Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание

Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73

Работа состоит из  1 файл

дипломный ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

Орман қорын пайдаланғаны үшін төленетін  ақы жүйесі Орман кодексімен реттелген және ол мыналардан тұрады: орман қоры ресурстарын сақтау, корғау және ұлғайта өсіруге төленетін төлемдер, орман алымдары және жалдау ақы.

Орман төлемдерін барлық орман пайдаланушылар дайындалған сүректің құнынан белгіленген пайыз көлемінде төлейді. Орман төлемдерінің мөлшері орман пайдалану үшін берілетін арнайы рұқсат құжаттарында көрсетіледі.   Орман  төлемдері   орман  коры   ресурстарын   сақтау,   корғау, ұлғайта   өсіруге; орман орналастыру шараларын   жүзеге   асыруға;   орман пайдалануды ұйымдастыруға жұмсалады.

Орман алымдары түбірінен босатылған сүрек, шайыр, қосымша ағаш материалдарын дайындағаны, жанама орман пайдалану үшін орман қоры учаскелерін пайдалану үшін алынатын ақы болып табылады. Орман алымдарын сондай-ақ орман қоры жерін пайдаланғаны үшін төленетін ақы құрайды.

Орман пайдалану үшін төленетін  ақының мөлшері және оны төлеу  мерзімдері орман пайдалануға берілетін  лицензияда, ағаш кесу билетінде, ордерде  және орман билетінде көрсетіледі.

Орман кодексінің 29 бабына сай мемлекеттік  орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.

Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен басқа адамға ауысады.

Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры заңды тұлғаға ауысады.

Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрі сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті қаражат пен өндірістік қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиісті біліктілікке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтің лицензияланатын түрі жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкін.

Орман пайдалану құқығының ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.

Лицензия оны иеленушінің орман қоры учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану құқығын куәландыратын құжат болып табылады. Ағаш кесу билеті, ордер, орман билеті бұларды иеленушінің орман ресурстарын немесе орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар болып табылады. Лицензияны беру тәртібі «Мемлекеттік учаскілерде орман қорын ұзақ мерзімге орман пайдалану арқылы тендер жүйесі бойынша беру ережесін бекіту туралы» 13 қаңтар 2004ж. №3 Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен реттеледі [25].

Лицензияда мыналар көрсетілуге  тиіс:

-   ағаш қоры учаске шекараларының  сипаттамасы;

-   орман пайдаланудың түрлері, көлемдері мен тәртібі;

-   пайдаланудың мерзімдері;

-  орман пайдаланушының орман ресурстарын сақтау, қорғау, ұлғайта өсіру жөніндегі міндеттері, орман шаруашылығы  шараларын қаржыландырудың шарттары мен тәртібі;

-   ақы мөлшері және оны  төлеу мерзімдері;

- орман қорының сипаттамасы  және лицензия мерзімі өткеннен  кейінгі оның жай-күйіне қойылатын  талаптар;

-  мемлекеттік мұқтаждарға берелетін жеткізілімдер көлемі.

Ағаш кесу билеті оны иеленушіге сүректі, шайыр және қосалқы орман  материалдарын дайындау мен тасып әкетуді жүргізуге құқық беретін құжат больш табылады. Ағаш кесу билетінде босатылатын сүректің, шайыр мен қосалқы орман материалдарының сандық өрі сапалық сипаттамасы, олардың құны, жұмысты атқару мерзімдері, орманды қалпына келтіру шарттары, дайындау орындарын тазарту, дайындама технологиясына қойылатын өсірушілік талаптары туралы мәліметтер болады. Ағаш кесу билетін орман қоры учаскесінің иесі береді [26].    

Орман қорын күзету мен қорғау.

Мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғаудың негізгі міндеттері:

ормандағы өрттердің алдын алу, оларды дер кезінде байқап, жою  жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

мемлекеттік орман қоры аумағындағы  барлық жұмыс істейтін әрі сонда  орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда  болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық ережелерді сақтауын қамтамасыз ету;

орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының  орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік орман  қоры жерлерін күзету;

орман пайдаланушыларды сүректі түбірімен  босату ережелерін және орман пайдаланудың басқа да түрлері ережелерін орындауын қамтамасыз ету;

орман зиянкестері мен ауруларының  ошақтарын дер кезінде анықтау, олардың өсіп-көбеюін болжау және оларға қарсы күресу;

биотехникалық іс-шараларды жүргізу;

мемлекеттік орман қоры аумағында  аң аулау мен балық аулау ережелерін сақтауды қамьамасыз ету;

мемлекеттік орман қорының күзетілуін, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын, ұтымды пайдаланылуын және орман  өсіруді қамтамасыз ететін басқа да іс-әрекеттер.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары, облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, орман иеленушілер, орман пайдаланушылар орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі  іс-шаралар ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерімен регламенттеледі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман  және аңшылық шаруашылықтар Комитетінің 13.12.2004ж. бұйрығымен ормандағы өрт қауіпсіздігі Ережелері бекітілген.

Орман Кодексінің 63 бабына сәйкес, өрт  қаупі жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иелері өткізетін орман  қоры аумағындағы және оған іргелес  аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердің барлық санаттарында шөптесін өсімдіктерді өртеуге тыйым салынады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өрт қаупі жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгілі бір түрлерін жүргізуге шектеу қояды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  орман күзеті (бұдан әрі мемлекеттік  орман күзеті) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын орман мекемелерінің қызметкерлерінен тұрады.

Мемлекеттік орман күзетінің қызметі  Қазақстан Республикасының Үкіметі 09.03.2004ж. бекіткен Мемлекеттік орман  күзеті туралы ережемен анықталады.  

Мемлекеттік орман  қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін  күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға  мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсіру Орман Кодексіне және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Қалалық елді мекендердің шекарасы шегінде орналасқан ормандар (қала ормандары, орманды саябақтар) халықтың демалысына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткізуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналады.

Қала ормандарында басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен мыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

Шекара аймақтарындағы мемлекеттік  орман қоры учаскелерінде орман  шаруашылығын жүргізу мен орман  пайдалану Орман Кодексінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынң заңдарында көзделген тәртіппен жер учаскелерінің  меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш және бұта өсімдіктерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Орман Кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Пайдалануына мемлекеттік орман  қоры учаскелері берілген жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар Орман Кодексінде көзделген тәртіппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге және орман қорының мемлекеттік есебін жүргізуге қатысуға міндетті.

Ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молы үтіп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелерд, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты кесуге, сондай-ақ өзге де мақсаттарда кесуге жол беріледі.  

Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөліп берілген белдеулерге орналасқан қорғаныштық екпелер осы обьектілерді қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерін азайтуға арналған.

Темір жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөліп берілген белдеулердегі қорғаныштық  екпелерді, оларды өсіру жобаларына сәйкес орманды            күтіп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелерді, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелерді қайта жаңғыртумен байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол беріледі.

Қорғаныштық екпелерді күзетуді, қорғауды және пайдалануды Орман Кодексіне  сәйкес, жер пайдаланушылар өздері орналасқан жерлерде жүзеге асырады  [4,81- 87б.б.].

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  орман пайдалануды құқықтық реттеу.

Орманды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен орман күзеті үшін орман  пайдалану құқығы мен оны іске асыру түрлерін регламентациялау өте  маңызды.

Орман Кодексінің 88 бабына сәйкес, мемлекеттік  орман қорында орман пайдаланудың:

сүрек дайындау;

шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар,  бүршіктер) дайындау;

жанама орман пайдалану (шөп  шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін ағаштар, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);

мемлекеттік орман қоры учаскелерін  аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;

мемлекеттік орман қоры учаскелерін  ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;

мемлекеттік орман қоры учаскелерін  мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін  пайдалану орман ресурстарын  алып қойып, сондай-ақ оларды алмай  да жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік орман қоры учаскесі орман  пайдаланудың бір немесе бірнеше түрлерін жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше орман пайдаланушыға берілуі мүмкін.

Орман пайдаланудың белгілі бір  түрлерін жүзеге асырған кезде орман  ресурстары мен мемлекеттік орман  қоры учаскелерін пайдалану ерекшеліктері  Орман Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2003ж. бекіткен Қаулысына сәйкес.

Мемлекеттік орман қорының «мемлекеттік өңірлік табиғи қорықтар ормандары», «табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері», «орманның гендік резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелері», «аса бағалы орман алаптары» санаттарында, сондай-ақ қорық режиміндегі мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар аймақтарында, мемлекеттік табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында орман пайдалануды шектеудің қорық режимі белгіленеді.

Мемлекеттік орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкімшілік-өндірістік мақсаттағы, келушілер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы «мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ормандары» және «мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар ормандары» санаттарында; мемлекеттік орман қорының бұзылған ландшафтарын қалпына келтіру аймағындағы «мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары» санатында; мемлекеттік орман қорының тапсырыс режимі аймағындағы «мемлекеттік орман қоры ормандары» санатында; мемлекеттік орман қорының «жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары», «орман-жеміс екпелері», «аса биік тау ормандары», «мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулері», «эрозияға қарсы ормандар», өзендер, көлдер, суқоймалары, каналдар және басқа да су обьектілері жағалауларындағы орманның тыйым салынған орман белдеулері және «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желілік құрылыстардың бөліп берілген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер», «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулері» санаттарында орман пайдалануды шектеудің тапсырыстық режимі белгіленеді.

Информация о работе Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу