Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 15 шілдеде қабылданаған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ерекше табиғи қорғалатын аумақтар саласындағы құқықтар мен міндеттеріне арнайы тарау арналған.

Азаматтардың  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгіленген тәртіппен пайдалануға, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғауға және қалпына келтіру жөніндегі шараларға қатысуға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөніндегі ұсыныстар енгізуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері жөнінде хат, шағым, арыз жазуға және ұсыныстар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар. Сонымен қатар, азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға міндетті[19].

Қоғамдық бірлестіктердің  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламалар әзірлеп, насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қорық ісі саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға, уәкілетті органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, қабылдау туралы ұсыныстар енгізуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру бағдарламаларын, оларды оларды құру жөніндегі негіздемелер әзірлеу ісіне ұсыныстар енгізіп, оған қатысуға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекетік сараптама жүргізуді талап етуге және қоғамдық сараптама жүргізуге, ерекше қорғалатьш табиғи аумақтар бойынша қоғамдық бақылауды жүргізуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық қорларын құруға, айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапка тарту туралы мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтарға келтірілегн зиянды өтеу туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар [20].

Қазақстан Республикасының 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған Су кодексінің 12 тарауында да жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметі көрсетілген. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен су объектілерін пайдалануға, оларды қорғау мен үдайы молайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, су объектілерін пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауалдармен, шағымдармен, өтініштермен және ұсыныстармен жүгінуге, су қорын пайдалану мен қорғау саласында қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге және оған қатысуға, әкімшілік немесе сот тәртібімен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарға сай келмейтін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың су объектілеріне теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен тоқтату туралы шешімдердің күшін жоюды талап етуге қүқылы [21]. Сонымен қатар, жеке тұлғалар су қорын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасы заңдарын сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасының 1993 жылы 21 қазанда қабылданаған «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері кен түрде ашылып көрсетілген. Азаматтардың жануалар дүниесі мәселелері жөніндегі заң жобаларын және шараларды талқылауға қатысуғы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі қоғамдық құрылымдарға бірігуге, жануарлар дүниесінің жай-күйі туралы толық әрі анық ақпарт алуға, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молаайту жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ осы мәселелер бойынша қоғамдық сараптама жүргізуге қатысуға, жануарлар дүниесін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға құқығы бар. Сонымен қатар, бұл заңда азаматтардың жануарлар дүниесін сақтап, қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заң актілерін сақтау, жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайтуға және пайдалануға бақылауды жүзеге асьгратын органдардың заңды талаптарын бұлжытпай орындау жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және де оларға көмек көрсету, жануарлар дүниесіне және оның мекендеу ортасына келтірілген нүқсанның орнын толтыруға міндеті анықталған.

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 11 наурызда қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңында Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық бірлестіктердің атмосфералық ауаны қорғау саласында атмосфералық ауаның жай-күйі және оның ластануы туралы, сонымен қатар атмосфералық ауаны ластаушы көздер туралы шынайы мәліметтерге, атмосфералық ауаны қорғау туралы шаралрды жүргізуге қатысуға және оларды қаржыландыруға, атмосфералық ауаның сапасын зиянды әсер тигізуі мүмкін жоспарланған шаруашылық және басқа да қызметтің сұрақтарын талқылауға қатысуға, атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын талқылауға және оларға атмосферлық ауаның сапасын жақсартуға өз ұсыныстарын егізуге, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құқықтар, бостандықтар немесе заңды мүдделерінің бұзылуы және атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде адамның өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап - арыз беруге құқықтары көрсетілген [22].

Бұл заңдардың барлығында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің тиісті табиғи ресурстарды құқықтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Бірақ, осы құқықтарды жүзеге асырудың құқықтық механизімі тиісті деңгейде реттелмеген.

Осы екінші кезеңде қабылданған  маңызды экологиялық актілердің бірі -Қазақсатан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы». Бұл актіні 1996 жылы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен мақұлданған Экологиялық тұжырымдасымен салыстырып қарайтын болсақ, бүрынғы тұжырымда негізінен табиғат қорғау заңнамаларын жетілдіру мәселелеріне бағытталған. Осы Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нөтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен қоршаған ортаны ластау каркыны төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр. Осыған байланысты іске асырылмаған міндеттерді шешу үшін Қазақсатан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл Тұжырымдама экологиялық проблемаларды шешуге барлық мүдделі азаматтардың қатысуының тиімділігін ескере отырып, мемлекеттік органдар экологиялық ақпаратқа тиісті қол жеткізуге, қоршаған орта қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етуге, қоғам мен экономиканы экологияландыруға, экологиялық білім беру және тәрбие, экологиялық қауіпсіздік проблемалары және оларды шешу жолдарына бағытталған [23].

Қорыта келе, Қазақстан  Республикасында азаматтар мен  қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуын реттйтін заңдардың  қалыптасу және даму тарихын екі  үлкен кезеңге бөлу: 1. Кеңес одағы  дәуіріндегі кезең. 2. Егемендік алғаннан кейінгі кезең;

Екіншіден, Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарында бекітілген азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуын қамтамасыз ететін нормаларды бір жүйеге келтіру және олардың экологиялық құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық механизімін тиісті деңгейде реттеу үшін арнайы нормаларды қоршаған ортаны қорғау заңдарына енгізу керек.

 

 

1.2   Азаматтар   мен    қоғамдык   бірлестіктердің   коршаған    ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары

 

 

Қоғамдағы кез  келген қызмет осы қызметтің мәнін анықтайтын ережелерге, бастамаларға негізделеді. Кейбір жағдайларда бұл ережелер нормативті бекітілген бастаулар немесе қағидалар нысанына ие болады. Бірақ барлық адамдар өз қызметінің бағыттарын анықтау үшін негізге алынатын бастауларды басшылыққа алады.

Құқық оның мәнін және әлеуметтік маңызын айқындайтын, негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсететін белгілі бір қағидаларға негізделеді. Құқықтың қағидаларын экологиялық қатынастардың барлық қатысушылары -заң шығарушы, атқарушы, сот билігі органдары, қоғамдық құрылымдар және азаматтар басшылыққа алуға тиіс. Қағидаларды сақтау мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік сипатының, ұтымды табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге байланысты барлық қьпметтің нөтижелігінің, адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтары меы заңды мүдделерін қорғаудың өлшемі болып табылады.

М.И. Байтиннің көзқарасы  бойынша, құқық қағидасы - бұл құқықтың пайда болуының, дамуының және жұмыс істеуінің адамгершілік және ұйымдық негізін құрайтын бастапқы, анықтаушы идеялар, ережелер, нұсқаулар [24, б.15].

Құқық қағидасы - бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар қүкықтың заңдылықтарын көрсетеді, екінші жағынан, құқықтық реттеудің барлық аясында әрекет ететін және барлық субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар заңда тікелей қөрсетіледі немесе заңның жалпы мағынасынан туындайды. Құқық қағидалары заң шығарушы үшін алға қоятын идеялар ретінде бола түрып, құқық нормаларын жетілдіру жолдарын анықтайды. Қағидалардың арқасында құқық жүйесі адам мен қогамның маңызды мүдделері мен қажеттіліктеріне бейімделеді [25, б.76.].

Заң әдебиеттерінде экологиялық  заңдар қағидаларына және экологиялық құқық қағидаларына көп көңіл бөлінген. Қазақстандық ғалымдар ішінде С.Б. Байсалов, Д.Л. Байдельдинов, А.Е. Еренов, Н.Б. Мухитдинов және басқа да ғалымдар қағидаларды қағидаларды зерттеген. Ресей ғалымдарының ішінде бұл салада зерттеулер жүргізген ғалымдар - Б. Ерофеев, О. Колбасов, В. Петров және т.б.

«Предмет и система советского земельного права» монографиясының авторлары жер құқығының қағидаларын анықтай отырып, мынадай анықтама берген «құқық нормаларының мәнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігі мен дамуын көрсететін негізгі, бастапқы идеялар» [26]. Бұл монографияның авторлары құқық қағидаларына жоғары императивтік және жалпы маңыздылық сипат береді.

Д.Л. Байдельдинов «Экологическое законодательство Республики Казахстан» атты монографиясында да экологиялық заңдардың қағидаларын ашып көрсеткен [27,б. 27].

С.Б. Байсалов су құқығының қағидаларын зерттеген, «құқық салаларының барлық институттарын қамтитын негізгі, алға қоятын бастаулар, олар құқық саласының барлық нормаларында көрсетілген негізгі мазмұнын аныктайды» [28,б.144].

Н.Б. Мухитдиновтың көзқарасы бойынша «құқық қағидасы - бұл оның құрылымының алдағы бастамасы, ол жалпыға міндетті сипатта болады» [29, б.199].

А.С. Стамқүловтың пікірі бойынша, экологиялық құқық қағидаттары-мемлекет, қоғам, көсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, азаматтардың, лауазымды адамдар мен азаматардың экологиялық құқықтық қатынастардағы алғашқы бастамасы [14, б.196.].

Құқық қағидалары-құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділдік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.

Құқық қағидалары әділдік, туралық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уақыт бойына өзгермейтіндігі құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады [30,б.65]. Барлық авторлар құқық қағидасы-бұл құқық саласының мәнін аынқтайтын «бастама», «идея», «мақсат», «нұсқау» деген пікірге бір ауыздан келіседі. Қағидалар құқық саласының қалыптасу сатыларында ғана қажетті болып табылмайды, оның даму және қызмет ету процесінде де маңызды орын алады. Құқық қағидалары нормативтік құқықтық актілерде өз көрінісін табуы қажет. Жоғарыда көрсетілген құқық қағидаларының анықтамаларынан олардың «императивті» және «жалпыға міндеттілік» белгісін анықтауға болады. Құқық қағидасының идея ретінде анықтамасы нақты құқық нормаларында бекітілмеуі де мүмкін. «Құқық - қағида құқық нормаларының нақты, салыстырмалы түрде көлемді жүйесінің мәнін және маңызын талдауға мүмкіндік беретін ғылыми, нақтырақ айтсақ философиялық категория болып табылады» [31].

Қоршаған ортаны қорғау саласында өз саясаттарына сәйкес әрбір мемлекеттің өз ресурстарын дайындауға құқығы қағидасы 1962 жылы Біріккен Үлттар Ұйымының бас Ассамблеясының ХҮІІ сессиясының резолюциясында бекітілген. Бұл қағида мемлекеттің егемендігінің ажыратылмыс белгісі ретінде танылды, және мемлекетке оның дамуының әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайларына байланыссыз тиесілі болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабында барлық табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады, сонымен қатар жер жеке меншікте де және мемлекеттік меншікте де болады деп көрсетілген. Мемлекеттің оған меншік құқығымен тиесілі табиғат

Объектілерін дайындау және қорғау құқығы күмән туғызбайды, бірақ Декларацияның бұл қағидасы жеке меншіктегі табиғи ресурстарға да тарайды. Себебі мемлекет меншік құқығының шектерін, меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерінің көлемін, жерге меншік иелерінің өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершіліктің жағдайлары мен тәртіптерін белгілейді. Сонымен қатар, мемлекет еліміздің аумағында әртүрлі субъектілердің табиғат пайдалану құқығының көлемі мен тәртібін белгіледі, қоршаған ортаны қорғаудың саясаты мен стратегиясын анықтайды, бұл салада арнайы мемлекеттік органдар құрады, табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен қорғауға байланысты шараларды қамтамасыз ететін қаржыларды басқарады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық саясат қағидасына Декларацияның мынадай  қағидаларын жатқызамыз: Қоршаған ортаның  ластануының құрбандарына зиянды өтеу және жауапкершілік сүрактарына байланысты халықаралық - құқықтық ынтымақтастықты дамыту; халыкаралық табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде әрбір мемлекетте бекітілген өлеуметтік критериилер мен құндылықтар жүйесін сыйлау; табиғат қорғау саласында екі және көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде барлық мемлекеттің мүддесін есепке алу; халықаралық экологиялық ұйымдарға көмектесу.

Халықаралық табиғат  қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде  әрбір мемлекетте бекітілген әлеуметтік критериилер мен құндылықтар жүйесін сыйлау қағидасы Қазақстан Республикасында Конституцияның 8 бабына сәйкес, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық саясатын жүргізу, олардың теңдігі және ішкі істерге араласпау жолымен қамтамасыз етіледі. ҚР ҚР Экологиялық кодексі 3 бабында халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады деп бекітілген.

Стокгольм Декларациясының  қағидалары жекелеген мемлекеттердің экологиялық саясатын құрудың негізгі ережелерін анықтады, көптеген елдердің ұлттық заңдарын дайындаудың негізі болды.

Қоршаған табиғи ортаның жағдайы туралы объективті және шынайы мәліметтерге халықтың қолжтімдігі қағидасы. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтерді жүзеге асыру барысында қоршаған табиғи ортаның жағдайы туралы мәліметтерді мемлекет бүкіл халықтың назарына ақпараттық құралдар жүйесі арқылы үсынуы керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабының 2 тармағына сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және тартуға құқығы бар. 1998 жылдың 25 маусымында Қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәліметтерге қолжетімдігі туралы Орхус конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияның мақсаты әрбір адамның денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығын қорғау үшін экологиялық мәліметтерге қолжетімдігі құқығына кепілдік береді. Яғни қоршаған ортаның жағдайы  туралы  шынайы  және  обективті  мәліметтерге  ие  азаматтар  менқоғамдық бірлестіктердің осы саладағы қызметі жоғары деңгейде және нәтижелі түрде жүзеге асырылар еді.

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу