Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні
мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ

Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
«Қазақстан Даму Банкі»АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

КР ИнвестициялыкПортфель Шахаева Фариза 40с.doc

— 423.00 Кб (Скачать документ)

               КІРІСПЕ

  1997 жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі және әл-ауқатының  артуы» атты Қазақстан халқына  Жолдауында: «2030 жылы Қазақстан өзінен-өзі  пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз. Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді»,- деп Елбасымыз Қазақстанның болашақтағы гүлденуінің негізгі алғышарты экономикалық дамудың жоғары қарқыны мен нысаналы экономикалық реформалар екендігін айтқан болатын.

  Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының  екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі  болып табылады және ол банк жүйесінің бірінші деңгейіне жатады. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің екінші деңгейіне жатады.

  Екінші  деңгейлі банктер халыққа түрлі банктік қызметтер көрсетеді, сол операциялары нәтижесінде пайыздық және басқа да комиссиялық табыстарды алады. Яғни, еліміздің экономикасының одан әрі жедел қарқынмен дамуы үшін біз қазіргі кезде жетіп үлгірген секторларды жаңғырта жаңару қарқыны жеделдетуіміз керек. Елбасымыздың бұл сөздерін еліміздің жеке секторлардың өкілдері де қолдайды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы экономистерінің бірі, «Казкоммерц Инвест» АҚ-ның Басқармасының төрағасы Сарсенбаева Ж.И.: «Шетел инвесторлары Қазақстанды инвестициялық климаты бойынша тартымды елдер қатарына қосады. Ол дегеніміз Қазақстан Даму Банкіне қосымша жұмыс болып табылады»,- деп айтқан болатын /5, 13б/.

  Елдің экономикасы үшін екінші деңгейлі банктердің маңызы зор және сонымен қатар  олардың қаржылық жағдайы мен тұрақтылығының деңгейінің де жоғары болуы маңызды. Егер де мемлекеттің қаржы нарығы тұрақты, банктерінің қаржылық жағдайы жақсы және сенімді болса, онда елдегі басқа да экономикалық салалар одан әрі дами түседі, өндіріс көлемі артады, яғни халықтың әл-ауқаты жақсарады.

  Еліміздің беделді қаржыгерлердің бірі Бикбаев  А. өзінің бір сөзінде: «Жаһанданудың  күшеюі және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында елдің  бәсекеге қабілетті банк жүйесін  дамыту бойынша жұмыстар жүргізу  керек. Халықаралық нарықтарда Қазақстанның қаржылық институттарының белсенді қызметі әмбебап тәжірибе алуға мүмкіндік береді, елімізге деген инвестициялық қызығушылықты арттырады, арзан және ұзақ мерзімді қаржылық қаражаттарды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осы мәселелерді ары қарай дамытуда Қазақстан Даму Банкінің орны еркше.»,-деп отанымыздың қаржылық нарығының тұрақтылығы мен экономикамыздағы банктердің, соның ішінде, Қазақстан Даму Банкінің орнын көрсетті.

  Банктердің  қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.

  Курстық жұмыстың мақсаты – банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу болып табылады.

  Мақсатпен байланысты курстық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін бөлуге болады:

  • банктердің инвестициялық қызметін талдаудың теориялық негіздерін зерттеу; 
  • «Қазақстан Даму Банкі» Акционерлік Қоғамының инвестициялық портфелін талдау және бағалауды жүргізу;
  • банктердің инвестициялық портфелін басқарудың жетілдіру жолдарын іздеу.

  Жұмыстың  зеттеу заты банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқару жолдарын анықтау болып белгіленді.

  Жұмыстың  зерттеу объектісі – «Қазақстан Даму Банкі» Акционерлік Қоғамының инвестициялық портфелі.

  Курстық жұмыстың жазылу барысында Сейтқасымов Г.С., Мақыш С.Б., Печникова А.В., Игонина Л.Л., Лаврушин О.И., Коробовой Г.Г., Буевич С.Ю. және тағы басқа ғалымдардың жазған еңбектері, оқу-әдістемелік құралдары арқау негізінде қолданылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

    НЕГІЗДЕРІ 

   1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың

    мәні мен маңызы 
 

  Банктің инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен, инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.

  Инвестициялық портфель – мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы. Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады.

  Банк  жүйесі мен жалпы экономиканың сәтті  дамуы банктердің инвестицияық процессте  беделді қызмет атқаруына себеп  болады. Бір жағынан коммерциялық банктердің қызметінің міндетті шартты ретінде экономикалық аяның тұрақты болуы деп саналады, басқа жағынан алып қарасақ, экономикалық дамудың тұрақтылығы көбіне банктік жүйенің икемді және тұрақты болуынан, яғни оның нәтижелі қызмет көрсетуінен. Жеке банктердің қызығушылығы тәуекелдің төмен дәрежесінде неғұрлым көбірек пайда табу. Экономиканың инвестициялануына банктер тек қана жағымды, тиімді шарттар болғанда ғана қатысады.

  Инвестициялық процессте банктердің жалпы алғанда  негізгі бағыттары мынадай:

  • инвестициялық мақсаттағы банк өнімдерінің шоғырлануы;
  • инвестициялық мазмұндағы несиелердің берілуі;
  • салымдарды бағалы қағаздарға, пайға, үлестік қатысуларға салынуы (банк есебінен де, клиент тапсырмасынан да).

        Бұл бағыттар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Капиталдарды, халықтың жинақтарын, және тағы басқа да бос ақша құралдарын шоғырландыра отырып, банктер олардан пайда табу мақсатында өз ресурстарын құрастырады. Ақша құралдарын жинастыру операцияларының көлемі мен құрлымы – банктің несиелік және инвестициялық портфельдеріне әсер ететін негізгі факторлар және олардың инвестициялық қызметке жарамдылығының негізі.

  Банктің инвестициялық қызметі екі түрлі  қызмет көрсететін бизнес ретінде қарастырылады: бағалы қағаздарды бірінші нарыққа шығару және орналастыру; екінші ретті нарықта сатушы мен сатып алушыларды жолықтыру брокерлік және диллерлік қызметтер арқылы.

  Совет одағы кезінде банктердің инвестициялық  қызметі ретінде қарыз алушыдарға ұзақ мерзімді несиелік капиталды ұсынуды  және шоғырландыруды қарастыратын. Бұл  тұрғыдағы мәселелер сол кезгі  жағдаймен байланысты болып келген, ол кезде банктердің инвестициялық қызметі ретінде ұзақ мерзімді несиелеу болып қарастырылды. Бәріне белгілі себептермен ол кезде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі мүмкін болған жоқ.

  Инвестиция  ретінде банк ресурстарын барлық бағыттар бойынша орналастыру, табыс табу мақсатында ақша қаражаттарын белгілі мерзімге негізделген операциялар жиынтығы деп қарастуруға болады. Бірінші жаірінші жағдайда банктің активті операцияларының барлығы қарастырылса, ал екіншісінде операциялардың құрлымы қарастырылады.

  Банктік инвестициялардың өз экономикалық құрлымы  бар. Банктің инвестициялық қызметін микроэкономикалық тұрғыда – оны экономикалық субьект ретінде қарастырса, онда банк инвестор ретінде өз қаржы құралдарын тікелей және жанама пайда табу мақсатында белгілі мерзімге қаржылық активтерді және нақты активтерді сатып алу үшін жұмсайды.

  Сонымен қатар банктің инвестициялық  қызметі қаржылық делдар ретінде  макроэкономикалық қызметті де атқарады. Бұл қасиетте банк шаруашылық субьектердің инвестициялық сұранысын қанағаттандыру қызметін, нарықтық экономика жағдайында ақша-несиелік түрде жинақтар мен қорларды инвестицияға айналдырады. Сондықтан банктің инвестициялық қызметі макроэкономикалық тұрғыда экономиканың инвестицияға деген сұранысын қанағаттандыру қызметі деп есептеледі.

  Сонымен банктің инвестициялық қызметі  екі түрлі қарастырылады. Экономикалық субьект (банк) ретінде қарастырса инвестициялық  қызмет банк табысын көбейтуге негізделген. Макроэкономикалық тұрғыда инвестициялық қызмет қоғам капиталының өсуіне бағытталған.

  Экономиканың  дамуы позициясынан банктің инвестициялық  қызметі тек қана банктің пайда  табуы емес, сонымен қатар қоғам деңгейінде де табысқа қол жеткізу болып табылады (қоғам табысын қайта бөлу кезінде болатын, банктің жеке табысын ұлғайтатын ивестициялық қызметтерден басқа). Сонымен макроэкономиалық тұрғыдан банктің инвестициялық қызметі өндірістік негізде жүргізілгенде көрініс табады.

  Банктің өндіріске инвестициясы өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына  қажет, шаруашылық субьектердің капиталдық шығындарына банктің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бірінші ретті нарықта орналасқан үлестер, пайлар, акциялар, басқа бағалы қағаздарды сатып алу, инвестициялық несиелендіру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Коммерциялық банктің инвестициялық қызметін екі тұрғыдан қарастыру бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс негізінде объектерді жекешелендіру нарығы мен бағалы қағаздар нарығының дамуы жатыр, олардың құралдары тікелей немесе жанама түрде инвестициялық процесстің қызмет етуін құрайды.

  Коммерциялық  банктер инвестициялық қызмет барысында  микроэкономикалық тұрғыда жекешелендірілген өндірістің бағалы қағаздарын орналастыру арқылы қатысады. Банктер басқару қызметін бірінші ретті нарықта орналасқан өндірістің бағалы қағаздарын, акцияларын, пайларын сатып алу түрінде жарғылық капиталға салым салу арқылы жүзеге асырады. Сондықтан инвестициялық қызмет экономикадағы инвестициялық процесстің негізі ретінде қарастырылады.

  Қазақстан экономикасы жағдайында, бағалы қағаздар нарығының спекулятивтік салымдарға толы болуы, тұрақсыздығы мен экономикаға инвестициялаудың мәселерін шешуде ешқандай маңызды ролді ойнамауы, әлі ұзақ мерзімге дейін несиелік түрде инвестициялық сұранысты қанағаттандыру маңыздылығы сақталады. Сондықтан банктердің инвестициялық процесске қатысуын зерттеу кезінде банктің инвестициялық қызметінің екі жақтығын ескеру керек.

  Банктің инвестициялық қызметінің индикаторлары  ретінде келесі көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:

  • коммерциялық банктердің инвестициялық ресурстарының көлемі;
  • инвестициялық ресурстардың нақты индекстік бағасы;
  • банк инвестицияларының көлемі;
  • инвестициялық салымдардың жалпы банк активтеріндегі үлесі;
  • объектілер бойынша банктік инвестициялардың құрлымдық көрсеткіштері;
  • банктің инвестициялық қызметінің тиімділік көрсеткіштері, соның ішінде, инвестиция көлеміне есептелген активтердің өсуі, инвестиция көлеміне есетелген пайданың өсуі;
  • табысты қаржылық активтерге салымдармен салыстырғандағы  инвестициялардың өндірістік секторға альтернативті табыстылықғының көрсеткіштері.

        Салымдардың объектісі  бойынша нақты экономикалық активтерге салыидар және қаржылық активтерге салымдар деп қарастыруға болады. Банктік  инвестицияларды дифференциялған  түрде объектілер бойынша қарастыруға  болады. Олар: инвестициялық несиелерге, қысқа мерзімді депозиттерге, пайларға және үлестік қатысуларға, бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, қымбат бағалы тастар мен металдарға және тағы басқаларына салымдар деп бөлуге болады.

  Банктік инвестициялар салыну мақсаты бойынша тікелей және портфельді болуы мүмкін. Тікелей инвестициялар инвестициялау объектісін басқаруға бағытталады. Ал портфельді инвестициялар инвестициялық объектіні тікелей басқару емес, пайыздар мен дивидентер арқылы немесе активтердің нарықтық бағасының көтерілуіне негізделген табыс табу мақсатында жүргізіледі.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау