Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.
КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орман күзеті туралы Ережеге сай, мемлекеттік күзет органданының басшысы органдарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша материалдарды жинап соттарға, ішкі істер органдары мен прокуратураға жібереді. Осындай шаралар орман заңын бұзуды дер кезінде тоқтатуға, ормандарда орман өрттеріне қарсы тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. Заңда белгіленген тәртіпке сай, қалалық, аудандық әкімшіліктердің атқарушы органдарының, орман шаруашылығының, мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен толтырылған, орман заңын бұзу туралы протоколдары әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман күзеті туралы ережеге сай мемлекеттік орман күзет қызметінің қызметкерлері орман тәртібін бұзу және орман өрттері туралы актілерді толтырып, тиісті сот, ішкі істер, прокуратура органдарына жібереді. Сондай-ақ ормандарды мемлекеттік бақылау органдарында, ормандарда болған барлық орман заңын бұзу фактілері туралы протокол жазып, тиісті органдардың қарауына жібереді. Протоколды толтырғанда, ондағы сұрақтарға нақты жауап жазылуы керек, өйткені протокол орман заң бұзушылық жөне орман заңын бұзушы адам туралы барлық мәлімет жинақталған құжат болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе мүліктік жауапкершілік тағайындалады. Экология пайдалану саласындағы тәртіптік жауапкершілік жұмысшының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты шаралар мен жоспарларды жүзеге асырумен байланысты өзінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы, кінәлі түрде орындамау немесе дұрыс орындамауы үшін тағайындалады. Кінәлі деп танылған жұмысшыға тәртіптік жауапкершіліктің мынандай түрлері қолданылуы мүмкін: ескертпе жасау, сөгіс, қатаң сөгіс жариялау немесе жұмыстан шығару. Экология пайдалану саласындағы тәртіптік жауапкершілік, еңбек шартына байланысты өзінің еңбек қызметін құрайтын міндеттерін немесе әкімшіліктің уақытша тапсырмасын орындау барысында экологиялық ережелерді бұзғанда туады. Сөз болып отырған құқық бұзушылықтың объектісі екеу: еңбек қатынастарының ішкі ережесі мен қоршаған орта. Тәртіптік жауапкершілікті қолдану тергеу және шығынды өтеу сияқты қатаң процессуалды шараларды жүзеге асыруды қажет етпейді. Тәртіптік жауапкершіліктің негізгі белгілері:
- экология пайдалану саласындағы тәртіптік жауапкершілік өзінің еңбек міндеттерін орындау барысында экологиялық ережелерді бұзғанда туады;
- тәртіптік жауапкершілікті кінәлі жұмысшы қызмет ететін мекеменің тек әкімшілігі қолданады;
- экологиялық ережелерді бұзғаны үшін тағайындалатын тәртіптік жауапкершіліктің ерекшелігі әрекет етіп отырған заңда тәртіптік қылықтың нақты құрамы бекітілмеген;
- экология пайдалану саласында тәртіптік жауапкершілік қоғамдық жауапкершілікпен ауыстырылуы мүмкін.
Ал енді экология пайдалану саласында қолданылатын материалдық жауапкершілікке тоқталайық. Жәбірленуші мен кәсіпорын азаматтық құқықтық қатынаста болса, кәсіпорын өзінің жұмысшысы келтірген зиянын өтеуі керек. Бұл жерде кінәлі адам мен кәсіпорын арасындағы байланыс еңбек қатынастары болғандықтан материалдық жауапкершілік тағайындалады, яғни кәсіпорынның жәбірленушіге төлеген шығынын кінәлі жұмысшы өтеуі тиіс.
Материалдық жауапкершіліктің мынандай негізгі белгілері бар:
- материалдық жауапкершілік кінәлі жұмысшының еңбек ақысының белгілі бөлігімен шектеледі және келтірілген зиянның толық көлемінен аспауы керек;
- жұмысшының бұл жауапкершілігі еңбек заны бойынша тек оның кінәсі болғанда тағайындалады;
- материалдық жауапкершілік
тағайындалғанда тек
- осы жауапкершілікке тартудың қысқартылған мерзімдері белгіленген (зиян анықталған күннен екі апта кешіктірмей);
- шығын кінәлі жұмысшының келісімімен өтеледі, егер ол келіспесе сот тәртібімен өтеу белгіленеді;
- шығын кінәлі жұмысшы кәсіпорынға зиян келтірген әрекеті үшін қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылғанына байланыссыз өтеледі.
Орман заңдарын бұзғанда келген шығынды өтету үшін мүліктік жауапкершілік қолданылады. Материалдық жауапкершілік пен мүліктік жауапкершілік бір-бірінен негізгі белгілері бойынша ерекшеленеді: мүліктік жауапкершілік еңбек қатынастарынан тумайды; бұл жауапкершілік тағайындалғанда тек келтірілген зиян ғана есептелмейді, сонымен бірге алынбай қалған пайда тағы басқа шығындар, мысалы, өртті сөндіруге, өрт болған учаскені тазалауға жұмсалатын шығын есептеледі; шығын сот шешімі негізінде өтеледі.
Орман қатынастары саласындағы азаматтық жауапкершілік екі түрлі болуы мүмкін. Сүректі түбірінен босату барысында орман шаруашылығының талаптарын сақтамағаны үшін тұрақсыз төлем ақы түрінде. Тұрақсыз төлем ақы - келісім шарт міндеттерін орындамағаны үшін қолданылатын санкция болып табылады және ол заң бұзумен байланысты емес. Жауапкершіліктің екінші түрі орман заңдарын бұзғанда қолданылады және ол өз алдына тағы екіге бөлінеді: таксалық және аралас жауапкершілік. Орман заңдарын бұзудан орман шаруашылығына келтірілген шығын 2001 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің санды "Орман заңдарын бұзғаны және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз дайындағаны және зақымдағаны үшін материалдык жауапкершілік туралы" қаулысымен бекітілген таксалар негізінде анықталады. Таксалар тізімінде орман құқық бұзушылықтың он бір құрамы қарастырылған: заңсыз ағаш кесу; ағаш-бұталарды зақымдау; өз бетінше мал жаю және пішен шабу; орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы екпе көшеттерді немес тікпе көшеттерді, табиғи жас өскіндерді, өрім шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтіруге арналған алаңдарда өздігінен түскен тұқымдарды құрту; орман қорының жерлерін зақымдау және т.б [17].
Сүрек, шайыр және басқа да қосымша орман материалдарын дайындау барысында орман шаруашылығына келтірген шығынды өтеу үшін төленетін төлемдердің көлемін есептеуге арналған; сүрек дайындаумен байланысты емес, қызмет жүргізу кезінде екпелерді зақымдағаннан орман шаруашылығына келтірілген шығынның көлемін есептеуге арналған; орман питомниктерін, плантацияларды, бау-бақшаларды құртқан немесе зақымдағаннан орман шаруашылығына келтірілген шығыннын көлемін есептеуге арналған; сондай-ақ орман қорының жерлерін зақымдаған немесе заңсыз пайдаланылғаннан орман шаруашылығына келтірілген шығынның көлемін анықтауға; орман фаунасының мекенін зақымдаудан немесе құртудан келген шығынды анықтауға; Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз дайындаған немесе зақымдағаннан келген шығынды анықтауға; орманды ластаудан, кішігірім архитектуралық формаларды, коммуникацияларды, объектілерді зақымдаудан немесе құртқаннан келген шығынды анықтауға арналған жеті такса бекітілген.
Таксалардың көлемі орман құқық бұзушылыққа байланысты бекітілген.
Қазіргі кезде Орман, аң шаруашылық Комитеті жоғарыда айтылған "Орман заңдарын бұзғаны және Қазакстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді зақымдаған немесе оларды заңсыз дайындағаны және зақымдағаны үшін материалдық жауапкершілік туралы" таксалардың жаңа жобасын әзірлеп, жақын арада оны Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына ұсынбақшы. Жаңа жобаның ең негізгі ерекшелігі ақша-қаражат инфляциясына байланысты, орман заңын бұзудан орман шаруашылығына келтірілген шығын үшін төленетін таксалық көрсеткіштер ұлғайтылған.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру мен
1) орман қорындағы орман
2) мемлекеттiк орман қоры
3) мемлекеттiк орман қоры
4) ағаштар мен бұталарды
5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;
6) орман қорын, сол сияқты
орман қорына кiрмейтiн
7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi
талаптарын және санитарлық
8) мемлекеттiк орман қоры
9) орман қорының уақытша алынған
учаскелерiн қайтару
10) орман қоры жерлерiндегi шабындықтар
мен жайылымдық алқаптарды
11) ормандар мен орман қоры
жерлерiнде өз бетiнше шөп
12) мемлекеттiк орман қоры
13) мемлекеттiк орман қорының
ағашы кесiлген және
14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;
15) ормандарды қурап қалуға
16) орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;
17) мемлекеттiк орман қоры
18) ормандардың жай-күйi мен олард
19) мемлекеттiк орман қоры
20) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының
Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың
тарапынан экологиялық
Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады.
Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін – жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осадан да экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормаларда ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады.
Экологиялық-құқықтық жауапкершілік
– бұл нормалардың екі тобын
және оларға тиісті құқық қатынастарын
көздейтін құқық
- табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бұзылуы жөнінде туындайтын;
- құқықты бұзғаны үшін санкцияларды қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқықтық қатынастары.
Бұл анықтама құқықтың басқа салалары
жауапкершілігінің шараларын
Б.В.Ерофеев мынаны атап көрсетеді: заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік «болмысын» үш әр алуан, бірақ өзара байланысты мәнінде қарастырған жөн:
1.мемлекеттік мәжбүрлеу және
заңмен жазылған талаптарды