Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа
Орман қоры климатты реттейтін, топырақты эрозиядан, тұзданудан қорғайтын, су қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін атқарады, ауаны өндіріс қалдықтарынан тазалайды, өсімдіктердің, жануарлардың, құстар мен әртүрлі жәндіктердің өмір сүретін мекені болып табылады. Планетамыздың фотосинтез өнімінің 40% орман қоры қалыптастырады.
КІРІСПЕ................................................................................................................2
1 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................................4
1.1 Орман қорын құқықық қорғаудың объектісі ретінде.................................4
1.2 Орман қорының құрамы және ормандардың түрлері..............................13
2 ОРМАН ҚОРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ..............................25
2.1 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшелілігі................................................................................................................25
2.2 Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың құзыреті.................................................................................39
2.3 Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері...............................................................................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................73
Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын жүйесінде орман қорының жай-күйіне, өсірілуіне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттілік осы Ережеге сай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорғау, сондай-ақ мемлекеттік бақылаудың (оның ішінде облысаралық) бөлімдері немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорғау құрамына енетін орман шаруашылық өндірістік бірлестіктердің аппаратындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі жекелеген мамандарына, республикалық бағыныстағы орман шаруашылығының кәсіпорындары мен ұйымдарына берілген.
Орман қорының жай-күйіне, өсірілуіне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылау органдары мына міндеттерді:
ә) қызметтік ведомстволық бақылау мәселелері бойынша орман шаруашылығы басқармасы органдарының құрылымдық бөлімшелерінін қызметін үйлестіреді;
а) белгіленген тәртіппен жергілікті өкімет органдарының шешімдері туралы, барлық орман пайдаланушылар үшін міндетті болып табылатын орман шаруашылығын жүргізу және орман қоры ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша орман шаруашылығы басқармасы республикалық органының нормативтік-техникалық және басқа актілері туралы тиісті заңды ұйымдар мен нақты адамдарды хабардар етеді;
б) Қазақстан республикасының орман қорында шаруашылықты жүргізу мәселелері бойынша өз құзырының шеңберінде белгіленген тәртіпте қорытындылар, ұйғарым-жазбалар, ұсыныстар береді;
в) мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ орман жүргізу, орман шаруашылық және экономикалық нормативтерді әзірлеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінің тақырыптық жоспарлары жөнінде қорытындылар береді және ұсыныстар енгізеді;
г) орман шаруашылығын жүргізу және орман қоры ресурстарын пайдалану үшін бақылауды ұйымдастыруда орман қорын пайдаланушыларға қажетті көмек көрсетеді;
ғ) орман заңдарын насихаттауға катысады, орман қорын пайдалануды, өсіруді, қорғау мен сақтауды жақсарту жөніндегі шараларға қатысады;
д) қоғамдық орман инспекцияларының жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік бақылау (оның ішінде облысаралық) бөлімдері мемлекеттік орман қорын қорғаудың мемлекеттік бақылау қызметін орындау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және үйлестіреді.
Мемлекеттік орман инспекторларына олардың өз құзыры шеңберінде мынадай:
а) орман шаруашылығын жүргізу, орман қорын пайдалану, өсіру, қорғау, сақтау жөніндегі барлық жұмыстар түрлері мен шараларды тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізуге және ормандарды пайдалануды жүзеге асыруға байланысты емес орман өндірісі жұмыстарына белгіленген тәртіпті сақтауды қадағалау, ашылған тәртіп бұзушылық турасында хаттама жасау;
ә) белгіленген үлгідегі қызмет куәлігін көрсету арқылы мемлекеттік, кооперативтік және баса объектілерге, олардың қай ведомство мен аумақтық бағыныштылығына қарамастан, орман корының жай-күйіне, пайдаланылуына, өсірілуіне, қорғалуы мен сақталуына тексеру жүргізу үшін кедергісіз кіру;
б) мекемелер мен ұйымдарға, олардың қай ведомствоға және аумақтық бағыныштылығына қарамастан, орман қорында жұмыс жүргізуші лауазымды адамдар мен азаматтарға ормандарды пайдалануды, өсіруді, қорғау мен сақтауды жақсарту жөніндегі тиісті шаралар жүргізу туралы талаптар қою, оларға орман шаруашылығын жүргізу, орман пайдалану, өсіру, қорғау мен сақтау ережелерін бұзуды жоюды орындау үшін міндеттейтін нұсқау беру;
в) орман шаруашылығына
г) белгіленген тәртіппен министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, ведомстволардың, кәсіпорындардың, мекемелердін және ұйымдардың, жергілікті атқарушы өкімет органдарының басшыларына орман заңдарының ережелері мен нормаларының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізу, ал қажет жағдайда айыпты адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін материалдарды прокуратураға тапсыру;
ғ) орман қорын пайдалану, өсіру, қорғау және сақтау ережелерін бұзған жағдайда бекітіліп берілген орман қоры мен ағаш кесу қорын пайдалану құқығын тоқтатып қою, тыйым салу және ұсыныс енгізу;
д) белгіленген тәртіпке сәйкестелмей берілген ағаш кесу билеттерін, орман билеттерін жою;
з) орман пайдалануды жүзеге асыру үшін берілген жер учаскелерін пайдалану құқығына арналған құжаттарды тексеру, егер осы жерлер игерілмесе немесе өз мақсатында пайдаланылмаса, онда орман қорындағы жұмысты тоқтатып қою құқығы беріледі.
Мемлекеттік бас орман инспекторларына, олардың орынбасарларына, мемлекеттік аға орман инспекторларына, олардың орынбасарларына орман қорының жай-күйі мен өсірілуіне қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасының орман қорындағы орман заңдары, өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді өрескел бұзушылықпен жүзеге асырылып отырған ормандарда жұмыстарды ішінара немес толық тоқтатып қою құқығы беріледі.
Орман қорына мемлекеттік бақылау органдарының белгіленген тәртіпке сәйкес, орман қорындағы орман пайдану, өсіру, қорғау және сақтау ережелері ұдайы бұзылған жағдайда, орман пайдаланушыларға орман қорынан уақытша пайдалануға берілген жерлерді қайтарып алу ұсыныс жасауға құқығы бар.
2004 жылы 9 наурызда Қазақстан
Мемлекеттік орман күзеті орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органдары жүйесінде орман қорын күзету және қорғау жөніндегі ұйымдастыру, шолғыншылық-күзет, насихаттық және озге де шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
Мемлекеттік орман күзетіне Қазақстан
Республикасының заңдарына
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің негізгі міндеттері:
- орман қорын күзету және қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- орман қорында жұмыс істейтін және онда орын тепкен барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын азаматтардың Қазақстан Республикасы ормандарында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуына бақылау жасау;
- ағаш дайындаушылардың өсіп тұрған ағаш пен орман пайдаланудың өзге де түрлерін босату ережелерін орындауын қамтамасыз ету;
- орман қорының жай-күйіне, ұлғайта өсірілуіне, күзетілуіне, қорғалуына және ұжымшарлардың, кеңшарлар мен басқа да ауыл шаруашылық көсіпорындарының орман ресурстарын пайдалануына бақылау жасау болып табылады.
Орман шаруашылығы кәсіпорындарында орманшылар, қорықшылар, орман шеберлері, орманшылардың көмекшілері, орман шаруашылығының, орманды қалпына келтіру және қорғаныштық орман өсірудің барлық дәрежедегі инженерлері; барлық дәрежедегі инженерлер-орманпатологтары, орман питомниктерінің бастықтары, бас орманшылар, директорлар кіреді.
Орманшылар:
- заңсыз ағаш кесуді, мал жаюды және орман қорын заңсыз пайдаланудың басқа да түрлеріне тыйым салу шараларын қолдануға;
- орман өрті шыққан жағдайда оны жою үшін барлық шараларды қолдануға, сонымен бір мезетте мемлекеттік орман қорғаудың жоғары қызметкерлеріне өрт туралы хабарлауға;
- орман қорында өрт кауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылап, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың осы ережелерді бұзғандығының баршасы жайында орман шеберіне хабарлауға, ал оларды жекелеген азаматтар бұзған жағдайда бұл туралы тікелей хаттама (акт) жасауға;
- өз айналымында кепірлердің, өрт бақылау мұнараларының, телефон желісінің, шек қою, орман орналастыру және орман шаруашылығы белгілерінің сақталуын қадағалау;
- орман шеберіне немесе орманшылыққа айналымда байқалған зиянды жәндіктердің, орман ауруларының ошақтары, жел құлатқан, дауыл құлатқан, қураған ағаштар мен орман шаруашылығына зиян келтіруі ықтимал басқа да құбылыстар жайында дереу хабарлауға міндетті.
Орманшылар:
- сүрек дайындауға, мал жаюға, пішен шабуға және орман пайдаланудың басқа да түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеруге, орман пайдаланудың белгілен ережелерінің орындалуын бақылауға;
- заңсыз ағаш кесу және басқа орман тәртібін бұзушылықтар жөнінде хаттамалар жасауға;
- орман өртінің шығуына кінәлі адамдарды ұстап алуға және оларды тиісті ішкі істер органдарына жеткізуге;
- жергілікті жерлердегі атқарушы өкімет органдары белгілеген тәртіпке сәйкес өрт сөндіруге кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлері, халықты, көлік пен өртке қарсы қолданылатын құралдарды тартуға, бұл орайда ормандағы, ең жақын елді мекендердегі байланыс құралдарын пайдалануға құқылы.
Орман шеберлері:
- заңсыз ағаш кесу және басқа да орман тәртібін бұзушылықтар, сондай-ақ ормандардағы өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелері мен талаптарының орындалмауы жөніндегі хаттамалар жасауға; ағашы кесілген жерлерді, дайындалған материалдарды, шайыр алуға бөлінген орман ағаштарын, учаскеде орындалған орман шаруашылығы жұмыстарын куәландыруға қатысуға, ал жекелеген жағдайларда орманшының тапсырмасы бойынша куәландыруды, бұл жөнінде акт жасай отырып, өз бетінше жүргізуге құқылы.
Орманшылардың көмекшілері:
Бас орманшылар:
Директорлар:
- орман тәртібін бұзушылықтар мен өрттер туралы материалдарды соттарға, ішкі істер органдары мен прокуратураға жіберуге, сондай-ақ сотта азаматтық қуыным жасауға;
- селолық тауар өндірушілер мен басқа орман қорын иеленушілердің ормандарды дұрыс пайдалануына және орман күзетуіне бақылау ұйымдастыруға және айқындалған тәртіп бұзушылықтарды жою үшін тиісті шаралар қолдануға құқылы.
Орман қорын басқару саласындағы мемлекеттік басқару органдары аткаратын функциялардың келесі түрі - орман орналастыру. Орман орналастыру Орман кодексінің 55 бабына сай, орман шаруашылығы мен орман пайдалануды ұтымды жүргізуді, ормандарды ұлғайта өсіруді, сақтауды және қорғауды камтамасыз етуге, орман шаруашылығында ғылыми-техникалық саясат жүргізуге бағытталған шаралар жүйесін қамтиды. Орман орналастыру кезінде мыналар жүзеге асырылады:
- орман қоры аумағының
- топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау және ормандарды арнайы картографиялау;
- екпе ағаштардың тұқымдық құрам