Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа
Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78
Батыс Германияның табиғат қорғау заңдарына сәйкес қоғамдық экологиялық бірлестіктерге экологиялық маңызды шешімдер кабылдау процесіне қатысуына аз ғана мүмкіндік берілген. Бірақ, негізінен олар нормативтік актілерді жекелеген ұйымдар ретінде емес, қоғам мүшелері ретінде
Қарастырылады. Көп жағдайда олар осы тәсіл арқылы шешімдер қабылдауға қатыса алады. Әсіресе бұл «Таза су туралы» заңға және «Атом энергиясы туралы» заңға сәйкес лицензия беру процесіне қатысуға қатысты. Бұл жағдайда қоғамдық экологиялық бірлестіктер және олардың мүшелері тек жекелеген азаматтар ретінде қатыса алады.
Америка Құрама Штатында қоғамдық бірлестіктер сол елдің барлык аймағында қоршаған ортаны қорғауда үлкен рөл атқарды. Қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызметінің құқықтық негізі сөз, басылым, жиналыс бостандығын жариялаған 1791 жылы АҚШ Конституциясының Бірінші толықтыруы, сонымен қатар штаттық және жергілікті деңгейде әрекет ететін басқа нормативтік - құқықтық актілер болып табылады. Нақты қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы және қызметінің негізі олардың
Әрқайсысының жарғыларында бекітіледі [117,б.217-218]. Жарғының мазмұны негізінен штаттың заңдарымен анықталады.
Қоғамдық табиғат қорғау ұйымдарының сипатты белгісі «бірлестіктің еріктілігі және мүшелерінің еңбегі үшін ақшалай және басқа да компенсациясыз, қоғамдық бастамамен алдына қойған мақсаттарды орындауға қатысуы» болып табылады. Қоғамдық ұйымдардың каржылық базасын мүшелік жарналар, жеке тұлғалардың қайырымдылықтары құрайды. Бұндай қаржылық тәртіп олардың мәртебесін коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар ретінде анықтайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істейтін ертеден келе жатқан американдық ұйымдардың бірі 1982 жылы Калифорния және Стэндфорд университетінің ғалымдарының бастамасымен құрылған Сьерра Клуб болып табылады. Бұл ұйымның қызметі келесідей мақсаттарға жетуге бағытталған: жердің жабайы табиғатын зерттеу және қорғау; жердің экожүйесі және оның ресурстарын пайдалану кезінде жауапкершілік сезіміне жету және дамыту; қоршаған ортаның сапасын қорғауға адамдарды тәрбиелеу және тарту; бұл міндеттерді орындау үшін барлық заңды құралдарды пайдалану [117,б.218]. Сьерра Клуб - ең көп ұйымдардың бірі, АҚШ пен Канаданың барлық аумағында тұратын 350 мыңға жуық мүшелері бар. Өмір сүретін ауданына байланысты олар клубтың бір бөліміне жатады. Қазір бұндай 54 бөлім жұмыс істейді.
Басқа беделді қоғамдық ұйым - Одюбон қоғамы (Одюбоновское обшество). Онда 450 мың мүшесі бар. Бұл ұйым ауа мен судың тазалығын сақтау үшін күресуге көңіл бөлген. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді әрекет ететін басқа да американдық ұйымдар Парктер мен қорықтар ассоциациясы, оның 40 мың мүшесі бар, Жабайы табиғат қоғамы -50 мың.
60-70 жылдары азаматтардың
белсенділігінің нәтижесінде
1969 жылы басқа табиғат қорғау қоғамдық ұйымдардың ішіндегі негізгі «Жердің достары» пайда болды. Онда 30 мың америка азаматтарынан өзге басқа елдердегі 26 филиалдағы 100 мың мүшелері бар.
Табиғат қорғау қоғамы да белгілі ұйымдардың бірі іболып табылады. Ол қайырымдылықтар мен мүшелік жарналарға ғылыми құндылықты білдіретін және ерекше экологиялық маңызы бар аумақтарды сатып алады да, ол аумақтарда қорықтар мен зерттеу орталықтарын құрады [107,б.98].
АҚШ-тағы қоғамдық экологиялық ұйымдардың жалпы саны үш мыңнан асады және олар сол елдің мемлекеттік құрылымының барлық деңгейінде қызмет ететін топтардың мамандандырылған құрамы мен саны бойынша өртүрлі ұйымдардан тұрады. И.О. Краснова ұйымның қызметінің колеміне байланысты қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық ұйымның төрт түрін бөліп қарайды: жергілікті, штаттық, аймақтық және жалпы ұлттық[117,б.216].
1995 жылы 27 наурызда Қазақстан
Республиасы мбн АҚШ - тың арасында
қоршаған орта мен табиғи
Қазақстан Республикасы
мен АҚШ - тың арасындағы қоршаған
ортаны және табиғи ресурстарды қорғау
саласындағы ынтымақтастық
ТМД елдерінің келісілген экологиялық саясатының бастауы 1991 жылы 15 қаңтарда экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану сұрақтары бойынша республикалар Жоғарғы кеңесінің комиссиялары мен комитеттерінің өкілдерімен талқыланған және мақұлданған Халықаралық экологиялық келісім болып табылады. Бұл келісімге сөйкес жер, оның қойнауы, су және басқа да табиғи ресурстар тек егеменді республикалардың меншігінде болады, оларды пайдалану мен қорғаудың төртібін өздері дербес түрде бекітеді.
ТМД - ның құрылуына байланысты тәуелсіз мемлекеттердің келісілген экологиялық саясатының ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа келісім дайындау және қабылдау қажеттілігі туындады. Яғнй, 1992 жылы 8 ақпанда Мөскеуде қатысушылары Азербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан; Молдавия, Ресей, Таджикистан, Түркіменстан және Украина республикалары болып табылатын экология және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында арақатынас туралы Келісім қабылданды.
Экология және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында ортақ саясатты жүргізуді қамтамасыз ету үшін қатысушы - мемлекеттер :
ТМД елдерінің бұл ынтымақтастығының негізінде Халықаралық экологиялық кеңес және Халықаралық экологиялық қор құрылды [101,б.46].
Халықаралық экологиялық кеңеске мынадай функциялар жүктелді: экология және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бірлескен саясатты үйлестіру мен жүргізуді жүзеге асыру; келісімнің мүдделі қатысушы -мемлекеттерінің өкілдерінің қатысуымен өндіріс күштерінің, инвестициялық және басқа да жобалардың даму бағдарламалары мен болжамдарына экологиялық сараптама жүргізу, оны жүзеге асыру екі немесе одан да көп мемлекеттердің мүдделеріне қатысты болуы мүмкін; келісімнің қатысушы мемлекеттерінің арасындағы экологиялық дауларды шешуге көмек көрсету; халықаралық Қызыл кітапты жүргізу, халықаралық Қызыл кітап үшін материалдар мен ұсыныстар дайындау; мүдделі қатысушы - мемлекеттер мен бірлесіп экология мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімнің міндеттерін орындауға қатысуының жағдайлары мен тәртібін анықтау. Халықаралқ экологиялық кеңеске келісімнің қатысушы -мемлекеттерінің табиғат қорғау ведомстволарының басшылары кіреді.
Қазақстан Республиасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында халықарлық ынтымақтастық мәселелріне аса көңіл бөлінген. Яғни, Қазақстан Республиасы Біріккен Үлттар Ұйымының тоглыққанды мүшесі ретінде, жаһандық серіктестік негізінде мемлекеттік экологиялық саясатты тиімді жүргізудің кілті ретінде халыкаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиіс. Қазақстанның әлемдік қоғадастықтағы барған сайын таныла түскенін ескере отырып, 1992 жылы Рио - де - Жанейрода негізі салынған және 2002 жылы Иоханнесбургте өткен Дүниежүзлік саммитте расталған тұрақта даму қағидаттары халықаралық қатынастардығы ынтымақтастық пен серіктестік саясатының негізі болуы тиіс. Осы саясаттың негізгі бағыттары: халықаралық келісімдердің ережелерін практикалық іске асыру; қоршаған ортаның сапасын бағалаудың және жай - күйін бақылаудың жалпы тәсілдерін, әдістерін, өлшемдері мен рәсімдерін әзірлеу; үйлестірілген іргелі және қолданбалы экологиялық зерттеулерді жүргізу; экологиялық қауіпсіздік проблемасын шешуде халықаралық тәжірибиені пайдалану; қоршаған ортаны қорғау мен елдің тұрақты дамуы саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуде халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды жандандыру [23].
Шет елдердегі қоғамдық
бірлестіктердің табиғатты
Қоғамдық экологиялық бірлестіктер қызметінің құқықтық негізі саласында шет елдердің төжірибиесін зерттеу бұл салада отандық тәжірибиемен салыстыру мақсатында ғана жүргізілген жоқ, сонымен қатар отандық қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қызметін күқыктық реттеуді дамыту мен жетілдіру процесінде алып пайдалану үшін жүргізілді.
Бүгінде Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарының бастапқы кезеңінде деп айтсақ болады, яғни табиғатты қорғау қызметінің өрі толық жетіліп, экономикалық және экологиялық, қоғамдық және жекелік мүдделердің үйлесімділігін қамти алмай отыруының себебі де осында.
Табиғат ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану саласында көптеген кемшіліктер кездеседі.
1997 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қазақстанның үзқақ мерзімді даму стратегиясын жариялады. Бұл стратегия 1993 жылы Қазақстанның тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде өрлеу стратегиясы мен 1994 жылғы Әлеуметтік -экономикалық реформа стратегияларының жалғасы болып табылады.
«Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясына» сәйкес елді дамытудың негізгі мақсаты - Қазақстанның барлық халықтарына экономикалық және әлеуметтік жағынан қолайлы жағдай жасау мен ұлттық бірлікте тәуелсіз, гүлденуші және саяси тұрақтылықтағы егеменді мемлекет құруы[1].
Берілген стратегияның негізгі ережелерін жүзеге асыру елімізде стратегиялық жоспарлау мен басқарудың негізгі элементтерінің бірі стратегиялық экологиялық жоспарлау мен басқаруды енгізуден басталады.
Осыған байланысты Елбасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елімізде құқықтық базаны нығайту ісін және коршаған ортаны орталықтан мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастырушылық деңгейде заңдарды жетілдіру мақсатында күқықтық негіз болып табылады. Ол төмендегідей міндеттер мен құқықтарды қамтуды қажет етеді: экологиялық сақтандыру жүйесін ; кінөлілердің жазадан қүтылмауына кепілдік беретін және қоршаған ортаға келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік бақылаудың, қаскерлікпен және орман бұзушылыкпен күрестің барынша жетілдірген жүйесін; бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесін; белгіленген нормативтерден тыс қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардағы міндетті экологиялық аудит; коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару жүйесін; қоршаған ортаны реттеудің және оны ластауды болдырмаудың біршама жетілдірілген экономикалық құралдарын енгізу үшін қажетті заңдар мен заңға тәуелді актілерді әзірлеу қажет болады.
Су, жер, орман ресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі заңнамада тек шаруашылықта пайдалануды дамытуға ғана емес, табиғи ресурстарды қорғау мен өндіруге де бағытталған жаңа заң нормалары қажет. Жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңдарда пайдалы қазбаларды өндіру кәсіпорындардың келеңсіз зардаптарын жою жөніндегі шаралар көзделуі тиіс.