Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.
КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады; - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру мәселелері жөнінде бағдарламалар әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; - ормандарды күзетуді, қорғауды, ормандардың молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастыруды және қамтамасыз етеді, мемлекеттік орман қоры аумағында және өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалануды реттейді; - Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді - орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдалануына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады; мемлекеттік орман қоры аумағында есепті кеспеағаш аймақтары мен кесу жасын, шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану ережелерін бекітеді; областық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендердің материалдарын және шарттардың талаптарын келіседі; орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингін жүргізеді, орман орналастыруды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен бірлесіп ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын қойылатын талаптарды айқындайды; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықы жүзеге асырады; ұйымдар және жергілікті бюджет қаражат есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану мәселелері жөніндегі есептерін қарайды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйіне және молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейді, тоқтатады; орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеуді және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; облыстық атқарушы орган өкілінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді; Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Бұл комитеттің аумақтық органдары бар.Олар мынадай құқықтарға ие:
- орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру мәселелері бойынша бағдарламалар әзірлеуге және оны орындауға қатысады;
- ормандарды күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, уәкілетті органның құзырындағы мемлекеттік орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалануды реттейді;
- орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдалануына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруге мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
- орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингін жүргізеді, орман орналастыру мен орман шаруашылығының жоспарлануын қамтамасыз етеді;
- ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану мәселелері жөніндегі есептерін карайды;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын тоқтата тұрады, шектейді және тоқтатады;
- Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
- Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген өзге
де функцияларды жүзеге
Орман және аң шаруашылығы Комитетінің және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз құзыреттері шегінде қабылдаған шешімдерін барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
Орман қорын басқаруды жүзеге асыратын органдар жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың, облыстық әкімшіліктердің, алатын орны ерекше. Әрекет етіп отырған Орман кодексіне сай, облыстық әкімшілік шекарасында облыстық атқарушы органың қарауына:
1. уәкілетті органмен келісе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, оларды іске асырады;
2. ормандарды күзетуді, қоуғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өздерінің функциялық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
3. мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеп, іске асырады;
4. жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндіру техникалырын, көліктері мен басқа да құралдарын ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүріп-тұру өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналык, көмекпен қамтамасыз етеді;
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінің жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
6. орманда өрт қаупі болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай материалдарының резервін жасайды;
7. шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
8. өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау туралы мәселелердің тұрақты берілуін ұйымдастырады;
9. облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
10. орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
11. орман зиянкесері мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;
12. уәкілетті орғанға беру үшін орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөніндегі материалдар әзірлейді;
13. өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аяқталған объектілерді және орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген дайын өнімдерді қабылдайды;
14. уәкілетті органның және облыстық өкілді органдардың қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендірлер ұйымдастырады және өткізеді;
15. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Орман комитетінің төрағасы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас орман инспекторы болып табылады.
Оның ормандары, жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының:
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөніндегі жұмыстар мен іс-шараларының барлық түрлерін тексеруді, сондай-ақ орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіптің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде жазбаша нұсқау беру;
2) мемлекетті орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдалануына, ормандардың молықтыруы мен орман өсіруге тексерулер жүргізу үшін белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерін көрсете отырып ұйымдарға кедергісіз кіру;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
4) Қазақстан Республикасының сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұза отырып мемлекеттік орман қорына келтірілген залалды өтеу туралы талаптар қою;
6) тиісті мемлекеттік
Республикасының орман заңдарын, Қазақстан
Республикасының жануарлар
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекетік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және аумақтық ормандардың лауазымды адамдары:
- орман шаруашылығы іс-шараларын
- мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде шарттардың
сақталуын және орман ресурстарын
орман пайдалануға беру
- ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, ормандағы өрттердің алдын алу жөніндегі, оларды дер кезінде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындауын, сондай-ақ өртенген алаңының есебін жүргізудің дәлдігін және мемлекеттік орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерінің зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануын;
- орманды зиянкестер мен аурулардың қорғау женіндегі іс-шараларының орындалуын, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарын пайда болуының, таралуының, екпелерінің су басудан, қоқыстардан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерінің басқа да түрлерінен қурап-солып қалуының алдын алу жөніндегі шаралардың дер кезінде қабылдануын, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдігін.
- Сүректі түбірімен босату және ағаш кесу ережелерінің, орман пайдаланудың өзге де ережелерінің сақталуын;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы режимдердің сақталуын:
- Мемлекеттік орман қоры
- Орман қорлары жерлерінің олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердің сақталуын;
- Құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдалануымен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуын;
- Қазақстан Республикасының орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының өзге де талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат беріледі.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нысанды киім - кешекпен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.