Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық экологиялық  сараптаманың міндеттілігі қағидасы.

Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» заңында экологиялық сараптаманың екі түрі мемлекеттік және қоғамдық сараптама айқындалған. Біріншісі арнайы қүзіретті мемлекеттік органдармен жүргізіледі, ал екіншісі - қоғамдық бірлестіктермен, ғылыми ұйымдармен және азаматтар тобымен.

Қоғамдық экологиялық  сараптама кез келген қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құралатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі. Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» заңының 31 бабында қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі қарастырылған. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тіркелу талап етіледі және оның басталуы туралы бүқаралық ақпарат құралында жарияланылуы тиіс. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізіледі және оның нәтижелері бойынша қорытынды арнайы құрылатын сараптама комиссияларына беріледі. Қоғамдық сараптама жүргізудің нәтижелері туралы бүқаралақ ақпарат құралдарында мәліметтер жарияланады. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарағанда ақпарттық және ұсыныстық сипатта болады [34]. Сондықтан, шаруашылық және өзге де қызмет объектілерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау барысында мемлекеттік сараптамамен қатар қоғамдық сараптаманы жүргізу міндеттілігі алға қойылуы тиіс. Тиісті заң актілеріне өзгерістер енгізіп, қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысына міндетті сипат беру мүмкіндігін қарастыру қажет.

Халыққа экологиялық  тәрбие мен білім бру шараларын  жүргізу қағидасы. Адамдардың қоғамдағы экологиялық мәселелерді сезіну үшін тиісті экологиялық мәдениет деңгейі жоғары болуы керек. Азаматтарың экологиялық мөдениетін көтеру шараларынаң арасында экологиялық мәдениет пен білім беру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі экологиялық мәдениет пен білім беруге арналған. Қоғамның экологиялық мәдениетін және мамандардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, жалпы орта, косіптік-техникалық, арнаулы және жоғары білім берудің бүкіл процесін, мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүйесі белгіленеді [16]. Экологиялық мәдениет адамдардың сезіміне әсер ету тәсілі, олардын санасы, көзқарасы және түсінігі. Экологиялық мәдениет экологиялық білім берумен толықтырылады. Экологиялық білім беру қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім, шеберлік және дағды аясын қамтиды. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамсына сәйкес қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастарудың негізі ретінде экологиялық білім беруді дамыту үшін білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларында экология және тұрақты даму мәселелеріненгізу жолымен үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін қалыптастыру және экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау шаралары жүргізілуі тиіс [23]. Халық арасында экологиялық білім туралы таратуды қоғамдық бірлестіктер бүқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады.

Қоршаған  ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында заң жобаларын дайындауға қатысу және осы саладағы маңызды заңдарды бүкілхалықтық референдум жолымен қабылдау қағидасы. Кез келген мемлекеттегі қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы қызметтің тиісті деңгейде жүзеге асырылуы экологиялық заңдардың жоғарғы деңгейде болуына байланысты. Экологиялық заңдардың жоғарғы деңгейде болуының бірден бір себебі, заң шығару процесіне білгір заңгер мамандардың, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуы. Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заң жобаларын талқылауға қатысуға құқығы берілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 33 - бабының 2 - тармағында республика азаматтары мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы көрсетілген. Референдум өткізу азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркін ашық білдіруі, азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және төте қатысу құқығы, жариялылық принциптеріне негізделеді [35] Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген заңда азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі құқықтарының бірі ретінде референдумдарға қатысу құқығы анықталған.

Қазақстан Республикасында  заңнаманы және қоғамды экологияландыру қағидасы. Қоршаған табиғи ортаға өсер ететін қызметті реттейтінэкологиялық талаптарды заңдарға және басқа нормативтік актілерге енгізу процесі заңдарды экологияландыру деп аталады. Қазақстан Республикасы заңнамасын экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі экожүйе қағидатын ескеру болып табылады және оған Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру және жүйеге келтіру жолымен қол жеткізіледі. Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзкарасының жүйесін қалыптастыру процесі.

Қоршаған ортаны қорғау саласында басқа шет мемлекеттерінің  қоғамдық бірлестіктерімен үйлесімдік және ынтымақтастық негізде жұмыс істеу қағидасы. БҰҰ-ның мүшесі бола отырып, Қазақстан әлемдік серіктестіктің негізінде мемлекеттік экологиялық саясатты тиімді жүргізудің кілті ретінде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды халықаралық конвенцияларға және халықаралық деңгейдегі табиғат қорғау қызметіне азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің неғүрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттердің экологиялық қоғамдық бірлестіктерімен үйлесімді және халықаралық ынтымақтастықтың басымдығы негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

1.3 Қоршаған ортаны  қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің рөлі мен маңыздылығы

 

 

Кең мағынада басқару  деп бір нерсеге немесе біреуге  басшылық етуді тусінеміз [36]. Қоғам  мен табиғаттың арақатынасы аясындағы  басқару қоршаған орта туралы заңдардың талаптарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті субъектілердің атқаратын әрекеттерінің жиынтығын білдіреді.

Экологиялық басқару - бұл күрделі де көп салалы ұғым және ол мынадай мәселелерден туындайды:

  1. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды бақылау қызметтерінен;
  2. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану механизмдерінің тиімділігінің кепілдемесінен;
  3. Заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінен [37].

Кең мағында экологиялық  басқару ретіндегі мемлекеттік  және басқа да ұйымдардың мақсаттарын төмендегі қызметтерден түсінуге болады:

1.Қошаған орта мен  оның шаруашылық және басқа  да қызметтері әсер ететін жеке объектілердің жағдайын бақылау;

2. Қоғамның барлық  заңды тұлғалары мен азаматтарының қоршаған ортаны қорғауда экологиялық ережелер мен заңды талаптардың дұрыс орындалуын тексеру;

3. Қоршаған   орта   мен   оның   жеке   объектілерін,    адамны    өмірі мен денсаулығына зиянды әрекеттерден сақтау және оны болдырмау мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету.

Тар мағынада экологиялық басқару - қоршаған орта мен оның жеке объектілеріне, заңды тұлғалар мен азаматтардың зиянды әрекеттерден тудыратын жағдайларын болдырмау мақсатындағы экологиялық заңдардың талаптары мен ережелерінің орындалуын тексеру болып табылады.

Табиғат объектілерін тиімді және кешенді түрде пайдалану мәселесін шешуге әртүрлі құқықтық институттар қатысады. Олардың кейбірі табиғатты пайдаланудағы қоғамдық қатынастардың пайда болу, озгеру және тоқтатылу тәртібін белгілейді. Басқалары табиғат байлықтарына мемлекеттік меншік құқығын бұзушыларға ықпал ету тәсілдерін, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың т.б. Бұзылған құқықтар мен мүдделерін орнына келтіру тәсілдерін реттеумен айналысады. Бұлардың бөрінің де мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының дер кезінде және сапалы орындалуына белгілі бір әсері болғандықтан маңызы жоғары. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Ондай қызметсіз қоғам мен табиғи орта арасындағы озара қатынастың реттелуі қоғамның экономикалық және экологиялық мүдделерінің ғылыми негізделуі екі талай мәселе. Сонда да, табиғатты пайдалану саласындағы қатынастарды дамытып жетілдіруде мемлекеттік басқарудың ролі ерекше. Басқару міндетіне интенсивті даму факторларын біріктіру, ғылыми -

Техникалық революцияның жетістіктерін мемлекеттік шаруа жүйесімен байланыстыру кіреді [38, б.16].

Сонымен қатар, басқару  міндетіне өндірістің, ғылымның және білім беру саласының тиімді қызметі мен дамуы кіреді. Ал басқарудың ең басты міндеті ғылыми жетістіктерді техника мен технологияға дер кезінде енгізу болып табылады.

Жердің, жер қойнауы  мен орманның, судың пайдалануға  берілуі мен қайтып алынуының белгілі бір тәртібін үсына отырып, оларға есеп жүргізу, кәсіпорындар мен ұйымдардың, азамттардың іс-әрекетін бақылауға алып, мемлекеттік басқару институты негізінен бүкіл табиғатты пайдалану саласының тиімділігін қамтиды. Жер қорын мемелкеттік басқару - жер құқығы институттарының бірі. Жер құқық қатынастарының ішінде өзіндік ерекше сипаты бар. Оның негізгі бағыты жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру, олардың әлеуметтік және экономикалық қасиеттерін жүзеге асыру шараларын, соның ішінде құқықтық шаралар, тәртіптер мен ережелерді белгілеу, олардың орындалуын жүзеге асырумен бірге бақылау жұмысын атқару болып табылады [39,б.64]. Ал табиғатты дұрыс пайдалану дегеніміз мемлекеттің табиғи байлықтарын тиімді пайдалануды, адамдардың табиғатқа кері әсер тигізбеуін қамтитын белсенді қызмет.

Жалпы экологиялық басқару  мына мәселерді жүзеге асырады:

  1. Экологиялық  заң талаптарының  тексерумен  қатар  қоршаған   ортаны қорғау жөніндегі шараларды өткеру әдістерінен;
  2. Қоршаған   ортаның  сапалық  нормативтері   мен   зиянды   әрекеттердің лимиттерін анықтау;
  3. Экологиялық зиянды іс - әрекеттерді тоқтату;
  4. Кінәлі адамдарға әкімшілік жолмен шаралар қолдану.

Қорыта келгенде, қоршаған табиғи ортаның тиімділігі мен сапасын сақтау -мемлекеттің және оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты болады. Біріншіден, мемлекет табиғи байлықтардың иесі және шаруашылықпен айналысатын субъект болып табылады. Бұл жағдайда мемлекетке басқа тұлғалар иелерінде болмайтын экономикалық, материалдық және құқықтық құралдардың арақатынасын реттеуге мүмкіндік береді. Табиғи байлықтарды тиімді және кешенді түрде пайдалану үшін мемлекет экономикалық жағдайды ескере отырып, өзіне керекті құқықтарды иеленеді. Билік жүргізуші органдары мен басқару органдары мемлекет атынан габиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен қаржыландыруды ұйымдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін анықтайды. Ол табиғи байлықтарды пайдалану түрлері мен тәсілдерін таңдауға ерікті.

Екіншіден, мемлекет барлық үлттар мен халықтардың қалауын, мүдделерін қорғайды. Ол бүкіл халықтың саяси ұйымы болып табылады.

Қоғамдық қатынастардың  көрінісі ретінде, табиғатты тиімді пайдалануды мемлекет тарапынан басқару, белгілі бір элементтердің жүйесі мен бөліктерінің арақатынасы арқылы жүзеге асырылады.

Қандай да болмасын қоғамдық қатынастың болу онда екі жақтың болуын көрсетеді. Басқарудың екі жағы - басқару  субъектісі мен басқару объектісі болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, әлеуметтік басқару әлеуметтік-қызметтік реттеу ретінде, екі жүйе бөліктерінің үзілмейтін, екі жақты өзара қатынасы болады. Оның біреуі басқарады, екіншісі оған бағынады, яғни басқарылады [40,б.19]. Бұлардың арасында басқару сипатын анықтайтын өзара байланыс пен өзара қатаң тәуелділік болады.

Табиғи ресурстарды  пайдалану мен қорғаудағы қоғамдық қатынас саласындағы басқарылатын жүйе бөлігіне - кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және азаматтар, яғни байлықты тікелей пайдаланушылар кіреді. Басқаратын жүйе бөлігіне - мемлекеттік билік органдары, министрліктер, ведомстволар және т.б. Кіреді. Бірақ нақты өмірде объекті мен субъекті арасын бөліп қарастыру мүмкін бола бермейді. Айналасып жүрген қызметінің сипаты мен мазмұнына сәйкес қайсыбір заңды тұлғаны басқаратын не басқарылатын жүйе бөлігіне жатқызуға болады. Мысалы, ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды тұлға жер пайдаланушы ретінде, басқару объектісі болады және де осы заңды тұлға жер пайдалануға қатысты басқару субъектісі де бола алады. Бұның бәрі заңды тұлғаның жасайтын қоғамдық қатынастар сипатына байланысты болады. Бірақ бұл жағдайда әлеуметтік басқарудың құрылымдық - қызметтік сипатының маңыздылығын ескермеуге, басқарушы және басқарылатын жүйе бөліктерінен де бас тартуға негіз бола алмайды.

Бірақ, бір тұлға бір қоғамдық қатынаста бір мезгілде басқарудың субъектісі және объектісі бола алмайды. Басқару қатынастарына қатысушылар арасындағы байланыс сипаты, қорыта келгенде, олардың иерархиялық орнымен емес, басқару мен билеудегі атқаратын қызметі және қатынастарындағы жалпы әлеуметтік рөлімен айқындалады.

Жалпы басқару объектісі  мен субъектісін бөліп қарастырудың теориялық қана емес, тәжірибиелік те маңызы бар. Ең алдымен, ол кез келген үжым қызметінің негізгі мазмұнын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Адамдарға билік арқылы ықпал ететін жүйе, негізінен әкімшілік - құқықтық ыңғайында жұмыс атқарады. Бұл жүйедегі тұлғалар қызметінің ең басты мазмұны олардың адамдар, үжымдар т.б. Қатынастарын ұйымдастыру және реттеу қабілеті болып табылады.

Әрине, бағыну тәртібіне  сәйкес бұлар да басқарылады. Алайда, олар басқарудың объектісі емес, субъектісі ретінде бағаланады. Баскарушы субъектілерді басқару олардың қызметінің түрлері мен тәсілдерін жетілдіру болса, объектіні басқару - адамдар өмірінің материалдық қызметі және мәдени деңгейін жоғарлатуға байланысты қызметі мен олардың белсенділігін арттыруына, жағдайын жақсартуына және дамытуына негізделеді [41, б.576].

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу