Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, азаматтар  мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін  заң актілерін жетілдіру қажет. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бірлестіктердің атқаратын қызметінің маңыздылығына байланысты экологиялық қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайын тереңірек реттейтін арнайы нормалардың қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасы Парламентінде қаралып жатқан Экологиялық Кодекске «Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы құқықтары мен міндеттері» туралы тарау енгізілуі керек. Бұл тарауда азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға қатысу нысандары; азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың жалпы құқықтары мен міндеттері; қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдарымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы; қоғамдық экологиялық сараптама; қоғамдық экологиялық бақылау; қоғамдық экологиялық бірлестіктер туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық ынтымақтастық мәселелері қозғалуы тиіс.

 

Қорытынды

 

 

1997 жылдың 10 қазанында  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына  Жолдауында Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын жариялады. Бұл стратегия 1993 жылы Қазақстанның теуелсіз, егеменді мемлекет ретінде өрлеу стратегиясы мен 1994 жылғы Әлеуметтік-экономикалық реформа стратегияларының логикалық жалғасы болып табылады.

«Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясына» сәйкес елді дамытудың негізгі мақсаты - Қазақстанның барлық халықтарына экономикалық және әлеуметтік жағынан қолайлы жағдай жасау мен ұлттық бірлікте тәуелсіз, гүлденуші және саяси тұрақтылықтағы егеменді мемлекет құру.

Берілген стратегияның негізгі ережелерін жүзеге асыру елімізде стратегиялық жоспарлау мен басқаруды енгізуден басталады.

Соңғы жылдары елімізде табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану  қатынастарын реттейтін бірқатар негізгі  нормативті актілер жарық көрді. Нәтижесінде құқықтық реттеу саласында бүған дейін толық немесе тіпті реттелмей келген қатынастар да енгізілді, ал дәстүрлі түрде реттеліп келген жер, тау - кен, су және орман қатынастары ғылыми - техникалық революция жетістіктеріне сай реттеле бастады. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануда құқықтық реттеуді жетілдіру мәселесі толығымен шешілген деуге болмайды. Табиғат пен қоғамның арақатынастарының шиеленісуі, құқықтық шығармашылық ісі мен заң ғылымдарының алдына бірқатар күрделі де және жауапты мәселелер қойды. Олардың шешілуі еліміздің табиғатын қорғау мен табиғи байлықтарын тиімді пайдаланудың маңызды кепілі болмақ. Біздіңше, олардың ішінде ең көкейкесті мәселелер мыналар болып табылады:

  • Қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды пайдалану саласында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметінің жүзеге асыру механизімін жетілдіру;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық басқаруды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру.

Қоршаған табиғи ортаны қорғауға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуының заң актілерінде бекітілуін екі кезеңге бөліп қарастырдым:

Бірінші, кеңес  одағы дәуіріндегі кезең;

Екіншісі, егемендік алғаннан кейінгі кезең. Бірінші кезеңнің 1917 -1920 жж. Қабылданған актілерінде  барлық табиғи ресурстар тек мемлекеттік меншікте болады деп бекітілді. Бұл кезеңде табиғатты ластанудан қорғау мәселелері негізінен экологиялық емес, санитарлық жағдайда қарастырылды. Ал осы кезеңнің 1970 - 1980 жылдары аралығында қабылданған заңдарда қоршаған ортаны ластанудан қорғау мәселелері санитарлық емес экологиялық түрғыдан бағаланып, реттеле басталды. Және де осы уақыттағы заңдарда алғашқы рет қоғамдық бірлестіктер туралы сөз қозғала бастады.

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуының екінші кезеңі - егемендік алғаннан кейінгі кезең. Ал егемендік алғаннан кейінгі кезеңде қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты көптеген нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Бұл кезеңнің өзін өз кезегінде екіге бөлуге болады. Біріншісі, 1991 жылдан 2002 жылдар аралығын қамтиды, ал екіншісі 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңді екіге бөлу осы уақыт аралығында қабылданған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымд амал арымен негізделеді.

Бұл кезеңде экологиялық заңдарды жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында дами бастады. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет күру жолында табиғат қорларын пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды толық қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мақсатымен көптеген жұмыстар жүргізілді. Және осы кезеңде қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайын реттейтін арнайы нормативтік -құқықтық актілер қабылданды.

