Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание

Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73

Работа состоит из  1 файл

дипломный ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

3. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн  жүргiзудi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары мен орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.

4. Ормандардың мемлекеттiк мониторингi бойынша материалдар әзiрлеудi  және уәкiлеттi органға берудi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдар жүзеге асырады.

5. Аумақтың қамтылуына байланысты  республикалық, өңiрлiк және жергiлiктi мемлекеттiк орман мониторингтерi жүзеге асырылады:  
      1) республикалық мониторинг Қазақстан Республикасы орман қорының бүкiл аумағын қамтиды;

2) өңiрлiк мониторинг физика-географиялық, әкiмшiлiк, орман-өсiмдiк, орман  экономикалық және өзге де  шекаралармен шектелген аумақтарды  қамтиды;  
      3) жергiлiктi мониторинг орман қорының жекелеген учаскелерiне және орманның экологиялық жүйелерiнiң қарапайым құрылымдарына дейiн өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектiлерде жүргiзiледi.

6. Орман мониторингi:

1) мемлекеттiк орман қорының  санаттары бойынша жүйелi бақылаулар орындау (iздестiру, таспаға түсiру, тексеру, түгендеу);

2) орман қорының жай-күйiн бағалауды  өткiзу;

3) орман қорының жай-күйiне ықпал  ететiн антропогендiк әсерлердi реттеу  жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

4) белгiлi бiр уақыт кезеңiне орман қорының жай-күйiне болжам жасау жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.

7. Орман қорының жай-күйiн бағалау  жүргiзiлетiн бақылауларға талдау  жасау, өзгерiстердiң бағыты мен  жиiлiгiн зерделеу арқылы орындалады.  
      8. Орман қорының жай-күйiнiң нәтижелерi бойынша жедел ақпарлар, баяндамалар, ұсыныстар және ғылыми болжамдар оларға әсiресе терiс сипаттағы өзгерiстердiң етек алу серпiнiн, бағытын және жиiлiгiн сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар, кестелер қоса берiлiп, әзiрленедi.

9. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу үшiн:

1) қашықтықтан зондылаудың

2) орман қорының мемлекеттiк  есебiнiң және мемлекеттiк орман кадастрының

3) орман орналастырудың  

4) қор деректерiнiң (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелiк  және басқа да материалдардың);

5) табиғи зерттеулер мен iздестiрулердiң  материалдары пайдаланылады.

10. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiнiң  нәтижелерi қағазға басылған күйiнде  де, ақпарат жинаудың, өңдеудiң және  сақтаудың электронды жүйелерiн  пайдалана отырып та есептемелер, кестелер, карталар және картографиялық материалдар түрiнде ресiмделедi.

11. Уәкiлеттi орган аумақтық және  облыстық атқарушы органдар беретiн  ормандар мониторингiнiң деректерiн  қорытындылайды және оларды пайдаланушыларға  ұсыну үшiн талдау жасайды.

12. Ормандардың мемлекеттiк мониторингi бойынша деректердi пайдаланушылар:

1) табиғи ресурстарды ұтымды  пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды  жоспарлау және әзiрлеу мәселелерi  бойынша, орман ресурстарын басқаруға  байланысты басқа да мәселелер  бойынша - мемлекеттiк атқарушы және өкiлдiк органдар;

2) қоршаған орта мен табиғи  ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай  мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу мәселелерi бойынша - деректердiң жиынтық банкiн жүргiзу үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;

3) өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады [29].

 

2.З Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері

Құқықтық жауапкершіліктің мәселелерін, оның ерекшеліктерін, атқаратын функцияларын ескере отырып зерттеу, санкция мен жаупкершіліктің арақатынасымен байланысты мәселелерді қамтитын, жауапкершіліктің жалпы сипаттамасымен шектелмейді. Құқықтық жауапкершілік - бұл заң ғылымында тек теориялық маңызы бар, абстрактілі түсінік емес, ол қоғамдық өмірде шынайы қолданылуы бар, үздіксіз, бір қалыпты әрекет ететін құқықтық институт. Қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласына әсер ету, өзінің алдына қойылған мақсат, міндеттерді атқару, құкықтық жауапкершіліктің түрлері арқылы нақтыланады және іс жүзіне асады. Құқықтық жауапкершіліктің түрлерін оқып-зерттеу, құқықтық жауапкершіліктін жалпы белгілерін бекіту, оның маңызын ашу жауапкершіліктің құқықтық реттеу механизмінде алатын орнын анықтау үшін қажет.

Орман заңдарын бұзушылықтың субъектілері - ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар болуы мүмкін.

Орман заңдарын бұзғаны үшін кінәлі тұлға қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және азаматтық жауапкершілікке тартылады.

Қылмыстық жауапкершілік қылмыс деп  жіктелген әрекеттерді жасаған  адамдарға қатысты тағайындалады. Орман заңдарын бұзған үшін қылмыстық жауапкершілік Қылмыстық кодекспен анықталады. Мұндай қылмыстардың субъектісі лауазымды адамдар мен азаматтар болады. Әрекет етіп отырған қылмыстық зан, заңсыз ағаш және бұта кесу, ормандарды зақымдау және құрту сияқты кауіптілігі жоғары орман заң бұзушылықтарды қылмыс деп жіктеп отыр. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексінде дербес тарауға жатқызылмаған, олар құқық бұзушылықтың объектісіне байланысты Қылмыстық кодекстің экологиялық қылмыстар деп аталған 11 тарауында қарастырылған. Заңсыз ағаш және бұта кесу үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің, 291 бабында бекітілген. Сүрек дайындайтын кәсіпорындардың, ұйымдардың, есепті ағаш кесу учаскелерінен бөлек жерде немесе арттық мөлшерде сүрек кесуі, азаматтардың орман билетінсіз немесе көрсетілген жерден бөлек жерде немесе арттық мөлшерде не кесуге бөлінген ағаштан басқа ағаш кесуі заңсыз ағаш кесу деп танылады. Заңсыз ағаш кесу, сондай-ақ орман қорының кез-келген тобында жөне орман қорына кірмейтін, ағаш кесуге тыйым салынған жерде өсіп тұрған ағаштар мен бұталардың өсуін тоқтататын дәрежеге дейін зақымдау, егер мұндай әрекеттер анағурлым зиян келтірсе, кінәлі адамның екі айға дейінгі еңбек ақысы көлемінде штраф белгіленеді немесе ол адам алты айдан бір жылға дейін түзеу жұмыстарына тартылады. Осы қылмысты бірнеше рет жасау, немесе лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып жасауы, әйтпесе өте ірі мөлшерде жасау ауырлататын мән-жайлар болып табылады және олар үшін кінәлі адамның екі айдан бес айға дейінгі   еңбек ақысы мөлшерінде штраф белгіленеді, не ол бір жылдан екі жылға дейінгі түзеу жұмыстарына тартылады, немесе оған үш жылға дейін белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады. Қарастырып отырған қылмыс белсенді әрекет түрінде жасалады. Бұл қылмыс үшін жауапкершілік қылмысты жасау әдісіне, яғни сүректі жерден кесіп босату, аралап босату немесе түбірімен қазып алуға қарамастан тағайындалады [22].

Қылмыстық кодекстің 292 бабына сай  ормандарды өртке абайсыз қараудың немесе басқа да қауіптілігі жоғары әрекеттердің нәтижесінде зақымдағаны немесе құртқаны үшін, құқық бұзушының екі айдан бес айға дейінгі еңбек ақысы көлемінде штраф, не екі жылға дейін түзеу жұмыстары белгіленеді, не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпелерді өрттеу жолымен немесе зиянды заттармен, төгінділермен, қалдықтармен, қоқыстармен қасақана зақымдағаны немесе құртқаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Ормандардың көпшілік бөлігі орман қорының учаскесінде түрлі жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың жұмыскерлерімен отқа салақ қараудың нәтижесінде зақымданады немесе мүлдем құриды. "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі" деп аталатын 2004 жылы 12 желтоқсанда Орман және аң шаруашылығы Комитетінің төрағасымен бекітілген Ереженің екінші бөлімінде орман пайдаланушы кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға қойылатын жалпы талаптардың тізімі көрсетілген .

Орман шаруашылығына келтірілген  зиянның көлемін анықтағанда, оны  жасау әдістері ескерілмейді. Орманды құрту деп отпен немесе басқа да қауіптілігі жоғары әдіспен орманның, қоршаған ортаның бір бөлігі ретіндегі тіршілігін тоқтатуды және оны орман шаруашылығы мақсатында пайдалану мүмкіндігін жоюды айтамыз. Егер өрттің немесе басқа да қауіптілігі жоғары әдіспен, орман шаруашылығы мақсатында орманды пайдалану мүмкіншілігі толық немесе жартылай жойылса, онда келтірілген зиянның мөлшері ірі деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының орман  заңдарының негізгі принциптері:

1.орманның климатын реттейтін,  орта түзетін, егіс – топырақ  қорғау, су сақтау және санитарлық  – гигиеналық функцияларды орындайтын  жалпы мемлекеттік мәнін мойындау;

2.ормандарды тұрақты дамыту;

орманның табиғи – қорық қоры объектілерінің мәдени және табиғи мұраның  биологиялық әр-алуандығын сақтау;

3.ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

4.орман ресурстарын ұтымды үздіксіз  сарқылмайтындай етіп пайдалану;

5.орман қорын күзету, қорғау  пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

6.басты мақсатта пайдалану үшін  ағаш кесу мен алынған сүректі  қайта өңдеуді жүзеге асыру  функцияларынан орман пайдалануды  реттеу функцияларының ара жігін  ажырату.

7.Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдың орнын толтыру.

8.орман ресурстарын ақылы пайдалану.

9.орман қорларының жай-күйі туралы  ақпараттардың қол жетімдігі;

10.халықтың және қоғамдық бірлестіктердің  орман қорын күзетуге және  қорғауға қатысу;

2001 жылы 12 қыркүйектегі 1186 санды «Қоршаған  ортаны қорғау туралы заңнаманың бұзылуы салдарынан келтірген залалды өтеудің жекелеген мәселелері» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Оған сай орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеудің ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі № 1186 қаулысымен бекітілген [29].

Орман шаруашылығына келтірілген  залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірген залалды өтеудің осы ережесі бұзушылардан залал келтіргені үшін төлем өндіріп алудың залалды өтеу тәртібін айқындайды.

Орман шаруашылығына келтірген  залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеудің мөлшерлерін орман шаруашылығын басқарушы орталық мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Залалды өтеу сомасын орман шаруашылығын басқарушы ортақ мемлекеттік  органнын аумақтық органдары бекітілген мөлшерлер бойынша есептейді және құқық бұзушы залал келтірген жері бойынша мемлекеттік бюджетке төлейді.

Залалды өтеу сомаларын төлеу банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы банктер немесе ұйымдар арқылы, залалды өтеу сомасы туралы құқық бұзушыға хабарланған күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кешіктірмей аудару жолымен жүргізіледі. Залалды өтеу сомаларының төленгені туралы түбіртегінің көшірмелері орман шаруашылығын басқарушы орталық мемлекеттік органның аумақтық органдарына және аумақтық салық комитеттеріне ұсынылады.

Егер бұзушы залалды өтеу сомаларын 14 күнтізбелік күн ішінде өз еркімен төлемесе, залалды өтеу мәселесі сот төртібімен қаралады.

Орман шаруашылығын басқарушы орталық  басқару органның аумақтық органдары  тоқсан сайын, есептік тоқсаннан  кейінгі екінші айдын 1-күнінен кешіктірмей өзінің тіркелген жері бойынша аумақтық салық комитетіне орман шаруашылығына келтірілген залал үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залал үшін бюджетке өндіріп алынған сомалар жөніндегі мәліметтерді орман шаруашылығын басқарушы орталық мемлекеттік органмен бірлесіп мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган бекіткен тәртіпте және нысан бойынша жібереді.

Залалды өндіріп алу сомаларының толық және дұрыс есептелуіне бақылауды орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар мен салық қызметі органдары жүзеге асырады. Заңсыз ағаш кесу үшін жауапкершілік тағайындалғанда ормандардың экологиялық және экономикалық маңызы, қай топтың ағашы екені, қорғаныш қасиеті ескеріледі. Зиян мөлшері бекітілген таксалар бойынша анықталады. Такса бойынша анықталатын зиян көлемі, кесілген немесе зақымданған сүректің диаметіріне байланысты болады және екінші топтың ағаштарына қарағанда, бірінші топтың ағаштары үшін төленетін шығын мөлшері әрдайым үлкен болады.

Қылмыстық кодекстің 291 бабының екінші бөлігінде ағаштар мен бұталарды бірнеше рет кесу және ірі мөлшерде зиян келтіру қарастырылған. 2004 жылы 18 маусымда 1 санды «Соттармен кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылыққа тарту туралы заңдарды қолдану туралы" каулысы қабылданды. Онда бірнеше деп екі немесе оданда көп рет жасалған қылмысты айтады. Келтірілген зиянның мөлшерін ірі деп бағалағанда, соттар орманның экологиялық құндылығын, кесілген немесе зақымданған ағаштардың санын және орманға келтірілген зиян көлемін ескеріп, шешім шығарады. Орман қорында заңсыз ағаш кесу - қасақана қылмыс болып табылады. Оны жасаған адам өз әрекеттерінің заңсыз екенін біле тұра немесе болжаса да оны тоқтатпайды. Заңсыз ағаш кесудің мақсаты, қылмыстың жіктелуіне әсер етпейді, бірақ жаза тағайындалғанда ескеріледі. Қылмыс сүрек жерден толығымен босатылып, осы әрекеттің нәтижесінде заңда қарастырылған көлемде зиян келтірілгенде, аяқталды деп саналады. Ормандарда заңсыз ағаш кескен 18 жасқа толған азаматтар, лауазымды адамдар қылмыстық жауапкершілікке  тартылады. Құқықтық жауапкершіліктің анағұрлым кең тараған түрінің бірі - әкімшілік жауапкершілік. 30 қантарда 2001 жылы қабылданған Әкімшілік жауапкершілік ҚР әкімшілік бұзушылықтар туралы кодекімен реттелетін. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектісі жеке және заңды тұлғалар. Әкімшілік кодекстің 283 бабы орман ағаштарын заңсыз кесу, орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы екпе көшеттерді немесе тікпе көшеттерді, сондай-ақ табиғи жас өскіндерді, өрім шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтіруге арналған алаңдарда өздігінен түскен тұқымды құрту және зақымдауды; 285 бабы рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтін орман пайдалануларды жүзеге асыруды; 284 бап ормандарды қалпына келтіру және жақсарту, піскен ағаш қорларын пайдалану тәртіптерін бұзуды; 287 бап орман қоры жерлерінде мал жаю және шөп өсетін алаңдарды бүлдіруді; және т.б. тыйым салынған немесе тек орман билеттері бойынша ғана жол берілетін учаскелерде өз бетінше жинауды қарауға арналған. Қарастырып отырған құқық бұзушылықтар туралы істерді аудандық, қалалық әкімшіліктердің атқарушы комитеттерінің әкімшілік комиссиялары қарайды. Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін әкімшілік кодекстің 81 бабына сай әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.

Информация о работе Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу