Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні
мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ

Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
«Қазақстан Даму Банкі»АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

КР ИнвестициялыкПортфель Шахаева Фариза 40с.doc

— 423.00 Кб (Скачать документ)

  Инвестициялардың  салыну бағыты бойынша өндіріс пен  ұйымның банк тарапынан шаруашылық қызметіне қатыспай, тек қана құрылуы  мен дамуына бағытталуы мүмкін.

  Инвестициялардың  құралу көздері бойынша банктің өз инвестициялары және банк есебінен жүргізу, және клиент тапсырмасы бойынша және клиент есебінен банк жүргізуі мүмкін.

  Инвестициялардың  салыну мерзімі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орташа (үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жылдан артық) болуы мүмкін.

  Коммерциялық  банктердің инвестициялары тәуекел  түрлері бойынша, салыну аймағы бойынша, салыну саласы және тағы басқа түлері бойынша бөлінуі мүмкін.

  Коммерциялық  банктер өндіріс саласында инвестициялық  қызметті атқармайтын болса, нақты  инвестицияларды олар нарықта қызмет жасайтын жылжымайтын мүліктерге, бағалы металдарға, мүліктік және интелектуалдық құқықтарға немесе өзінің материалды-техникалық жабдықтарын жақсартуға жұмсауы мүмкін.

  Жылжымайтын мүліктерге салым салу олардың нарықтық бағасының өсуі немесе оларды жалға беру арқылы табыс табуға болады. Бірақ жылжымайтын мүліктерге салым салу инвестицияны қаржыландыратын ұзақ мерзімді қаржы көздерінің болуын талап етеді, сондықтан бұл істі көбінесе ірі банктер жүзеге асырады.

  Жылжымайтын мүлік нарығы негізгі үш тараптан тұрады: ғимараттар, шаруашылық объектілер және жер учаскелері. Бұл бағыттардың қай саласынада болмасын инвестициялар жасау банк қызметкерлерінің арасында әр саланың білікті мамандарының болуын қажет етеді. Сонымен қатар бұл салаға салым салу төмен өтімділікке әкеліп соғады. Сондықтан инвестициялық шешім қабылдау барысында барлық көрсетілген факторларды және барлық ақпараттарды талдап, жүйелі шешім қабылдау керек. Жылжымайтын мүлікке салым салу кезінде объектінің жарамдылығы, орналасқан жері, көлемі, оны сатып алу немесе салу керектігі, кейін оны ауыстыруға болатындығы талданып сараланады.

  Бағалы  металдар мен асыл тастарға салым  салу банктің бірнеше мақсатына сүйенеді. Олардың нарықтық бағасының көтерілуіне, бұл активтердің белгілі уақытқа дейін өз құндылықтарын жоғалпауына, сақтану резервтері қызметін атқаратындығына, осы ерекшеліктеріне негізделіп банк салым салуы мүмкін.

  Бағалы  металдар мен асыл тастарға банк инвестицияларын  салу тез арада пайда табуға негізделмеген. Бұл операцияларды ресурстық базасының жеткілікті болуы немесе  дұрыс бағаланбаған немесе бағасы анықталмаған активтерге салым салу саясатын жүргізетін банктер жүзеге асырады, бірақ болашақта олардан үлкен табыс күтеді. Бағалы металдар мен асыл тастарға салым салу, жылжымайтын мүліктерге салым салудан қарағанда жоғары өтімді болып келеді, сондықтан күтпеген жағдайлар туғанда оларды тез арада сатып жіберуге болады.

  Нақты инвестициялар  жалпы банк инвестициясының көлемінің аз үлесін құрайды. Қаржы-несиелік иститут ретінде банкке негізінен қаржылық инвестицияларды жүргізгені абзал.

  Банктің қаржылық инвестицияларына бағалы қағаздарға, басқа банктердегі қысқа мерзімді депозиттерге, несиелік инвестицияларға, пайлар мен үлестік қатысуларға  салым салу жатады. Қор нарығының  дамуы салдарынан бағалы қағаздарға: борыштық міндеттемелерге (вексельдерге, депозиттік сертификаттарға, мемлекеттік және муниципалды бағалы қағаздарға), үлестік бағалы қағаздарға (акциялар), туында бағалы қағаздарға (деривативтер) салым салу тиімді саналуда. Бағалы қағаздарға салымдарды банк өз есебінен (бактің инвестициялық операциялары) және клиент тапсырмасы мен соның есебінен (клиенттің инвестициялық операциялары) жүргізуі мүмкін. Банк басқа банктердегі қысқс маерзімді депозиттерге салым салуы мүмкін.

  Банк  несиелік инвестицияларды төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық, ол дегеніміз банк міндетті түрде қарыз сомасын және ол бойынша пайыздарды қайтарып алады, бірақ бірлескен шаруашылық қызметке араласпау негізінде ұзақ мерзімді несие түрінде береді. Сонымена қатар бұл несиелеу өзге несиелерден айырмашылығы бар, несиенің түпкілікті пайдалану мақсаты, басқаларға қарағанда ұзаұ мерзімге және тәуекел дәрежесі жоғары. Тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында инвестициялық несиелеуді жүзеге асыратын банктер қарыз алушыларға қосымша міндеттемелер жүктейді. Ең көп таралған міндеттемелер келесідей болады:

  • ұйымның басқару құқығын беретін акция бөлігін иемдену;
  • үкімет немесе сенімді банктердің қаржылық кепілдік көрсетуі;
  • жоғары өтімді кепілдің болуы;
  • үлестік қатысу.

  Инвестициялық несиенің ұзақ мерзімге берілуіне байланысты, несиелік арызды немесе инвестициялық жобаны қарастыру барысында     инвестициялық тәуекелді анықтау кезінде, қарыз алушының несие кабілеттілігі және несие тарихы ғана емес, және ұйымның қаржылық жағдайының динамикасы талданады.

  Үлестік қатысуға, пайларға, акцияларға салым  салу, инвестициялық несиеден ерекшелігі, ұйымның шаруашылық қызметіне банктің  араласуы болып табылады. Банк ұйымның  жарғылық капиталының қаржылық және қаржылық емес мазмұнында қатысушысы және құрылтайшысы болып табылады.

  Өндірістер  мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына  банк инвестициялары екі негізгі  түрден тұрады: басқа ұйымдардың шаруашылық қызметіне салымдар және банктің  өз қызметіне салымдар. Банктің өндіріс  немесе ұйымның шаруашылық қызметіне инвестициялар салуы арқылы, олардың капиталдық шығындарына, жарғылық капиталдарын құру немесе ұлғайту арқылы араласады. Ұйымның акцияларын, пайларын, үлестерін сатып алу арқылы жарғылық капиталға араласуы, банктер заң бойынша жарғылық капиталдың құрылтайшысы ретінде берілетін барлық құқықтарға ие болады. Еншілес ұйымды құру мен оны дамытуға салым салу банктің құрылтайшылық қызметіне араласуына негіз болады, өйткені банк оның қаржылық және қаржылық емес құрылтайшысы болып табылады.

  Коммерциялық  банктердің құрылтайшылық ұйымдары болып, көбінесе қаржылық саладағы (инвестициялық қорлар және компаниялар, брокерлік фирмалар, инвестициялық кеңестер, лизингтік және факторингтік фирмалар, депозиттік және клирингтік институттар, сақтандыру фирмалары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, холдингтер, қаржылық топтар және тағы басқслары) немесе қызмет көрсету саласында (қаржылық кеңестер беру, ақпараттар және тағы басқалары).

  Банктердің  ұйымның немесе өндірістің шаруашылық қызметіне қатысуы бірнеше жағдайларға  байланысты:

  • инвестицияларға қаржылық бақылау орнату;
  • тәуекелдің диверсификациясы және банктік бизнестің табыстылығы;
  • қызмет көрсету аймақтары мен клентерге көрсететін қызмет түрлерін кеңейту арқылы банк беделін әр түрлі нарықтарда артыру;
  • еншілес қаржылық иституттар құру арқылы ресурстік және клиенттік базаны ұлғайту;
  • еншілес ұйымдар арқылы банкке келетін ақша құралдарының ағымын ұлғайту;
  • банкке заңды айнала жұмыс істейтін, рұқсат етілмейтін операцияларды ұлғайту (өндіріс саласында, материалдық құндылықтармен сауда-саттық және сақтандыру).

  Еншілес ұйымдарды инвестиция арқылы, олады құру мен дамыту өндірістік және өндірістік емес сипатты иеленуі мүмкін.

  Өндірістік  инвестициялар, банктің шаруашылық субьектілердің капиталдық шығындарына  қатысуы, инвестициялық несиелерді беру және инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Коммерциялық банктер несиені беру, акционерлеу, жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту, лизинг беру арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыра алады.

  Инвестициялық жобаға инвестициялау арқылы банк тек қана пайда таппайды, сонымен қатар құрылған немесе қайта құрылған ұйымды басқару құқығына ие болады. Инвестициялық жобаға тікелей қатысуы арқылы банктің жалпы басқару стратегиясын құруына себепші болады. Бұл жобаны қаржыландыру мен оны тиімді басқаруға деген қарым-қатынасты жақсартады.

  Қазақстандық  банктер өндіріс орындары мен  ұйымдардың құрылуы мен дамуына  инвестициялауы пайыздар мен дивидентерге ғана қызығушылықпен емес, экономикалық нәтижелерге: нарықта өз беделін  күшеуті, қосымша клентерді тарту және тағы басқа қызметтер көрсетуге бағытталады. Инвестициялаудың бірден-бір тұжырымы ретінде ұйымды басқаруға қол жеткізу болып табылады.

  Банктердің  өндіріс орындарына инвестицияларды  жұмсауы күтпеген жағымсыз жағдайлар  туғызуы мүмкін. Банктердің қаржылық емес ұйымдарға көп көңіл бөлуі банктік тәуекелдің жоғарлауна, және банктік жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты банктердің шаруашылық қызметке араласуын шетейтін заңдар мен нормативтік актілер бар.

  Банктің өз қызметіне ивестициялар салуы  өзінің материалды-техникалық базасы мен ұйдастырушылық қызметін жақсартуға жұмсалады. Бұл салымдардың бағыты, банктің осы салымдар арқылы қандай мәселелерді жүзеге асыратынына  байланысты анықталады. Инвестицияның бағыты бойынша:

  • банк қызметінің тиімділігін артыру мақсатындағы инвестициялар. Олар банктік жоғалтуларды төмендетуге бағытталған техникалық жабдықтарды жақсартуға, банктік қызметтерді ұйымдастырудың жаңа сатысына шығуға, еңбек ету жағдайын жақсартуға, қызметкерлерді үйретуге, сапалы талдау жүргізуге бағытталған;
  • банктік қызметтерді диверсификациялау мен кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар банктің ресурстық және клиенттік базасын ұлғайтуға, банктік операцияларды көбейтуге, жаңа банктік қызметтерді жүзеге аыра алатын жаңа бөлімшелер құруға бағытталады;
  • мемлекеттік қадағалау органдарының қойған талаптарына сай болуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар банктік қызметті белгіленген жағдайлар бойынша жүргізу үшін қадағалау органдарының қойған талаптарын қанағаттандыруға жұмсалады.

  Банктің өзінің дамуына салынған инвестициялардың тиімділігі, жасалған қаржылық шығындардың  арқасында банктің қаржылық жағдайының жақсаруы немесе банктің жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан көрінеді. Өз қызметіне инвестициялау көлемі мен құрлымы, нақты техника-экономикалық есептеулер нәтижесіне сүйеніп іске асуы қажет. Қажет болған көлемнен артық мөлшерде инвестициялау өтімділіктің өзгеруіне, банк табысының азаюына және банк қызметіндегі тиімділіктің төмендеуіне алып келеді.  
 

1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру 
 

  Инвестициялық портфельді қалыптастыру процесінде инвестициялауға  керекті объектілер жиынтығы инвестициялық  қызметті жүзеге асырады. Қазіргі заман теориясына сәйкес инвестор бір ғана емес, бірнеше инвестициялық объектілерге өз салымын инвестициялай алады, сонымен қатар инвестициялық объектілердің жиынтығын қалыптастыра алады. Өзінің қызығушылығын қанағаттандыра  алатын инвестициялық объектілерді таңдап алу мәселесі туындайды.Портфельді инвестицияның негізін, оның инвестициялық мүмкіндіктерін жақсарту үшін инвестициялық объектілерді жиынтықтау арқылы қол жеткізіледі. Инвестициялық потфельдің құрылымы инвестордың қызушылығын көрсетеді. Инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен, инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.

  Инвестициялық портфель – мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы. Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады. Таңдалған инвестициялық саясатың бағыты мен инвестициялық қызметтің ерекшелігінің негізінде мынандай мақсаттар жүйесі құрылады:

  • капиталдың өсуін жоғарылату;
  • табыстың өсуін жоғарылату;
  • инвестициялық тәуекелді төмендету;
  • инвестициялық портфельдің қажетті өтімділік дәрежесін сақтау.

  Бұл инвестициялық портфельді құру мақсаттары таңдамалы болып келеді. Капиталдың нарықтық бағасының өсуі инвестициялық портфельдің ағымдық табысының төмендеуімен байланысты. Капитал бағасының өсуі мен табыстың жоғарылауы тәуекел дәрежесінің де жоғары болуына әкеліп соқтырады. Керекті өтімділік дәрежесіне жету үшін, капиталдың бағасын арттыратын немесе жоғары табысты, бірақ төмен өтімділік дәрежесі бар инвестициялық объектілерді инвестициялық портфельге қосуға кедергі болады. Инвестор инвестициялық портфельді құру кезінде инвестициялық объектілердің қасиеттерін талдайды және жасалған инвестициялық саясаттың бағыты бойынша олардың жеке мақсаттарын саралайды. Инвестициялық портфельді құру барысында тиімді мақсаттарды таңдау инвестициялық портфельдің бағасына әсер етеді. Таңдалған бағытқа байланысты инвестор инвестициялық портфельдің капиталының өсуі, табыстылық, өтімділік және рұқсат етілген тәуекел дәрежесін негізгі қағидалар ретінде алуы мүмкін. Сонымен қатар, инвестициялық портфель құрамында әр түрлі қасиеттерге ие инвестициялық объектілер болуы мүмкін, осы арқылы тәуекелді әр объектілер бойынша бөлу нәтижесінде жиынтық табыстың үлкен көлеміне қол жеткізуге болады.Инвестициялық портфель құрамындағы объектілердің түрлері мен инвестициялық мақсат бағыттарының әр түрлі болуы – инвестициялық портфельдің алуан түрлі болуының негізі және табыс пен тәуекел арасындағы қатынасқа сай келеді. Бұл экономикалық әдебиеттерде әр түрлі топтау схемаларда көрініс табады.Инвестициялық объектілер түрлері бойынша инвестициялық портфельді топтау, алдымен, инвестициялық қызметтің көлемі мен бағытына байланысты. Өндірістік ұйымдар үшін инвестициялық жобалардың нақты портфелі тиімді, ал иститутционалдық инвестор үшін қаржы құралдарының портфелі тиімді болып келеді.Бұлар арқылы аралас инвестициялық портфельді құруға болады. Оларда әр түрлі жеке инвестициялық объект болып, әр түрлі стратегиямен басқарылуға тиіс инвестициялық объектілер біріктірілуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандандырылған инвестициялық портфельдер инвестициялық объектісі ретінде құрылуы және бөлшектері, салалар мен аймақтары, инвестициялық мерзімі, тәуекел түрі және тағы басқалары бойынша құрылады.Фирманың (компанияның) инвестициялық портфелі нарықтық экономика жағдайында тек нақты инвестициялық портфельден ғана емес, бағалы қағаздар портфелі және басқа да қаржылық құралдан (банктік депозиттер, депозиттік сертификаттар және тағы басқалары) құралған инвестициялық портфель болуы мүмкін.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық портфелін талдау