Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа
Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78
Сонымен, экологиялық қүқыктар деп адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық аясындағы мүдделерін қанағаттандыратын, сонымен қатар, оның өмірі, денсаулығы және мүліктік мүдделеріне теріс әсерін тигізбейтін коршаған табиғи ортаға әркімнің құқығын түсінеміз.
Азаматтардың экологиялық
Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі қолайлы қоршаған орта-объектілерінің жай-күйін экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластауға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта деп анықтама берген. Сонымен қатар, заңда қолайлы қоршаған ортаның нормативтер жүйесі арқылы белгіленген заңдық маңызы бар белгілері көрсетілген қоршаған орта сапасы нормативтерінің жүйесіне мыналар кіреді: қоршаған ортаға зиянды заттардың жинақталуына жол беруге болатын нормативтері радиациялық қауыпсіздіктің жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығарудың шекті деңгейінің нормативтері, шудың, тербелістің, магнит өрістің және өзі де зиянды физикалық ықпалдың жол беруге болатын шекті деңгейінің нормативтері; санитарлық және қорғаныш аймақтарының нормативтері[16].
Жоғарыда көрсетілген нормативтер адамдардың денсаулығын қорғау, генетикалық корды сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында қоршаған табиғи ортаның жағдайын бағалау үшін бекітіледі және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл қоршаған ортаның қолайлы жағдайының маңызды сипаттамасының бірі болып табылады. Яғни, қоршаған орта қолайлы болады, егер оның жағдайы оның тазалығына, сарқылмастығына, экологиялық тұрақтылығына, алуан түрлілігіне және эстетикалық байлығына қатысты нормативтерге сәйкес келсе [67,б.166.].
Жоғарыда айтып кеткендей,
Қазақстан Республикасының
Экологиялық ақпарат дегеніміз - бұл экологиялық заңнама нысандары жайында жазбалай түрде, дыбыс не бейне жазу түрінде, электронды немесе кез-келген өзге де материалдық түрде берілетін кез-келген ақпарат [76,б.256.].
Қазақстан Республикасы азаматтардың қоршаған ортаға қатысты ақпараттар алу құқығы көптеген нормативтік-құқықтық актілермен реттеліп отырады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі, «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» заңьг, «Халықтың санитарлық-эпқцемиологиялық салауаттығы туралы» заңы, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңы және т.б. Бүған қоса, Қазақстан Республикасы қатысып отырған бірқатар халықаралық шарттар да бар. Ақпарттарға қол жеткізу құқығын бекітіп, жүзеге асыру орайында Қазақстан азаматтары үшін айтарлықтай маңызы бар мұндай шарттардың қатарына, ең алдымен, «Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпараттарға қол жеткізу, шешім қабылдау процесіне жүртшылықтың қатысуы және сот әділдігіне қол жеткізу туралы» Конвецияны атаған жөн [80].
Мемлекеттің басты нормативтік-құқықтық актісі - Конституцияның 18 -бабына сәйкес мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар әр азаматтың өзінің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын қүжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен таныса алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті, ал 20 -бапта өр адамның мемлекеттік қүпиялардан басқа ақпараттарды еркін алу және оларды заңда тыйым салынбаған жолдармен тарату құқығы бекітілген. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер мен жағдаяттарды жасырып қалған лауазым иелері заңға сәйкес жауапқа тартылады деп көрсетілген.
Азаматтардың экологиялық құқық
Қолайлы қоршаған ортаға құқық жалпыадамзаттық құндылықтар, адамның табиғи құқықтары қатарына жатады. Өркениеттің дамуымен байланысты бұл құқық адамдардың тартып алынған және оны қайтару мемлекеттік - құқықтық реттеу әдісімен жүзеге асырылуы тиіс.
Адам қүқыктарының қалыптасуына философиялық көзқарастар әруақытта маңызды әсер еткен. Бірақ тек философиялық емес этикалық құндылықтар теориясы адамның қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы туралы ой-пікірлер тудырған. Бұл құқықтың концепциясына жаппай қоғамдық санада, саясат пен идеологияда, экономика мен мәдениетте болып жатқан өзгерістер алып келді.
Адам құқықтары адам қандай мүмкіндіктерге ие болуын көрсететін жинақтаушы түсінік. Қоғамдық сананың даму шегіне байланысты адам құқықтары ретінде жаңа қажеттіліктер мен мүдцелер туындай бастады, олар белгілі бір кезеңде мәнді, өмірлік маңызды мағьшаға ие болды. Соңғы 20 жылдарда қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын жариялау идеясы пайда болды.
Адам құқықтары туралы маңызды пактілер адамның «өмір сүруге» (Адам құқықтарының жалпы декларациясы, 1948ж., 3 бап), «әділ және қолайлы еңбек жағдайы» (Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт, 1966ж., 7 бап), «физикалық және психикалық денсаулықтың ең жоғарғы деңгейі» , «жеткілікті өмір сүру деңгейі» (экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт, 1966ж., 11,12 бап) құқықтары туралы жалпы тезистер көрсетілген. Оларды шартты түрде қолайлы қоршаған орта жағдайына құқықпен байланыстыруға болады.
Қоршаған орта туралы БҰҰ Стокгольм коференциясында адамдардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары нақты көрсетілген. Онда адамдардың бостандыкқа, теңдікке және сапасы лайықты және қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін қоршаған ортада қолайлы өмір сүру жағдайына негізгі құқықтары жарияланған.Бұл жерде қоршаған орта қолайлы өмір сүру жағдайына құқық маңызды құқықтармен теңестіріліп отыр.
Бірақ бұл кезеңде қолайлы қоршаған ортаға құқықтар құқықтык қағида, құқық-постулат нысанында болды. Және де конференция қатысушы мемлекеттер үшін ратификациялануы міндетті болмады, яғни құқықтың қайнар кәзі болып табылмады. Сондықтан да, бұл осы саладағы халықаралық және ұлттық заңдардың дамуын тежеді.
Қоғам мен табиғаттың арақатынасы аясындағы мемлекет пен тұлғаның арасындағы маңызды қоғамдық қатынастар қолайлы қоршаған ортаға құқықты негізгі құқықтар санатына жатқызуға негіз болады. Негізгі құқық ретінде ол ҚР Конституциясында бекітілуі тиіс.
Қолайлы қоршаған ортаға құқықты субъективті және объективті мағынада ажырата білу қажет. Объективтік мағынада бұл адамның денсаулығын
Сақтаудың басымдығын қамтамасыз
ету саласында қоғам мен
Субъективтік құқық ретінде қолайлы қоршаған ортаға азаматтардың құқықтары - бұл мемлекетпен кепілдік берілетін және қорғалатын, накты заңда бекітілген өлеуметтік игіліктерді пайдалану мүмкіндігі, сонымен қатар қоршаған ортаға өсер етумен байланысты табиғат пайдалану және басқа қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекетті, барлық басқа азаматтарды және заңды тұлғаларды халықтың денсаулығын қорғауға байланысты міндеттерін орындауды талап ету мүмкіндігі, құқық бұзушылық болған жағдайда мемлекеттік және қоғамдық қорғауға жүгіну мүмкіндігі.
Субъективтік және объетивтік құқықтың арасындағы байланыс мынада, субъективтік құқық объективтікте көрініс тапқан, бекітілген.
Кез келген субъективтік құқық құқықтық қатынаста жүзеге асырылады. Кез келген құқықтық қатынас пайда болу үшін заңды факт қажет. Көптеген конституциялық құқықтар пайда болу үшін заңды факт болып бұл құқықтың заңда бекітілуінің өзі болып табылады. Конституциялық құқық жалпы құқықтық қатынастарда жүзеге асырылады. Жалпы құқықтық қатынастар - бұл субъектілері дараланбаған жалпы құқықтар мен міндеттерге негізделген құқықтық байланыстар [86,б.26].
Қолайлы қоршаған ортаға құқық жалпы құқықтық қатынастар аясында ғана жүзеге асырылады. Нақты құқықтық қатынастар құқықты жүзеге асыруға кедергі келтірген жағдайда немесе басқа құқықбұзушылық жағдайда ғана пайда болады, бұнда міндетті тұлға нақты түрде дараланаған болады. Мысалы, суға зияны заттарды тастаудың салдарынан қала түрғындары жаппай ауруға үшыраған жағдайда азамат пен тиісті кәсіпорын арасында денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге байланысты нақты құқықтық қатынастар пайда болуы мүмкін. Дау шешілгеннен кейін нақты құқықтық қатынастар тоқтатылады, ал жалпы құқықтық қатынастар өрі қарай жүзеге асырылады. Жалпы құқықтық қатынастағы міндетті тұлғалардың тізбегі өте кең жоне оған барлық азаматтар, барлық кәсіпорындар, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер. Олар азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға субъективтік құқығына қарсы әрекеттер жасамауға міндетті.
Заң ғылымында субъективтік құқықтың үш түйінді құрылымы анықталған: өз мүддесіне қатысты белгілі бір әрекетті жасау мүмкіндігі; міндетті субъектілерден олардың заңды міндеттерін орындауды талап ету мүмкіндігі; бұзылған құқықтарын қорғау үшін мемлекетке жүгіну мүмкіндігі [87,б.846].
Өз еліміздің табиғатын сақтау және қалпына келтіру үшін әрбір адам барлық оған қолайлы құралдарды пайдалануға тырысуы тиіс. Осындай құралдардың бірі қоршаған ортаны қорғау үшін азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігуі болып табылады. Бұндай бірлестіктердің қызметі бір адамның қызметімен салыстырғанда нәтижелі болып келеді. Бірігуге құқықтары да конституциялық құқық болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 23 - бабында бекітілген.
Мемлекет те, қоғамдық экологиялық бірлестіктер де қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты қызметтерді жүзеге асырады, бірақ қоғамдық өмірдің бұл аясындағы олардың ролі өртүрлі. Олардың ролі қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизіміндегі орнымен анықталады. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар, сонымен қатар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау субъектілерінің үштігін құрайды.
Қоғамдық бірлестіктердің мәнін, түрлерін алдынғы тарауда анықтадық, енді қоршаған табиғи ортаны қорғау ісіне қоғамдық экологиялық бірлестіктердің тікелей қатысуын құқықтық реттеу мәселелерін қарастырайық.
Қоғамымыздың дамуына қарай табиғатты қоғамдық қорғау тұрақты түрде дамып келе жатыр, табиғатты игеруге, молайтуға және қорғауға мемлекетке комек көрсетуге байланысты жұмыстарға халықтың әртүрлі деңгейін тарту кен орын алып отыр. Табиғатты қорғауда қоғамдық бірлестіктердің ролінің осуі қоғамымыздың объективтік қажеттілігі болып табылады. Ол экономиканың қарқынды өсуі, онеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы, шаруашылык айналымына табиғи ресурстардың көптеген түрлерін енгізумен байланысты. Соңғысы экологиялық мәселелердің тез дамуына алып келді, ол глобальды экологиялық мәселелерге айналды. Оларды шешу мемлекетіміздің негізгі
Міндеттерінің бірі болып табылады. Бұның барлығы маңызды және өзекті міндет ретінде қоршаған табиғи ортаны қорғау функциясын жүзеге асыратын өртүрлі қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың қызметтерін құқықтык реттеу механизімін зерттеуге алып келді.
Қоғамдық бірлестіктердің
қоршаған ортаны қорғауға қатысуы тиісті
алғышарттарға негізделген
Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуының әлеуметтік алғышарттары, мыналар:
Біріншіден, біз білетіндей, табиғи орта қоғам өмірінің материалдық жағдайы болып табылады. Жеке адам биологиялық қүбылыс ретінде және барлық адамзат қоғамы - табиғаттың бір бөлігі, ол өзінің даму деңгейіне байланысты табиғаттың басқа нысандарынан ерекшеленсе де, оның өмір сүруі табиғи ортаның ішінде және оның заңдарының негізінде ғана мүмкін. Табиғат -адамның барлық өндірістік және түтыну элементтерінің алғашқы қайнар көзі. Қоғам материалдық өндіріс арқылы табиғатқа өзінің негізгі және маңызды өсерін жүзеге асырады. Карл Маркс айтқандай: адам табиғатпен өмір сүреді, ол табиғат пен қоғамның арақатынасынан анық байқалады. Бұндай өзара арақатынастың заңдылығы қоғам мен табиғат арасындағы заттардың алмасуы болып табылады: адам табиғаттың заттарын түтынады және оған өзінің өмір сүру онімдерін шығарады. Бұндай алмасу өндіріс арқылы жүзеге асырылады. Яғни, адам, адамдар тобы, қоғам түтасымен қоршаған табиғи ортаның сақталуына немқұрайлықпен қарай алмайды, себебі адам мен табиғаттын дұрыс өзара арақатынасына адам өмір сүруі мен қызмет етуі байланысты. Екіншіден, табиғат жағдайын жақсарту бүкілхалықтың негізгі экологиялық мүддесіне жатады, оны жүзеге асыру қоғамның әрбір мүшесінің мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді, себебі Қазақстан Республикасының табиғи байлықтары бүкілхалықтың қазынасы болып табылады. Қоршаған табиғи ортаны қорғау өзінің негізін бүкілхалықтық бағдарламаларда, жоспарларда және заңдарда табатын бүкілхалықтық, жалпы мемлекеттік іс. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғауға қоғамның әрбір мүшесінің қатысуы қажет. Табиғатқа қатысты теріс өрекеттерді жүзеге асырған кінәлі тұлға бүкілхалықтың экологиялық мүддесіне қол сүғады.
Үшіншіден, қоршаған ортаны қорғауға байланысты шараларды жүзеге асыруға халықтың белсенді қатысуның объективтік негізі мемлекеттік меншік құқығының бүкілхалықтық сипатында.
Қоршаған табиғи ортаны қорғауға қоғамдық бірлестіктердің қатысуы қажеттілігінде экономикалық алғышарттар да үлкен роль алады. Экономикалық стратегияның маңызды мақсаты-халық өмірінің материалдық және мәдени деңгейін көтеру, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жақсы жағдайлар жасау. Бұл міндет қоғамдық өндірістің әрі қарай дамуы неізінде, адамдардың әлеуметтік және еңбек ету белсенділігін өсуі, сонымен қатар қоршаған ортаны тиісті дөрежеде қорғау негізінде шешіледі. Экономикалық қатынастардың дамуы шикізат өзі немесе шаруашылық өнімі болып табылатын табиғи ресурстарды пайдалануға негізделеді. Қолайлы қоршаған орта- қоғам дамуы үшін қойылған экономикалық жән әлеуметтік міндеттерге жетудің қажетті жағдайлары [90].