Қандай да болмасын жүйені құру үшін белгілі бір басшылыққа алатын бастамалар қажет. Осы бастамаларға сүйене отырып тиісті жүйе өзінің функционалды міндетін жүзеге асырады. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуына байланысты қызметті жүзеге асыру барысында, өз қызметтерін белгілі бір қағидаларға негіздеп жүзеге асыруға тиіс. Сонда ғана олардың қошаған ортаны қорғауға байланысты қызметтері нәтижелі болады. Қазірігі таңда Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарында осы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуында негізге алатын қағидалар зерттелмеген. Жалпы қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар халықаралық деңгейде де бекітілген. Соларға сүйене отырып сіздердің назарларыңызға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуының мынадай қағидаларын үсынамын:

1. Қоршаған табиғи ортаның жағдайы туралы объективті және шынайы 
мәліметтерге қолжетімдігі;

  1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің міндеттілігі;
  2. Халыққа экологиялық тәрбие мен білім беру шараларын жүргізу;

4. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында заң жобаларын дайындауға қатысу және осы саладағы маңызды заңдарды бүкілхалықтық референдум жолымен қабылдау;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасын және қоғамды экологияландыру;
  2. Қоршаған ортаны қорғау саласында басқа шет мемлекеттерінің қоғамдық бірлестіктерімен үйлесімдік және ынтымақтастық негізді жұмыс істеу.

Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану саласындағы басқару  субъектілері туралы сұрақтар басқару түрлері туралы сұрақтармен тығыз байланысты. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды басқаруды қоғамдық құрылымдар, заңды тұлғалар және мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Осыған сөйкес мемлекеттік басқарудан басқа қоғамдық, өндірістік, ведомстволық басқаруды бөліп қарауға болады.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды қоғамдық басқару, бір жағынан, азаматтардың сана сезімінің деңгейін, екінші жағынан, мемлекетімізде биліктің демократиялану дәрежесін көрсетеді. Басқарудың бұл түрін қоғамдық құрылымдар мен азаматтар жүзеге асырады. Қоғамдық құрылымдар мен азаматтардың басқаруға қатысуы Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі, «Қоғамдық бірлестіктер тураалы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және т.б. Заңдарымен, сонымен қатар қоғамдық құрылымдардың жарғыларымен реттеледі.

Бұл салада азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің де атқаратын рөлі жоғары. Қоғамдық басқарудың ең маңызды функциялары азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаға жоспарланып отырған қызметтің өсерін бағалау аясында экологиялық маңызы бар шешімдер дайындауға, бұндай шешімдерді қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу арқылы қабылдауға, қоғамдық бақылауға қатысуы болып табылады.

Қоғамдық басқарудың бір функциясы ретінде қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу  және құқықтық механизімін талдай келе біз мынадай қорытындыларға келеміз. Біздің ойымызша, қазіргі экологиялық сараптама туралы заңды қоғамдық сараптаманың мәртебесін өзгерту мақсатында әрі қарай жетілдіру және өзгерту қажет. Біріншіден, қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу саласында қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын кеңейту қажет және олардың мәртебесі мен құқықтық жағдайын заңда нақты көрсетілу керек. Екіншіден, қоғамдық экоглогиялық сараптама жүргізу процедурасын қайта қарап, оны жеңілдету қажет. Үшіншіден, қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысына заңды сипат беру қажет.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында мемлекеттік басқарумен қатар қоғамдық басқарудың алатын орын өте маңызды. Себебі, қандай да болсын қоғамда мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру барысында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер де қатысады. Сондықтан, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы басқаруды реттейтін заңдарды одан өрі жетілдіру қажет. Екіншіден, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің басқаруды жүзеге асыру кезінде атқаратын функциялары экологиялық заңдарда нақты көрініс табуы тиіс.

Қазақстан демократиялық  қоғам құру барысындағы қоғамдық 
бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі өте маңызды. 
Себебі қоғамдық бірлестіктер мемлекет шеше алмайтын өлеуметтік сұрақтарды 
шешеді    және    міндеттерді мойнына    алады.    Сондықтан    қоғамдық

Бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі  мемлекеттік саясат түрғысынан да, құқықтық түрғыдан да жетілдірілуі тиіс.

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру саласында мынадай ұсыныстар үсынғым келіп отыр:

Біріншіден, экологиялық құқықтар деп адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық аясындағы мүдделерін қанағаттандыратын, сонымен қатар, оның өмірі, денсаулығы және мүліктік мүдделеріне теріс әсерін тигізбейтін қоршаған табиғи ортаға әркімнің құқығын түсінеміз.

Екіншіден, азаматтардың экологиялық құқықтарын мынадай негізігі түрлерге бөлуге болады:

  • Қолайлы қоршаған ортаға құқық;
  • Қоршаған ортаның жай-күйі туралы сенімді ақпарат алу құқығы:
  • Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы;
  • Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу, соның ішінде сот арқылы қорғау құқығы.

Үшіншіден, қолайлы қоршаған ортаға құқықты субъективті және объективті мағынада анықтамасын беруге болады. Объективтік мағынада бұл адамның денсаулығын сақтаудың басымдығын қамтамасыз ету саласында қоғам мен табиғаттың арақатынасы аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Субъективтік құқық ретінде қолайлы қоршаған ортаға азаматтардың құқықтары - бұл мемлекетпен кепілдік берілетін және қорғалатын, нақты заңда бекітілген әлеуметтік игіліктерді пайдалану мүмкіндігі, сонымен қатар қоршаған ортаға әсер етумен байланысты табиғат пайдалану және басқа қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекетті, барлық басқа азаматтарды және заңды тұлғаларды халықтың денсаулығын қорғауға байланысты міндеттерін орындауды талап ету мүмкіндігі, құқық бұзушылық болған жағдайда мемлекеттік және қоғамдық қорғауға жүгіну мүмкіндігі.

Төртіншеден, азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығын қамтамасыз ету саласында экологиялық заңдарды жетілдіру. Бұл үшін ең алдымен қолайлы қоршаған ортаға құқық республикамыздың Ата заңында бекітілуі тиіс.

Бесіншіден, негізгі экологиялық  заңға қолайлы қоршаған ортаға құқық, қолайлы қоршаған ортаның сапасы терминдерінің анқтамалары енгізілуі тиіс.

Алтыншыдан, азаматтардың қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысудың  келесідей нысандарын ажыратуға  болады :

- азаматтардың тікелей қатысуы;

- қоғамдық бірлестіктерге бірігу арқылы қатысу;

- заң жобаларын талқылау арқылы қатысу;

- сотқа шағымдану арқылы қатысу;

- экологиялық сараптама жүргізу арқылы қатысу.

Жетіншіден, қоғамдық бірлестіктердің  қоршаған ортаны қорғауға қатысу қажеттіліктерін әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және құқықтық алғышарттардан анықталады.

Сегізіншіден, қоғамдық экологиялық бірлестіктердің құқықтарын анықтайтын, қызметін жүзеге асырудың құқықтық механизімін реттейтін арнайы нормаларды қоршаған ортаны қорғау туралы заң актілеріне енгізу қажет.

Қоршаған  ортаны қорғауда халықаралық ынтымақтастықты  тереңдету және қалыптастыру процесіне, сонымен қатар халықаралық және ұлттық экологиялық заңдарды шығару процесіне халықаралық үкіметтік емес ұйымдар белсенді әсер етеді.

Халықаралық үкіметтік  емес ұйымдар - бұл адам қызметінің саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқа да аясында халықаралық ынтымақтастыққа көмек көрсету мақсатында құрылған өртүрлі мемлекеттердің ұлттық қоғамдық ұйымдарының, одақтарының, топтарының және жекелеген тұлғаларының білестігі, бұл ұйым үкіметаралық келісімдер негізінде құрылмайды және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық үкіметтік  емес ұйымдардың қызметінің негізгі бағыты табиғи ортаны және оның жекелеген элементтерін ұтымды пайдалануға бағытталған ұлттық және халыкдралық деңгейдегі заңды және техникалық нормалар мен шараларды дайындау және төжірибеге енгізу, халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын кеңейту, тереңдету және жандандыру болып табылады.

Шет елдердегі қоғамдық бірлестіктердің табиғатты қорғау қызметін құқықтық реттелу жағдайын саралау, бұндай бірлестіктер қоршаған ортаны қорғаудың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың көптеген маңызды сұрақтарын шешуге нақты мүмкіндіктерін бар екенін көрсетеді. Қоғамдық бірлестіктердің маңызды құқықтарының қатарына экологиялық маңызды шешімдерді дайындауға және қабылдауға қатысу, ақпаратқа қол жетімдік құқығы, азаматтардың құқықтарын сотта қорғау құқығын жатқызамыз.

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу