Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание

Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73

Работа состоит из  1 файл

дипломный ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

-  күтіп-баптау мақсатындағы  кесуді, санитарлық мақсаттағы кесуді, орман екпе ағаштарын қайта  жаңғыртуға байланысты кесуді, орманды қалпына келтіру және орман өсіру, ормандарды сақтау және қорғау жөніндегі шараларды және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргізуді қажет ететін орман қорының учаскелерін анықтау, сондай-ақ оларды жүргізудің көлемін, тәртібі мен әдістерін белгілеу;

-  ормандарды қорғаныш топтары  мен санаттарына бөлуді негіздеу  және ормандарды   қорғаныштың   бір  тобынан  немесе  санатынан   екіншісіне көшіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

-  басты  мақсатта пайдалану  жөніндегі  есепті  кеспеағашты   күтіп-баптау мақсатындағы кесудің  орман  екпе  ағаштарын  қайта  жаңғыртуға байланысты кесудің орман екпе ағаштарын қайта жаңғыртуға байланысты кесудің, санитарлық мақсаттағы кесудің және орман пайдаланудың басқа да түрлерінің мөлшерін есептеп шығару т.б.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылы 17 сәуірде бекіткен 118    санды    «Мемлекеттік    орман    кадастрын    және    мемлекеттік    орман ониторингін енгізу ережесін бекіту туралы» Қаулысында ормандарда мемлекеттік кадастр жүргізу тәртібі анықталған. Қазақстан Республикасында мемлекеттік орман кадастры орман қорын ұтымды пайдалануды, ормандарды ұлғайта өсіруді, олардың қорғалуы мен сақталуын ұйымдастыру үшін, сандық және сапалық өзгерістерді жүйелі бақылау үшін, заңды ұйымдар мен адамдарды орман қоры туралы мәліметпен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі [28].

Мемлекеттік орман кадастрына орман  қорының құқықтық тәртібі, оны иеленушілер бойынша бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйі, ормандарды қорғаныш топтары мен санаттарына бөлу туралы мағлұматтар жүйесі, орман шаруашылығын жүргізу, шаруашылық қызметі нәтижелерін бағалау үшін қажетті басқа да мәліметтер жинақталған. Мемлекеттік орман кадастры мен орман қорын есепке алуды орман орналастыру, түгендеу мен зерттеу материалдарының негізінде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар жүргізеді. Мемлекеттік орман кадастры мен орман қорын мемлекеттік есепке алу республика үшін бірыңғай жүйе бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі. Мемлекеттік орман кадастры құжаттарының бекітілген тәртіпке сай жүргізілуін Орман және аң шаруашылық Комитеті, оның аумақтық органдары және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау органдары өз өкілеттігі шегінде жүзеге асырады. Мемлекеттік орман кадастрының құжаттарын, сол құжаттардың дәйектілігі үшін жауапты орман қоры учаскелерінің иелері жүргізеді. Орман шаруашылығын басқарушы республикалық және облыстық органдар және орман иелері жүргізетін орманқадастр кітапшалары мен есеп құжаттары мемлекеттік орман кадастрын құрайды.

Орман кадастр кітапшалары мен есеп құжаттарын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының жер орналастыру және жер қатынастары Мемлекеттік Комитетітінің, анализ және статистика Мемлекеттік Комитетінің келісімімен Орман, аң және балық шаруашылығы Комитеті бекітеді.

Орман қорында болған өзгерістер туралы мәліметтерді, жыл сайын орман  иеленушілер, учаскілердің жағдайын куәландыратын акт негізінде есеп құжаттарына енгізеді.

Орман иеленушілер, олардың ведомствалық бағыныштылығына тәуелсіз, жыл сайын орман қорының 1 қаңтардағы жағдайы туралы мәліметті есеп құжатына енгізіп, 20 қаңтарға дейін орман шаруашылығының облыстық басқармаларына бекітілген формада есеп тапсырады.

Орман шаруашылығының облыстық басқармалары облыстар бойынша бекітілген формада  есептерді 1 наурызға дейін орман  шаруашылығын басқарушы республикалық  органына жібереді.

Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органы:

-  орман иеленушілерді тіркеуге  алады;

-  орман    туралы    мәліметтерді    жүйелеуді,    зерттеуді    және    сақтауды  қамтамасыз етеді;

- орман   кадастрын   жүзеге   асыруға   қажет   методикалық көрсеткіштерді жасап, бекітеді.

Осы Қаулыға сай орман мониторингі  ормандардың жай-күйін үнемі кешенді  түрде жобалау, бақылау, бағалау  және байқаулардың жүйесі болып табылады. Ол орман қоры туралы үнемі жаңа мәлімет алу үшін жүргізіледі, осы мәлімет негізінде орман ресурстарын көпмақсатты пайдалану жөнінде шешім қабылданады және орман экожүйелерінің табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен өзгеруі жобаланады.

Орман экожүйелерінің мониторинг қызметі Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органымен құрылады. Орман экожүйелерінің қызметін экожүйелердің республикалық орталығы және аумақтық орталықтары құрайды.

Орман экожүйелерінің республикалық  орталығы:

- орман   қоры   туралы   картографиялық   және   статистік   мәліметтердің банкісін құрып, жүргізеді;

- аэрокосмостық және жер беті  мәліметтерін өндеу программаларын, орман қорының картасын жасайды,  статистикалық есеп беру формасын береді;

-  орман қорын өрттен қорғау, зиянкестер мен орман ауруларынан сақтау, өндіріс қалдықтарымен зақымдауды байқау, жойылып бара жатқан өсімдіктердің  түрлері жөнінде мәліметтерді  жинайды,  өндейді, сараптайды және таратады;

- мағлұматтар  банк ісіндегі  орман  қоры туралы  статистік   және картографиялық мәліметтерді жаңарту мақсатымен орман  пайдалануға және   ормандарды  қалпына   келтіруге,   антропогендік   және   басқа   да әсерлердің салдарынан болатын   орман қорындағы өзгерістерге бақылау жүргізеді;

-  аумақтық орталықтарды аумақтық орман экожүйелерінің мониторингісін жүргізуге қажет  аэрокосмостық, метеорологиялық және  басқа да мәліметпен жабдықтайды;

Орман мониторингісінің аумақтық орталықтары  жеке аумақ шегінде мониторинг жүргізеді  және орман экожүйелерінің Республикалық орталығына кіреді. Қажет жағдайда олар токсинді уландырудың қайнар көзі болып табылатын кәсіпорындар орналасқан аудандардағы ормандардың жеке мониторингісі бойынша жұмыстар жүргізеді.

Аумақтық орталықтардың мәлімет  жинау және өндеу топтары орман  шаруашылық кәсіпорындарымен және орман  қорғау қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Олар жинақтаған мәліметтер Республикалық мониторинг орталығына жіберіліп тұрады.

Орман экожүйелерінің мониторингін жүргізу  тәртібі:

ә) метеомағлұмат, атмосфералық ауаньң, топырақтың, судың ластануы туралы мәлімет, ормандарды жер беті зерттеу нәтижелерін, орман қорының шекараларының өзгеруі,  аэрокосмостық және т.б.  мәліметтерді алуды;

а) статистикалық және картографиялық мәліметтер банкісінің мағлұматтарымен жаңадан алынған мәліметтерді салыстыру және сараптау, орман қорында болған өзгерістерді анықтау;

б) орман шаруашылығы мен табиғи апаттар тимеген ормандар жөніндегі мәліметтерді жинақтау;

в) болған өзгерістерді ескере отырып статистикалық  көрсеткіштерді қайта есептеу;

г) әртүрлі тақырыптық орман карталарын жасау;

д)  орман қорындағы өзгерістерді жобалау және сараптау, сондай-ақ әртүрлі факторлардың әсерінен болған шығынды азайту шараларын жасау.

Қазақстан Республикасының орман  шаруашылығын басқарушы мемлекеттік  орган орман мониторингін жүргізу  үшін:

- қоршаған ортаның ластануы туралы аэрокосмостық және метеорологиялық мәлімет алуды ұйымдастырады;

-  есеп орталықтарында алынған  мәліметтерді  өндеуді, орман  қорының картасын, биотикалық жөне антропогендік факторлардың теріс әсерлерін азайту шараларын жасайды;

- орман қорын жер беті және дистанциялық әдістермен зерттеу, оны картаға түсіру, орман мониторингін жүргізу үшін мағлұмат банкісін құру, оны жүргізу,    тақырыптық    орман    карталарын    жасаудың    методикалық көрсеткіш кітаптарын мүдделі министірліктермен жәие ведомстволармен жасайды және оларды бекітеді;

- орман  қоры туралы статистикалық   және  картографиялық   мәліметтерді жүйелейді, жинайды, сақтайды.

Орман экожүйе мониторингісінің материалдары орман қорына әртүрлі экологиялық  факторлардың зиянды әсерлерін кеміту және олардың алдын-алу мақсатында шешім қабылдау үшін мемлекеттік басқару және билік органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға беріледі.

Орман заңдарын бұзғандық үшін жауаптылық Орман кодексінің                75 бабында қарастырылған. Осы бапқа сай орман қорының учаскелерін сатып алу-сатуға, кепілге беруге, өз бетінше иеленуге және айырбастауға, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асырудың құқығын өз бетінше өзгеге беруге тыйым салынады.

- Осы баптың бірінші бөлігінде аталған заңсыз мәмілелерді жасағаны үшін кінәлі адамдар, сондай-ақ:

- ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен және зақымдаған;

- өрт салудың, отқа салақ қараудың салдарынан орманды құртқан немесе зақымдаған;

- ормандарда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелер талаптарын бұзған;

- орман қорын химиялық және радиоактивті  заттармен, өндірістік қалдықтармен  және коммуналды тұрмыстық төгінділермен, қалдықтармен және қоқыстармен зақымдаған немесе ластаған;

- орман қорының уақытша берілген учаскелерін қайтару мерзімін бұзған немесе оларды мақсатына сәйкес пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерін орындамаған;

- орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы екпе көшеттерді немесе тікпе көшеттерді, сондай-ақ табиғи жас өскіндерді, өрім    шыбықтарды, сондайақ орманды  калпына  келтіруге арналған алаңдарда өздігінен түскен тұқымды құртқан және зақымдаған;

- ағашы  кесілген  жерлерде  және  орманды  қалыпқа  келтіру  мен  орман өсіруге арналған орман қоры жерлерінің басқа категорияларында ағаш өсіру тәртібі мен мерзімін бұзған;

- орман   қорының  учаскелерін  ағаш түбірінен  тазарту, құрылыс салу,

сүректі ұқсату, қоймалар салу, ара ұялары мен омарталарды орналастыру жөне басқа мақсаттар үшін тиісті рұқсаты болмай пайдаланған;

- өз бетінше пішен шапқан және мал жайған;

- жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және т.б. тыйым салынған немесе тек орман билеті бойынша ғана жол берілетін

учаскелерде өз бетінше жинаған;

- есепті  ағаш кесуден артық мөлшерді сүрек дайындау тасудың,  шайыр және    ағаш    шырынын, қосымша ағаш  материалдарын  ондірудің белгіленген тәртібін бұзған;

- орман қоры үшін пайдалы жануарлар өлемін құртқан; шектеу, орман орналастыру және орман шаруашылық белгілерін жойған және зақымдаған;

- рұқсат    құжаттарында  көзделген  мақсаттарға  немесе қағаздарында көзделген   мақсаттарға   немесе   талаптарға   сәйкес   келмейтін   орман пайдалануларды жүзеге асырған;

- ағаш кесетін жерлерді бөлу мен баға қоюдың белгіленген тәртібін бұзған;

- орман қорының жайкүйіне және ұлғайта өсірілуіне зиянды әсер ететін объектілерді  салған  және  пайдаланған адамдар  Қазақстан Республикасының   заңдарына  сәйкес тәртіптік,   әкімшілік,   азаматтық немесе қылмыстық жауапта болады.

Мемлекеттiк орман кадастрын жүргізу тәртібі:

1. Мемлекеттiк орман кадастры орман орналастыру жұмыстарына толық циклын жүргiзу, орман қорының мемлекеттiк есебi материалдарының және орман қоры туралы мәлiметтердi қамтитын басқа да есепке алу құжаттарының негiзiнде жасалады.

2. Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi:

есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ағымдағы өзгерiстер мен орман қорының жай-күйi туралы мәлiметтердi орман кадастрының  материалдарына енгiзедi;

Есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтарға дейiн орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ведомстволық тегiне қарай уәкiлеттi органның аумақтық органдарына (бұдан әрi - аумақтық органдар) немесе орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды қайта өндiру және өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдарға (бұдан           әрi - облыстық атқарушы органдар) бередi.

3. Орман шаруашылығы саласындағы аумақтық және облыстық атқарушы органдар жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде, түсiндiрме жазбалары бар жиынтық есептемелер әзiрлеп, оларды уәкiлеттi органға жолдайды.

4. Мемлекеттiк орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзумен және мемлекеттiк орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда орманды жерлердi ормансыз жерлерге көшiру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн алу, орманды пайдалану үшiн төленетiн ақы мөлшерiн айқындау, орманды пайдаланушылар мен орман иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.

5. Мемлекеттiк орман кадастры ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдаланып, сондай-ақ қағазға басылған күйiнде жүргiзiледi.

Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн  жүргiзу ережесi: 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингi орман қорын күзету, қорғау және  ормандарды молықтыру, орман қорын  пайдалану, ормандардың биологиялық  әртүрлiлiгi мен экологиялық функцияларын сақтау саласындағы мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпiнiн бақылау, бағалау және болжам жасау жүйесi болып табылады.

Информация о работе Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу