдык талқылау қоғамдық бірлестіктердің үшін әкімшілік  шешім қабылдауға қатысудың маңызды  тәсілі болып табылады. Бұл институт қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық талқылауды демократияландыратын заң актілерінде реттеледі. Оларға сәйкес жаңа технологияларды дайындау және енгізу туралы жобалар, сонымен қатар қоршаған орта үшін қауіп тудыруы мүмкін құрылыстар және т.б. Қоғамдық талқылаудың пәні болуы тиіс [114, б. 19-20].

Француз заңдарына сәйкес қоғамдық бірлестіктерде әкімшілік  комиссияларға қатысу, соттарға талап  арыз беру, қалаларды жоспарлау және зиянды калдықтарға қатысты шешім  шығаруға ерекше құқықтары бар. Мысалы,   1976 жылғы «Табиғатты қорғау туралы» заңға сәйкес қоршаған орта

Үшін қауіп  тудыратын жұмыстарға рұқсат берген әкімшілік шешім арнайы комиссияның талқылауына берілуі тиіс. Бұл комиссияның ішінде қоғамдық экологиялық бірлестіктердің өкілдері болуы тиіс.

Француз заңының жалпы  ережесі, яғни қоғамдық бірлестіктер қылмыстық іс жүргізуде үшінші жақ ретінде қатыса алмайды. Бірақ, жоғарыда айтып кеткендей кейбір бірлестіктер ерекше құқыққа ие болуы мүмкін. Бұл «ресми танылған» деп аталатын ұйымдар, сонымен қатар, олар әкімшілік комиссияның мүшелері болуы мүмкін [114,б.22-23].

Франция заңдарының қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдардың өкілеттігін көрсететін негізгі ережелерін қарастырып, мынадай қорытындыға келуге болады, бұл елде ақпаратқа қолжетімдік және қоғамдық тыңдалымдарға қатысты процедуралар жақсы дамыған. Сонымен қатар, өртүрлі қоғамдық экологиялық бірлестіктердің әртүрлі құқықтары бар, себебі тек «ресми танылған» ұйымдар әкімшілік комиссияның жұмысына қатыса алады және соттарда іс қозғай алады.

Қазіргі Германия екі бөліктен тұрады. Бұл экономикалық және саяси дамуындағы айырмашылықтан басқа, елдің екі бөлігіндегі қоғамдық экологиялық бірлестіктердің де өзгешеліктері бар.

Шығыс Германияның қоғамдық экологиялық бірлестіктерінің дамуы  басқа бүрынғы социалистік елдердің бұндай ұйымдарының ерекшеліктерімен үқсас. Бұл ерекшеліктер жоғарыда айтылып кетті. Сонымен қатар, екі бөліктің бірігуінен кейін Батыс Германияның құқықтық актілері шығыс аймақтарында да өрекет ете бастады. Осыған байланысты біз батыс Германияның қоғамдық экологиялық бірлестіктердің құқықтық жағдайына тоқталамыз.

Батыс-германдық экологиялық  қозғалыстар көптеген әртүрлі топтардан  және ассоциациялардан, федералдық деңгейде жұмыс істейтін ұйымдардан түрды. Бұндай ұйымдардың мамандануы да әртүрлі. Бұндай ұйымдардың бір түрі Батыс Германияның «жасылдар» партиясы болып табылады [115].

Бұл партия елінің саяси өміріне белсенді түрде қатысады, жергілікті Ландстдаги мен Бундестагқа сайлау кезінде біршама жетістіктерге жеткен. Партия мүшелерінің арасындағы қарама-қайшылықтарға қарамастан, олар уақыт талаптарына сәйкес өз қызметтерін табысты түрде қайта құрды. Партия мүшелері өз форумдарында қоғамның экологиялық және әлеуметтік қайта құрулар үшін күресу бағдарламаларын дайындады, партия ішіндегі мәселелерді шешті [115].

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу