Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Мұнда басқару субъектілері мен объектілері арасындағы тығыз байланысты, олардың басқару қызметінің сипаты мен мазмұнына тигізетін ықпалын үмытуға болмайды. Басқару тиімді болу үшін басқарушы субъекті мен объектінің ерекшеліктерін ескеріп, әртүрлі факторлардың әсеріне дер кезінде назар аударып, басқару қатынастарынан даму болашағын көре білуі қажет.

Субъекті  мен объекті арасындағы диалектикалық  өзара байланыс қоғамдық процестерді басқарудың объективті қажеттілігенен өз көрінісін табады. К. Маркс  атап   көрсеткендей,  қоғамдық  өмірдің  объективті   жағдайлары   мен талаптардың күресуі жазылған бағдарламалар игі тілектерден күштірек болады [42,б.356].

Бұл жағдайдың табиғатты тиімді пайдалануға тікелей қатысы бар. Бірішіден, табиғи байлықтарды пайдаланушылар - мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар,  мекемелер, мемлекеттік басқаруға объективті түрде мүдделі болады.

Табиғат объектілерін қорғау мен пайдаланудағы қоғамдық қатынастардың  субъектілері дербес органдар болып  табылады. Олардың құқықтары басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың алдында ғана емес, заңда белгіленген жағдайларда, мемлекеттік органдар алдында да қорғалады. Табиғи байлықтарды басқару органдары, олардың келісімінсіз жерді, жер қойнауын, орманды, т.б. бөліп бере алмайды. Сондай-ақ тиісті пайдалану ережелері бұзылмаған жағдайда табиғи ресурстар тартылып алынбайды. Бірақ кәсіпорындар мен ұйымдардың табиғи ресурстарды дұрыс пайдалануын ұйымдастыру үшін, олардың қызметтерін байланыстыру және мемлекет органдары тарапынан қайсыбір өндірістік мәселереді жылдам шешу үшін оларға көмектесуі қажет. Мемлекет органдары кәсіпорындарды, мекемелерді, ауыл шаруашылқ ұйымдарын қажетті техникамен, материалдық, ақшалай құралдармен дер кезінде қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады, табиғатты пайдалануды жоспарлайды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету басқару органдарының осындай және т.б. Мәселелерді дұрыс әрі нәтижелі шешілуіне байланысты болады.

Екіншіден, мемлекет табиғи байлықтардың иесі болғандықтан, басқарудың жақсаруы мен оның дамуына мүдделі. Ол халық шаруашылығының, табиғи ортаның пайдаланылуымен байланысты минералды шикізат, орман, су ресурстарына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктердің өтелуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, болашақ үрпаққа табиғи байлықтардың сақталып қалуын да қамтамасыз етуі дұрыс.

Келтірілген анықтамалар, жалпы алғанда, басқарудың мазмұнын дұрыс айқындайды. Бірақ олар тым жалпы және оларға сүйеніп халық шаруашылығының нақтылы саласын басқарудың ерекшеліктерін пайымдауға қиындық туғызады.

Табиғи ресурстарды  қорғау мен пайдалану саласындағы  мемлекеттік басқару дегеніміз - мемлекеттің табиғи байлықтарға  меншік құқығынан, аумақты билеушілік құқығынан туындайтын табиғат қорғау қызметін жүзеге асырудағы мемлекет органдарының атқарушы - билік қызметі. Бұл анықтама табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың мазмұнын толық айқындамайды. Бірақ, біріншіден, басқару -мемлекеттік органдарының атқарушы - билік ету қызметі; екіншіден, бұл қызмет табиғатты қорғауға бағытталған. Жалпы алғанда, жоғарыдағы анықтама, заңдық әдебиеттерде кездесетін нарықтық қатынастар жағдайындағы қоршаған ортаның сапасын мемлекет тарапынан басқару идеясын сәйкес келеді. Себебі, табиғатты қорғаудағы ең басты және негізгі мәселе - сапаға қол жеткізу.

Қоршаған табиғи ортаның  сапасы - кез келген табиғи ортаға тән -әлеуметтік, эстетикалық, құқықтық, санитарлық-гигиеналық, медициналық , экологиялық т.с.с. Нормалар мен стандарттарға сай болатын қасиеттерінің жиынтығы. Кей жағдайда, қоршаған ортаның сапасы дегенде, оның адам мен қоғамның қажетттілігін өтейтін табиғатты пайдалану критерийлері мен нормативтеріне сай келетін жағдай деп түсіну қажет. Басқаша айтқанда, табиғи ортаның сапасы дегеніміз адамның өмір сүруі мен қызметін қамтамасыз ететін табиғат жағдайы. Осыған сәйкес қоршаған ортаның сапасы басқарудың мемлекеттің табиғатты қорғаудағы қызметінің деңгейімен байланысты деп түсіну қажет. Бұл деңгей жеке адамның да, қоғамның да биологиялық-экологиялық, әлеуметтік-мәдени қажеттілігін, бүгін де де, болашақта да кешенді түрде өтеуі тиіс [43,б.66]. Табиғатты ұтымды пайдалануды мемлекет тарапынан басқару мен қоршаған ортаның сапасын басқару бүтін мен бөлшектеғй байланысып, сәйкес келеді. Яғни, мемлекеттік басқару - табиғатты тиімді басқару жүйесі болғандықтан, жоғары деңгейлі басқа жүйелер де осының бөлігі ретінде көрінеді. Сондықтан жерді, суды, орманды ұтымды пайдалануды басқару, нақтылы басқару қатынастары ретінде жоғары деңгейлі жүйе де, жүйенің бөлігі де, яғни табиғатты дұрыс пайдалануды басқару болып табылады. Жүйенің бөлігі ретінде, сол жүйемен байланыста, үнемі ықпал етуде, төуелділікте болады.

Сонымен, табиғи ресурстарды  пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару үш негізгі деңгейде бөлек қарауға болады:  1) табиғи ортаның сапасын мемлекеттік басқару; 2) табиғатты ұтымды пайдалануды мемлекеттік басқару; 3) табиғат байлықтарының жекелеген түрлерін ұтымды пайдалануды мемелкеттік басқару. Осыған байланысты, табиғатты ұтымды пайдаланудағы қатынастар жүйесі ішіндегі және жүйеаралық басқаруға байланысты қатынастар болып табылады. Жүйенің бөліктері арасындағы басқару қатынастарының сипаты мен мазмұны басқарылатын объектінің ерекшеліктері мен жүйенің өзінің басқаруы мүмкіншілігіне байланысты болады. Бұл қатынастарға жүйенің өз әсері болады, сондай-ақ қатынастар да жүйеге өз әсерін тигізеді. Осындай өзара ықпал ету процесінің нәтижесінде, қоршаған табиғи ортаның сапасын басқарудағы негізгі мәселе, жетілдіру мәселесі шешімін табуға тиіс. Басқару қатынастарының сипаты мен мазмұны басқарылатын объектінің ерекшеліктері мен жүйенің өзінің басқару мүмкіншілігіне байланысты болады [37].

Табиғи байлықты қорғау мен пайдалану саласындағы басқару, мемлекеттік органдардың атқарушы - билік ету қызметі ретінде жүзеге асырылғанда, көптеген мақсаттарды көздейді. Сондықтан бұл басқарушы жүйенің тиісті қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін басқарудың басты мақсатын анықтау қажет. Ол мақсат ең алдымен объектінің ерекшеліктерімен байланысты болады.

Әдебиетте айтылған табиғи байлықтарды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару  мәселесінің, әкімшілік құқығы және табиғи ресурстар құқықтарының алатын орны туралы әртүрлі пікірлерді былайша анықтау қажет: әкімшілік құқығы мемлекеттік басқарудағы ұйымдастыру мәселелерін зерттейді (мемлекеттік орғандардың аппаратының күрмын, түрлерін және жұмыс тәсілдерін, кадрлар тағайындау, бөлімдердің арақатынасын т.б. Айқындау); жер, орман, су құқығы - табиғи байлықты қорғау мен пайдалануды ұйымдастыру мәселесімен айналысады (жер кадастрын жүргізу, жоспарлау, бақылау, бөліп беру, қайтып алу т.б.); жерге, суға. Пайдалы қазба байлықтарына, орманға мемлекеттік меншік құқығының болуы табиғатты пайдалану саласындағы басқару ерекшелігін анықтайды. Сондықтан да әкімшілік құқығы әоқулықтарының ешқайсысында табиғи байлықтарды қорғау мен оны пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруға арналған шағын да, бірде бір тарауды кездесе алмауымыз кездейсоқ жағдай емес. Н.И. Красновтың пікірінше, мемлекеттік басқарудың бір бөлігі ретіндегі жер қорын басқару, экімшілік құқық жүйесіне де, жер құқық жүйесіне де кіреді делінген [44, 3236.]. Мүнымен келісуге болмайды, себебі бір қатынас бір мезетте әкімшілік құқығымен және жер құқығымен бірге бола алмайды. Жер қорын басқарудағы қатынастардың мазмұны мне қызметі, өзіндік ерекшелігі бар құқық объектісі жермен де байланысты екенін ескеру қажет. Сондыктан жер құқығы теориясына сәйкес, жерге қатысты қатынастьардың барлығы тек жер құқығы пэні болып табылады [45].

Табиғи ресурстарды  қорғау мен пайдалану саласындағы  мемлекеттік басқарудың объектісі  жер, жер қойнауы, су, орман және т.б. Өзіндік ерекшеліктері бар табиғи ресурстар. Басқарудың негізгі мақсаты - бүгінгі және келешек үрпақтың мүддесіне сай олардың минералды шикізатқа, су жәнс орман

Ресурстарына, таза ауаға  т.б. Мұқтаждықтарын өтеу үшін, осы байлықты ұтымды пайдалану мен қорғау болып табылады. Осы саладағы кеңестік мемлекеттік басқарудан ең негізгі ерекшелігі осындай.Ал басқа ерекшеліктері осыған бағынышты сипатта болады.

Сонымен бірге, нақтылы  объектілерді алғанда, негізгі мақсаты  әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қазба  байлықтарды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақарудың  негізгі мақсаты - олардың сақталуын  көздейді. Су ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты - суды пайдалануды гылыми түрғыдан негіздеп, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, судың ластануын, сарқылмауын қадағалау болып табылады. Жануарлар дүниесін қорғау және оны пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты - жабайы жануарлардың табиғи жағдайда сақталуымен байланысты. Орман қорларын басқару мақсаты - орманды дұрыс пайдалану, қорғау, күзету, өсіру[46].

Жеке объектілерге байланысты басқарудың басты міндеттері тиісті нормативті актілерде көрсетілген. Осы міндеттерді шешудің нақтылы мақсаттары айқындалған. Нақты мақсаттарды анықтау - тиісті мемлекеттік органдардың арасында басқару қызметтерін дұрыс бөлуге, жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыру мерзімдерін нақтылауға т.б. Көмегін тигізеді.

Қоршаған  ортаны қорғау мен пайдалану саласындағы басқару субъектілері туралы сұрақтар басқару түрлері туралы сұрақтармен тығыз байланысты. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды басқаруды қоғамдық құрылымдар, заңды тұлғалар және мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Осыған сәйкес мемлекеттік басқарудан басқа қоғамдық, өндірістік, ведомстволық басқаруды бөліп қарауға болады.

Табиғатты қорғауда мемлекеттік басқарудың тәжірибелік, ұйымдастырушылық қызметі белгілі бір іс-әрекет кешенінен тұрады. Ол -басқару қызметі деп аталады. Қызметтің мазмұны табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастырудың талабына байланысты болады. Табиғи байлықтардың ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік басқарудың мынадай қызметтерін бөлек қарастыруға болады: табиғи объектілерді қорғауды және пайдалануды жоспарлау, мемлекеттік жер кадастрларын жасау, табиғат оъектілерін зерттеу, олардың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жүргізу, табиғи объектілерді пайдалануда туындайтын даулы мәселелерді шешу.

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін 1996 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңында «саяси партиялар, көсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады» [48].

Сонымен, қоғамдық бірлестіктердің  белгілері олардың ерікті негізде, азаматтардың еркімен құрылуы және бұндай бірлестіктердің коммерциялық емес болып танылуы.

Қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанының тізбегі де анықталған: саяси партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да бірлестіктер. Ресей Федерациясының 1995 жылы қабылданған «Қоғамдык бірлестіктер туралы» заңында бекітілген қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдық-құқықтык нысанымен салыстырып қарасақ, онда қоғамдық бірлестіктерге саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды кіргізбеген.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңында бекітілген анықтамаға сүйене отырып қоғамдық экологиялық бірлестіктердің түсінігін кел есі мазмұнда беру ге болады: Қазақстан Респу бли касынд а азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға, азаматтардың экологиялық құқықтарын қорғауға бағытталған ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған заңдарға қайшы келмейтін коммерциялық емес құрылымдар қоғамдық экологиялық бірлестіктер болып табылады. Әрбір бірлестіктің нақты экологиялық мақсаттары олардың жарғыларында көрсетіледі. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси белсенділігін, олардың ортүрлі мүдделерін қанағаттандыруға жағдай жасайды, себебі халықтың мүдделері тек мемлекеттік органдар және саяси партиялармен жүзеге асырылмайды, сонымен қатар ерікті негізде құрылатын көптеген әлеуметтік-экономикалык және әлеуметтік- мәдени қоғамдық бірлестіктермен қамтамасыз етіледі [48,б.86].

Қазақстан Республикасының  Конституциясында азаматтардың бірігуге құқықтары көрсетілген. Конституцияның 23 бабында, Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігу бостандығына құқығы бар деп жарияланған. Яғни, азаматтардың белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігу мүмкіндігін конституциялық құқық ретінде қарастыра аламыз.

Қоғамдық  бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңында толығырақ анықталған [49].

Азаматтық заңдарға сәйкес коммерциялық емес ұйымдар өзінін қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және пайданы өз қатысушылары арасында бөлмейді [50]. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым қоғамдық бірлестік больш табылады [51].

Қоғамдық бірлестіктердің  мүшелерінің сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңымен реттеледі. Бірігу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оның іске асырылуы қоғам мүдделеріне сай келеді және мемлекеттің қорғауында болады.

Бұл заңның 2 - бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.

«Зеленое спасение» экологиялық қоғамы 1990 жылы Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық жағдайды жақсартуға жан - жақты көмектесу мақсатында құрылды. Бұл бірлестік жергілікті, аумақтық, халықаралық экологиялық үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен белсенді қарым-қатынасқа түсуде. «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының өкілдері мемлекеттің экологиялық саясатын жетілдіру қажет деп санайды, экологиялық заңдарды өзгертуге, Қазақстан Республикасында ратификацияланған экология саласындағы халықаралық құқықтық актілерді жүзеге асыруға байланысты нақты ұсыныстар дайындайды.

«Зеленое спасение» экологиялық қоғамының қызметі келесі қағидаларға негізделеді:

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу